Байқоңырова Д. – сызу және технология пәнінің мұғалімі, Қарағанды обл., Жәйрем №30 орта мектебі

                                                

 

«ТЕХНОЛОГИЯ» ПӘНІНДЕ ҒЫЛЫМИ ЖОБА ДАЯРЛАТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ  ӨЗДІГІНЕН ЕҢБЕК ЕТУГЕ БАУЛУ

 

Қазіргі таңда мектеп пәндерінен оқушылар арасында ғылыми жоба әзірлеп, оны қорғауға көп көңіл бөлінеді. Ғылыми жоба арқылы оқушының зерттеушілік, ізденушілік қабілеттері бағаланса, мұғалімнің ұйымдастырушылық, ізденуші еңбегін бағалаушылық қасиеттері қадағаланады. Ғылыми жобаның сәтті шығуы мұғалім мен оқушының бірлескен жемісті еңбегіне байланысты. Мәселен, Қарағанды облысы, Жәйрем №30 орта мектеп оқушылары – 9 "б" сынып оқушысы Адаханова  Жанетта, 9 "в"сынып оушысы Төлеухан Айгерім мен 10 "в" сынып оқушысы Молдақанова Құндыздың технология пәнінен «Сәндік-қолданбалы өнер» тақырыбына төмендегідей жоба әзірледі.

 

Анықтамалар

Технология сабағы – әрбір оқушының рухани байып, дүниетанымын қалыптастыратын бірден-бір пән.

 «Қолөнер» дегеніміз - қарапайым еңбек құрал-жабдығының көмегімен шикізаттардан әр түрлі дайын бұйымдар жасайтын ұсақ қол өндірісі.

 Сәндік-қолданбалы өнер дегеніміз- қолмен немесе құралдармен, техникамен

өндірілетін қолданбалы, сәндік, сувенирлік бұйымар түрлерін ұқсатып жасаудағы идеялар мен ойлардың, материалдар мен көркемдік шешімдердің, техникалар мен технологиялардың, ұлттық нақыштардың жиынтығын құрайтын өнер түрі.

 

Кіріспе бөлімі

Қазіргі кезде елімізде ұлттық құндылықтардың қайта өркендеуіне жол ашылды. Оған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселесі ерекше атап көрсетілгендігі айғақ бола алады.

Қазақстан Республикасының «Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес, мемлекеттік білім беру саясатының негізгі қағидалары соңғы жылдардағы әлемдік білім кеңістігінде орын алып жатқан үрдістерімен үндесіп жатыр. Қазақстан Республикасының «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылып келе жатқан игілікті іс-шаралар келер ұрпаққа қазақ халқының ұлттық мәдениетінің баға жетпес құнды дүниелерін мұра етіп қалдыруды көздеп, адамзат қоғамын жаңа әлемдегі оң өзгерістерге жетелейді.

 

 

Жобаның мақсаты:

Балаларға жақсы білім беруде оқушының білімін, шеберлігін  көрсету. Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту.

 

міндеті:

-Оқушыларды шығармашылыққа тарта отырып жобаны тани білуге, он саусағынан  өнері тамған баланы тәрбиелеу.  Шәкіттердің шеберлігін, білім мен еңбегін көрсету.

 -Іскерлік, икемділік қабілеттерін арттыру.

-Тәрбиелік дағдысын жеткізіп, еңбектену жұмысына төзімділігін жеткізу.

 

Негізгі бөлім

Қазақстан Республикасының «Білім туралы»заңында білім беру жүйесінің басты мақсаты ұлттық және адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасаукеректігі көрсетілген.

Бүгінгі күнде технология сабағын қызықты да ұтымды,мағыналы өткізу үшін барлық жағдай бар. Әр сабағын оқытудың жаңапедагогикалық технологияларының әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып,интерактивті тақтамен өткізудің маңызы зор. Интерактивті тақта арқылы әр элементті, әр жұмысты толық көрсетіп, оны оқушылардың да өз қолдарымен жасап үйренулеріне толық жағдай жасалынған.

Қазақ қолөнерінің даму жолының өзіндік тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан бастау алады. Оған Қазақстан жерінде жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілерін дәлелретінде көре аламыз. Яғни, қазақтың қолөнері Республика жерінде бағзызамандарда мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ және тағы басқа көнетүркі тайпаларының мәдениетінен бастау алып, бүгінгі күнмен ұштасып жатқанынының айғағы.

Мәдениеттанушы ғалымдарымыз қазақ қолөнерін тарихи кезеңдермен байланыстыра отырып, мынадай топтарға бөліп көрсетеді:

І Алғашқы рулық-қауымдық дәуірдегі тасқа салынған суреттер.

ІІ Сақ-ғұн дәуіріндегі алтын-күміс және өзге де металдардан жасалған

сәндік-қолданбалы бұйымдар.

ІІІ Түркі дәуіріндегі балбал тастар мен құлпытастар және сәндік-қолданбалы бұйымдар.                                                                                         

ІV Орта ғасырдағы түркі халықтарының сәндік-қолданбалы бұйымдары және миниатюралық суреттер.

V Қазақ хандығы дәуіріндегі сәндік-қолданбалы бұйымдар.

VІ Қазақтың қазіргі сәндік-қолданбалы бұйымдары.

Қазақтың қолөнері басқа халықтар сияқты ағаштан, металлдан, сүйектен, теріден, тастан, батпақтан, жүннен жасалған бұйымдарды әшекейлеп безендіру арқылы және құрақ құрау, киім тігу, өрмек өру т.б. түрінде көрініс береді.

 «Сәндік-қолданбалы өнер» деген ұғым ХХ ғасырдың екінші жартысындағы алпысыншы жылдардың ортасында пайда болды.

Бұған дейін ол халықтың қарапайым түсінігіндегі «қолөнер» ұғымының аясында қабылданып, пайдаланып келді.

 «Сәндік-қолданбалы өнер» «қол өнерінің» өңделіп жетілген формасы іспеттес болғандықтан екеуін бір-бірінен бөлектеп қарауға болмайды, керісінше олар бірін-бірі мазмұндық тұрғыда толықтыра түседі. Оны «қол өнер», «сәндік-қолданбалы өнер» ұғымдарына берілген анықтама-түсініктер дәлелдейді. Біз осы ұғымдарға берілген анықтамалардан сәндік-қолданбалы өнер өзінің бастауын қолөнерден алатынын, қолөнер туындыларының ою-өрнекпен әшекейленуі сәндік-қолданбалы өнердің пайда болуына себеп болады деп ой түйіндейміз.

 «Қолөнер» дегеніміз:

- қарапайым еңбек құрал-жабдығының көмегімен шикізаттардан әр түрлі дайын бұйымдар жасайтын ұсақ қол өндірісі - халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасқан өміршең

өнер. Шеберлердің қолынан шыққан қолөнер туындыларын халықтың өмірінен, тұрмысынан бөліп алып қарау мүмкін емес. Өйткені, бұл заттар ел

тұрмысына сән беріп, адамдарға рухани ләззат әкелген                                    

- қолөнер - халқымыздың ұлттық мұрасы. Қазақтың ұлттық қолданбалы өнер тарихы көшпелі өмірдің салт-дәстүрімен тығыз байланысты. Халық шеберлері ұлттық қолөнер мұраларын өмірге әкелді. Яғни, ұста, ағаш шебері,

зергер, ісмерлердің тынымсыз еңбегі арқылы қазақ қолөнерінің көркем туындылары пайда болды.

Сәндік-қолданбалы өнер дегеніміз:

- қолмен немесе құралдармен, техникамен өндірілетін қолданбалы, сәндік, сувенирлік бұйымар түрлерін ұқсатып жасаудағы идеялар мен ойлардың, материалдар мен көркемдік шешімдердің, техникалар мен технологиялардың, ұлттық нақыштардың жиынтығын құрайтын өнер түрі

Танымдық - ертедегі халықтың дүниетанымын білдіреді;

Сувенирлік - сыйлыққа арналған ұлттық бұйымдар жасауға;

Мерекелік - мерекелерде, той-жиындарда қолданылатын ұлттық бұйымдар мен заттар даярлауға бағдарлайды деп ой тұжырымдайды.

Сәндік-қолданбалы өнердің классификациясы:

1. Материалына қарай: ағаштан, металдан, сүйектен және мүйізден, тастан, керамикадан, шыныдан, теріден, тоқыма жіптен, жіптен, матадан, былғарыдан, пластикалық массадан жасалған көркемдік бұйымдар және т.б.

деп бөледі.

2. Қолданылуына қарай: күнделікті тұтынатын бұйымдары (ыдыс, кесетін тақтай, асхана жиынтығы, мебель) және т.б.; сәндік бұйымдар (кілем, гобелендер, маталар, панно, сәндік вазалар, тәрелкелер және басқа да үй ішін

жабдықтау заттары, сондай-ақ әшекей заттар: сырға, жүзік, білезік, алқа т.б.)

және сыйлық заттар (медалдар, төс белгілер, брелоктар т.б.)

3. Дайындау әдісіне қарай: құйма, шекіме, дәнекерленген, ойылған, ағаш ұқсату, темір ұсату, бізбен тоқылған, өрілген, тоқыма, кестеленген, үрленген

басылған, бедерленген, күйдіру, балқыту, металды өңдеп өрнектеу, өрмек тоқу, ши орау, сымақ сыру, оюлау, шілтер шалу, жүн сабау, арқан есу және т.б. болады.

4. Әшекейленуіне қарай: бедерлеу, бетін өрнектеу, ойма-нақышты, шекімелі, күйдірілген, жазба, егелген т.б. деп бөледі.

Халықтық педагогика негізінде қолөнер арқылы оқушының бойына адамгершілік рухын, ұлтқа деген сүйіспеншілігін арттыруда еңбек тәрбиесі

мынадай мақсатқа бағытталады: халықтық педагогика негізінде балаларға білім мен өнеге берудің қажеттілігін көрсету; оқушыға қолөнерді үйрету барысында оның қабілет-икемін, дағдысын дамыту; қолөнер бұйымдарын жасай отырып оқушы бойына халқымыздың ізгі қасиеттерін сіңіріп, дарыту; қолөнер жеке тұлғаны дамытуға арналған құрал болғандықтан, олардың қызығушылық аясын кеңейтіп, шығармашылық іздену жолдарын қалыптастыру; оқушының өзін-өзі тану қабілетін ояту; еңбекті шығармашылықпен, қызығушылықпен орындауға, ерікті түрде еңбек етуге үйрету; ұлттық тәрбиенің пайдалылығын қол өнер бұйымдарын жасату және оны пайдалану арқылы түсіндіру.

Бүгінгі таңда сәндік өнерді оқытудың өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасып, ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Жастарды сәндік өнерге бейімдеп оқыту мен тәрбиелеу білім беру мазмұны мен оқыту формасы және әдістері бойынша анықталады

Сабақ барысында орындалған шығармашылық жұмыстар ұлттық тәрбиені, эстетикалық көзқарасты қалыптастырып ұлттық дәстүрлермен қолөнерімізді бір-бірімен байланыстыра отырып рухани жан дүниесін байытады. «Өнер түрі елде мол, өнім сыры жерде мол» дегендей, өнер түрлері халықпен жасай береді.                

Қазіргі кезде де халық қолөнерінің бай мұраларына жаңаша түр, сипат беріп, оларды жасаудың техникалық әдістерін жетілдіріп, ел арасында таратып жүр-ген шеберлер көп. Оқушыларға қолөнерін үйретуде мынадай педагогикалық шарттар орындалса тиімді болады:

- қазақ қолөнерінің тәлім – тәрбиелік дәстүрлерін үйрету;

- оқушыларды жастайынан ұлттық өнермен таныстырып, еңбек етуге баулу және қабілеттік пен шеберлікке даярлауды көздеу;

- қоғам өміріндегі еңбектің, халық қолөнерінің рөлін түсіну, өнер адамдарын құрметтеу;

- көне мұраларды тауып, түрлендіре жаңғыртып отыру;

- ел арасында сиреп бара жатқан қолөнер түрлерін іздестіріп меңгеру;

- ел арасында жүрген шеберлермен кездесу ұйымдастырып,бұйымдарынан көрме жасау.

Үйде ұсталынатын бұйымды сатып алмай-ақ өздерінің орындауы ата-анаға да үлкен қуаныш әкеледі.

 Қазіргі кезде елімізде ақпараттық және телекоммуникациялық

технологияның кеңінен қолданылуына ерекше талаптар қойып отыр. Өндірісте жұмыс жасайтын маман өз міндетін атқарып қана қоймай, ісін жобалай білу, шығармашылық жұмыстар орындай білуі қажет. Осындай қабілеттер жас кезінен бастап қалыптасып, еңбек әрекеттерін орындау барысында алға қарай дамытуы керек. Қазіргі таңда ғылымның тез қарқын-мен дамуы, жаңа технологиялардың енуіне байланысты кәсіптік мамандыққа қойылатын талаптар өзгеріп, екі-үш мамандықты меңгеру керек.

Ғалымдардың еңбегін зерделей келіп, біз ұлттық мазмұнда сәндік-қолдан-балы өнерін оқыту мынадай талаптарды кешенді түрде жүргізу қажет деп санаймыз:

- оқушылар жұмысы қажетті тәжірибелік сипатта болуы;

- жасалынатын еңбек туралы білімі және тәжірибелік тапсырмаларды орындау шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыруға бағытталуы;

- сабақ барысында пайдалы өнім жасау;                                                            

-жалпы еңбектік және арнайы білім мен ептіліктің үйлесуі

- оқыту барысында ақпараттық технологияның озық, заманауи үлгілерін

қолдау.

Мұндай жағдай оқу еңбегінің өнімділігін арттырады, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді; көрнекілікті үйлестіру арқылы окушылардың білімді терең

ұғуын, сонымен бірге сабақта олардың зейінін, тез байқағыштығын, қызығушылығын, ептілік пен қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.

Технология атты жаңа интегративті білім саласын меңгеру оқушылардың жалпы білім мен дағдыны меңгеруіне мүмкіндік береді, интеллектуалдық, тұлғалық, этикалық және эстетикалық дамуын, өзіндік кәсіптік айқындалуын,

қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделуін қамтамасыз етеді.

Оқушыларға көркем білім беруде сабақтан тыс жұмысты ұйымдастыру

 Сыныптан тыс уақытта қолөнері саласы бойынша мектеп оқушыларының қызығушылығын және сәндік – қолданбалы өнері шығармашылығын ұйымдастырудың негізгі формасы сәндік – қолданбалы үйірме болып табылады. Ол қолөнерінің нақты саласына жалпылықты тудыратын және осы салада практикалық іс-әрекетпен шұғылдануға ұмтылатын ерікті оқушыларды біріктіреді.

Сәндік – қолданбалы өнері үйірмесі — бұл тек қана оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту, бейімділік пен қабілеттілікті сынау орны

ғана емес, болашақ ісмерлерді дайындайтын, тәрбиелейтін орын. Бұлар тоқыма материалдарын көркем өңдеу, яғни кестелеу өнері, аппликация жасау, құрақ құрау, макраме, ілмекпен тоқу, және т.б. Оларда мектеп оқушыларының эстетикалық талғамы қалыптасады, көркем-қолданбалы шығармашылыққа жеке-дара қызығушылығы дамиды.

Сыныптан тыс сабақтардың тәрбиелік құндылығы, олардың тиімділігі көбіне бірқатар талаптарды сақтауға байланысты. Ең алдымен олардың  қазіргі заман нысаналылығы мен саяси бағыттылығын қамтамасыз етудің маңызы зор.Бұл талапты сыныптан тыс жұмыстың формалары мен әдістерін таңдаған кезде,оны жоспарлау және ұйымдастыру процесінде, қорытынды шығарған кездесақтау қажет.

 Оқу барысында оқушылар шығармашылық ізденіспен жұмыс істесе ұлттық тәрбиені, әдемілікке деген көзқарасты, қалыптастырып ұлттық салт– дәстүрлерімізбен қолөнерімізді бір- бірімен байланыстыра отырып рухани

жан дүниесін байытары сөзсіз. Бағдарлама мазмұнында ептілік, іскерлік, шеберлік пен бірге шығармашылық жұмыс барысында әдет, дағды қалып-тастырылады. Оқушылар жасай алуы керек:

- ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан өнер түрлерін;

- композиция құрастыру;

- сурет, сұңғат, зергерлік өнер т.б. түрлерін;

- кестелеуде қолданылатын құрал – жабдықтарымен дұрыс жұмыс

жасау;

- талапқа сай жұмыс орнын ұйымдастыру;

- еңбек қауіпсіздігін сақтау ережесін орындау;

Оқушылармен жұмыс топқа тапсырма және олармен жеке–жеке жүргізіледі.

Оқушылар жұмыс істеу барысында мынадай талаптар қойылады:

- тапсырманы орындау барысында мақсатын анықтау;

- орындау әдістерін білу;

- матада көркем кестелеудің, түстерді үйлесімді түрде аралас технологиямен орындау жолдарын меңгеру;                                                                          

- өнімге жұмсалуға кететін шығынның мөлшерін білу;

Әр обылыста өзінің салт - дәстүріне байланысты балалардың сұлулыққа, әсемдікке деген көзқарасын қалыптастыратын халықтың қолөнері оны жасайтын шеберлері болады.

Тұрмысқа қажетті сәндік бұйымдарды сонымен бірге өнеркәсіпте жасап шығарады. Күнделікті тұтынуға қажетті заттар пайдаланысқа ғана емес сол жерге сән, әдемілік беріп тұруы керек. Сонымен ісмерлердің қолдан жасаған (кестелеу, шілтерлеу, аплекация жасау т.б.) және шеберлердің өндірісте жасаған бұйымдары (мебель, ұлттық киімдер, ыдыс–аяқтар т.б.) қажеттілік үшін жасалынып қоймайды, олар біздің тұрмысы-мызға сән береді. Мұның өзі түптеп келгенде оқушылардан шыдамдылық пен төзімділікті қажет етіп, алдына қойған мақсатына жетуге талпынуға, шеберлікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелейді.                                                                                                                                                  

 

Күтілетін нәтеже

 Әр сабақта оқушы қолөнер бұйымдар жасаумен қатар, ұлттық  тәлім-тәрбиені бойына сіңіреді

Сонымен бірге оқушы салт –дәстүрімізддегі қолөнеріміздің адам айтқысыз қымбат, замандар бойы тарих жасап қалдырған асыл мұра екендігін жете түсіне білуі керек.

Қолөнер үйірмесінде халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасқан өміршен қолөнерін жасап үйренеді.

Бұрынғы ата-бабамыздың қолөнерін жоғалтпай ұрпақтан ұрпаққа жалғастыру бүгінгі күнгі басты міндетіміз. Сондықтан оқушылардың алған білімдерін, өнерлерін тек өздері біліп қана қоймай, кейінгілерге үйретеді.

Күтілетін нәтижелер:  оқушылар өздерінің бағдарламаға сай жасаған туындыларының нәтижесін мектепішілік, аудандық көрмеде көруі.

 

Қорытынды

Бүгінгі таңда оқушыларды қолөнерге баулудың орны ерекше. Қолөнерге баулу жалпы білім беретін орта мектептерде «Технология» пәнін оқытуда, қолөнер шеберлігіне үйрететін кәсіптік білім беретін мектептерде сабақта жәнесыныптан тыс жұмыстарда өз шешімін табары сөзсіз. Кейбір ұмыт бола бастағанөнерді жаңғыртып, оны жаңаша үлгіге келтіріп кеңейтуге, көркем өңдеуге жас жеткіншектердің қызығушылығын арттырудың жалпы білім беретін орта мектепте «Технология» пәнінің алар орны ерекше екенін дәлелденді.

 Біздің ғылыми жұмысымыздағы ең маңызды мақсатымыз: Жоғары сынып оқушыларына көркем өңдеуді үйірме жұмыстарында үйрету жолдарын меңгертуде өз қолдарынан шыққан тамаша туындыларының әдемілігін көріп, оны өз қолдарымен жасай білуге және осы арқылы өмірді әсемдік жаққа қарай бейімдеп, өз еңбектеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, көркем өңдеуді үйірме жұмыстарында үйрету жолдарын меңгерту екенін анықтау.

Мектеп оқушыларымен жүргізілетін педагогикалық жұмыстарға жасаған талдау оқу-тәрбие үдерісінде қазақ халқының қолөнерін үйрете отырып, көркем өңдеуді үйірме жұмыстарында қолға алуды іске асыруға болатынын дәлелдейді

 

Пайдаланған әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы //Егемен Қазақстан,

1999. - 7 маусым

2. Қазақ совет энциклопедиясы. 6 том.- Алматы, 1975.- 597 б.

3. Әмирғазин Қ. Қазақ колөнері. - Алматы: ТОО Дайкө Пресс, 1996.-226б

4. Ералин Қ., Айменов Ж. Қазақтың сәндік-қолданбалы өнері. –Түркістан,

2005.-92б.

5. Шоқпарұлы Д. Қазақ халқының қолөнері.- Алматы, 2006.-386 б.

6. Жәнібеков Ө. Уақыт керуені. - Алматы: Жазушы, 1992. - 192 б.

7. Әбдіғаппарова Ұ. Қазақтың ою-өрнектері. –А.: Өнер, 1999

8. Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері- Алматы, Қазақстан, 1995.-240б.

9. Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортақ. -Алматы, «Қазақстан», 1977. -96 б.

10. Жолдасбекова С.А., Жолдасбеков А.А. Ұлттық сәндік-қолданбалы

қолөнерге үйрету. Әдістемелік нұсқау. –Шымкент, 1993. –42 б