Ерсеркенова Салтанат Ахметжановна,
математика пәнінің мұғалімі,
Алматы қаласы,
М.Жұмабаев атындағы №137 мектеп
Сыни
тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы – математика
сабақтарында оқушылардың ойлау қызметін
қалыптастырудың негізгі құралы
«Өркениеттің
негізгі шарты – адамды ойлай білуге үйрету». Эдисон
Негізгі мектепте математиканы оқыту
оқушыларды жеке тұлға ретінде дамыту
құрылған, логикалық және сыни
тұрғыдан ойлау, сөйлеу мәдениеті, ойлау қызметіне
бағытталады.
Қазіргі оқушыны танымдық жеке
ойлау қызметіне ақпарат пен коммуникацияға қатысты
мақсаттар қоя біліп, шешімін іздеуге қызықтыру
өте қиын. Себебі оқу материалын қабылдау кезінде
оқушылар көптеген қиындықтарға кездеседі.
Мұның себебі – сыни тұрғыдан ойлауды дамыту әлі
де жеткіліксіз деңгейде. Ойлау үрдісі шешімін табудың дайын
жолы тапсырманы шешу барысында пайда болады. Егер бір нәрсені
түсінуге, талдауға ұмтылыс байқалса, ойлау үрдісі
басталды деуге болады. Мәселені қою. 5-11 сынып
оқушыларының ойлау қызметін қалай жандандыруға
болады? Оқи білуге қалай үйретуге болады? Түрлі
оқыту тәсілдерін сауатты пайдалана білу ғана оқушыларды
білім алуға итермелейтін жағдайды қалыптастыруға
мүмкіндік береді. Оқушылардың ойлау қызметін қалыптастыруда
игі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін тиімді
технологиялардың бірі – математика сабақтарында өзім жиі
қолданып жүрген сыни тұрғыдан ойлауды дамыту
технологиясы.
Оны жүзеге асыру жолдары:
Аталған технологияның мақсаты
– тек оқуда емес, қарапайым өмірде де қажет болатын
оқушылардың (салмақты шешім қабылдай білу,
ақпаратпен жұмыс істеу, құбылысты әр
қырынан талдай білу, т.б.)
Мұғалім оқушылардың
белсенді ойлау қызметін жандандырады, өнімді ойлау дағдыларын
қалыптастыруға көмектеседі. Аталған мәселені
жүзеге асыру үшін оқушыларды СТОТ ережелеріне үйрете
бастадым.
«Ойлай білетін адам сұрақ қоя да біледі» деген екен Э.Кинг.
1.
Сұрақ қойыңдар, қызығыңдар.
2.
Болжамдарды, мәтіндерді талдай біліңдер.
3.
Өз ұсыныстарыңды, ойларыңды айта біліңдер,
сондай-ақ басқалардың пікірімен де санасыңдар.
Технологияның
барлық моделі үш кезеңнен тұрады: шақыру
кезеңі, ойлау және рефлексия кезеңдері. Сабақтың
әр кезеңінде оқушылардың біріге жұмыс істеуіне көмектесетін
тәсілдерді қолданамын,
|
Кезеңдер
|
Математика
сабағында қолданылатын
әдістемелік тәсілдер |
Мұғалім
әрекеті |
Оқушы
әрекеті |
|
I
кезең. Ой шақыру(бар білімдерін оята отырып, жаңа
ақпарат алуға қызықтыру |
Миға
шабуыл. «Б-БК-Б» кестесі. Дұрыс және бұрыс пікір. (сенемін
сенбеймін идеялар себеті). Кластер.Тірек терминдер. |
Оқушыларды
ойлауға үйретеді, жетекші қызметінде олардың
жауаптарын мұқият тыңдайды. |
Берілген
тақырып немесе мәселе бойынша білімдерін жинақтайды,
өзектілендіреді, сұрақ қояды, жауап алуға
тырысады. |
|
II
кезең. Мазмұнын ой елегінен өткізу.(Жаңа
ақпарат алу) |
Мәтінді
белгілердің Инсерт жүйесі. «Б-БК-Б» кестесі. «Жіңішке және жуан»
сұрақтар кестесі. Болжам ағашы. «Кубик» тәсілі.
«Блум» түймедағы |
Оқушылардың
белсенділіктерін сақтайды, кеңесші рөлінде болады. |
Жаңа
ақпарат алады, оны ой елегінен өткізеді, бар білімімен
салыстырады. |
|
III
кезең. Рефлексия (ой елегінен өткізу, жаңа білімін
қорыту) |
Синквейн.
Эссе. «Сөйлемді
жалғастыр...» «Б-БК-Б»
кестесі. Бүгінгі тақырып бойынша 3 сұрақ
құрастыр. Сабақта жаңадан не білдіңіз? |
Өзгерістер
мен толықтырулар енгізеді. Оқылған ақпарат негізінде
шығармашылық немесе практикалық тапсырмалар береді. |
«Жаңа»
ақпаратты ескімен салыстырады, тапсырмаларды қолданып,
алған ақпаратты қорытындылайды. |
I кезең. «Ой шақыр». Ой шақыру
кезеңінде оқушылар белсенді ізденіс түріне қосылады,
ақпаратты таниды. Берілген мәселе бойынша оқушы «Мен не
білемін?» деген сұрақ қояды, нені білмейтіні, нені білгісі
келетіні туралы ұғым қалыптасады.
Оқушылар алдағы оқу материалын
оқып үйренудің мақсаттарын айқындайды;
·
тақырыпқа қызығушылықтары
оянады;
·
ойлау қызметі белсендіріледі.
5-сыныпта
«Бұрыштар» тақырыбын (оқу кезінде) өткенде
оқушыларға «сенемін-сенбеймін» ойынын ұсынуға болады.
Доғал бұрыш – бұл доғал
қарындашпен сызылған бұрыш.
Бұрыш
түзу не қисық болады.
Бұрыш – геометриялық кескін.
Бұрыш кесіп өтетін екі түзу
сызықтан тұрады. Бұрыштар бұрыш бір нүктеден
шығатын екі сәуледен тұрады. Тең
бұрыштар – қабырғалары тең бұрыштар. Биссектриса
– үш қабырғасы бар бұрыш. Бұрыш тік болады.
Бұдан кейін
оқушылар қағидалардың дұрыстығын
анықтап, түсіндіреді. Негізгі ақпаратпен танысқаннан кейін
(параграф мәтіні, дәріс) берілген қағидаларға
оралып, сабақта алынған ақпарат бойынша қайта
бағалауларын сұраймын.
II кезең. «Ой елегінен өткізу».
Бұл кезеңдегі мұғалімнің қызметі
оқылатын тақырыпқа оқушылардың
қызығушылығын сақтау, «ескі» ақпараттан
«жаңа» білімге көшу жұмысын бақылау. Мысалы,
«2,5»10-ға бөлудің белгілері тақырыбын өткенде,
«Блум» түймедағы әдісін қолдандым. Оқушылар
бір-біріне сұрақ қояды.
Қарапайым
сұрақтар: -Қандай сандар
2,5,10-ға бөлінеді?
Анықтаушы
сұрақтар: - Сені дұрыс түсіндім
бе, егер сан 0-ге аяқталса, 5-ке бөліне ме?
Түсіндіру
сұрақтары: -Екі тақ санның
қосындысы неге жұп сан болады? Практикалық сұрақтар:
- Бөлу белгілері қайда қолданылады?
Шығармашылық сұрақтар: - Егер бөліну белгілері белгілі болмаса, не
болар еді? Бағалау сұрақтары: - Берілген тақырып
бойынша саған не түсініксіз?
III
кезең. «Рефлексия». Ол
ақпаратты жүйелеуге, жаңа идеялар шығаруға,
бұрын қойылған мақсаттарды шешуге
бағытталған. «Синквейн» тәсілі ақпаратты талдау,
жинақтау үшін тиімді тәсіл болып табылады. Ол 5 жол арқылы
терминдерді ой елегінен өткізе қолдануға,
қарастырылған тақырыпқа өз көзқарасын
білдіруге мүмкіндік береді. Синквейн - тақырыптарды,
бөлімдерді, тарауларды өткеннен кейін қолдануға олатын
жұмыстың қызықты түрі, ол арқылы тек тиімді
нәтиже алуға болады. Күтілетін нәтиже. Зерттеу
нәтижелері сыни тұрғыдан ойлауды дамыту дамыту технологиясын
қолданудың жақсы жақтарын дәлелдеді;
оқушылардың ойлау қызметін дамытады; мысал келтіре отырып,
өз ойын айта білуге, логикалық қорытында жасауға
үйретеді; пәнге қызығушылықтарын арттырады; сабақта
оқушылардың психологиялық жайсыздықтарын
төмендетеді; білім сапасын арттырады.
Технологияның тиімді жақтары:
-оқылған материалды жақсы есте
сақтауға;
-оқушылардың сабақта
белсенділігін арттыруға; танымдық әрекеттерін
қалыптастыруға көмектеседі.
Заман талабына сай
білім беру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Осыған орай, «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан
ойлауды дамыту» бағдарламасының маңызы зор. Сын
тұрғысынан ойлау-өте күрделі құбылыс. Оны
қолдану барысында оқушылар тыңдаушылардан белсенді, ізденуші,
ойлану дәрежесіне дейін көтеріледі.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
М.Г.
Ермолаева. Современный урок: тенденции, возможности, анализ. СПб. 2007.
2.
Ю.Н.Кулюткина.
Е.Б. Спасская. Образовательные технологии. КАРО СПб 2001.
3.
О.Б.
Епишева. Технология обучения математике на основе деятельностного подхода.
Просвещение Москва 2003.