Исабек
Нурсая Жанаткызы
КарГУ
им. Е.А.Букетова, студентка ІІ курса, Караганда, Казахстан
Түркі тілдеріндегі адамның дене
мүшелеріне байланысты атаулардың сипаты
Ғылыми жетекші: ф.ғ.к., доцент
М.А.Тұрсынова
Көне
түркі ескерткіштері қазіргі түркі тілдерінің
бәріне қатысы бар. Оларды біріктіріп тұрған –
сөздік қор, сөздердің ортақтығы.
Бірақ, сөздің заман ағымына байланысты тарихи даму барысында лексикалық
тұрғыда өзгеруі мен қалыптасуы – заңды
құбылыс. Олай дейтініміз, лексика саласы – өзгергіштікке
бейім сала. Орхон-Енисей ескерткіштерінің тілі де бір лексикалық
жүйеге құрылғаны мәлім. Түркі тілдерінің
лексикалық тарихи дамуы басқа тілдердегідей жеке
сөздердің тарихынан құрылады. Тарихи дамуда жаңа
сөздердің өмірге келуі, дамуы, жаңа
мағыналардың қолданылуы немесе лексикалық
құрамнан мүлдем
жойылуы байқалары анық. Сөздің өзгеріске
түсетінін белгілі, оған ішкі және сыртқы факторлар,
халықтың өмір сүрген заманы, тарихы мен мәдениеті
әсер етеді. Зерттеуші Ш.Шарапатұлы «Енисей тілдерінің»
(И.А.Батманов) Енисей ескерткіштеріне лексика-семантикалық қатысы
тува тіліне- 254, қырғыз – 261, хақас тіліне – 263, шор
тіліне – 265, алтай тіліне – 224, қазақ тіліне – 198 сөз
сақталғандығын атап көрсетеді [1,99].
Сөздердің
өзгеріске түсуімен қатар, тұлғасы
сақталған ортақ сөздер көптеп кездеседі.
Ә.Қайдаров атап көрсеткендей, тұрақты
лексика-тақырыптық топқа – туысқандық атаулар,
дене мүше атаулары, күнделікті тіршілікке байланысты
тұрмыстық атаулар т.б. жатады. Осы тақырыпшалардың
ішінен мақаланың көтеріп отырған мәселесі –
түркі тілдеріндегі адамның дене мүшелеріне байланысты
атаулары. Түркі тілдеріндегі дене мүше атауларының бірі – аяқ. Бұл сөз өзбекше – айағ,
ұйғырша – азақ, хақасша – азах, якутша – атах,
түрікше, гагауызша, азербайжанша – айак, ескі қыпшақ тілінде
– адақ, чувашша – ура т.б. [ДТЯ].
Фонетикалық әртүрлі дыбысталатын айақ сөзінің бұрынғы формасы –
йадақ, Т.Ценкердің аударуынша – ызық [ЭСТЯ]. Чувашша «ура» аталуына
зерттеушілер р мен жалпы түркілер д-ның
сәйкестігі грамматикалық тұлғалардан
көрінетіндігін, мәселен, жатыс пен шығыс септіктері
қосымшасы –ран, -рен, -ра, -ре
болып келетінін атап көрсеткен . Сонымен қатар айағ, азақ, адақ деп аталуына да д-ның
з-ға, й-ға айналуы ХІІ ғасырдан кейін көбірек кездесе
бастаған. «Аяқ»
сөзінің тарихи түбіріне үңілетін болсақ, Ш.
Шарапатұлы ада
сөзінің аяқ
сөзімен ұштастырады. Сөздің негізгі түбірі – ад,
ал одан кейінгісі – ай деген сөз. Бастапқы «ада» түбіріндегі
«жұрдай, түк жоқ», «жұт, қауіп,
қайғы» деген мағыналар қазіргі қазақ
тілінде аяқ, аяқтау,
адақтау сөздерімен берілген.
Моңғол тілінде «адақ» сөзі «бір
нәрсенің соңы, ақыр аяғы», ал алтай тілдерінде
«адақ» сөзі сөзі соңғы, аз, кіші» деген
мағыналарда қолданылады екен. Қазақ тіліндегі адақтау (ел адақтау)
етістігі де осы сөзбен түбірлес және ескі күйін
сақтаған. Ал қырғызша «аяқ» деген сөз –
бұт. Басқа тілдерді қарап отырсақ, ағылшын
тілінде boot яғни, аяқ киім деген мағынаны береді екен.
Қырғыз тіліндегі «бұт» сөзін осы ағылшын
тіліндегі boot сөзімен байланыстырады. Қазақ тілінде
«бұт» деген сөз аяқтың бір бөлігі ретінде
яғни, жамбас пен тізеге дейінгі аралықты атайды. Осы
сәйкестіктен де «бұт» сөзі басқа түбірден емес,
аяқ сөзіне қатысы бар мағынадан шыққан деп
тұжырымдауға болады.
Түркі
тілдеріндегі дене мүше атауларының бірі – арқа, «семіз бұқалы артта білсе» (Тоныкөк
жырынан). Ноғайша, татарша, қарақалпақша,
қазақша – арға, қырғызша – арқа, татарша,
башқұртша, ноғайша, қарақалпақша – art
«позади, по ту сторону».
Ә.Қайдаров айтуынша, қыпшақ ескетркішінде «ар»
тұлғасының мағыналарымен қатар «көмектесу,
ықпал ету» мәндері де тіркелген: ar>arqalas «помощь, поддержка».
Бұл мағына қазіргі қазақ тілінде толық
сақталған: arqa tutuw т.б. arqa сөзінің адам
бойындағы негізігі тірек мүше атауын білдіруіне байланысты arqaw лексемасы
да ar түбірінен шыққан. Түркі тілдеріне ортақ
сөздер қатарына тізе, шаш,
қол, бел, білек, өңеш, алақан, жақ, мойын,
қойын, тіл, құлақ, маңдай, таңдай, бауыр, бүйрек, көмек,
арқа, білек, сақал, ерін, мең, жүрек, секпіл,
сүбе т.б. мүше атаулары сияқты
сөздер жатады. Соларға тоқталып кетсек, tiz сөзі қазақша, татарша – тізе,
қарақалпақша – тіз. Күлтегін ескерткішінде: «...жауын бейбіт
етті, тізеліні бүктірді, бастыны жүгіндірді» деген тармақтар
кездеседі. Түркі тілдерінің аяққа қатысты қолданылатын
tirsek сөзін тізе сөзімен байланыстырады. Олар бір негізде
өрбіп, «ti» түбірінен шыққан. «Шаш» сөзі көне түркі тілінде, қырым
татары, тілдерінде «саш», ұйғырша, түрікше, тұркменше,
өзбекше «сач», башқұрша «сәс», татарша «чәч» деп
кездеседі. Оның себебі дыбыс алмасуынан деп тапқан. Көне
түркі тілінің с дыбысы қазіргі қазақ тілінде
сөздің барлық шенінде де сақталған. Бірақ
қазақ тілі құралу процесінде, сондай-ақ даму
барысында дыбыстардың
үндесу заңдылығының әсерімен сөз
басындағы с дыбысы кейбір сөздер құрамында ш дыбысына
айналып кетсе, сөз соңындағы ч африкаты ыдырау
нәтижесінде ш-ға
айналған. байқалады
[2]. Бойун (мойын) сөзіне
тоқталып өтсек, орта ғасыр жазба ескерткіштері мен
қазіргі қарлұқ және оғыз
тілдерінде бойун тұлғасында қолданылған, ал
қазір қыпшақ тілдерінде мойын сипатында.
Түркі тілдерінің этимологиялық сөздігінде мойын сөзі бой сөзіне –ын/-ун
жұрнағы жалғану арқылы жасалған деп
көрсетілген. Бұл сөз қазірде түркі
тілдерінің көбінде «бір нәрсенің биіктігі,
адамның тұлғасы,
денесі» деген мағынада қолданылады. Ал, –ын/-ун
қосымшасын кішірейту жұрнағы десе, сонымен қатар
тәуелдік жалғауы дегенді айтады. Сөз басындағы б//м сәйкестігі мен
сөз ортасындағы у дыбысының қысаңдануы
қыпшақ тілдеріне тән әдеттегі құбылыс.
Соған орай, бойун//бойын
сөзі қазіргі таңда мойын сөзіне алмасқан.
Э.Севортянның көрсетуі бойынша, «бойун» мойын сөзі – (а)н үлгісінде «бой» сөзінен
шыққан. Чуваштарға сәйкес келетіні бой- «май» формасы –
«мойын» дегенді білдірсе керек. Осы үлгіде «койун» (қойын)
сөзінің туп негізі «кой» сөзінен бастау алған. Көне түркі тілдері
сөздігінде: боғ- душить,
сдавливать; боғаз – горло, глотка,
боғузлан- быт умерщвленным (задушенным, зарезанным).
Түркі тілдерінде б~м, ғ~й сәйкестіктерінің
әдеттегі құбылыс екендігін, келтірілген мысалдардың
барлығының (боғ-, боғаз, боғузлан-) мойынмен
қатыстылығын
және -/ы/н жұрнағының етістіктен зат есім
тудыратындығын ескерсек, сөздің бастапқы түбірі
боғ болса керек.
Қазіргі түркі тілдерінде: қазақша,
башқұртша, татарша - мойын, қырғызша -
мойун, түрікше, азербайжанша, түркменше,
ұйғырша - бойун; өзбекше
- бойун. [ДТЯ]. «Шырай» - адамның көркі, бет ажары, жүзі [ҚТТС].
Бұл сөз басқа түркі тілдерінде кездеседі.
Өзбек тілінде «чирой» сөзі -бет, жүз,
көркі мағынасын білдіреді екен. Монғол тілінде де
«царай» бет, түр- тұлға, пішін, жүз, кескін,
кейіп мағыналарды білдіреді. «Өңеш»,
«өңгеч» сөзі түркі тілдерінің көпшілігінде
кездеседі [3,177]. Ұйғырша – оңач, өзбекше,
қырғызша – өңгөч, қазақша, қарақалпақша –
өңеш. Өңеш сөзін «өң» түбірінен шыққан
деп көрсеткен. Себебі, өңеш ауыздан асқазанға
дейінгі іші түтік бейнесінде ас жолын сипаттайды. «Өң»
морфемасы да түтік, іші қуыс тәрізді белгілі бір заттық
ұғымға байланысты болуы мүмкін. Ал,
түркі-моңғол тілдерінде ұңғы
(унги//унга//уңғу//үңгу//унқа//онқа//өңгә//өң//өө)
сөзімен байланыстыруға болдады. Бұл сөз түтік, іші қуыс,
шұңқыр заттарға байланысты қолданылып келеді.
Ендігі тоқталатын сөзіміз – әлпет. Бұл сөз бір нәрсенің жалпы
түрі, бейнесі деген мағынаны береді. Әлпет сөзі екі
түбірден құралған деп көрсетілген [Этм]. Екі түбірден әл+пет яғни,
ал+бет. «Ал» сөзі қыпшақша алды деген мағынада,
қазақша, қарақалпақша, құмықша,
ноғайша, өзбекше – «бет», ұйғырша –«бәт», чувашша
– «пит» сөзінің орнына түрік және әзербайжан
тілінде «алын» формасы жұмсалады. Йүрәк – жүрек: Қазіргі түркі тілдерінде: қазақша - жүрек, башқұртша, татарша - йөрәк, қырғызша - джүрөк; түрік, түркмененше – йүрек, ұйғырша, өзбекше – йүрәк, азербайжанша – үрәк,
чувашша – чере. «Й» дыбысының өзгеруі - батыс-қыпшақ диалектісіне тән қасиет, ал «ү» > «ө» ұлғаюы
сарығ-ұйғыр лексемасына тән. Екінші буындағы «е»/
«ә»-нің бірінші буындағы «у» дыбысына ассимиляциялық
ықпал тигізеді. Соңғы тұрған «к» дыбысы сонар дыбысқа айналады немесе
мүлдем жойылады, мысалы, чувашша жүрек – «чере» [ЭСТЯ].
Серебрянников пен Гаджиеваның еңбектеріне сүйенетін
болсақ, жүрек сөзі
«жүр» деген сөзден шыққан.
Әрбір
тілдің өткен тарихы, қазіргі қалпы және
болашағы бар. Тілді салыстырғанда оның қазіргі
қалпы мен формасын өткен тарихымен байланыстыра қараған
дұрыс. Сондықтан да зерттеудің негізгі мақсаты –
ең көне формасын анықтау. Көне түрікілік
тілдің этимологиясын зерттеу арқылы бұл сөздердің
түбірі бір екенін аңғару қиын емес. Түркі халықтарының
ортақ сөздері өзгеріске түсіп, дамуы – белгілі тілдік бірліктердің пайда болуы және басқа
халықтармен араласуынан пайда болған тілдік ерекшелік, сонымен
қатар, белгілі халықтың ұлттық дәрежеге, ал
халық тілінің ұлт тілі мәртебесіне
көтерілуынің көрінісі деуге болады. Түркі тілі – ұрпақ қазынасы. Ұрпақтан-ұрпакқа
мұра болған жалпытүркілік тіл қазақ және
өзге түркі халықтарының көне дәуірде мәдени деңгейінің
өте жоғары болғандығын дәлелдейтін баға
жетпес асыл қазына.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.
Шарапатұлы Ш. Түркі лексикасының семантикалық
деривациясы. – Алматы: Кантана-пресс, 2011. – 552б.
2. Томанов М.
Қазақ тілінің тарихи
грамматикасы. – Алматы: Мектеп, 1988. – 263 б.
3. Қайдаров Ә., Оразов М.
Түркітануға кіріспе. – Алматы: Арыс, 2004. – 360 б.
Сөздіктер:
ЭСТЯ – Севортян Э.В. Этимологический
словарь тюркских языков. – М.: Наука, 1974. – 766 с.
ДТЯ – Древнетюрксий словарь. – Л.:
Наука, 1969. – 676 с.
Сведения об авторе
Исабек Нурсая Жанаткызы
студентка филологического факультета Карагандинского
государственного университета им. Е.А.Букетова (Республика Казахстан).
Адрес: 100022 г. Караганда, ул. Волочаевская д. 55, кв. 24
Тел: 72-27-07 (дом.т.), 8-701-356-44-86
(моб.тел.)
E-mail:
t_marhaba@mail.ru