Психология/Психология
рразвития
Педагогика
және психология магистрі, аға оқытушы Даутқалиева П.Б.
Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті,
Қазақстан Республтикасы, Алматы қ.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ
ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
Іс-əрекет барысында адамның жан-жақты
жəне біртұтас тұлғалық дамуы жүзеге асады,
оның қоршаған дүниеге көзқарас,
қарым-қатынасы қалыптасады. Таңдалған
іс-əрекет көзделген тұлғалық
қасиеттердің қалыптасуына ықпал етуі үшін оны
қажетті деңгейде ұйымдастыру жəне келелі бағдарлап
отыру қажет. Бұл тəрбие практикасында өте күрделі
іс. Өкінішке орай, көп жағдайларда осы күрделілік даму
мүмкіндіктерін шектейді; кейде тəрбиеленушілер ең қажетті
болған жағдаяттарға – қоғамдық,
еңбек, таным əрекеттеріне белсенді араласа алмай, енжар
бақылаушы күйінде қалып, дайын ережелерді жаттаудан ары
өте алмайды.
Балалар мен жасөспірімдердің
іс-əрекеттерінің негізгі түрлері – ойын, оқу,
еңбек. Бағдары бойынша іс-əрекет танымдық,
қоғамдық, спорттық, көркем өнерлік, техникалық,
кəсіптік, құмарлық (гедоникалық) болып ажыралады.
Барлық жастағы оқушылардың іс-əрекеттерінің
ерекше түрі – тілдесу, қатынасу (ортақтасу).
Іс-əрекет сипаты бойынша белсенді (актив) жəне
енжар (пассив) болуы мүмкін. Тіпті, құрттай ғана
сəбидің өзі белсенді тіршілік иесі болып көрінгенді
қалайды. Ол жасына қарамай үлкендерге, қатарына
қандай да талаптар қояды, төңірегіндегі кісілерге,
заттарға, болып жатқан оқиғаларға өз қатынасын
білдіруге тырысады. Уақыттың озуымен қоршаған орта
жəне тəрбиенің ықпалы арқасында белсенділік
көтерілуі де мүмкін, кейде төмендеуі де ықтимал.
Мысалы, адам көп жұмыс істеуі мүмкін, бірақ іске
құлықсыз, көңілі құламай, орындалуы
қалай болса, солай – енжар. Əлбетте, мұндай іс-əрекет
адамды жоғары нəтижелерге жеткізбейді. Дамудың тиімді болуы
іс-əрекеттің белсенділігіне, көңіл-күй
жарасымдылығына тəуелді. Адам таңдаған ісіне
жан-тəнімен кірісіп, өзіндегі бар мүмкіндіктердің
бəрін іске жұмылдырып, өзін кемелденген тұлға
ретінде көрсете білуі қажет. Мұндай қызмет адамға
қанағат лəззатын əкеліп, шабыт пен қуаттың
көзіне айналады. Сондықтан да, іс-əрекеттің
маңыздылығы оның өздігінен ғана емес сол
əрекетте көрінетін тұлға белсенділігінің
деңгейіне байланысты.
Белсенділік оқу барысында шəкіртке тезірек
жəне табысты əлеуметтік тəжірибе топтауға мүмкіндік
береді. Оның қарым-қатынас, тілдесу қабілеттерін
дамытады, қоршаған болмысқа деген көзқарасын
қалыптастырады. Баланың ақыл-парасатты дамуын танымдық
белсенділік қамтамасыз етеді. Бұл үшін балаға
танымдық мəселелерді шешуімен бірге игерілген білімдерді практикада
қолдану қажеттігі де тəн болуы тиіс. Себебі еңбектегі
белсенділік тұлғаны өзінің рухани жəне
адамгершілік дүниесін тез арада жəне тиімді
қалыптастыруға ынталандырады, оны көп жəне нəтижелі
еңбектенуге бағыттайды.
Белсенділіктің барша көріністерінің
негізінде бір ғана тұрақты дерек көзі- қажеттік
орын алған. Адам қажеттіктерінің көп түрлілігі
оларды қанағаттандыру үшін қолданылатын
іс-əрекеттердің де сан қилылығын туындатады. Өсіп
келе жатқан адамға белсенділіктің пайдалы бағыттарын
көрсетіп, алдамшы қырларын мейлінше бəсеңсіту –
педагогтар үшін тұрақты да жəне өте күрделі
де міндет. Күрделілігі – адамның жеделдете кемелденуі
дəуірінде іс-əрекет қажеттері мен сеп- түрткілері
(мотивтері) өте қозғалмалы жəне ауыспалы келеді.
Сондықтан, əртүрлі жас сатыларында іс-əрекет
түрлері ауысып баруы шарт. Жалпы мектептік тəрбиенің
өзгерістер ізімен үлгере орындалуы өте қиын, солай да
бола, əрқандай тəрбиелік іс мезетінен бір де кешікпей жүргізіліп,
келеңсіз салдардың алдын алып отыруы қажет.
Əрбір адамның өзіндік белсенділігі
оның қабілеттері мен дарынының дамуы жəне табыстарға
жетуінің міндетті кепілі. Оқушы тəрбиесімен қандай да
бір ғажайып тəрбиеші шұғылданбасын, оқушының
өз əрекет- ықыласы болмаса, ешқандай нəтиже болуы мүмкін
емес. К.Д.Ушинскийдің пікірінше, бала өзі оқуы тиіс, ал
педагогтың қызметі – оған игерілуі қажет материалды
ұсынып беру, оның оқу процесін басқару. Осыдан,
дұрыс қойылған тəрбиеде оқушы педагогикалық
ықпалдың тек объекті ғана емес, ол сонымен бірге өз тəрбиесін
белсенді өз қолына алған- субъект.
Іс-əрекет сияқты тұлға
белсенділігі де таңдамалы сипатқа ие. Тұлғаның
дамуы кез-келген əсерден болмайды, солардың ішінде адамның
өз қажетіне сай келген, оның тұлғасына жарасымды
болған, шынайы болмысқа деген оның жеке
көзқарастарына сəйкес ықпал болса ғана, бала дамуы
қарқынды жүреді.
Тұлғаның белсенділігі дамудың тек
алғы шарты емес, оның нəтижесі де. Қоғамдық
белсенді, ынталы, шығармашыл жəне өзі мен
төңірегіндегі қатысқан адамдардың бəріне
бірдей жақсылық пен қуаныш беретін тұлға
қалыптастырушы тəрбие əрдайым өз мақсатына жетіп
отырады. Саналы, педагогикалық сынақтан өтіп,
ұйымдастырылған оқушы іс-əрекеті белсенділіктің
қай түрін де қамтамасыз ете алады. Өсіп келе
жатқан адамға толық іс-əрекет мүмкіндігін ашып
беру, өз күш-қуатын белсенді қолдануға
қажет əрекет тəсілдерімен қаруландыру,
тұлғалық ерекшеліктерді жете зерттеу жəне əр
тұлғаның болмысындағы табиғаттан берілген
нышандар мен дарындылықты мейлінше жайып салу- əрбір
тұлғаның даму процесін ақылгөйлікпен
бағыттаушы ұстаз-педагогтың өз ар-намысы мен
қоғам алдындағы борышы. Сонымен, оқушы дамуының
маңызды жағдаяттарының бірі – оның меншікті өз
əрекет –қызметі. Мұғалім қаншама жақсы бола
берсін, өз үстінде еңбектенбеген оқушы көздеген
мақсатына жете алмайды. Əрқандай іс-əрекет оқушы
ықылысымен орындалып, шартты түрде белсенді болуы қажет.
Орындаған ісінен шəкірт лəззат жəне қанағат
табуы лəзім. Белсенді іс ешқашан шаршатпайды.
Сонымен ”Жеке тұлғаның жекелік
өсуі“ ұғымының мәні:
О.В.Неширинский: “Адам өзінің
өсіп жетілуі барысында көптеген параметрлер бойынша өзгереді,
ол кейбір қасиеттерден арылып, ал кейбір қасиеттерді өзіне
алады. Оның бойындағы әрбір іс-әрекеттер әсер
ететін мотивтер бірде көбейіп, бірде азайып отырады”.
Н.Л.Иванова жекелік өсу туралы қазіргі кезде
зерттеушілердің пікірлерін жалпылай келе мынадай тұжырым жасайды:
бұл процесті сипаттайтын жалпы келісілген феномен – “Өзін-өзі
дамытуда жеке адам бойындағы өзгерістің позитивті
жақтарының көп болуы”.
Адам индивид болып туылады, ал жеке тұлға
болып қалыптасады.
А.Н.Леонтьев “Адам өзге адамдармен
қоғамдық қатынастар жасай отырып жеке тұлға
болып қалыптасады”- деп жазды өзінің еңбектерінде.
Мінез-құлқы,
көңіл-күйі, мақсаты, өмірлік бағыты,
болмысы әр түрлі адамдарды түсіне білгенде, олардың
жақсы қасиеттерін аша білгенде ғана өмір қызықты
да мәнді болады. Қоғамда қалыпты өмір
сүруді өзгеден үйрене алмайсың, ол әрбір
адамның жеке тәжірибесінен алынады. Өзгелермен қарым -
қатынас барысында қайталанбас тұлға ретінде
қалыптасамыз. Өмірде алуан түрлі тағдырлы, мінезді
адамдар кездеседі. Олармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу –
баға жетпес байлық.
Жеке тұлғаны қалыптастыру дегеніміз -
оны мәдениетке үйрету, білім беру, қарым-қатынас
ережелерін, әлеуметтік тәжірибені меңгерту.
Жеке
тұлғаның белгілі бір мәдени ортада болып, оның
тұлғалық және танымдық дамутына ерекше
әсерін тигізеді. Қалыптасуына қарай жеке,
тұлғаның белгілі бір мәдениетінің субьектісі
ретінде екі түрлі фактор бар: біріншісі - сол халықтың
мәдени ерекшеліктері, екіншіден - танымдық процестері, темперамент,
мінез-құлқын сапалы түрде танып ажырата білу.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Асмолов
А.Г. Психология личности. - М., 1990.
2. Добрович А.Б. Воспитателю о пситхологии и психогигиене
общения.-М., 1987.
3. Дибровина И.В. Настольная книга школьного психолога. М.,
1996.
4.Жарықбаев
К.- Психология. Алматы, 2002.