Психология/Педагогическая
психология
Педагогики және психологии магистрі, аға оқытушы Садыкова Э.М.
Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті,
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
ҚАЗІРГІ СТУДЕНТ
ЖАСТАРДЫҢ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Кез-келген халықтың
адамгершілік-рухани өмірінің барлық кезеңінде
халықтық педагогика үлгілері бай және сан алуан, өйткені ол сан түрлі
этникалық ұлыстардың мыңдаған жылғы
тәжірибесімен жасалған
педагогикалық мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылады.
Әрбір халықтың рухани азығының
қайнар бұлағы - оның халықтық педагогикасы
мен ұлттық салт-дәстүрлері болып табылады.
Соңғы жылдары
қалыптасқан тәрбие жүйесі көпшілік жағдайда
сөз, ұран, мәліметтік сипатта болып, жоғары оқу
орындарындағы студенттердің міндетті түрде
қоғамдық пайдалы іс-әрекетке қатысуын
қарастырмады, оларға патриоттық тәрбие беру
бағытын дамытуды қиындатты. Мұның өзі
қазіргі кезде жоғары оқу орындарында тәрбие беру
мәселесіне жаңаша көқарас тұрғысынан
қарауды және студенттердің патриоттық сана-сезімін,
сапаларын, рухани-адамгершілік мінез-құлқын
қалыптастыруды көздейтін тәрбиенің формалары мен
әдістерін жетілдіруді талап етеді. Бұл бүгінде
байсалдылық, табандылық, батылдылық, батырлық,
қайсарлық туралы білім ғана емес, өнегелік көрсету
қажет болып отырған уақытта аса маңызды [1].
Рухани мәдениет
оның нәтижесінде жаңа сапа туындайтын, адамның
қалыптастырушы-қайта өзгертуші іс-әрекетінде
жүзеге асырылатын
шығармашылық мүмкіндіктерін дамытудан басталады.
Біздің
пікірімізше, руханилықты сөзбен тәрбиелеуге болады деп ойлау
қате ұғым, мұндай тәрбие тек рационалды сананы
ғана қалыптастырады. Өмірде рухани іс- әрекет рационалды сананың іс-әрекетімен емес, жан күшінің жұмысы
арқылы (сезімталдық, басқа адамға көңіл
аудару, жан жомарттығы, мейірімділік,
елгезектік және т.б.) жүзеге асырылады.
Біз
әрбір мұғалім сәйкес келуі тиіс жеке тұлғаның рухани мәдениетінің
мынадай моделін қарастырамыз:
іс-әрекет мәдениеті - ойлау мәдениеті - сөйлеу
мәдениеті - эмоция
мәдениеті- жеке тұлғаның рухани мәдениеті
[2].
Іс-әрекетте
және қарым-қатынаста көрініс табатын рухани
мәдениеттің белгілері мыналар болуы мүмкін:
оқшаулану - сыртқы
әсерлерден тәуелсіздік
және дербестік ретінде; еркіндік – жеке тұлғалық
әлеуетті жүзеге асыра отырып, ерік-жігерді жүзеге
асырудың ішкі мүмкіндігі
ретінде; жауапкершілік – ар- ұят арқылы (сыртқы реттегіштер
арқылы емес) реттелетін
іс-әрекеттерді мотивациялаудың ішкі негізі ретінде; креативтілік – өзін және
әлемді
жақсартуға деген
белсенді ұмтылыс; ерік-жігер - жалпы алғанда өмір сүру
іс-әрекетіндегі және өмірлік шығармашылықты
(сонымен қатар өзіндік шығармашылықты,
өзін-өзі өзектендіруді, өзін-өзі жүзеге
асыруды) қамтамасыз ететін
«өзіндік» тұтас объектіні бейнелейтін сапа ретінде;
өзінің жеке тұлғалық әлеуетін және күтілетін
нәтижелерге қол жеткізудегі
мақсатқа ұмтылушылық; жеке
тұлғаның «аумағы» - адамдарға әсер етудің күші мен
тереңдігі ретінде жүзеге асырылатын жоғары рухани ұмтылыстар, ұсақтанбау, іс-әрекеттегі
және мінез-құлықтағы күнделікті,
таптаурынды бағдарлардан
алшақтау.
Педагогикалық
жүйедегі рухани тәрбиені
ұйымдастырудың негізгі
принциптері мынадай болуы мүмкін: оқытуға мотивациялау
және жеке тұлғалық-кәсіби даму (оқыту компоненті арқылы
жүзеге асырылады); өзара іс - әрекет және
ынтымақтастық педагогикасы (психологиялық қамтамасыз
ету арқылы жүзеге асырылады); «өз күшін сынау»
арқылы тұлғалық-кәсіби кемелденуге жету (басқару технологиялары арқылы жүзеге асырылады) [3].
Қазақ –
құдыреттілігі, имандылығы, адамгершілігі көзінен,
жүрегінен көрініп тұрған, патриоттығы ішінде
ұйып жатқан кең халық. Бүкіл білім беру
жүйесі арқылы осыларды сыртқа шығару,
жоғарғы дәрежеге көтеру қажет, ол үшін
сапалы патриоттық тәрбие керек. Бұл - сырттан ғана
келетін әсер емес, ол іштен шығатын, дамитын, қалыптасатын
ерекше қасиет. Ол - қазақ менталитетінің ғасырлар
бойы қалыптасып келе жатқан халыққа тән санамен
келген ойлау нәтижесі.
Айтылған мәселелер жасөспірімдер арасындағы ең көп таралғаны болып табылады.
жасөспірімнің адамгершілігі, саналылығы, оның
қоршаған адамдармен, отбасы мүшелерімен дұрыс
қарым-қатынас орнатуға ықпал ететін елеулі
фактор. адамгершілік тәлімі жүрекке жан шуағын орнатып,
бұрыннан бойымызда бар жақсы қасиеттерді дамытады. жаман әдет пен теріс
қылықтан тазарып, жаны таза, көңілі ақ, рухани
сезімдерге бай адам болып қалыптасу – өзекті мәселе. Мейірімділік
жылудан тарайды. Жасөспірімнің адамгершілік тәрбиесін
қалыптастыру қазіргі қоғамның маңызды
ережелерінің бірі. сондықтан да осындай мәселелерді болдырмау
және олардың алдын алу үшін әр-түрлі іс-шараларды
жүргізуіміз қажет, жастардың
тәрбиесіне көп көңіл бөлуіміз керек деп
ойлаймын. ал бұл өз кезегінде
аталған мәселелердің азаюына септігін тигізетіні
сөзсіз.
Адамгершілік қадір-қасиеттерді
ұрпақ бойына сіңіру, жалпы қазақ
қоғамының, отбасының,
тәлім- тәрбие қағидаларының басты
өзегі. «Үлкенге – құрмет, кішіге - ізет» деген
қағидадан бастау алатын
адамгершілік тәрбие мазмұны ұрпақты
қоғамдық, әлеуметтік ортамен адамдармен ортадағы
қарым-қатынастарға
енуіне ықпал жасайтын
жағымды
мінез-құлықтық қасиеттерге баулиды.
Тән азығы мен жан азығының тепе-теңдігін сақтап, әсіресе, жан азығына басым көңіл
бөлген халқымыз өміртануды діттеп, оның
пәлсапалық заңдылықтарын терең ұғынған. Жан азығынан мақұрым
қалған адамның адамдық қасиеті жойылып,
оның хайуанға айналатынын
ертеден ұғынған халқымыз жан азығын ең
әуелі нәрестеге бесік
жыры арқылы әуезді әуенмен беруді бастайды, одан соң жас балдырған жеке сөздерді ұғына бастағанда-ақ, оған жақсы мен жаманды ажыратып түсіндіреді. Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік,
қонақжайлылық
құндылықтары
қалыптасқан
халқымыздың осы асыл
да абыройлы қасиеттерін жас
ұрпақтың ақыл-парасатына азық ете білу
үшін, әрбір тәрбиеші, ұстаз халық педагогикасын
сан ғасырларда қалыптасқан салт-дәстүрлерді,
әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білумен қатар,
өзінің бойына адамдық құндылықтарды
терең сіңірген, рухани
жаны таза адам болуы шарт. Ол рухани-адамгершілік
тағылымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде негізге алғаны жөн. Сонда ғана өзінің міндетін айқын сезіне білетін, мінез-құлқы жетілген
саналы адам қалыптасады. Жас ұрпақты халқымыздың құнды еңбектерімен жас
кезінен намысшыл, отаншыл
болуға, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелесек, мерейіміз әрқашан үстем
болмақ. Оқытушының рухани-адамгершілік мәдениеті
өз шәкірттерінің білімі мен
мүмкіндіктерін бағалай білуі және педагогикалық
үдерістерден тыс қалмауы арқылы да бағаланады. Жоғарыда келтірілген ой-пікірлерді
түйіндей келе оқытушының моральдық
санасының жоғары болуы, эмоциялық сезімі мен адами
құндылықтарға бай болуы рухани- адамгершілік мәдениетінің
біртұтас элементтерінің
жүйесі болатынын қөруге болады
Әдебиеттер:
1.
Джанабаева Р.А, Касенова С.Ә. Студенттерді рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық
негіздері // Педагогика және психология. – 2013. №3. 108-111б.
2.
Есенаманова. Қ. Көпмәдениетті ортада
оқушылардың адамгершілігін тәрбиелеу //Педагогика және өнер. – 2012.
№3. 24-27б.
3.
Таутенбаева.А.
Жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие
үдерісінде студенттердің ұлттық рухани-адамгершілік
құндылықтарын қалыптастыру. – автореферат. дисс. пед.ғ. к. – Алматы. 2009.