МҮМКІНДІГІ
ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРҒЫДА ДАМЫТУ
Мусабекова
Б.Б., Мусаева Н.Н., Кударинова А.С.
«Елбасы өзінің
«Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында елімізді
әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына
қосудың стратегиялық мақсаттарын анықтап берді.
2014-2016 жылдарға арналған жұмыс жоспары әзірленді.
«Мектепке дейінгі біліммен және мүмкіндігі шектеулі 3-6 жас
аралығындағы балаларды үшін мектеп жасына дейінгі
балаларға балабақша және арнаулы білім беретін түзеу
ұйымдарының желісі ұлғаятын болады.
Қазіргі таңда
мүмкіндігі шектеулі мүмкіндігі шектеулі балаларды
әлеуметтендіруде үлкен жұмыстар атқарылуда.
Осыған байланысты оңалту орталықтары ашылып жатыр және
жаңа үлгідегі, мүмкіндігі шектеулі балаларға
арналған оңалту орталықтары, отбасына әлеуметтік
көмек көрсету орталықтары іске қосылып жатыр. Орталықтардың
негізгі міндеттері мүмкіндігі шектеулі балаларға комплексті
көмек, медициналық, психологиялық, педагогикалық,
әлеуметтік көмек көрсету, оларды оңалту, және
кәсіби бағдар беру болып табылады. Мұндай орталықтар
тек мүмкіндігі шектеулі балаларға ғана емес, сондай-ақ
олар тәрбиеленіп жатқан отбасыларына да комплексті көмек
көрсетеді [1].
Әлеуметтік және бейнелеу
өнеріпен оңалту сұрақтарын әлеуметтік
қызметкерлердің араласуынсыз іске асыру мүмкін емес.
Әлеуметтік қызметкердің атқаратын жұмысының
негізгі функцияларына заңгерлік, медициналық, психологтік,
педагогикалық және басқа да мамандықтар бойынша
кеңес беру, материалдық көмектер ұйымдастыру жатады.
Әлеуметтік қызметкер мүмкіндігі шектеулі балалар мен
отбасының мүшелеріне жүргізілетін психокоррекциалық
қызмет әдістерін негіздеп сараптайды және
өңдейді. Социумдағы әлеуметтік жағдайды зерттеп
және оған болжам жасау арқылы отбасы мен мүмкіндігі
шектеулі балаларға әлеуметтік-педагогикалық,
психологиялық нақты көмек формаларын және
түрлерін ұсынады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуы
мен тәрбие проблемаларын шешуде отбасыларымен серіктестік,
әріптестік қарым-қатынастар орнатып,
ынтымақтастықпен жұмыс жүргізеді [2, б 11].
Жаңа қоғамдағы
мүмкіндігі шектеулі балалар мәселелерінің шешімін екі
жақты қарастырылуы керек. Біріншіден алдын алу, бұл
аяғы ауыр әйелдерге, сәбилерге көрсетілетін медициналық
қызмет сапасын жоғарлату арқылы, алдын ала кеңес алатын
медициналық-генетикалық мекемелер ашу арқылы іске асыру.
Екіншіден – мүмкіндігі шектеулі баларды әлеуметтік оңалту,
бұл – әлеуметтік оңалту орталықтарын ашу, арнайы
балабақшаке дейінгі мекемелерін ашу арқылы іске асыру.
Елімізде қазіргі танда 2014
жылдың соңғы мәліметіне сүйенсен 62, 8 мың
бала мүмкіндігі шектеулі деп танылды. Педагогтар мен психологтар
мүмкіндігі шектеулі балалармен істейтін жұмысқа керек
жаңа және жетілдірілген бағдарламалардың тапшылығын
айтады. Сонымен жанұясында мүмкіндігі шектеулі баласы бар
отбасыларының әлеуметтік мәселелерінің зерттеу
және оның шешу жолдарынын анықтау мамандардын өзекті
бағыты болмақ.
Кейбір зерттеулерде балабақшаке
дейінгі балаларда тапсырмаларын орындау барысында мотивациясының
(қызығушылық себебінің) эмоциялық сипаттамада
екендігін анықтады.балалар өз мүмкіншіліктерін есепке алмай
өздеріне ұнаған, бірақ орындауға шамалары
жетпейтін, бұйымды жасауға тілегі мен әзірлігін
көрсетеді. Тапсырманы орындау мақсатын (белгіленген бұйымды
орындау) біліп, бірақ онда қажетті мөлшерде бағдар ете
алмай және қажетті іскерліктер мен дағдыларды
меңгерусіз,балалар оған дербес жете алмайды. Орындалған бұйымдары
үлгімен сәйкеспейді. Мақсаты жеңілдетіледі немесе
ауысады. Сонымен қоса балалар өз жұмысының
нәтижесімен қанағаттанып оған жоғары баға
береді. Бұл тапсырмаға деген қатынастың қарапайым
эмоциялық екендігін, ақыл-ой қатынасынан басымды екендігін
дәлелдейді.
Тапсырма мақсатының
ауыстырылуы мен жеңілдетілуі балалардың ситуациялық
мотивтерімен жетекшіленетіндігін білдіреді. Әрекет барысында
мотивтердің ауысуы байқалынады.
Мотивтердің жеке
әрекеттерге ауысуы қиындықтарды кезіктіргенде
байқалынады, ол балабақшаке дейінгі балалар мотивациясының
түсіндіріледі. Уақыт бойынша нәтижесі шегірілген, бірнеше
сабаққа бөлінген жұмысқа балаларды
қызықтыру қиынға түседі. Көмекші
балалардағы жалпы бейнелеу өнері іскерліктерінің даму
ерекшеліктері. Арнайы балабақшаке дейінгі балалардың бейнелеу
өнері әрекетінің ерекше белгісі мен негізгі кемшілігі болып
олардың төмен дербестігі саналады.
Мүмкіндігі шектеулі
балалардың сөйлеу тілінің дамуының кемшіліктері
көбіне үлгінің талдауын қиындатады, олардың
белгілері, қасиеттері, кеңістіктегі қатынастары туралы баяндағанда
толық сипаттамасын бермейді. Қимыл-қозғалыс
жетіспеушілігі – орталық нерв жүйесі әрекетінің
бұзылуымен байланысты [3].
И. П. Акименко, В. И. Бондарь, Г. М.
Дульнев, Б. И. Пинский және басқада ғалымдардың арнайы
зерттеулерінде мүмкіндігі шектеулі балалардағы
қимыл-қозғалыс бейнелеу өнері дағдыларының
кемшіліктері – дәлдіктің, ырғақтың,
екпінінің, бейімделу – бағдардың бұзылулары,
қимылдардың баяу болуы көрсетілген. Бұлар практикалық
жұмыстарды орындау барысында бір қатар қателіктерге
әкеледі.
Мақала жұмысының
мақсаты: мүмкіндігі шектеулі балалардың ұсақ
моторикасын зерттеу мен дамыту жолдарын талдау.
Мақала жұмысының
міндеті: мүмкіндігі шектеулі балалар мәселесі бойынша
әдебиетерге теориялық талдау және оларды ерте алдын алу
және коррекциялау жүйесінің құрылымдылық-функционалдық
моделін талдау болып табылады.
Балалардың өсіп-дамуы
бұзылған кезде алуан түрлі ауытқушылық
болғандықтан, мүмкіндігі шектеулі балаларды зеттеу
қиындай түседі. Мысалы, есту мүшелері, көзі
зақымданады, баланы қимылында, жүріс-тұрысында
икемсіздік байқалады, орталық нерв жүйесінің
қызметі бұзылады. Ондай бұзылудың қайсысы да
баланың өсіп-дамуына өз тарапынан әсер етеді.
Мүмкіндігі шектеулі балалар
мәселесі әлеуметтік модель шеңберінде олардың отбасы
тәрбиесімен және тұлғааралық қатынастармен
байланысты қарастырыла бастады. ХХ ғасырдың 60-шы жылдары
мүмкіндігі шектеулі балалалар мәселесі бойынша көптеген
әлеуметтік орталықтар ашыла бастады. Оның дамуына психоанализ
теориясы ықпал етті. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың
өмірі дені сау адамдардың бақылауында болды, олар тәуелді
болып келді. Бұл мемлекетіміздің әлеуметтік саясатына,
заң шығарушы органдарға, ұйымдарға өз
әсерін тигізді.
Сонғы жылдары мүмкіндігі
шектеулі балалар қатарының көбеюі еліміздегі денсаулық
сақтау, білім және әлеуметтік қорғау
институттарының осы мәселеге араласып, көңіл
бөлуін талап етіп отыр. 1992 жылы Еуропа Кеңесінің
Парламенттік Ассамблеясында қабылданған, №1185
реабилитациялық бағдарламасының кепілдемесінде былай дейді:
«Мүмкіндігі шектеулітік – бұл адам баласын мүмкіншіліктерден
шектеу, қарым-қатынастан, психологиялық, әлеуметтік,
мәдени заңдылықтар мен басқа да кедергілерді бастан
өткере отырып қоғамның толыққанды
мүшесі болу бағытынан айрылғандар. Сондықтан
қоғам олардың қажеттіліктерін өтей отырып,
тәуелсіз өмір сүрулерін қамтамасыз етуге міндетті».
Мүмкіндігі шектеулі балалар белгіленген тәртіппен расталған,
туа біткен, тұқым қуалаған, жүре пайда
болған ауытқулардан немесе жарақаттың салдарынан
тіршілік етуі шектелген, дене және психикалық кемістігі бар
балабақшаке дейінгі балалар [4, б
16].
Мүмкіндігі шектеулітіктің
алдын-алу ерте диагноз қоюға, дене ақыл-ой, психикалық,
сенсорлық және басқа кемістіктердің туындауынан
және кемістіктің тұрақты функционалдық шектелуге
немесе мүмкіндігі шектеулітікке ауысуынан сақтандыруға
бағытталған шаралар кешені, сондай-ақ денсаулықты
қорғау, адамның тұратын экологиялық ортасын
жақсарту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бейнелеу
өнерітің ана мен баланы әлеуметтік қорғау
жөніндегі іс-шаралар.
Қазіргі таңда ерте алдын
алу шаралары қаралуда. Мұның негізі келесі себептерге
байланысты:
-
балалық шақта жеке
тұлғаның фундаменті қалыптасады;
-
баланың рухани – этикалық
негізі қаланады;
-
баланың нерв жүйесі
өзгеріске тез түсетін нәзік болады;
-
бала еліктеушілікке,
өзін-өзі сендірушілікке тез бой алдырады;
-
осы балалық шақта бала
үлкендерге тәуелді болады, ал ата-аналары оның негізгі
мәртебесі.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға қызметтер
көрсету психологиялық-медициналық-педагогикалық
кеңестердің мамандары әзірлеген жеке бағдарлама бойынша
жүргізіледі. Мысалы: Оразаева Арайлым деген 5 жастағы қыз
бала эпилепсияның бастапқы түрімен ауырады. Анасы оны 3
жасында байқаған. Баланың приступы елеусіз өтеді,
бірақ приступтан кейін қарым-қатынасқа енжар, ұйқысы
келіп, дел-салға түседі. Мұндай кезде мүмкіндігі
шектеулі балаға тыныштықты қамтамасыз етіп, есін
жиғанша күту керек, ол уақыт кейде 4-5 сағатқа
созылады. Осы ауруға шалдыққан соң, оның есте
сақтау қабілеті нашарлап, сөз қоры азая бастады.
Көбірек оқытуға оның көзінің кемістігі,
қылилығы бал. Психолог мамандардың кеңесіне орай,
Арайлыммен үнемі жеңіл 2 немесе 4 жолдан тұратын
өлеңдерді жаттап, оны бірнеше апта бойы, кейде айлап,
күнделікті қайталайды. 5 жасында балабақша
бағдарламасында тақпақтарды жаттау өте
қиынға соқты, оны
үздіксіз қайталап жүрміз. Педагогтардың берген
үй тапсырмасын орындағысы келмейді. Сондықтан арасында
көңілді ойындар ойнауға немесе оның достары жайлы
қөңілді әңгімелер өткіземіз. Былтырғы
көрсеткіштерге қарағанда Арайлым басқа да икемділігі
арта түскен. Санитарлық-гигиеналық машықтары да
жетілген, өз жасына сай дағдыланған. Анасы жылына екі рет стационарлық ем
алуға апарады. Дәрігерлердің ұсыныстарын түгел
орындайды. Баланың емделуінің нәтижесі оның
ата-анасының шыдамдылығы, түсінушілігі, әлеуметтік
қызмет жайында хабардар, сауатты болуына байланысты болмақ.
Білім беру органдарының
ата-аналармен орнатқан әлеуметтік әріптестік жүйесін
жетілдіру, әріптестік педагогиканы дамытудың тиімді жүйесін
қалыптастыру, педагогика мен психология мәселелерінде ата-аналардың
біліктілігін арттыру, балаларларға, студенттерге және олардың
ата-аналарына ақпараттық, құқықтық
және психологиялық көмек көрсету мақсатында 2005
жылы Қазақстан Републикасының Білім және ғылым
министрлігінің Республикалық қоғамдық ата-аналар
бірлестігі құрылды. Бүгінгі таңда Қазақстан
Республикасы Үкіметі және Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар
қоры (ЮНИСЕФ) 2014 жылдың қаңтар айынан бастап
елдің жаңа бағдарламасына қол қойды. Ол 3
компоненттен тұрады:
1.
«отбасы мен қоғамның
әлеуетін нығайту»;
2.
«әлеуметтік қорғау
жүйесін жетілдіру»;
3. «әлеуметтік
саясатты басқаруды әзірлеу».
Мүмкіндігі шектеулі бар бала өмірдің
алғашқы жылдарында әр түрлі ем көрсететін
мекемелерде жиі болады. Әрине емделген дұрыс, бірақ бұл
баланың педагогикалық түзету жұмыстарына
мүмкіндігінше көп уақыт, әрі көңіл
бөлінбесе, балада көп ұзамай сөйлеу
әрекетінің артта қалуы байқалады. Баланы
ауырғанда анасынан айрылғанда оның құбылмалы
қал-жағдайы, теріс эмоциялық фоны және жаңа
ортаға деген адаптация баланың сөйлеу әрекетінің
дамымауына әкеледі.
1. Бабенкова,
Р.Д. Обучение технике письма учащихся с церебральными параличами. Методические
рекомендации / Р.Д. Бабенкова. - М. Просвещение, 2001.
2. Бадалян, Л.О. Детская неврология./ Л.О. Бадалян.- М. Просвещение, 1993.
3. Бадалян, Л.О. Детские церебральные параличи./ Л.О. Бадалян, Л.Т. Журба, О.В. Тимошина. – М. Просвещение, 2004ж.
4. Безруких, М.В. Леворукий ребенок в школе и дома./ М.В. Безруких. -Екатеринбург: 1990ж.