Жананова Ализа
Мухаметхалиевна, Шымкент қаласы
«Отбасы, бала тәрбиесіндегі
ата-ананың рөлі»
Дәстүр -
әлеуметтік-мәдени мұраның ұзақ
уақыт бойына адамдар атадан балаға қалдыратын, әдетке
айналған, сол қоғамның немесе әлеуметтік
топтың құндылықтар жүйесі мен ережелеріне
ұласқан бөлігі. Дәстүр тек мұраның
нысандарын ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік
мұрагерлік процесі мен оның әдіс-тәсілдерін де
қосып алады.
Салт-дәстүр -
әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне,
тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне
сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің
өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы;
қауым мен қоғамда қалыптасқан
мінез-құлықтың үлгілері. Күнделікті
қолданыста бір мәдени топты екіншісінен айыратын және
бейресми жолмен реттейтін қабылданған мінез-кұлық
ережесіне немесе әлеуметтік әрекеттерді жөнге келтіретін
терминге жатады.
Салт-дәстүр ұлт үшін
өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым,
тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық -
өнеге тәжірибесін құраған. Бұл талаптар мен
ережелерді халық бұлжытпай
орындаумен бірге оны құрметтемеген, сақтамаған
адамдарды сол заң негізінде жазалап та отырған. Мысалы, ертеректе қазақтар ырымдап,
сәбиге тұлымшақ пен кекіл қойған. Баласы
тұрмай жүрген кейбір ата-аналар ер баласының оң
құлағын тесіп, сырға таққан. Жастарға
үлкендердің бата беріп, тілек - тілеуі, сын ескертпе айтып,
бағыт сілтеуі ежелгі дәстүр болған.
Баталы сөз, ақ тілек жас
өркеннің болашағына әсерін тигізеді деп сенген. Ел
ағалары баланы дене бітіміне және тал бойына,
мінез-құлығы мен жүріс-тұрысына қарай
сынап, қандай азамат болатынын болжаған. Мысалы, бір
құлағынан екінші құлағы үлкен болса -
күйші, құлағы мен аузының арасы жақын болса
- өтірікші, бармағы майысқан болса – шебер, тағы
басқа болады деп сенген. Әрине, мұның барлығы
көріпкелдік емес, өмір тәжірибесіне сүйеніп
халықтың наным сенімінен туған жорамалдар. Сондай-ақ
қазақ халқының бағзы заманынан бері балаларына
жаман болады пәле-жалаға ұшырайсың,
құдайдың, әруақтардың киесі соғады
деп ырым етіп, тыйым салған сөздері де кездеседі.
Мысалы, босағаны керме, бос бесікті
тербетпе, жақын адамдарыңа мылтық, пышақ сыйлама,
дастарханды аттама, үлкеннің алдын кеспе деген ырым-тыйымдар
әдептілік мінез құлықты сіңіруге арналған.
Мұндай тіркестер бүгінде де
ескермеген, үлгі өнеге боларлық өсиеттер. Айалық,
өткен
заманда қазақ қоғамы
үшін салт-дәстүр бұлжымас заң рөлін атқарды.
Наурыз мерекесі, қонағасы, шашу, ерулік ата салт
болып саналған, қазір де солай. Салт-дәстүрдің ел
арасындағы тәлімдік, тәрбиелік мәні аса зор. Халықтың атадан
балаға мирас болып, дамып отыратын тарихи әлеуметтік,
мәдени-тұрмыстық, кәсіптік көрінісі
дәстүр арқылы танылады. Ал кез-келген елдің
салт-дәстүрі – сол елдің өткені, тарихы мен танымы.
Мысалы, ата-ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы,
көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, сәлем беру, ат
тергеу, құрдастық қалжың, т.б.
салт-дәстүрге жатады. Қазақ халқы
салт-дәстүрге бай. Әдет, ғұрып, ишара, ырым,
тыйым, дағды бәрі осы салт-дәстүр көрінісі.
Өсіп келе
жатқан жас ұрпақты жарасымды
әдептілікке,
ұнасымды ізеттілікке тәрбиелеуді халқымыздың
қасиетті
қағидасы деп білеміз.
Қайшылығы мен қасіреті асқынып
тұрған қазіргі кезеңде бұл
айрықша маңызды мәселе. Осы уақытқа
дейін ұрпақ тәрбиесін қоғамға,
мемлекетке аударып салдық та ата-ана ұрпақ алдындағы
жауапкершілікті естен шығарып алдық. Осыдан барып
қазіргі
жастардың
көпшілігі ата салтын,
халықтық
салт-дәстүрді
білмейтін
мәңгүрт,
тұрпайы да дөрекі, рақымсыз, қатыгез болып
өсіп келеді. Ал
бұл дегеніміз халқымыздың болашағына, ұлттық
мәдениетіміздің
дамуына үлкен зиян.
Осылай кете берсек
тіліміздің,
дініміздің, салт-дәстүрлеріміздің жойылуы
сөзсіз. Ал бұларсыз дербес халық, ұлт
ретінде өмір сүре
алмаймыз. Қазақ халқының салт-санасында ежелден
қалыптасып
қалған ырымдар мен
тыйымдарды жақсы білу,
оны бұзуға жол
бермеу, өскелең жас
ұрпаққа
ғана емес, туған
халқының салт-дәстүрін, тілін,
дінін ұмыта бастаған естен шығарып алған
барлық жастағы адамдарға да пайдалы.
Халқымыздың ежелден
желісі үзілмей жеткен
салт-дәстүрлері
мен
әдет-ғұрыптары,
рухани, мәдени және
адамгершілік
дүниеміздегі
қымбат
қазыналарымыздың
бірі. Адамзат баласының өзін
қоршаған
ортамен
қарым-қатынасы
негізінде туындаған халықтық салт-дәстүрлер, діни
әдет-ғұрыптар,
маусымдық
халықтық
мерекелер және жанұялық той-томалақтар деп
бөлінеді. Халықтың салт-дәстүрлері мен
әдет-ғұрыптар қоғамның рухани, мәдени
және адамгершілік дүниесіндегі қымбат қазыналарының
бірі. Онда халықтың сан ғасырлық өмір
тәжірибесі мен зердесі,адамзаттың жүріп өткен даму
жолындағы күресі, жеңісі, ізденісі, танымы мен
түсініктері жинақталған. Адам баласы шыр етіп жерге
түскеннен дүниеден өткенге дейінгі уақыт
аралығында үнемі салт-дәстүрлер аясында болады.
Сондықтан да халықтың салт-дәстүрлер мен
әдет-ғұрыптардың туу себептерін, даму ерекшеліктерін
орнығу заңдылықтарын ашып
көрсетудің,анықтаудың жас ұрпақ үшін
танымдық тәрбиелік мәні үлкен. Қазақ
халқының рухани болмыс-бітімі, адами қасиеттері этикалық
қағидалары көзін тауып, ретін келтіріп қолданса,
бүгінгі күннің талай кем-кетігін толтырары сөзсіз.
Тегінде, қазақ деген халық тамыры тереңге кеткен алып
бәйтерек секілді, шайқалсада құламайды.
Әдептілікке бас имеген, әдептіліктен нәр алмаған
салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты ешбір халық
жасамапты. Халықтың зердесінде, тарихында, рухани мұрасында
небір інжу-маржан бар. Сол асыл қазыналардың
қасиетін,мән-мағынасын ұрпағымыздың бойына
жұғысты етіп, ертеңгі күнге жалғастыра
ұқтырсақ, ұрпағымыздың келешегі жарқын
болар еді.
Болашақта
гүлденген Қазақстанның одан ары қарай
қарыштап өркендеуінің негізгі тұтқасы болатын демократиялық
қоғамды құратын парасатты, һәм бiлiмдi
тұлғаларды дайындауда жастар арасында ұлттық
тәлiм-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру аса маңызды.
Озық жетiстiктерге негiзделген бiлiм нәрiмен қатар,
ұлттық тәрбие құндылықтарын бойына
сiңiрген ұрпақтар ғана ұлт тағдырын
тереңiнен таразылап, болашағын барынша болжайтын тұлға
ретiнде танылатыны ақиқат. Қазақ елі – салтқа,
дәстүрге, ырым мен тыйым, әдет-ғұрыптарға өте
бай халық. Халқымыз олардың әрқайсысының
өзіндік орны, ерекшелігі бар екенін ескере отырып, қажетіне
қарай пайдаланған. Ол бізді басқа халықтардан
оқшаулап, айшықтап, ерекшелеп тұратын халықтың
жүрегі, һәм тамыр соғысы тәрізді. Ол
тоқтаса халықтың өмір сүруі де тоқтайтыны
белгілі. Дәуірлер бойы қалыптасып, дамып, жаңару
үстінде келе жатқан салт-дәстүр,
әдет-ғұрпымыздың көмескіленіп, қолданудан
шыққан немесе шыққалы тұрған, жаңадан
енген тұстарын ашу және заманға сай қолданысқа
енгізу жағын қарастыру - өте керек дүние. Сол себепті,
ғасырлар қойнауынан келе жатқан асыл қазынамызды
тәрбие үрдісінде дұрыс қолдана білуде осы
тәріздес тағылымы мол тәрбиелік оқу
құралдардың көптеп шығуы көңіл
қуантатын жағдай. Әсіресе, қазіргі жаһандану
дәуірі өрлеп тұрған тұста елдігімізді
сақтап, мемлекеттігімізді нығайту, ұлттығымызды
көркейту үшін дәстүрге бай қазақ
халқының жас ұрпаққа ұлттық
рухтағы тәрбие беру мәселесі қашан да ең басты
орында тұруға тиіс.
Еліміздің
болашағы жастарға бала кезеңінде ұлттық
тәрбиені бойына сіңірген тиімді. Бала шыбық тәрізді,
қайдан жарық шықса, соған қарай бұрылып
өседі. Ол үшін біріншіден, балаға әсер ететін тартымды
әуен екенін ескеріп, ұлттық аспаптармен орындалатын
әндерді, күйлерді ақырын ғана қосып қойып,
санасына әсер ететіндей, құлағын үйрете берген
дұрыс. Одан кейін әр түрлі ою-өрнектермен
әшкейленген суретті кітапшаларды халықтық музыка
әуенімен біртіндеп ашып, көзін жаттықтыра беру.
Үшіншіден, халық жырауларының термелерін, ертегілерді
тыңдату. Бұл балаға әсер ететіні соншалық
патриоттық сезім оған қалай ұялағанын өзі
де байқамай қалады. Қазіргі кезде бала тәрбиесіне
келгенде ата мен әженің рөлі сәл төмендеп кетті
деп жатамыз. Бұрын баланы бүкіл ауылы, руы болып тәрбиелесе,
қазір ата мен әженің рөлі шынымен де тәрбиеге
келгенде сәл бәсеңсіген. Бұл ауылда болсын,
қалада болсын байқалып жатқан соңғы
құбылыс. Алдына отырғызып, еркелете ертегісін айтып, жетектеп
жүргенінің өзінде де онша көңілін тола бермейді.
Себебі кейде, әсіресе, қалалық жерде қасынан өтіп
бара жатып немересімен орысша шүлдірлесіп бара жатқанын
көріп, қарның ашады, бас шайқайсың. Ал, ауыл
болса, оның жайы мүлде басқа. Орысша сөйлемегенмен,
ақылдың майын тамыза өнеге, өсиетін, ертегісін сарыла
айтатын ата мен әжелер де азайған. Әркім өзінің
жан тыныштығын ойлайтын заман болып кеткен тәрізді. Тәрбиені
шал мен кемпірге бердік деп, артынан көңілдері толмай кінәлап
жатқан жастарды да кездестіреміз. Бұл жерде біз мәселені шал
мен кемпірдің тәрбиесінің нашар болуында деп емес,
қандай шал мен кемпірде екендігінде деп айтар едік. Қалада да,
ауылда да немересіне ертегі айтып, ән-жыр, күй тыңдатып,
өсиет-өнеге беріп отыратын ата, әженің қатары
сирегені рас. Өйткені, қазіргі 60-70 жасқа толған
ата-әжелеріміздің өздері Кеңес заманында
тәрбиеленіп, халық тәрбиесінен оқшау қалған
жандар. Сондықтан сексен сөз сөйлеп, артына сегіз ауыз
сөз қалдырмаған ата, әженің кебін өзіміз
киіп отыратынымызды ескеріп, қазірден көшті түзей беру керек.
Бұл көшті түзеу үшін жас балаларға және
ата-аналарға арнап республика көлемінде көп тиражбен
халықтың ата-мұрасынан қалған құнды
ертегілер, мақал-мәтелдер жалпы ауыз әдебиеті үлгілерін
бала сана-сезіміне лайықтап, қалыптасқан шығармаларды
сұрыптап шағын кітапшалар етіп шығару қажет. Бала
тәрбиесіне жіті көңіл бөліп, әр жас ерекшелігіне
қарай білім берумен сабақтастырған орынды. Ол дегеніміз бала
дүниеге келгенде бесікке бөлеп, бесік жырымен сусындатудан басталғаны
абзал. Тілі шығып былдырлап жүрген балаға бүгінде
кейбір жас ата-аналар әр түрлі нәрсе үйретіп жатады.
Осы кезеңде балаға санамақ, жаңылтпаш үйретер
болсақ, ойлау сана-сезімін кеңейтуге бағдар берген боламыз.
4-5 жасында жұмбақ шешкізіп, 6-7 жасынан батырлық жырларды
жаттатқызып, мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап
жан-дүниесіне жақын мамандыққа қарай икемдеуге
септігін тигізер болсақ, болшағынан үлкен үміт
күттірер, өз елінің болашағын ойлар азамат
тәрбиелеген болар едік.
Қазақтың
әрбір сөзінің өзі, әрбір мақалының
өзінде ұлттық тәлім-тәрбиенің көзі
жатыр. Ол ұрпағына қалдырған үлкен
қазынасы. Өз дәстүр-салтымыз өзімізге ғана
жұғысты. Қазақ халқының рухани
болмыс-бітімі, адами қасиеттері этикалық қағидалары
көзін тауып, ретін келтіріп қолданса, бүгінгі
күннің талай кем-кетігін толтырары сөзсіз. Тегінде,
қазақ деген халық тамыры тереңге кеткен алып
бәйтерек секілді, шайқалсада құламайды.
Әдептілікке бас имеген,әдептіліктен нәр алмаған
салт-дәстүрді,әдет-ғұрыпты ешбір халық
жасамапты. Халықтың зердесінде, тарихында, рухани мұрасында
небір інжу-маржан бар. Сол асыл қазыналардың
қасиетін,мән-мағынасын ұрпағымыздың бойына
жұғысты етіп, ертеңгі күнге жалғастыра
ұқтырсақ, ұрпағымыздың келешегі
жарқын болар еді. Қай
ғасырда, қай қоғамда болмасын ата-ана міндеті –
өмірін жалғастыратын саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Кешегі нәресте бүгінгі ақылы толысқан, парасатты, ойы
озық азамат – отбасының тәрбиесін көріп өз елінің
патриоты болып қоғамның жеке тұлғасына
айналады. Ендеше ір ұлт ұрпақ үшін
салт-дәстүрлердің бала тәрбиесінде алатын орны ерекше.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі:
1.Әл-Фараби.
Философиялық трактаттар. - Алматы, 1973.
2. Баласағұн Ж. «Құтты білік» дастаны.
Ауд.А.Егеубаев. - Алматы, 1986.
3.Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. - Алматы, 1994.
4 Құнанбаев А. Шығармалар жинағы. - Алматы, 1991.