Ахметжанова.А.И., Ауельбекова А.К.,
Қыздарова Д.Қ., Наурызбаева А.Н.
Академик Е.А.Бөкетов
атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
АҚТАУ
ТАУЛЫ ӨҢІРІНІҢ ПАЙДАЛЫ ӨСІМДІКТЕРІ
Қазіргі
таңда,адамзат пайдалы өсімдіктердің қорларын,таралуын
және оларды тиімді пайдаланудың жолдарын қарастырудың
маңыздылығына аса мән беруде.Сондай жұмыстардың
қатарына бұрын соңды толық зерттелмеген Ақтау
таулы өңірінің пайдалы өсімдіктері
жатады.Әдеби дерекетер бойынша
Ақтау таулы өңірінің пайдалы өсімдіктері туралы
бір - екі ғана жұмыстарда көрсетілген [1].
Зерттеу нысанымыз:Ақтау
ауылынан 50 км дей алшақ орналасқан, бұрын соңды
зерттелмеген Ақтау таулы өңіріне жататын:Райыс
көңі,Қызылтас таулары, аласа шоқылы өңірлер
Боранбай және Байшөкең өңірлері болды.
Сондықтан бұрын
соңды зерттелмеген осы өңірлерде кездесетін
пайдалы өсімдіктердің тізімін жасап,
оларғафитоценологиялық сипаттама беруді мақсат етіп
қойдық.
Осы қойылған
мақсаттарға жету үшін біз алдымызға мынандай міндеттер
қойдық:
1. Зерттелетін
таулы өңірлердің
өсімдіктер бірлестігінің типтерін анықтап,сол
бірлестіктерде кездесетін пайдалы өсімдіктердің әр
аудан бойынша тізімін жасау;
2. Тіркелген
өсімдіктерді систематикалық топтарға,өмір сүру
формаларына байланысты жіктеп және оларды өсу ортасына қарай
экологиялық топтарға бөлу;
3. Әр аудан бойынша тіркелген пайдалы өсімдіктерді
қолданылуына
байланысты жіктеп,олардың таралуын
анықтау;
4. Барлық
зерттелген аудандар бойынша тіркелген пайдалы өсімдіктердің
ішінен жергілікті
халықтың қолданып
жүрген дәрілік өсімдіктерініңтізімін жасап,
оларды шикізат көзі болып есептелетін
мүшелеріне байланысты жіктеу.
Алдымызға
қойылған мақсат, міндеттерге жету үшін
далалық эксперименттік жұмысты
байырғы маршруттықрекогностиктік әдісті қолданып жүргіздік. Зерттелген аудандарда тіркелген
өсімдіктерге фитоценологиялық сипаттама Б.А.Быков [2], Т.А.Работнов
[3], В.М.Понятовская [4] әдістері негізінде ,ал пайдалы өсімдіктердің қолданылуыН.В. Павлов [5] , М.К.Көкенов[6] бойынша жүргізілді.
Өсімдіктердің
таксономиялық ретін анықтау жұмысы «Флора Казахстана» [7] мен
«Иллюстрированный определитель растений Казахстана» [8], А.Н.Куприянов
«Определитель сосудистых растений Каркаралинского национального парка» [9] еңбектері негізінде жүргізілді.
Зерттелетін
аудан Қарағанды обылысының Жаңаарқа ауданынан
170км қашықтықта орналасқан. Қарастырылған
таулы өңірдің физикалық-географиялық
жағдайы бойыншазерттелген ауданның топырағы:жұқа
қабатты, қарашірігі аз, қиыршық тасты келеді.
Ақтау таулары – Жаңаарқа көлеміндегі ең биік тау
массиві (1133м.), ауданның шығысында оңтүстік-батыстан
оңтүстік-шығысқа қарай 20 км-ге созылып жатыр.
Қиыршық тасты топырақ әсіресе Ақтау
тауларының және шоқы-адырлардың алабында басым. Ылғалды,
органикалық қалдықтары бар өзен
аңғарларының негізгі топырағы қызғылт, ал
ойпат жерлер қоңыр топырақты, тау бөктерлерінде
тастақ, сұр-қоңыр болып келеді. Ақтау
жерінің өсімдіктері Қазақстанның аласа
таулық, құрғақ далалық, шөлейт өңіріне
тән[10].Өсімдіктер бірлестігіне ылғалдың түсуі
аз, жазы ыстық, қысы қатты болуына байланысты
өсімдіктердің өсіп-дамуына ауа райы
қолайсыз.Өсімдіктер жамылғысы алуан түрлі,
құрғақшылыққа төзімді және
тауларға қарай өсімдіктердің түрлері көбейе
түседі.Шөп тектес – бұта тектес және бірен – саран :
ағаштектес – бұта тектес –көп жылдық шөп тектес
және шөптектес - астық тұқымдас өсімдіктер
бірлестігі кездеседі.Олардың құрамына кіретіндер:
далалық өсімдіктерден - қара жусан (artemisia pauciflora),
сұр жусан (artemisia glauca), биік жусан(artemisia procera),бетеге
боз (stipa lessingiana),ақ селеу (stipa pennata),
қияқ (elymus turgaicus), еркекшөп (agropirum
desertorum), ебелек (ceratocarpus arenarius), сасыр (ferula),
шәйқурайжапырақ тобылғы (spiraea hypericifolia),баялыш
(salsola arbuscula), теріскен (eurotia ceratoides), изен (kochia),
бұйырғын(anabasis salsa), сарсазан (halocnemum
strobilaceum), жуашақты қоңырбас (poa bulbosa),
қызылот (bromus inermis) көп тараған. Таулы-тасты
жерлерде тау етектерінде жатаған түрінде төселе
қазақ аршасы (juniperus sabina) , адырлар мен шоқылар
беткейінде бетеге, аласа қараған (caragana pumila),
бұталы қарағандар (caragana frutex) өседі. Жуа (allium),
қазтабан (potentilla), бөдене шөп (veronica),
өлең (carex) жиі кездеседі. Олардан өзге түрлі
жидектер, жаужұмыр, сарымсақ, ағаштардан - терек,
қайың, тал ал биік бұта тектестерден долана , мойыл кең таралған. Өзен,
бұлақ жағалары мен тау жыраларында астық
тұқымдастардың өкілдері және екі жылдық
шөп тектестер кездесті.Өсімдіктердің кездесуінде
маусымдық өзгерістер айқын байқалады. Ерте
көктемде топырақта ылғал мол кезде эфемерлер қаулап
өседі де ортасына қарай
олар тыныштық дәуірге көшеді.Күзде ыстық
басылып, жаңбыр қайта жауғанда,кейбір екі жылдық,
көп жылдық өсімдіктер қайтадан
дамып,қыстаған бүршіктер пайда болады да қар
жауғаннан кейін қыстап шығады.Келесі жылы ерте көктемде
олардың даму фазасы қайтадан басталады.
Далалық
зерттеу жұмысы белгіленген таулы-далалық өңірдің
4 учаскесінде жүргізілді.Алдымен әр өңір бойынша
өсімдіктер бірлестігінің типтері анықталды.Содан кейін
белгіленген өсімдіктер бірлестігінде пайдалы өсімдіктердің
түрлері тіркеліп оларға биоэкологиялық сипаттама беріліп,
олардың кездесуі, молдылығы салыстырмалы түрде
анықталды.Нәтижесінде 4 белгіленген өңір бойынша120
түрлі пайдалы өсімдіктердің түрлері тіркеліп
жиналды.Әр өңір бойынша салыстырмалы түрде тіркелген
пайдалы өсімдіктердің сандық қатынасының
көрсеткіштері:Райыс көңінде 41 түр,Қызылтас
тауында 37 түр,Боранбай ұсақ шоқылы өңірде
30 түр, Байшөкең өңірінің жазық
далалық жерінде 12 түртіркеліп,
анықталды.Зерттелген өңірлерде анықталған пайдалы
өсімдіктерді таксаномиясы бойынша жіктегенде әр
тұқымдасқа жататын өкілдерідің пайыздық
қатынасы төмендегі диаграммада көрсетілген.

1диаграмма.Зерттелген
өңірлерде анықталған пайдалы өсімдіктердің
систематикасы бойынша әр тұқымдасқа жататын
өкілдерінің пайыздық
қатынасы.
1
диаграммада көрсетілгендей 4 бөлімшеден жиналғанпайдалы
өсімдіктердің
көпшілігі күрделігүлділердің өкілдері
болды, саны - 17, олардың пайыздық қатынасы 28%
құрайды, екінші орында
астық тұқымдастардың өкілдері,олардың саны
- 10, пайыздық қатынасы 18% құрайды , үшінші
орында ерінгүлділердің өкілі - 9, пайыздық
қатынасы 15% құрайды , ал раушангүлділерден - 8, одан
кейін бұршақ тұқымдастардан - 7, және алабота
тұқымдастардың өкілдері - 5, пайыздық
қатынасы 14% құрайды ,
ал қалған тұқымдастардың өкілдері
біршама аздап кездесті, мысалы - шатыргүлділерден - 4, пайыздық
қатынасы 7% құрайды , т.б
қарақұмықтан - 3, қияқөлеңнен -
3 , қалампырдан - 2 түр, жолжелкенен - 2түр, сүттіген
тұқымдасынан - 2 түр, қалған
тұқымдастардың өкілдері бәрі бір - бір түрден кездесті.
Белгіленген
4 өңір бойынша тіркелген пайдалы өсімдіктерді экоморфасы бойынша жіктегенде,
олардың 18 түрі
ксерофиттерге , 43 түрі
мезофиттерге, ал ксеромезофитке - 16
түр, мезоксерофитке – 16 түр, гигрофиттерге - 7 түр жатқызылды. Экоморфасы бойынша
барлық анықталған түрлер негізінен ксерофиттер мен мезоксерофиттерге немесе мезоксерофиттер мен
ксеромезофиттерге жатқызылды.
Салыстырмалы
түрде зерттелген 4 өңір бойынша пайдалы
өсімдіктердің сандық қатынасы белгіленген
бөлімшелерде өмір сүру формасы бойынша жіктегенде: Райыс көңінде 41 түр
көп жылдық шөп тектестер, 6 түр бұта тектестер, 4
түр екі жылдық шөптектестер, 2 түр бір жылдық
шөптектестерге жатқызылды. Ал екінші бөлімшеде -
Қызылтас тауында 37 түр көп жылдық шөп
тектестерге , 6 түр бұта тектестерге, 2 түр ағаш
тектестерге, 3 түр екі жылдық шөптектестерге жататындығы
анықталды.Үшінші өңір -Боранбай ұсақ
шоқылы өңірде 30 түр көп жылдық шөп
тектестерге, 7 түр бұта тектестерге, 2 түр ағаш
тектестерге, 2 түр бір жылдық шөптектестерге, 2 түр
екі жылдық шөптектестерге,
одан кейінгі төртінші өңір- Байшөкең жазық далалық жерінде 25
түр көп жылдық шөп тектестерге, 8 түр бұта
тектестерге, 3 түр бір жылдық
шөптектестергежатқызылып,тіркелді.
Далалық
зерттеу жұмысы барысында белгіленген
4 өңір бойынша тіркелген пайдалы өсімдіктер
халық шаруашылығының әр түрлі саласында
қолданылуы бойынша жіктелді. Олардың нәтижелері 1 графикте
көрсетілген.

1
график. Пайдалы өсімдіктердің
қолданылуына байланысты жіктелуі
1
графикте көрсетілгендей 4 бөлімшеден жиналған пайдалы
өсімдіктер қолданылу түріне қарай 7 топқа
бөлініп, жіктелді.
Тіркелген
өсімдіктердің - 40 түрі дәрілік өсімдіктерге
жатқызылды,олардың пайыздық қатынасы 33 %, ал мал азықтық түрлердің саны 20,
олардың пайыздық қатынасы 17%
құрды.Тамақтық өсімдіктердің саны – 10
түр,пайыздық қатынасы 8,3 % құрды.Эфир
майлық – 9түр, пайыздық қатынасы 7,5 % ,ал бал алынатын
түрлердің саны -10, пайыздық қатынасы 8,3%, улы
өсімдіктердің саны –
6,пайыздық қатынасы 5% және сәндік немесе декоративтік
түрлердің саны – 3, пайыздық қатынасы 4% көрсетті.
Барлық
зерттелген өңірлер бойынша тіркелген пайдалы
өсімдіктердің 40 түр ғылыми медицинада
қолданылатын дәрілік өсімдіктерге жатқызылды, ал
осылардың ішінен ғылыми медицинада да,халық медицинасында да
қолданылатын шипалық өсімдіктерге 37 түр жатқызылы.
Жергілікті
халықтың күнделікті өмірде қолданатын дәрілік өсімдіктеріне 11
түр
жатқызылды,оларға:дәрілік түйежоңышқа
(melilotus officinalis), қазақ аршасы (juniperus sabina),
қоңыр итмұрын (rosa cinnamomea), дәрілік
бүршікгүл (sanguisorba officinalis), тісдәрі сайсабақ
(prangos odontalgica), дәрілік
бақ-бақ (taraxacum officinalis), орта тасшүйгін (patrinia intermedia), алқызыл долана
(crataegus sanguinea), дала жалбызы (mentha arvensis), бұдыр
шайқурай(hypericum scabrum),қабықты
құртқашаш (iris scariosa).
Зерттелген өңір бойынша анықталған 40 түрлі дәрілік өсімдіктердің
қолданылатын мүшесі және олардың шикізатын
жинаудың күнтізбесі жасалынды. Соның ішінде шикізат
көзі дәрілік өсімдіктердің жер асты мүшелері
болатындарға 12 өсімдік
(дәрілік бүршікгүл- sanguisorba officinalis ,томар
бояу кермегі - limonium gmelinii , тегіс
жапырақты көкбас-eryngium planum , бұдыр мия -
glycirrhiza aspera , дәрілік бақ-бақ - taraxacum officinalis,
орта -тасшүйгін -patrinia
intermedia, талжапырақ андыз - inula salicina , ащы сүттіген-
euphorbia esula , орал миясы -
glycyrrhiza uralense , кәдімгі сарысояу -xanthium strumarium ,
татар шөпжияры- lxiolirion tataricum, айыр қазтабан - potentilla bifurca) жатқызылды және шикізат
көзі жер үсті мүшелері (шөбі) болып
табылатындарға: -(көкшіл сасықшөп - leonurus
glaucescens, қазақ аршасы -
juniperus sabinа , түйнекті әрем - phlomis tuberosa, тісті түйежоңышқа - melilotus dentatus L, түйнекті әйкен-
lathyrus tuberosus , бұталы қараған - caragana
frutex, кәдімгі жебіршөп - thymus vulgaris , дала жалбызы -mentha
arvensis , ақ алабота - chenopodium album, ақ
түйежоңышқа - melilotus albus, ақ желімбас - melandrium album, талжапырақты
мыңжапырақ - achillea salicifolia , орташа тұқаш-
chartolepis intermedia , ұзынжапырақты
бөденешөп -veronica longifolia ) 14түр
жатқызылды.
Белгіленген
4 аудан бойынша кең таралған түрлерге мына өсімдіктер
жатқызылды:дәрілік түйежоңышқа (melilotus
officinalis), дәрілік бақ-бақ (taraxacum officinalis), иісті
киікоты (ziziphora clinopodioides),
дала жалбызы (mentha arvensis) , кәдімгі мыңжапырақ(achillea
millefolium), биік жусан(artemisia abrotanum) , кәдімгі түймешетен
(tanacetum vulgare) , айыр қазтабан (potentilla bifurca), алқызыл
долана (crataegus sanguinea), орал миясы
(glycyrrhiza uralense) , қазақ аршасы (juniperus sabina) ,
тікенді итмұрын (rosa acicularis), қара қарақат (ribes
nigrum), қой жуа (allium angulosum), жіңішке жапырақты
күреңот (chamerion angustifolium), орта тасшүйгін (patrinia intermedia) , ірі жапырақты бақажапырақ (plantago maxima),жерар елекшөп (juncus gerardii) , ирек тісті бидайық (agropyron pectinatum) ,ащы
қымыздық (rumex acetosa),сирек кездесетіндерге:
тісдәрі сайсабақ (prangos
odontalgica), австрия таусағызы (scorzonera austriaca), ал қорғауды қажет ететін
жойылып бара жатақан түрге - тегіс жапырақты көкбас
(eryngium planum) , қырқылма бұйырғын (anabasis
truncate)жатқызылды.
Сонымен,Ақтау
таулы аймағының 4 зерттелген таулы
– шоқылы – далалық өңірлерінде
әртүрлі өсімдіктер бірлестіктерінде 32
тұқымдасқа , 80 туысқа жататын 120 түрлі пайдалы
өсімдіктердің түрлері анықталып тіркелді.
Осы 120
түрлі өсімдіктердің ішінде ең көп кездескені
–дәрілік өсімдіктерге 40 түр, одан кейінгі орында әрі
мал азықтық , әрі тамақтық , әрі эфир
майлық өсімдіктерге – 39 түр жатқызлды.
Ақтау
таулы өңірінің
барлық зерттелген бөлімшелерінде тіркелген өсімдіктерді
экоморфасы бойынша жіктегенде олардың көпшілігі ксерофиттер
мен мезоксерофиттерге жатқызылды,
біразы ғана ксеромезофиттерге (16 түр) және мезоксерофиттер мен
гигрофиттерге жатқызылды. Жалпы барлық зерттелген аудан
бойынша кең таралған өсімдіктерге жататындар: дәрілік
түйежоңышқа (melilotus officinalis), дәрілік
бақ-бақ (taraxacum officinalis), иісті киікоты (ziziphora clinopodioides), дала жалбызы (mentha
arvensis ) , кәдімгі мыңжапырақ(achillea millefolium), биік
жусан (artemisia abrotanum) , кәдімгі түймешетен (tanacetum
vulgare) , айыр қазтабан (potentilla bifurca), алқызыл долана
(crataegus sanguinea), орал миясы
(glycyrrhiza uralense) , қазақ аршасы (juniperus sabina) ,
тікенді итмұрын (rosa acicularis), қара қарақат (ribes
nigrum), қой жуа (allium angulosum), жіңішке жапырақты
күреңот (chamerion angustifolium), орта тасшүйгін (patrinia intermedia) , ірі жапырақты бақажапырақ (plantago maxima) ,жерар елекшөп (juncus gerardii) , ирек тісті бидайық (agropyron pectinatum) ,ащы
қымыздық (rumex acetosa),аз кездесетіндерге: тісдәрі
сайсабақ (prangos odontalgica),
австрия таусағызы(scorzonera austriaca), ал жойылып бара
жатқандарға жататындар:тегіс жапырақты көкбас(eryngium
planum), қырқылма бұйырғын (anabasis truncate).
Бұл екі түр аса қорғауды қажет ететін жойылып
бара жатқан өсімдіктер қатарына жатқызылды.
Әдебиеттертізімі:
1.Ауельбекова А.К., Бельгибекова К.М., Атикеева
С.Н., Ахметжанова А.И . Ақтау
тауының өсімдіктері (Орталық Қазақстан).
Вестник Карагандинского универсистета. Серия биология , география,
медицина. – 2011. № 4(60). – С.12-17.
2.Быков Б.А.Геоботаника. –Алма-Ата,1957. – С.22
– 23.
3.Работнов Т.А., Жизненный цикл многолетных
травянистых растений в луговых ценозах //Труды Ботанического института АН СССР. –М. – Л.,1950. Сер.3.Вып.6,
–С.7 – 204.
4.Понятовская В.М. Учет обилия и особенности
размещения видов в естественных
растительных сообществах // Полевая геоботаника. Т.3. –М. –Л.,1964.
– С.209 –237.
5.Павлов Н.В. Дикие полезные и технические
растения СССР. М.,1942. – С.640.
6.М.К.Кукенов.Ботаническое ресурсоведение
Казахстана.Алматы «Ғылым»., 1999. – С.159
7.Флора Казахстана.Т.1-9 Алма-Ата ,1956 –
1966.
8.Иллюстрированный определитель растений
Казахстана . Т.1-2 – Алма –Ата,1969, 1972.
9.Куприянов А.Н., Хрусталева И.А., Манаков
Ю.А., Адекенов С.М., Определитель сосудистых растений Каркаралинского
национального парка. – Кемерова, 2008. – С.274.
10.Ісләмұлы І,
Қызбалаұлы Ж , Әнуарұлы М .Ақтауым – атамекенім.–
Қарағанды 2010.С– 15-16