Мектептегі
мазасызданудың негізгі факторлары
Анефияев
Ж.Д.
2 курс магистранты
ОҚО,
Шымкент қ.,
Бала мектептік
өмірдің жаңа сатысына қадам аттап жаңа
қорқыныштармен соқтығысады. «Мектептік фобия» термині
балада мектепке бару алдында туындайтын қорқынышты білдіреді.
Бірақ бұған жалғыз мектеп емес, сонымен қатар
үйден кету. Көп ауырып ата-ана қамқорлығында
көп болған баланың айырылысуы қиын.
Кейде
ата-аналардың өздері мектептен
қорыққандықтан балаларына санасыз осы
қорқынышты сендіреді, оқу басындағы проблемаларды айтып
балаларының орнына есепті шығарып береді. Оларды тым артық
бақылауда ұстайды.
Ереже бойынша
өзіне сенімді, сүйікті құрдастарымен болғысы
келетін және оқудағы проблемаларды өз бетінше шешуге
тырысатын белсенді балаларда мектепке бару алдындағы
қорқынышты сезбейді. Басқа жағдай, егер бала анасына
тым жақын болып құрдастарымен қатынаста керекті
тәрбиені меатепке дейін жинап үлгермесе, бұл балалар «ата-
анасының үмітін ақтай алмаймын ба» деп қорқып
мектепке бейімделмейді, қиын болып мұғалім алдында
қорқады.
Мектепке
барғанда ол қателік, ақымақтық жасау,
ұятқа қалу, күлкіге қалу сияқты
қорқыныш сұрақтары туады. Сұраққа
үрейшіл балалар жауап беруге қорқады, әсіресе тақта
алдында. Тақта олар үшін - өзіндік, жазалайтын орын.
Бұл эмоционалды сезімтал, әлсіреген, жиі ауыратын, «кім
күшті» екені анықталып қойған сыныптарға
жаңадан ауысқан балаларда көп болады.
Үрейленудің
үдемелі қарқындылығы бірінші сыныптан екінші он бірінші
сыныпқа дейін екі есеге өседі. Бастауыш сыныпта үреуленуді
баға жағын тексеру: тақтаға шығып айту,
сынақ, көпшілік алдында сөйлеу туғызады.
Көбіне бала
қысымын жеңілдететін жанұясы болып табылады. Отбасында бала
жеке тұлға ретінде нақтыланады, өз уайымдарымен
бөлісетін шеңбер табады, бір нәрсені бөлуді жөн
көрмесе бөліспей қоя салады. Осы эмоционалдық
фундаментті бере алмаған отбасы қиыншылықтар алдында
және әлемнің қайшылықтары алдында баланы
қорғансыз қалдырады. Сонда ол жан сүйеніші мен
басқа ересектер арасында іздей бастайды.
«Жанұя
мектептің бірлігі» қағидасына қаншалықты абай
болу қажеттігі осыдан түсінікті болып отыр. Жақсы
мұғалімнің өзі де баланың жекелік ерекшелігін
ескермей, қателесуі мүмкін осы кезде жанұя мен мектеп
бір-бірінің әрекетін қайталамай жай ғана
толықтырып отыруы қажет. Көбіне біріккен мектеп пен
жанұя былай көрінеді, ата –аналар жақсы бала деп –
жақсы оқитын үйдегілермен тату тұратын, үйге
мақтау қағаздарын тағы басқа әкелетін
үлгерімді бала деп таниды. Ал мұнда отбасы мен мектеп бірігіп
балаға қарсы шығады.
Жиі жақсы
мұғалімде үрей бойын алған балалар болмайды, ол
мектепке дейін қалыптасса да қорқыныш сезімі күшін
жояды. Олар өзінің мақсаты деп балаға өзіне деген
сенімділігін қайтару деп біледі.
Бірақ
көп балалар басқа мектепке шартты жағдайда оқиды.
Мектептік шақта олардың ескі отбасының
қалыптасқан мәселелеріне қосымша тағы да
жаңа одан да қиын проблемалар қосылады.
Оқушының
эмоционалды проблемасына жауапкершіліктің бәрін мектепке жаба салу
бұл әдепсіз болар еді. Мектепке бара жатқанда оқушы
мәселесін үйде қалдырып, ал үйге бара жатқанда
оқытушы талаптары мен конфликттерді мектеп гардиробында қалдырып
ұмыта алмайды. Одан қалса өз «менін» қалыптастыруда
бала бал ара сияқты өзі туралы ақпаратты отбасынан,
мектептен, есік алдынан, секциядан жинайды. Үйдегі жылы қатынас
мектептегі қақтығыстың орнын толтырады. Және,
керісінше тәрбиендегі кемшіліктер мықты мұғалім мен
жақсы қатынастағы сыныптастарымен бітуі мүмкін.
Ата –ана
баланың мектептегі сәтсіздіктерін жеке ұғынып
түсінбей жатып жиі жағдайда баланы кіналайды. Бұл
баланың өзін - өзі төмен бағалауға
әкеледі.
Оқушы
үшін түрлі жылдарда әртүрлі адамдардың
қарым – қатынасы маңызды. Бастауыш метеп жасындағылар,
әсіресе бірінші сыныпта бірінші кезекте мұғалімге өте
жақсы ұнауға тырысады. Егер де мұғалім нашар
баға қоятын болса онда кіші мектеп оқушы пікірі ол мені
жақсы көрмейді.
Бастауыш сынып
оқушыларының мазасыздану деңгейі - екі ол үшін
маңызды ,бірегейліктің бір кезеңде болуы: жанұя
(оның талабына баяғыда үйренген) және мектеп талабы
онша анық емес бірақ маңызды егер жанұя оларды
«жарыққа шығарса» ал мектеп оларды өздері қандай
болса, сондай етіп қабылдаса, онда эмоционалдық проблемаларда
туындамайды.
Бірақ
барлық уақытта бұлай бола бермейді: не атанасы баласын
өздерінің жекелік жанұялық мәселесінен жандарынан
сөз жүзінде айтқанымен іс жүзінде жібермейді , не
мектеп оқушыға ірге
бейімделуге көмектеспейді. Осыдан бастауыш мектеп оқушысында
эмоциональді бұзылыстар пайда болуы мүмкін. Міне осы мектептік
невроз. Ол іш ауруы, қызыуы көтерілуі, бас ауруы; агрессия кезінде;
немесе балалық депрессияда да – көңіл күйдің
төмендеуі жасаураушлық өлім туралы ойлану кезінде
көрініс табады.
Бәрінен
бұрын құрдастарымен араласуда тәжірибесі аз балаларда
әсерлі болады.
Бастауыш сынып
оқушыларының мазасыздануының жоғарылуының
тағы бір маңызды себебі – олардың физиологиялық
және интеллектуалдық дамуының жеткілікті деңгейде
болмауы. Мектепке қадам басу кезі жастың дағдарысымен
сәйкес келеді, одан әр бала түрлі кез бен әртүрлі
үйренулерді алып шығады. Біреу белсенді де тез түсінетін,
басқасы жай қозғалатын, үшіншісі ақымақ
және ашуланшақ. Уақыт өте келе, балалар өздеріне
деген сенімділікті жоғалтып алмаса, олардың қабілеттері
біршама бірдей деңгейге жетеді.
Кім үлгермесе
тығырыққа тіреледі. Ал кім «өте жақсыға
оқыса онда кездесетін бірінші сәтсіздіктен құлайтын»
жұлдыз ауруына шалдығуы мүмкін.
Кейде балаға
жоғары талап қоятын бастау ғана маңызды болып, ал
маңызы мен бағыты маңызды болмайды. Мысалыға ол
үшін қандай баға алғаны бәрібір, тек анасын
ренжітпеуге бола тырысып, бар күшін салып оқиды.
Басқа
жағдайларда осы жоғырғы талаптар балаға сіңіп
оның жеке өзінің талаптарына айналады. Бірақ оның
санасында «қайшылықты комплекс» істей алмасамшы?, және де
«міндеттімін» деген қайшылықты комплекс пайда болады.
Осыдан «оқу
бәрінен жоғары» принципі бойынша тәрбиеленген бала «4»
алғанда қорқыныш жаулайды. «Мен - өте жақсы
оқимын» бейнесі оның өзіндік сипаты болған соң,
ата – анасының 3,4 қорқынышты баға емес сөзі
оған көмектеспейді.
Баланы оның
жетістіктері бойынша бағалау
(мектепте, секцияларда) – оны ішкі конфликтке ұшырату деген сөз.
Өйткені, қашан да болмасын баланың жанында одан да көп
жетістікке жеткен адам табылады.
Мазасызданудан
босану мүмкін егер ересектер түсінсе: кез-келген бала ол
жақсы оқитын, белсенді немесе жай қимылдаса да – жақсы
көрінушілік пен құрметке лайық; адамның
құндылығы бағасы оның марапаттаулары оның
басқа да сәттілік белгісіндегі шарттары емес, оның
өзінде яғни адамгершлік қасиеттерінде.
Әлде де
балаларының ашық түрде қадірін түсіріп
ұратын отбасылар кездеседі. Мұндай жағдайлар көбінесе
маскүнемдер үйінде болады. Мұндай ситуациялар
қорқынышты бірақ мазасыз балалар мұндай отбасыдан
шықпайды. Осы жанұядағы бала ашуланшақ немесе
эмоционалды түрде ересектердің жанынан алшақтап достық
пен эмоционалды жақындықты сырттан іздейді. Егер тапса оның
жақсы дамуына барлық жағдай бар.
Балалық
мазасызданудың тамыры – баланың қызығушылықтарын
қанағаттандырудан емес, ол тұрақсыз, сенімсіз ал кейде
жай алдамшы махамббат баланың ішкі қайшлығын тудырады. Ал
басқаша қалай? – ол біресе жақын біресе алыс, біресе бар
шапағатқа бөленеді. Біресе неге екенін өзі де білмейді
– жазаланады. Үрейленудің мәні – бала жанының ішкі
қарама- қайшылығы. Бала кәдімгдей өзіндегі
қарсы күштерді сезінеді. Оның біреуі ата – анасына тартады.
Басқасы итермелейді, алыстатады. Ол махаббатты мейірімді сезінеді
(ең болмағанда оның белгісін көреді), бірақ сол
мезетте қатар осы махаббатты жоғалтып алу қорқынышын да
сезеді. Ол оның берік екеніне сенбейді. Мұндай қорқыныш
кез-келген жазадан да қорқынышты.
Бастауыш сынып
оқушыларының қорқыныш және мазасызданумен
қалай күресуге болады? Немесе, олардың мектептегі
үлгеріміне әсерін барынша төмендетуге болады? Ең
бірінші оның негізінде астарында қандай психологиялық
құбылыстар бар екенін анықтап, соған байланысты
көмек берудің ең тиімді тәсілін таңдау керек.