Абдыбаева Г.З., Серикбаева Г.И., Базарбаева С.Ж.

 

«Тұран-Астана» университеті,

Қазақ агротехникалық университеті

 Қазақстан

Abd.gulsara@mail.ru

 

“ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТАР” АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ КОНЦЕПТУАЛДЫ МОДЕЛІН UML ТІЛІНІҢ КӨМЕГІМЕН МОДЕЛДЕУ

 

Аннотация. Жұмыста жоғары оқу орнында бакалавр-студенттер орындайтын дипломдық жұмыстарды тексеру, есепке алу жұмыстарын жетілдіру мақсатында ақпараттық жүйе құру үшін зерттеу аумағының концептуалды моделі объектіге бағыталған UML тілінің көмегімен құру сұрақтары қарастырылған. Құрылатын «Дипломдық жұмыстар» ақпараттық жүйесінің негізгі мақсаты кафедрада орындалған дипломдық жұмыстарға қатысты жұмыстарды автоматтандыру, сондықтан болашақ ақпараттық жүйенің функциялары қарастырылған. Зерттеу аумағының концептуалды моделін құру Rational Rose Case құралы арқылы іске асырылды.

Кілттік сөздер: жүйе, дипломдық жұмыс, модель, UML тілі, диаграмма, объектті бағытталған. 

 

Қазіргі адамзат қоғамы ақпараттар ағымының адам айтқысыз дәрежеде ұлғайған кезеңде өмір сүріп отыр. Ол тек экономикаға ғана емес әлеуметтік сфераның барлық саласына тән болды. Қоғам өмірінде де ақпараттар ролі жаңа сипат алуда, яғни түрлендіруші және анықтаушы ретінде танылуда. Адам қызметіндегі ақпараттар процесінің жаңа сатыға көтерілуі тек қана қазіргі заманғы электронды есептегіш техникаларын, яғни дербес компьютерлер мен телекоммуникация жүйелерін әлемдік желіге қосылу арқылы ғана жүзеге асады.

Жүйеде МАК (Мемлекеттік аттестациялау коммисиясы) төрағасы, мүшелері, хатшы және қолданушы жұмыс атқарады. Хатшы ең алдымен бітіруші студенттер туралы мәліметтер жинайды және оның дұрыстығын тексереді. Егер мәліметтер дұрыс болып, студенттің дипломдық жұмысы бастапқы талаптарға жауап берсе, онда қорғауға жіберіліп, дипломдық жұмыстар бағаланады. Егер, студенттің дипломдық жұмыстарының сапасы қанағаттанарлық немесе одан да жоғары бағаланатын болса, онда бағалау парағы баспаға шығарылып, рәсімделенеді. Ал, егер дипломдық жұмыстарды қорғау кезінде жұмыс қанағаттанарлықсыз деп бағаланса, онда студент келесі жылға қалдырылады [1].

Қолданушы тек қана дипломдық жұмыстардың электронды нұсқасын және дипломдық жұмыстарға берілген ескертулерді ғана көре алады.

Зерттеу аумағының концептуалды моделін құру үшің Rational Rose Case-құралы қолдануға болады. Rational Rose бағдарламасы ақпараттық жүйелерді не бағдарламаларды жобалауда кеңінен қолданылатын Case-құрал. Ол объектіге бағыталған принциппен жұмыс істейді. Графиктік модельдер UML тілінің көмегімен құруға болады [2,3].

Ақпараттық жүйені өңдеу деректер базасымен жұмыс істеу арқылы іске асырылады. Деректер базасын жобалау – кәсіпорынның алдына қойған мақсаттарын жүзеге асыруға әсер ететін және оның жұмысын қолдауға арналған мәліметтер базасын құру процесі.

Зерттеу аумағының концептуалды моделін құру Rational Rose Case-құралы арқылы іске асырылды [4]. Rational Rose бағдарламасы ақпараттық жүйелерді, бағдарламаларды жобалауда кеңінен қолданылатын Case-құрал. Ол объектіге бағыталған принциппен жұмыс істейді. Графиктік модельдер UML тілінің көмегімен құрылады. UML тілінің көмегімен құрылған графиктік модельдер диаграмалардан тұрады.

Құрылатын ақпараттық жүйенің негізгі есебі болып кафедрада орындалған дипломдық жұмыстар есебін жүргізу болғандықтан «Дипломдық жұмыстар» ақпараттық жүйесінің функцияларын қарастырайық:

-         дипломдық жұмыстардың мазмұнын, дипломдық жұмыстарға берілген пікір және пікірлемені қарап шығу;

-         деректер қорынан жазбаларды әртүрлі мәндер бойынша баспаға шығару;

-         дипломдық жұмыстарға берілген ескертулерді жазып сақтау және қайта ашып оқу;

-         бағасы бойынша, жетекшісі, тақырыбы, мерзімі және мамандығы бойынша іздеу;

-         дипломдық жұмыстарға қойылатын қорытынды бағаны есептеуге және тізім бойынша баспаға шығару.

«Прецеденттер диаграммасы тұлғалар мен прецеденттер арасындағы қатынастарды анықтайды, жүйені концептуалды деңгейде сипаттауда қолданылады (сурет 1). Прецедент – модельденетін жүйенің мүмкіндігі.

 

Use Case Diagram 8

 

Сурет 1 - Қолдану варианттар диаграммасы

 

Sequence Diagram 2

Сурет 2 - Әрекеттер тізбегінің диаграммасы

 

Прецедент көмегімен қолданушы нақты, өлшенетін және қажетті ақпаратты алуына болады. Қолдану варианттары әдетте жүйеге сыртқы спецификация үшін қолданылады.

Пәндік саланың қызметтер диаграммасы 3-суретіне сәйкес келтірілді.

 

State Diagram 5

Сурет 3 - Қызметтер диаграммасы

Әдебиеттер:

1 №1080 2012 жылдың 23 тамызында ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілген, жоғары білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.

2 Зиндер Е.З. Бизнес-реинженеринг и технологии системного проектирования. – М.: Мир, 2006.

3 Автор: Арлоу Джим, Нейштадт Айла UML 2 и Унифицированный процесс, 2-е издание. Практический объектно-ориентированный анализ. –Санкт-Петербург: Символ, 2007.

4 С. А. Трофимов. CASE-технологии. Практическая работа в Rational Rose Автор: Издательство: Бином-Пресс, 2002.

 

Абдыбаева Г.З., Серикбаева Г.И., Базарбаева С.Ж.

Университет «Туран-Астана», г. Астана, Казахстан

 

Моделирование концептуальной модели информационной системы “Дипломные работы» с помомщью языка UML

Аннотация. В работе с целью улучшения работы учета, проверки дипломных работ студентов бакалавриата рассматриваются вопросы разработки концептуальной модели информационной системы с помощью объектно-ориентированного языка UML. Целью разработки информационной системы «Дипломные работы» является автоматизация всех рутинных работ, касающихся дипломных работ, поэтому приведены функции будущей информационной системы. Построение концептуальной модели осуществлено с помощью Case-средства Rational Rose.

Ключевые слова: система, дипломная работа, модель, объектно- ориентированная, язык UML, диаграмма.

 

ФИО

Адрес

Телефон

e-mail

Абдыбаева Гульсара Зарпеновна

г. Астана,

Дүкенұлы, 29

87772949251

Abd.gulsara@mail.ru