ОӘЖ 662.613

Бахтияр Б.Т – т.ғ.к., АЭжБУ аға оқытушысы

 

ЖЫЛУ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫНЫҢ ІШКІ МҰҚТАЖДЫҚТАРЫНА ЖҰМСАЛАТЫН ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ҮНЕМДЕУ ШАРАЛАРЫ

 

Мәтінсөздер: жылуэлектрстанциялары, отынэнергетикалық кешені, электрэнергиясы, энергияны үнемдеу

Аңдатпа: Қазақстанда энергиямен жабдықтаушы бірден-бір көзі болып табылатын жылу электр станцияларында станцияның ішкі мұқтаждықтары үшін шығындалытын электрэнергиясын үнемдеу шаралары қарастырылды.

 

Энергетикалық өндіріссіз басқа өндіріс салалары жұмыс атқара алмайды. Сондықтан энергетиканың дамуына Қазақстанда көп көңіл бөлінеді. Қазіргі кезде Қазақстанда өндірістің дамуының негізгі бағыттары энергетика саласының өркендеуіне міндетті талап қояды. 1996 ж. мамырында Қазақстан Республикасының үкіметі энергетика мен көмір өнеркәсіптері және экономика министірлігімен бірге елде энергоүнемдеу бағдарламасы және оның орындалуын бірінші кезектегі шаралардың жоспары ретінде мақұлдады. Мемлекеттік энергоүнемдеуді жүргізудің мақсатының негізгі саясаты – өнім бірлігі бойынша энергия тасымалдаушылардағы барлық салыстырмалы шығын түрлерінің төмендеуі, жұмыстар мен қызметтердің, әрі олардың тиімділігінің сақталуы үшін қолданылады.

Жылу электр станцияларына электр тоғын шығарумен қатар өндіріс пен тұрғын үйлерді арзан жылу көзімен қамтамасыз ету жүктеледі. ЖЭС-ның тұрақты жүмыс істеп тұруы үшін жабдықтары уақытымен жөндеуден өткізіліп тұруы қажет. Пайдалану және жөңдеу жұмыстары сапалы жүргізілуі үшін өндірісті ұйымдастыруға керекті мамандар дайындау, керекті аспаптар мен жабдықтар, үлкен ассортиментті материалдар қолдану қажет болады. Сонымен қатар станциялардың жұмыс істеу тиімділігі арттыру үшін ондағы барлық шығындарды азайту қажет, ол үшін әрбір жұмыс атқарушы қондырғыларда энергияны үнемдеу шараларын ұйымдастырған жөн.

Отын энергетикалық кешеніндегі электр энергетикасы энергия сыйымды сала болып табылады. Оған шамамен 40% отыншығындалады. Саланың негізгі өнімі -құны жоғары, экологиялық таза, тиімді энергия тасымалдағыш болып табылатын электрэнергиясы. 1кВт/сағ электрэнергиясын үнемдесе, шамамен 360 г.ш.о. үнемделеді .Шықтық жылулық электрстанцияларында электрэнергиясын өндіру кезінде 2/3 органикалық отын шығындалады. Өндірістік кәсіпорындардың энергетикасының теңдестігіне жүргізілген талдаулар нәтижесінен артық қаржылық шығынсыз ұйымдастырушы шаралар бойынша үнемділікті арттырудың мүмкіндігі зор екенін көреміз.

Энергетика саласында өзіндік мұқтаждыққа жалпы электрэнергиясының 5-7%, ал тасымалдауға шамамен 9% шығындалады. Электр энергиясын өндіруде органикалық отынды қолдану тиімділігін арттыру будың жоғары және аса жоғары параметрлері бойынша жұмыс істейтін ЖЭС-ң үлесіна рттыруға тәуелді. Ол үшін қолданылатын энергияны үнемдеудің басқа бағыттары келесідей:

- көне қондырғыларды заманауи қондырғылармен алмастыру;

- технологиялық процесстерді автоматтандыру деңгейін арттыру;

- электр желілерінің жұмысын тиімдендіру (және кернеуді арттыру);

- шаң-тозаңдық қазандықтардың тұтандыру процесінде мазут шығынын азайту.

Жылумен жабдықтауды орталықтандыруда ірі мөлшерде энергияны үнемдеуге болады. Жылу электр орталығында өндірілген әрбір кВтˑсағ электрэнергиясына шығындалатын шартты отынның меншікті шығыны 267 г.ш.о. құрайды, яғни, шықтық электр станциясына қарағанда 100 г.ш.о. аз. Станцияларда электр энергиясының 30% көбі табиғи газбен жұмыс істейтін жылу электр станцияларында өндіріледі. Жылу электр станцияларына бу – газдық қондырғыларды енгізу, ал табиғи газбен жұмыс істейтін өндірістік қазандықтарға газ турбиналарын енгізу қажет. Сонымен жылу электр орталықтарының қосалқы қондырғыларында жаңарту қажет.

Электрлік станциялардың өзіндік өндірістік мұқтаждықтарына шығындалатын электр энергиясы қондырғының түріне, оның параметрлеріне, жағылатын отын түріне тікелей тәуелді. Өзіндік мұқтаждықтар үшін электр энергиясы отынды ұнтақтауға және тасымалдауға, сору және үрлеуге, қоректік және айналымдық сорғыларға, жылуландыруға ыстық суды айдау үшін қолданылатын желілік сорғыларға шығындалады, ал көмірмен жұмыс істейтін электр станцияларында - күл мен қожды әкету үшін қолданылатын багерлік және шайғыш сорғыларға жұмсалады.Көмірдің маркасынан басқа барабанды ұнтақтағыш қондырғыларда көмір тозаңын дайындау үшін шығындалатын электр энергиясы: барабандардың айналу санына, шарлардың мөлшері мен өлшеміне, желдету дәрежесіне, қоспаның шартты деңгейіне, араластырғыштардың құрылымына, көмірді ұнтақтауға аралық дайындауғатәуелді.

Сoру және үрлеу процестеріне электр станциясында өндірілген энергияның 2-3% шығындалады. Олардың шығыны үрлеу -сору машиналарының (түтін сорғыштар мен желдеткіштер) көмегімен жүзеге асады,яғни қазандықтардың газ -ауа жолындағы түтінсорғыштар мен желдеткіштердің сипаттамаларына, қыздыру беттерінің ластануына, газ - ауа жолының тығыздығына байланысты. Күкірттілігі жоғары мазут пен көмірді жаққанда қыздыру беттерінде әртүрлі тығыздықта шөгінділер пайда болады.Қазандықтың қыздыру беттеріндегі (буды аса қыздырғыш, сулық үнемдегіштер, ауа қыздырғыштар) газ жолының кедергісі мен шөгінділерді азайту үшін әртүрлі қондырғылар кеңінен қолданылады. Ширмалық буды аса қыздырғыштардағы, фестондардағы күл шөгінділерін аластау үшін бүрку әдісі(қозғалмайтын саптамалар арқылы өткір бумен 30 секунд бойы бір рет бүркиді) қолданылады.

Кейбір электр станцияларда буды аса қыздырғыштарды электрлі және қысымдывибраторлар арқылы тазалау енгізген (бір аусымда екі рет10 секундтан).Қазандықтың төменгі бөлігінде орналасқан газ жолындағы қыздыру беттерінің шөгінділерін тазалау үшін үгіткіштер қолданылады. Жоғарғы күкіртті мазутты жағатын қазандық қондырғылар үшін үгіткіштер аса қажет элемент болып табылады. Регенеративті айналымды ауа қыздырғыштардың бетіндегі шөгінділерді  420 – 430°C температуралы аса қызған бумен үрлеу арқылы тазартуға болады. Жоғары күкіртті мазутты қолданғанда мазутты ауаның артықтық еселеуішінің төмен көрсеткіші бойынша (1,01-1,03) есептеу тиімді шаралардың бірі болып табылады, бұнда қыздыру беттеріндегі  шөгулердің қарқындылығы ауаның және газдың көлемі, үрлеу мен соруға жұмсалатын электр энергиясының шығыны бірден азаяды.Электр станциялардың жұмысының көрсеткіштеріне қоректік сорғыға жұмсалатын электр энергиясының шығыны да әсер етеді. Орташа қысымды станцияларда қоректік сорғыларға өндірілетін электр энергияның 1%, жоғары қысымды (9МПа) станцияларда–1,5%, жоғарланған қысымды (13МПа)станцияларда – 2,5%,аса жоғары қысымды (24МПа) станцияларда -4% шығындалады. Будың бастапқы қысымы артқан сайын қоректік суды айдауға жұмсалатын электр энергиясының шығыны да артады.Қоректік сорғылармен салыстырғанда айналымдық сорғыларда (жұмыс істеген буды шықтандыру үшін салқындатқыш суды беретін) жұмсалатын электр энергиясының салыстырмалы үлесі будың бастапқы параметрі артқанда төмендейді

Орташа қысымды қондырғылардың шықтағышындағы будың меншікті шығыны 4 кг/кВтˑсағ, жоғары қысымды қондырғылардың -2,9, жоғарлаған қысымды қондырғылардың  -2, аса жоғары қысымды қондырғыларда будың меншікті шығыны – 1,8кг/кВтˑсағ.Турбиналардың шықтағыштарының жұмысын арттыруға байланысты өткізетін барлық шаралардың нәтижесінде айналымдық сорғыларға жұмсалатын электр энергиясының шығыны төмендейді. Бұнда энергияны үнемдеудің басты шарасы - берілген деңгейде теориялыққа жақын вакуум туғызу.Шықтағыш құбырларындағы шөгінділерді азайту және болдырмау үшін қолданылатын шаралар:

- градирнялы және бассейінді айналымдық сумен жабдықтау жүйесіндегі айналымдық суды қышқылдандыру;

- резеңке шарлардың көмегімен үздіксіз тазалау;

- айналымдық суды магниттік өңдеу;

Электр станциясында сорғылар, желдеткіштер, түтінсорғыштар электр энергиясының басты тұтынушылары болып табылады, бұнда энергия шығынын азайтуға бағытталған жалпы шаралар:

- желінің гидравликалық сипаттамаларына желдеткіштер мен сорғылардың сипаттамаларын сәйкестендіру;

- айналым санын және жұмыстық қалақтардың диаметрін азайту;

-кенеттен кеңею және тарылу, тік, әрі артық бұрылыстарды дұрыс орналастыру арқылы желідегі кедергілерді азайту, өткізгіш қималарды үлкейту;

- ақпаларды болдырмау үшін құбырлармен газ жолының тығыздығын арттыру;

- қуаты жоғары электрлік қозғалтқыштарды аз қуаттыға алмастыру.

Қорыта келе жалпы жылулық және электр энергиясын өндіру үшін жұмыс істейтін жылу электр станцияларының жұмысының тиімділігін арттыру үшін, пайдалы әсер коэффициентін арттыру үшін ішкі мұқтаждықтарға шығындалатын энергияның мөлшерін азайту керек. Ол үшін заманауи энергия үнемдеуші технологияларды қолдану, әрі автоматтандыру процессін арттыру қажет. Сонда энергия үнемдеу шараларын сатылай енгізе отырып қазба байлықтарды да, өндірілетін энергияны да, тасталынатын зиянды қалдықтарды да азайтуға болады. Осылайша елдің экономикалық және экологиялық күйі артады.   

 

Қолданылған әдебиеттер

1. Арутюнян А.А. Основы энергосбережения.-М.,2007

2. Беляев Л.С. и др. Мировая энергетика и переход к устойчивому развитию.- Новосибирск: Наука, 2000.-269с.

3. Промышленная теплоэнергетика и теплотехника. Справочник / Под общ.ред. В.А.Григорьева, В.М.Зорина - 2-е изд., перераб. - М.: Энергоатомиздат, 1991.

4. Колесников А.И. Энергосбережение в промышленных и коммунальных предприятиях..,2005.

 

Аннотация

 

Рассмотрено пути снижения расхода электроэнергий на собственные нужды в тепловых электрических станциях.

 

It is considered ways of decrease in an expense of elektroenergiya for own needs in thermal power plants.