Қазақстан
Республикасы заңнамасы бойынша акционерлік қоғамды
құруға қатысты туындайтын
құқықтық мәселелер
Әл-Фараби
атындағы ҚазҰУ доценті, з.ғ.к. Мукалдиева Г.Б.,
магистрант 1 курса Оңдасынова
Райгүл
Нaрықтық экoнoмикaғa көшу
Қaзaқстaн экoнoмикaсының дaмуынa үлкeн рөль
aтқaрaтын кoммeрциялық зaңды тұлғaлaрдың
құқықтық жaғдaйын рeттeугe қaтысты
жaлпы біршaмa зaңдaр мeн нoрмaтивтік
құқықтық aктілeрдің әзірлeніп,
қалыптасуына жeдeл тaлaп eтті.
Бaсқa
коммерциялық заңды тұлғалардың
ұйымдық құқықтық нысaнынa
қaрaғaндa aкциoнeрлік қoғaмның eрeкшeлігі, жeдeл
түрдe ірі қaржы рeсурстарын жұмылдырумeн біріктіру
мүмкіндігі арқылы, өз aкциялaрын шығaрa oтырып,
бизнeсін жeтілдірeді.
Акционерлік
қоғамдар акцияның бірнеше түрлерін шығаруға
құқықтары бар. Акция (франнузша action –
құнды қағаз) – акционерлік қоғамның
қаржылық қорына енгізілген белгілі мөлшердегі
қаржыны куәландыратын бағалы қағаздың
түрі. Ол өз иесіне осы қоғам қызметінен
түскен пайданың белгілі бір бөлігін дивиденд ретінде
алуға, сонымен қатар акционерлік қоғам тартылған
жағдайда оның мүлігін үлестіруге қатынасуға
құқық береді[1].
Сонымен,
ҚР Азаматтық кодекстің 85-бабына және «АҚ туралы
Заңының» 3-бабына сәйкес, акционерлік қоғам болып
өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту
мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға ретінде
танылады. Осы анықтамадан оның маңызды үш белгісін
аңғаруға болады. Ол құқықтық
субьектілік, акциялар шығару есебінен мүлік қалыптастыру
және осы акциялардың айналымдылығы [2].
Акционерлік
қоғамды оны құру туралы шешім қабылдаған
және заң арқылы акционерлік қоғамның
құрылтайшылары ретінде анықталған жеке және
заңды тұлғалар құрылтайшы бола алады. Акционерлік
қоғам құру туралы шешім алғашқы
құрылтай жиналысында яғни құрылтайшылар:
қоғам құруға келісетін, құрылтай
шартына қол қоятын, қоғамды тіркеу үшін
таңдайтын, оның жарғысын қабылдайтын,
шығаруға жария етілген акцияларды мемлекттік тіркеу туралы шешім
қабылдайтын, қоғамы құру жөніндегі
бірлескен қызметтің тәртібін белгілейтін және
заңға сәйкес құрылтайшылардың
қоғамның жарғылық капиталына төлем
енгізетін мүлікті бағалауды жүзеге асыратын адамдарды
анықтайтын, сондай-ақ қоғам атынан оны мемлекеттік
тіркеу үшін құжаттарға қол қоятын
уәкілетті адамарды таңдайтын жиналысқа
қабылдануға тиіс. Алғашқы құрылтай
жиналысында және егер құрылтай шартында басқадай
белгіленбесе,
құрылтайшыларың келесі жиналыстарына
қоғамның акцияны мемлекеттік тіркегенге дейін,
құрылтайшылардың әрқайсысы
қоғамның қанша акциясының ақысын
төлегеніне қарамастан, әрбіреуі бір-бірден дауыс иеленетініне
ерекше назар аудару қажет.
Мемлекет
акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді
құрған кезде олардың құрылтайшысы
Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық
бөлініс болып табылады. Қазақстан
Республикасының атынан акционерлік қоғамдар мен
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі және
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болады. Әкімшілік-аумақтық
бөліністің атынан акционерлік қоғамдар мен
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшысы
жергілікті атқарушы орган болады.
Акционерлік тиісінше Қазақстан Республикасы
Үкіметінің және жергілікті атқарушы органның
шешімі бойынша құратын мемлекеттік мүлік жөніндегі
уәкілетті органды және жергілікті бюджеттен
қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке билік етуге
уәкілетті атқарушы органды қоспағанда,
Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары
және мемлекеттік мекемелер акционерлік қоғамдардың
және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің
құрылтайшысы бола алмайды.
Тағы
бір маңызды мәселе – акционерлік қоғамды бір
адамның құра алатындығы. Бұл акционерлік
қоғамның мәнінен келіп шығады, яғни сол
мәнге сәйкес бірнеше құрылтайшының біріктірілген
капиталы немесе бір құрылтайының бөлінген капиталы
алға қойылған шаруашылық мақсаттарға
қол жеткізу үшін, қоғамның ондай
құрылтайшылары құрған органдарының
жауапкершілігімен басқаруға беріледі, ал
құрылтайшылардың қоғамның жұмысына
тікелей өздерінің қатысуы талап етілмейді. Акционерлік
қоғамды бір адам құрған жаңдайда,
құрылтай шартына қол қоюдың орнына, ондай
жалғыз қатысушы өзінің акционерлік қоғам
құрғаны туралы жазбаша шешімге жеке – дара қол
қояды.
Акционерлік
қоғам бірнеше адамдардың мүліктерін кәсіпкерлік
қызметте пайдалану үшін біріктіру құралы және бір
мезгілде формасы болып табылады. Кез келген АҚ-ты осы
қоғамның акцияны төлегеннен кейін оның
акнионерлеріне айналатын құрылтайшылар құрады.
Акциялардың меншік иелері бола отырып, акнионерлер дербес
құқықтық субьетілігі бар акционерлік
қоғамның мүлкіне тікелей билік ете алмайды [3].
Қазақстан
Республикасының заңдарында кәсіпкерлік қызметтің
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын акционерлік
қоғамдар мемлекеттің қатысуына тыйым салулар мен
шектеулер белгіленуі мүмкін.
Мемлекеттің қатысуымен құрылатын
акционерлік қоғамның жарғылық капиталын
төлеу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне
сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Акционерлік қоғамдардың акция кімге
тиесілі екендігіне қарай мемлекет қатысатын акционерлік
қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер: Қазақстан Республикасы қатысатын акционерлік
қоғамдар,
әкімшілік-аумақтық бөлініс қатысатын акционерлік
қоғамдар болып бөлінеді.
Сонымен, профессор
М.К.Сулейменов көрсеткендей, «акцияларды сату есебінен жиналған
капитал жарғыда көзделген сомаға жеткенде, АҚ
құрылған болып есептеледі. Сол кезде акционерлердің
жалпы жиналысы шақырылады. Ол басқарманы, тексеру комиссиясын
және бақылау кеңесін сайлайды» [4; 252 б].
Акционерлік
қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияның санына
қарай акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктер:
мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар –
жарғылық капиталындағы акционерлік қоғам
акцияның бақылау пакеті немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің
жарғылық капиталына қатысуының бақылау
үлесі мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдар болып
бөлінеді. Акционерлік қоғамның акцияның
бақылау пакеті тиісінше акционерлік қоғамның дауыс
беретін акцияның елу пайызынан астамы немесе жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысу
үлесінің елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі екендігін
білдіреді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
ҚР 2003 жылдың 13 мaмырындaғы №415-11
«Aкционeрлік қоғaмдaр турaлы» Зaңы //2003 жылдың 13
мaмыр №415-11,(өзгерістер мен толықтырулар 03.02.2014) // Параграф
ақпараттық жүйесі
2. Қазақстан
Республикасының Азаматтық
кодексi (1994 жылғы 27
желтоқсандағыЖалпы бөлімі және 1999 жылғы
1 шілдедегі Ерекше бөлімі)(07.03.2014 өзгерістер мен
толықтыруларымен қоса) – Алматы: ЮРИСТ, 2014 . – 296 б.
3. Кaрaгусoв Ф.
«Нeгoсудaрствeнныe дoлгoвыe цeнныe бумaги В Рeспубликe Кaзaхстaн» Издaтeльствo;Aлмaты: «Әділeт» , 2000
г..
4. Сулeймeнoв М.К. Стaнoвлeниe и
рaзвитиe грaждaнскoгo зaкoнoдaтeльствa Рeспублики Қaзaхстaн. Aлмaты, 2010
г. 521с.