Алимкулова Э.П.

М.Мақатаев атындағы №14  орта мектебі, Қазақстан

 

 

ТҰЛҒАНЫ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ДАМЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІГІ           

 

Тұлғаның қалыптасуында негізгі факторлардың бірі – оның интеллектуалдылығы. Тарихи қоғамдағы обьективті талаптар және қоғамның дамуындағы әлеуметтік заңдар тұлғаның қалыптасуын анықтайды. Олай болса адамды толық түсінуге, оның рухани-адамгершілік қасиеттерін, дамуын, жетілуін және индивидуалды-психологиялық ерекшеліктерін зерттеу қажеттігі туындап отыр.

Психологиялық сүйемелдеу - бұл психологтың кәсіби қызметінің бүкіл жүйесі болып табылады. Ол білім беру мекемелерінде ұйымдастырылатын баланы оқыту, тәрбиелеу және табысты дамыту үшін әлеуметтік-психологиялық жағдай жасауға бағытталған.

Психотехнологиялар - бұл обьектісі нақты тұлғаның психикалық шынайылығы, ал пәні-адам мінез-құлқына әсер ететін бұл психологиялық нақтылықтың кез-келген шектерінің өзгерісі блып табылатын диагностикалық , позициялық-дамытушылық және психотерапиялық процедуралар.

 Психологиялық диагностика технология ретінде –бұл психологиялық диагноз қою мақсатында тұлға немесе топ туралы ақпарат жинау сәйкес әдістер көмегімен жүретін, сананың арнайы ұйымдастырылған процесі.

 Даму технологиясы баланың индивидуалды мүмкіндіктері мен жас талаптары мен сәйкестікте психикалық процестердің, қасиеттердің және тұлға сапаларының қалыптасуына бағытталған.

 Психопрофилактика технологиясы-бұл диагностикалық ортаның психогигиенасын, бала дамуының оптимальды әлеуметтік жағдай жасауға бағытталған, психология-педагогикалық өлшемдер жүйесі. Профилактика-бұл бала дамуында кез-келген жетіспеушілік тудыратын сыртқы себептері, факторлары және шарттарын жою мен байланысты ескерту шаралары. Ол әлі туындамаған мәселені шешуді қарастырады.

Психологиялық ақпараттандыру технологиясы өзінің мазмұны бойынша педагогикалық, оқытушы болып табылады. Пси-хологтың оны қолдану кезіндегі құралдар педагогикалық (әңгіме, лекция,мәселелі жағдайды талдау,іскерлік ойын)және психология-лық(диагностикалық және консультативті әңгіме, «сенім телефо-ны» және т.б)болуы мүмкін.

Психологиялық кеңес беру технологиясы - бұл эмоционалды жауап қайтару, мағынаны анықтау,бұл мәселені рационали-зациялау және оны шешу нұсқаларын табуға психологиялық жағ-дай тудырудың мақсатты процедурасы (клиенттің мәселесі мен жағдайына шартталған).

Психологиялық коррекция және психотерапия технологиясы - бұл психологиялық – педагогикалық себептерді немесе жетіспеушіліктерді жоюға бағытталған психологиялық немесе психотерапиялық құралдар жүйесі.Оны қолданудың нәтижесі баланың күйіне, іс-әрекетіне, қатынасына және мінез-құлқына позитивті әсер ететін, баланың психикасындағы өзгерістер болып табылады.

Психологиялық қолдау технологиясы - бұл жалпы педагогикалық процестің барлық мүшелерін оптималды әлеуметтік-психологиялық жағдайлармен қамтамасыз ету мақсатында бала тұлғасының толық дамуын және психологиялық денсаулығын сақтау үшін жүзеге асырылатын түрлі технологиялармен ұсынылған өзара шартталған және өзара байланыс әрекеттерінің кешені.

Психологиялық тәжірибеде әдіс - бұл практикалық психологиялық міндеттерді шешетін тәсілдердің жиынтығы. Практикалық психологияда негізгі әдістерді жіктеу екі параметрге негізделген: ауыспалы мағынада (педагогикалық, әлеуметтік-педагогикалық, жеке психологиялық) және кәсіби әрекет бағытында (психологилық сараптама, психокоррекция және т. б). 

Арттерапия – психикалық қысымды түсіру, тынышталу, босаңсу мақсатында қолданылатын эмоциялық күйге өзгеріс орнатуға ықпал ету құралы. Бұл үшін кәсіби суретші болудың қажеті жоқ, қолға қаламсап немесе қарындаш алып, қағаз бетіне бірнеше сызбалар жасасаңыз болғаны. Өнер терапиясы ішкі қысым мен уайымдауларды қағаз бетіне бейнелеуді мақсат етеді, мұның барлығы жас ерекшелігіне, жынысына, ауру түріне немесе сезімдер мен уайымдауларға тәуелсіз жүргізіледі.

Психологиялық қолдау технологиясы-бұл жалпы педагогикалық процестің барлық мүшелерін оптималды әлеуметтік-психологиялық жағдайлармен қамтамасыз ету мақсатында бала тұлғасының толық дамуын және психологиялық денсаулығын сақтау үшін жүзеге асырылатын түрлі технологиялармен ұсынылған өзара шартталған және өзара байланыс әрекеттерінің кешені.

Педагог-психолог қолданатын инновациялық технологиялар мен әдістердің   жіктелуі.

Психологиялық

Әлеуметтік-педагогикалық

Педагогикалық

Психодиагностикалық әдістер.

Қабілеттер мен ақыл-ой тестісі, жекелік сауалнамалар, жетістіктер тесті, жобалық тестер, сурет тесттері социояметрия.

Психологиялық кеңес беру әдістері:

Эмпатикалық таңдау, интерпрестация, идентификация, фасилитация, болжам жасау.

Психокоррекциялық әдістер:

Психогимнастика, ойындық коррекция, ойын терапиясы, арттерапия, диагностикалық үйретуші, эксперимент, әлеуметтік психологиялық тренингг, міез-құлық тренингі.

Психотерапиялық әдістері:

Суггертия, өзіндік ұмтылу, рационализация, психоанализ, топ-тық терапия, мінез-құлықтық терапия.

Әлеуметтік тәрбие әдістері:

Әрекетке қатынасу және мотивтендіру әдісі, репродукциялау әдісі, қорытындылау әдісі, бірлескен әрекет пен бірлескен шығармашылық әдісі.

Әлеуметтік-педагогикалық әсер ету әдістері:

Санаға, сезімге, мінез-құлыққа.

Әлеуметтік-педагогикалық өзара әрекетті ұйымдастыру әдістері:

Мақсатты жоспарлау әдістері, жалпы бағытталу әдістері, іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері, қарым-қатынас әдістері, бағалау әдістері, өзіндік жүзеге асыру әдістері.

Ұйымдастырушылық әдіс:

педагогикалық эксперимент.

Педагогикалық әрекет әдістері:

Педагогикалық бақылау шынайы эксперимент.

Оқыту әдістері:

Сөздік (әңгіме, түсіндіру, әңгімелесу, дискуссия, лекция), көрнекілік (иллюстрация, демонстрасия, кітаппен жұмыс), тәжірибелік (жаттығу, лабороториялық  және тәжірибелік  жұмыстар, диагностикалық ойындар, шығармашылық тапсырмалар және мәселелік  жағдаят)

Тәрбиелік әдістер:

Жағымды үлгі, сендіру, үйрету, жазалау, жаттығу, перспектива, ойын, сенім, жетістікті үйрету, өз-өзін тәрбиелеу.

Интеллект  – құпиясы мол дүниені әр қырынан тануға, мәселені тереңнен түсінуге мүмкіндік беретін аса күрделі жан қуаты. Сөйлеумен тығыз байланысқан ойлау ми қызметінің нәтижесі. Ал интеллектуалды ойлау – сұраққа жауап қайтарудан, мәселені шешуден, оның мәнісіне түсіне білуден жақсы байқалады.

 

Әдебиеттер:

1     Білім туралы Қазақстан Республикасының  заңы // Егемен Қазақстан, 15 – маусым, 2007.

2     Выготский Л.С. Педагогическая психология // М., Педагогика, 1991

3     Рубинштейн  С.Л. Проблемы общей психологии.- М.: Педагогика, 1976. - 120 с.

4      Алдамұратов  Ә. Ж.   Жалпы психология. – А: Білім,1996

5      Головин  С.Ю. Словарь  психолога-практика.- М, 2001