Самашова Г.Е.1, Құрымбаев С.Ғ.2, Темірғалиев Е.М. 3, Копбаев.Н.Т.4

 

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті1, 4

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті2, 3

«Кәсіптік оқыту» кафедрасының доценті, п.ғ.к.,1 «Көлік және кәсіптік оқыту» кафедрасының меңгерушісі, доцент, п.ғ.к.,2«Кәсіптік оқыту» мамандығының магистрі3, «Кәсіптік оқыту» мамандығының

КО-12-2 тобының студенті4

 

Бүгінгі таңдағы инженер мамандырын даярлау мәселесі

 

Әлемдік стандарттар деңгейіндегі сапалы инженер мамандарды әзірлеу – жаңа серпін мен жаңа қарым-қатынасты талап ететін жұмыс. Сондықтан, отандық кәсіби оқу орындарында оқу жүйесіне білімдендірудің жаңа технологияларын тиімді енгізудің жолдарын нақтылау керек [1].

Бүгінгі таңда біздің мемлекетте әр қилы бағыттар бойынша мамандарды даярлау мәселесі қолға алынып, мемлекет тарапынан көп көңіл бөлініп отырғаны барлығымызға аян. Енді төменде жалпы инженер мамандарын даярлау мәселесін бірқатар деректерге, қысқаша өзіндік талдау негіздеріне сүйене отырып шолу жасап өтейік.

Өндірістің, коммерциялық, делдалдық, нысаналы қызметтің нәтижесі, бұл мемлекттің табыс көздері болып табылады, соның ішінде Қазақстанда өндіріс саласы үлкен  басымдылыққа ие. Өздерініз білетіндей біздің елдің  қазба байлықтары мол, міне сол қазба байлықтарды өндіріп, өндіріс  потенциялын артыру қажет, ол үшін білікті инженерлер қажет. Қазіргі заманда өндіріс саласы қарқынды дамып келе жатыр, жаңа технологиялар, автоматтандырылған құрылғылар, бұл адам жұмысын тез, тиімді және дәл басқаруға мүмкіндік береді, жұмысты жеңілдетіп тұрғанымен, бұл өте күрделі құрылымдар, олар көптеген элементтер мен процестерден тұрады. Осындай апараттармен жұмыс істеу үшін білікті инженер мамандары болуы қажет. Жаһандану заманында өндірістік салада Қазақстанның артта қалмай дамуы маңызды мәселеге айналып отыр.Осы өндірістік салада білікті инженерлер дайындау көкейкесті мәселелердің бірі болып тұр.

Қазақстанда білікті инженер кадрлары аз екені белгілі. Осы мәселені шешу мақсатында  инженер мамандарын даярлаумен айналысатын жоғарғы оқу орындарына жақсы көңіл бөлініп отыр, Елбасы 2007 жылғы Жолдауында жоғары оқу орындары алдына «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады...» - деп нақты міндеттерді айқындап беріп отыр [2]. Одан бөлек Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауында атап кеткен міндеттер бойынша жаңа кадрлар даярлау және қайта даярлау курстары да жүзеге асуда. Бұл курстар мақсаты техникалық прогрестің өндіріс саласындағы өзгерістерге сай мамандық кәсіптердің негізін оқыту арқылы түсіндіру. Курстарды қажетті арнайы білімі мен педагогикалық стажы бар оқытушылар жүргізеді.

Төменде «Стратегия вхождения Казахстана в 50 конкурентоспособных стран» мақаласында келтірілген статистикалық мәліметтерге тоқтала кетейік.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарында орнықты экономикалық өсуі қамтамасыз етіліп, соның негізінде жеке бастамашылық пен кәсіпкерлік қанат жайып, сыртқы сауда мен инвестиция тартылымы белсенділікке ие болды. Республика Президентінің негізгі ұстанымына орай біздің мемлекеттік стратегия: «алдымен – экономика, содан соң саясат» бағытымен дамып келеді. Экономикадағы қарышты қадам нәтижесінде Қазақстан тұрғындарының әлеуметтік- тұрмыстық жағдайы са жоғары деңгейге көтерілді. Қазақстан экономикасы қарқынды өсіп келеді, ал экономика өсуі ол мемлекет дамуы және жаңа өндірістік құрылымдар қалыптасып дамуы. Қазақстан әлемдік рейтинг бойынша 2005 жылы 117 мемлекет ішінен 61-орынға жайғасты. Бұл көрсеткіш Литвадан (43-орын), Қытайдан (49-орын), Үндістаннан (50орын), Польшадан (51-орын), Мексикадан (55-орын) кейін, ал Бразилиядан (65-орын), Түркиядан (66-орын), Әзірбайжаннан (69-орын), Аргентинадан (72-орын), Ресейден (75-орын), Украинадан (84-орын), Венесуэладан (89-орын) алда тұрғанын сипаттайды. Бәсекелестікке қабілеттілік индексі бойынша былтыр және биылғы жылы ТМД елдерінінің бәрін артта қалдырып, 56-орынға көтерілдік. Бүкіл әлемдік экономикалық форумның рейтингісі бойынша 51-орын және инновациялық фактор жөнінен 71-орынды иемденді. Өте жақсы көрсеткіш,шетелдік ғалымдар бағалауы бойынша 1990 жылы Қазақстан дамыған 100 мемлекет тізімінде болмаған [3]. Бас-аяғы 15 жылдың ішінде осындай жетістіктерге қол жеткізуіміз, ең алдымен, мемлекет басшылығының ғылыми негізделген өміршең саясаты және Қазақстан жерінің табиғи байлығы нәтижесінде мүмкін болды. Алайда Қазақстанда қазіргі уақытқа дейін осы жеріміздің табиғи байлығын барынша тиімді қолданып, өндіріс потенциялын толық түрде жүзеге асырамай отырық. Сол себепті Қазақстан бүгінде халықаралық еңбек рыногына бағдарланған бәсекеге қабілетті инженер мамандарымен толыққанды қамтамасыз етуді қажетсініп отыр. Қазірде көптеген өндіріс орындарында шетелдік мамандар қызмет етуде, бұл Қазақстанда кәсіби білікті инженерлер тапшылығы бар екендігіне дәлел. Қазақстан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегі аймақтардан келіп түсетін ақпараттар негізінде жасалған талдау қорытындысы бойынша Қазақстан өнеркәсіп өндірістері жыл сайын 40 мыңдай инженерді қажет етеді. Ал алдағы уақытта әр түрлі деңгейдегі инженер мамандарына 119 мыңдай сұраныс болады екен. Бір ғана мұнайгаз саласындағы мамандардың болжамды қажеттілігі 2007 жылға – 17,5 мың адам, 2008 жылға – 16,6 мың, ал 2009 жылға – 15,3 мың адамды құрайды [4]. Және де өндірісте де  білікті кадрлар жетіспейді. Әрине Қазақстанда кеңес өкіметі уақытында  кен орындары  және инженер мамандар да жеткілікті болды бірақ  одақ ыдырағаннан соң тоқырау жылдары бұл салалар шамалап ақсаңдай бастады, нарықтық экономика, жаңа технологияларга бейімделе алмады, инженер мамандар өз кәсібінен басқа мамандықтарға ауысты.

Биотехнология, автоматтандыру және басқару, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, авиациялық техника және технологиялары, атом өндірісі, космосты игеру тағы сол сияқты керекті мамандықтар бойынша кадрлар өте аз. Кеңістік дәуірінде даярланған инженерлер өндіріс шаруашылығындағы өндіріру процестеріне байланысты шеңберде мамандандырылды. Бірақ жоғарыда айтылып отылған салаларды игереу мақсатында ХХ ғасырдың 20-жылдары  шетелде даярлануды жоспарлады,соны орындауға тырысты, бірақ саяси жүйе кедергі болды. 60-70 жылдары біздің мемлекет оқшауланған күйде қалды,оның үстіне инженерледі оқытудың жаңа әдістері, білімдері болмады,ескіше қалыптасқан, дәстүрлі түрде оқытылып жатты.

Елімізге шетел инвестициясының енуі,жаңа технология,өндіріс орындары ашылуына ықпал жасады,осы енген жаңа технология мен өндірісті жаңаша ұйымдастыруда кешегі мамандардың біліктілігі бүгінгі еңбек нарығының сұранысына сай болмай шықты. Осы жағдайдан  кәсіп орындарда, компанияларда өндіріс орындарында инженер мамандардын дені неліктен шетелдік екенінін түсінеміз. Осы жағдайдан қалай шығамыз,оның жолдары қандай? Бұл жағдайды өзгерту үшін ең алдымен, елімізде ғылым мен білімді, адам факторын жетілдіріп, өндірісте және тағы басқа салаларда озық техника мен технологияны меңгеру арқылы ғана қол жеткізуге болады. Әлем бойынша білім және ғылым бәсекелестіктің негізгі факторы болып табылады. Қазақстанның біздегі білім мен ғылымды дамыған елдермен салыстыратын болсақ Испаниядан 10 есе, Швециядан 73 есе төмен екенбіз [5]. Әрине қазіргі қал-ахуалды бірден еңсеріп кете алмаймыз, қандай ел болсын бірден дамып кеткен емес, біздің мемлекетте аталған мәселені біртіндеп дамып шешеміз, осыны мықты түрде қолға алу керек. Әрине Қазақстанның білім саласы бір орында тұралап қалған жоқ. Бүгінде Қазақстан жоғары оқу орындары жаңа, бәсекеге қабілетті және ашық нарықтық экономиканы құруға өзінің қомақты үлесін қосу үшін талпыныстар жасауда.

Алға қойған мақсат, міндеттер, мемлекет тарапынан білім саласында  жасалып жатқан бағдарламар жүзеге асып жатса Қазақстанның жақын арада жақсы табыстарға қол жеткізіп, өндіріс саласы да жаңа деңгейге өтеді. Елімізде білікті инженерлерге деген тапшылықта болмайды.

Білім саласы қойылған мақсаттарды орындауы үшін қаржыландыруды арттыру қажет. Жоғарғы оқу орындарындағы  инженер мамандарын даярлауда шетелдік озық технологияларды тез арада меңгеріп, қолданысқа енгізу қажет. Шетел университеттер мен коледждарға елімізден оқуға, біліктіліктерін артыру үшін адамдарды жіберу керек. Қазақстан жоғарғы технологиялы өндіріске аяқ тірегеннен кейін, оны игеретін кейбір мамандықтарға да тағы сұраныс туары сөзсіз. Сондықтан сұраныс басым болған техникалық мамандықтар бойынша, тапсырыс беріп, барынша бос орындармен қамтамасыз ету. Ол үшін кәсіпорындар,өндіріс орындары мен жоғарғы оқу орындары тығыз байланыста болып, сұранысты өтеуі қажет.

Қорыта айтқанда, білім беру саласында мамандарды даярлау, әсіресе әр қилы бағыттар бойынша инженерлерді даярлау мәселесі бір-екі жылда шешімін табатын мәселесі емес, оның аяғына нық тұруы үшін бірқатар жылдар қажет екені айдан анық. Дегенмен де, уақыт өте инженерлерді даярлау мәселесі шешімін тауып, сапалы мамандар даярланатынына сеніміміз мол.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1 e-history.kz/kz/books/library/...

2 ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Астана, 2007 жылғы 28 ақпан.

3 Ашимов А. Стратегия вхождения Казахстана в 50 конкурентоспособных стран // Финансы и кредиты. – 2006. - №9.

4 Статическое обозрение Казахстана. - Алматы: Агентство РК по статистике. - 2006. - №1.

5 Алшанов Р. Күнде өзгеріс күнде жаңалық // Жас Алаш. – 2007. - 11 қыркүйек. – Б. 3 - 4.