Атмосфераға әсерді
бағалау
Бектеміров Ә.С., Есенаманова Ж.С., Ележанов Д.Ш.,
Есенаманова М.С., Абуова А.Е.
Атмосфера, адам қызметінің әсеріне жаппай душар ететін
қоршаған орта элементтерінің бірі. Ондай
әсерлердің зардаптары көптеген факторға байланысты
және климат пен атмосфераның химиялық
құрамының өзгерісінде көрінеді. Ондай
өзгерістер атмосфераның өзіне парықсыз болса да, ортаның
биотикалық құрастырушыларға, соның ішінде
адамға маңызды фактор болады[1].
Атмосфера немесе ауа ортасы екі аспектіде бағаланады:
1. Климат және
табиғи себептен немесе антропогенды әсерден оның
мүмкіндік өзгерістері, жалпы айтқанда макроклимат пен сол
жобаның микроклиматы. Мұндай бағалану антропогенды
қызметтің жобалану түрін орындалу үшін климаттық
өзгерістердің мүмкіндік әсерлердің болжауын
ескереді.
2. Атмосфераның ластануы, оның бағалануы
құрылымды сызба бойынша жүргізіледі. Бастапқысында
кешенді көрсеткіштердің ішінде біреудің көмегімен
атмосфералық ластануына жағдай жасауы бағаланады: Атмосфера
ластанудың потенциалы (АЛП), атмосфераның таралуына жағдай
жасау (АТЖ) және б. Сосын сол
аймақтағы бар атмосфералық ластану деңгейінің бағалануы
жүргізіледі. Климаттық-метеорологиялық ерекшеліктер туралы
қорытындылар ең бастысы жергілікті гидрометтің, содан
соң санитарлы-эпидемиологиялық және арнайы аналитикалық
инспецияның және тағы
басқа да әдеби көздердің көрсеткіштеріне
сүйенеді. Сонымен, алынған бағалау және
атмосфераға жобалаған объектінің атмосфераға
нақтылы шығарындылар көрсеткіштердің негізінде арнайы
компьютерлік бағдарламаларды
("Эколог",
"Гарант",
"Эфир" және б.)
пайдалануымен атмосфералық ластанудың болжау бағалары
есептелінеді, олар тек қана атмосфера ластанудың потенциалды
деңгейін есептеуге емес, мөлшерлердің карталық сызбасын
және жер бетіне ластаушы заттардың (ЛЗ) түсу туралы
көрсеткіштерді алуға жағдай жасайды.
Атмосфераның ластану деңгейін бағалау белгісі ол
ластаушы заттардың шекті рауалды мөлшері (ШРМ). Ауада
өлшенген немесе есептелінген ЛЗ ШРМ салыстырылады және сонымен
атмосфераның ластануы ШРМ мөлшерімен өлшенеді. Бірақ
атмосферадаға ЛЗ атмосфераға шығарындылармен
шатастыруға болмайды. Мөлшер – ол көлемнің (немесе
массаның) бірлігінде заттың массасы, ал шығарынды – ол
уақыттың бірлігінде түскен зат массаның шығуы
(б.а. «доза»). Шығарынды атмосфераның ластану критерий ретінде болу
мүмкін емес, себебі ауаның ластануы тек шығарынды
көрсеткішіне байланысты емес, ол басқа да факторға байланысты
(метеопараметрлер, шығарынды көздің биіктігіне және
б.).
Атмосфера ластанудың болжау бағалауы ҚОӘБ
басқа бөлімдерінде басқа да факторлар жағдайының
атмосфералық ластану әсерін болжау үшін пайдаланады (жер
бетінің ластануы, өсімдіктердің вегетациясы,
халықтың денсаулығы және б.).
Экологиялық сараптауды жүргізгенде атмосфералық жағдайын
бағалау зерттелген аймақтың ауа ластанудың интегралды
бағалауында негізделген, оны анықтау үшін тіке немесе жанама
индикаторлы критерийдің жүйесін пайдаланады[2].
Бағалаудың тікелей критерийлері. Ауа ластану
жағдайдың негізгі критерийлары шекті рауалды мөлшердің
өлшемдері (ШРМ). Онда ескеру қажет, атмосфера техногенды заттарды
ластаушыларды тарату ортасы ретінде және барлық абиотикалық
факторлардың ішінде ең өзгермелі және динамикалық
болып, экожүйеде ерекше орын алады. Сондықтан атмосфераның
ластану деңгейін бағалау үшін уақытта диференциалды
көрсеткіштердің бағалауы жүргізіледі: максималды бір
реттік мөлшерлер (ШРМмбр)
(қысқа эфекктілер) және орта тәулікті мөлшерлер
(ШРМот) және орта жылдық (ШРМож)
(ұзақ әсерлер).
Атмосфера ластанудың деңгейі қауіпсіздік
кластың, ластаушы заттардың (ЛЗ) биологиялық
әсердің қосындысын ескере отырып ШРМ еселілік және
жиілілік жоғарлату бойынша бағаланады. Ауаның
әртүрлі қауіпсіздік кластың заттарымен ластану
деңгейі оны ШРМ нормалау концентрацияға немесе 3-ші қауіпсіздік
кластың заттар концентрациясына «келтіру» бойынша анықталады.
Ауадағы ластаушы заттар халықтың денсаулығына
жағымсыз әсер бойынша 4
класқа бөледі: 1-ші - өте қауіпті, , 2-ші
–қауіптілігі жоғары, 3-ші –қауіптілігі біркелкі, 4-ші - аз қауіпті. Жие нақты
максимальды бірретік, ортатәулікті және ортажылдық ШРМ
қолданады, оны атмосферадағы ЛЗ нақты концентрациясымен
соңғы жылдармен, бірақ 2 жылдан аз емес салыстырады[7].
Басқа атмосфералық ауаның қосынды ластану
маңызды критериясы (әртүрлі заттардың ортажылдық
концентрация бойынша) кешенді көрсеткіштердің өлшемі (Р),
әртүрлі қауіпсіздік клас заттар концентрациясының
қосынды квадраттарынан квадрат түбіріне тең, ол ШРМ бойынша
нормалданған және 3-ші қауіпсіздік клас заттардың
концентрациясына келтірілген.
Ауа ластанудың жалпы және ақпаратты
көрсеткіштердің бірі -
атмосфера ластанудың ортажылдық кешенді индексі (АЛОКИ). Оның
атмосфера жағдайдың клас бойынша сандық бөлінуі кестеде
келтірілген. Атмосфера жағдайдың клас бойынша сандық
бөлінуі ластану деңгейінің төртбалдық
класификацияға сәйкес орындалған, мұнда:
«нормалық» класы елдердің қалалар бойынша ортадан
төмен ауа ластану деңгейіне сәйкес келеді;
«тәуекел» класы - орта
деңгейге тең;
«дағдарыс» класы - орта
деңгейден жоғары;
«апат» класы – орта
деңгейден өте жоғары.
АЛОКИ жие әртүрлі зерттелген учаскілерде (қалалар,
аудандар және т.б.) атмосфера ластануды салыстыру және
атмосфералық ластану жағдайдың өзгерістерін
бағалау үшін қолданады [3].
Кесте 1- Кешенді индекс бойынша атмосфера ластану
жағдайын бағалау критерийлары
|
Жағдайдың көрсеткіші |
Атмосфераның экологиялық жағдайдың класы |
|||
|
Норма (Н) |
Тәуекел (Т) |
Дағдарыс (Д) |
Апат (А) |
|
|
Ауа ластану деңгейі |
5 төмен |
5 - 8 |
8 - 15 |
15 жоғары |
Аймақ атмосфераның қордық потенциалы оның
қосындыларды тарату және шығару мүмкіндікпен,
нақты ластану деңгейін ШРМ көрсеткішімен сәйкестік
бойынша анықталады. Атмосфераның тарату мүмкіндігін
бағалау келесі климаттық және метеорологиялық кешенді көрсеткіштерге
сүйінген, олар атмосфераның ластану потенциалы (АЛП) және ауа
пайдалану параметрі (АПП). Бұл сипаттамалар атмосферадан
қосындыларды жинақтауға және шығаруға
жағдай жасайтын метеожағдайға байланысты ластану
деңгейін қалыптасу ерекшелігін анықтайды.
АЛП - ауада
қосындылардың таралуына жағымсыз метеорологиялық
жағдайдың қайталанудың кешенді сипаттамасы.
АПП – ЛЗ шығарындыларын орта рауалды мөлшер деңгейіне
дейін сұйылтуға қажетті таза ауаның көлемі[8].
Атмосфераның қордық потенциалын бағалау
аймақ климат комфорттығын гигиеналық негіздеу, аймақты
рекреациялық және селитебті мақсатымен пайдалану
мүмкіндігін ескере отырып жүргізеді. Мұнда маңызды құрастырушы
ауа-райының жылдың салқын және жылы мезгілдерінде
физиологиялық-гигиеналық классификациясын (температура, ауа
ылғалдылығы, күн радиациясы және б,
метеофакторлардың қосындысы) бағалау болып саналады.
Атмосфераның ластаушы көздерін және селитебті
аймақтарды оптималды орналастыруын бағалау критерий ретінде
атмосфералық ауаның тарату қасиеттерін резервті
(тапшылық) өлшемдер пайдаланды.
Атмосфералық ауа ластану
жағдайын кешенді бағалаудың соңғы кезеңі
техногенды процестердің динамикалық тенденциясын сараптау
және қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді
(перспективті) локалды және ауаданды деңгейде мүмкіндікті
негативті әсерлерді бағалау. Атмосфера ластану зардаптардың
халықтың десаулығына және экожүйе жағдайына
кеңістік ерекшеліктері мен уақытша динамикасын сараптауда
ауаданның табиғи жағдайын сипаттайтын, соның ішінде
ерекше қорғалатын аймақтарды (қорларды және б.)
қартографиялық материалдарды пайдаланып, картаға түсіру
әдісі қолданады (соңғы мезгілде ГАЖ салу арқылы) [4].
Геоэкологиялық бағалауды жүргізгенде атмосфераға
әсерді негіздеу және бағалауда келесіне қарастыруды
ұсынады:
1. Атмосфералық
ауаның барының және болжау ластанудың сипаттамасы.
Объектінің әсерін тигізу аймағында орналасқан ерекше
қорғалатын табиғи аймақтар мен объектілерінде,
тұрмыстық аймақтарында санитарлы қорғау
аймақтарының шекарасында жобаланған объектіні
қосқан соң атмосфералық ауаның болжау ластануын
есептеу және сараптау қажет.
2. Атмосфералық ауада зиянды
заттарды тарау жағдайын анықтайтын, метеорологиялық
сипаттамалар және коэфициенттер.
3. Мекеменің
белгіленген (нормалы) жағдайда пайдалану және
құралдардың максимальды қосылуында атмосфералық
ауаға зиянды заттардың шығуын сандық және
сапалық көрсеткіштері, ластаушы заттардың шығарынды
көздердің параметрлері.
4. ЛЗ шығарындылар
көрсеткіштерін негіздеу, соның ішінде зиянды заттардың
шығарындыларын болдырмау және төмендету шараларын және
пайдаланатын процестер, технологиялық және шаңтазалағыш
құралдардың сәйкестік деңгейін бағалау
тізімін кірістіру қажет.
5. Бір реттік
шығарындылардың мүмкіндік сипаттамасы.
6. Қосынды зиянды
әсеріне ие ластаушы заттары мен заттар тобының тізімі.
7. Шекті райалды
шығарынды нормаларын құру ұсыныстар.
8. ШРШ нормаларына жеткізу
және олардың алдағы ғылыми-техникалық
деңгейге сәйкестігін бағалау
мақсатымен атмосфераға ластаушы заттарды
шығарындыларын төмендету үшін қосымша шаралар.
9. СҚА (санитарлы қорғау аймақтың)
белгіленген размерін негіздеу (жел розасын принятых размеров СЗЗ (с учетом розы
ветров).
10. Болу
мүмкін апаттардың тізімі: технологиялық режимі
бұзылғанда, апатты жағдайларда.
11. Болу
мүмкін апаттардың масштабты сараптамасы, апатты жағдайларды
болдырмау және жою шаралары.
12. Адам мен
қоршаған орта үшін атмосфералық ауаға апатты
ластану зардаптарын бағалау.
13. Анамалды
жағымсыз метеорологиялық жағдайда атмосфералық
ауаға шығарындыларды реттеу шаралар.
14. Атмосфералық
ауа ластануды бақылауды ұйымдастыру.
15. Табиғатты
қорғау шараларының көлемі және атмосфералық
ауаны ластанудан қорғау, соның ішінде апатты және
жағысмыз метеожағдайларда компенсациялық шараларға
капиталды саламдылардың бағалығын бағалау[5].
Атмосфера
шығарындыларын азайту шаралары
Көмірсутекті шикізатты өндіру ауа бассейнін
жаңа ластаушы заттар көлемімен толықтырып отырады.
Атмосферадағы ластаушы заттардың шығарындысын азайтудың
негзгі шараларына мыналар саналады:
·
қолайсыз жағдай туындау периодында технологиялық
регламент жасау;
·
апат жағдайын қалай қабылдауды жұмысшыларды
оқыту;
·
өртке қарсы ережелер мен нормаларды сақтау;
·
ГСМ –ның төгілуін болдырмау;
·
өндірістік қалдықтарды қатаң
анықталған орындарда сақтау.
Атмосфераға тасталатын ластаушы заттардың
көпшілігі немесе негізгі массасы
бұрғылау өндірісі кезінде дизельді ДВС - тан бөлінеді.
ДВС құбырлары негізінен жерде
орналасқан, бұл әрине зиянды заттардың
атмосфераға таралуын болдырмайды. Газ шығаратын мұржаларды
үлкен биіктікке орналастыру мақсатқа сай келмейді, себебі:
1. Ол тым
биікте орналасқан сайын солғұрлым жоғары қуат
пайдаланылады, бұл әрине отын шығынын көбейтіп, зиянды
заттар шығарындысын ұлғайтады.
2. Жоғары вибрация байқалады.
Зиянды
заттар шығарындысын азайту мақсатында мыналарды еске сақтау
қажет:
·
дизельді отын ның өндірістік емес шығынын азайту;
·
ДВС жұмысын отын аппаратын реттеу арқылы жақсарту;
Жоғарда
көрсетілген зиянды заттар мөлшерін азайту, бұл ауа
бассейнінің ластану көрсеткіштерін есептеумен шектеледі[6].
1.
РНД 03.1.0.01.96. Порядок нормирования объемов образования
и размещения отходов производства. Астана, 2004 г.
2.
РНД 211.2.02.01-97 Инструкция по нормированию выбросов
загрязняющих веществ в атмосферу, Алматы, 1997 г.
3.
ОНД-86 «Методика расчета
концентраций в атмосферном воздухе, вредных веществ содержащихся в выбросах
предприятий» М.Гидрометиздат. 1987 г. Унифицированная
программа расчета загрязнения атмосферы «Эколог».
4.
РНД 211.2.02.02-97. «Рекомендация по оформлению и
содержанию проектов нормативов предельно-допустимых выбросов в атмосферу (ПДВ)
для предприятия Республики Казахстан», А.1997г.
5.
«Рекомендация по делению
предприятий на категории опасности в зависимости от массы и видового состава выбрасываемых в атмосферу
загрязняющих веществ». Алма-Ата, 1991г.
6.
Постановление
Правительства РК от 21 июля 1999 года № 1019 «Об утверждении Единых правил
охраны недр при разработке месторождений твердых полезных ископаемых нефти,
газа, подземных вод в РК».
7.
Журнал «Нефть и газ» №2. 2005 г статья «Проблемы загрязнений окружающей
среды нефтегазовой отраслью РК». Е.Т.
Жанбуршин.
8.
Булатов
А.И., Макаренко П.П., Шеметов В.Ю. –М.: ООО «Недра-Бизнесцентр» 1999-634 с.: ил. Справочник
инженере-эколога нефтедобывающей промышленности по методам анализа
загрязнителей окружающей среды.