ТАБИҒАТТЫ АЯЛАЙЫҚ

Ғылыми жетекші:  оқытушы Садыбекова Л.С.

Тұрарова Зәуре, Октябрева Балжан В15 ЭКО - СО  тобының студенті

 

         Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс- мекені, алтын ұя бесігі, құт- берекесі. Адам үшін табиғат- ең қаиетті де, қастерлі ұғым, өйткені адамның өзін келтірген аяулы анасы, сондықтан да адамның табиғатты Ана деп құрметтеуінде өте үлкен мән жатыр.

     Бүгінгі күндегі ең үлкен мәселе- ол экологиялық мәселелер ұшаң-теңіз. Ауа мен судың ластануы, ормандардың отқа орануы, көптеген жануарлар мен  өсімдік түрлерінің жоғалып кету қаупі, тіпті қоршаған ортаның көң-қоқысқа айналуы- осының бәрі экологиялық мәселелер. Бұл мәселелердің адам өмірінде маңызы зор. Адам табиғатқа тәуелді болғандықтан, айтылған мәселелерді шешіп, табиғатқа қамқорлық жасауы тиіс.    

    Табиғатты қорғау – адамзат қоғамы мен бүгінгі және келешек ұрпақтың материалдық, мәдени және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында табиғат пен оның байлықтарын тиімді пайдалануға және қайтадан қалпына келтіруге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі, ең алдымен халықтың экономикасын көтеру, табиғатты көріктендіру болашақ ұрпаққа бай мұра қалдыру деген сөз. Әрбір саналы, сауатты қоғам мүшесі осы үш түрлі негізі міндетті орындауды борышым деп білсе,  табиғат артық  ысырап болмайды, ел қазынасы ортаймайды.

         Адам әрекетінен кейін табиғаттың өзгеруі
Ғылыми-техниканың ғарыштап дамуы табиғатты тиімді пайдалану- ісін ұйымдастыруда адамзаттың алдына бірқатар жаңа міндеттер қойып, табиғатты қорғаудың көптеген мәселелерін шиеленістіріп жіберді. Ғылыми-техникалық дамудың барысында негізгі бағыттық әрқайсысы оларды шешудің өзіне ғана тән жолдарын іздестіруді талап ететін табиғатты қорғаудың өзіндік мәселелерін алға тартып отыр. Табиғат ресурстарын пайдалану көлемінің артуы, тұрған ортаның өндіріс және тұтыну қалдықтарымен ластануынын, өсуі, адамзаттың энергиямен қарулануының артуы жаңа заттар жасап өндірістің жаңа салаларының пайда болуы, ауыл шаруашылығын интенсивтендіру, халқы көп ірі қалалардың көбеюі негізгі шешімін тезірек табатын мәселелердің қатарына жатады.

         Соңғы ондаған жылдар ішінде табиғат ресурстарын пайдаланудың артуына байланысты адамзаттың табиғатқа тигізетін әсері өте күшейді. Адамзат өндірістік қызмет процесіне барған сайын табиғатты елеулі өзгерістерге ұшыратушы, табиғаттағы геологиялық жүйенің зат алмасуының тепе-теңдік құрылымын бұзушы қуатты фактор ретінде көрінеді.
Ғылыми-техникалық революция экологиялық ортаның ластануына қарсы күрестің міндеттерін қиындатып жіберді.          Ғылыми-техникалық прогресс өндіріс күшін дамытады, адамдардын, тұрмыс жағдайын жақсартады, оның әл-ауқатын арттырады. Сонымен бірге адамдардың қызметінің артуы, табиғатқа араласуы, кей уақытта қоршаған ортаға экологиялық және биологиялық мағына жағынан ешуақытта айтып қалпына келтіре алмайтындай өзгеріс кіргізеді. Қоршаған ортаның ластануы, бүлінуі, ресурстардың сарқылуы адамдардың тікелей әсерінің нәтижесі.
         Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімдік сақтағанда, адамзат баласы үшін табиғат-кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады. Адам баласы Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.      Акимова Т.А., Кузьмин А.П., Хаскин В.В. Экология. Природа-Человек-Техника: Учебник для вузов.-М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2001.

2.     Аксенов И.Я., Аксенов В.И. Транспорт и охрана окружающей среды. –М.: Транспорт, 1986.

    3. Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. –Алматы:   

         1991.