«Экономиканың  индустриялық-инновациялық  дамуының

 

ғылыми негіздері және тәжірибесі»

Еуразия технологиялық университеті

«Экономика, бизнес және құқық» кафедрасы

Альжанова А.З. аға оқытушы

 

 

Экономиканың шикізаттанжоғары деңгейде тәуелді болуына байланысты Қазақстан тәуелсіздікті алғаннан кейін экономиканы әртараптандыру жолына түсті. Орта және ұзақ мерзімді кезеңде индустриялық-инновациялық бағыт даму векторы ретінде анықталды. 2003 жылы индустриалды-инновациялық дамудың 2015 жылға дейінгі стратегиясы, кейіннен оның орнына 2010 жылы индустриалды-инновациялық дамытудың бесжылдық мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.

2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамытудың стратегиясы орта мерзімді кезеңге индустриялық-инновациялық дамудың негізгі бағыттарын және біртұтас экономикалық саясатты айқындап берген тұңғыш құжат болды. Стратегия келесі мақсаттарға жетуді көздеді:

1.    экономиканы шикізаттық бағыттан өңдеуші бағытқа көшіру;

2.    экономиканы жедел тәртіпте әртараптандыру және жаңғырту;

3.    жоғары технологиялардың индустриясын қалыптастыру;

4.                      әлеуметтік артықшылықтарды пайдалана отырып, бәсекеге қабілеттілікті арттыру;

5.    экономиканы орнықты дамыту [1].

Дегенмен бірқатар жетістіктерге қол жеткізгеніне, қарамастан көрсетілген мақсаттарға белгіленген мерзімде жетудің, оның ішінде экономика құрылымын өзгертудің, қиындығын уақыт көрсетті және оған объективті себептер алға шықты:

-  экономиканың «қызып кетуі» орын алды, себебі оны алдын-ала ескертетін нарықтық механизмдер болмады және экономиканың пропорциональды дұрыс құрылымы қамтамасыз етілмеді;

-  инвестиция мен еңбек ресурстары өндіруші салада ғана қайта үлестірілді, нәтижесінде голланд ауруының белгілері орын алды.

-  әртараптандыру мақсатында қаржыландыруға бағытталған қаражат жеткіліксіз болды, қаражат бөлінген жағдайда шашыраңқы түрде бөлінді, бұл өз кезегінде бюджеттік үдерістегі кемшіліктерді білдірді.

Нәтижесінде аталған стратегияның орнына 2010-2014 жылғы бесжылдыққа арналған үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама шикізаттық емес салалардың халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету арқылы экономиканы орнықты дамыту мақсатын анықтады. Индустрияландырудың негізгі көрсеткіштерінің бірі ретінде өндіріс факторларының өнімділігін және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру айқындалды.

«Индустрияландыру» (латын тілінен аударғанда – «жігер, ынта, қызмет» мағынасын білдіреді) – халық шаруашылығының барлық саласында, оның ішінде өнеркәсіпте, ірі машиналық өндірісті құру үдерісі. Индустрияландыру келесіні қамтамасыз етеді [2]:

-  ел экономикасында өнеркәсіп өнімі өндірісінің басым болуы;

-  аграрлы немесе аграрлы-индустриалды елдің индустриалды-аграрлы немесе индустриалды ел қатарына өтуі.

«Индустрияландыру» дәстүрлі (аграрлық) қоғамның қазіргі заманғы қоғамға (өнеркәсіптік) ірі машина өнеркәсібін және өндірістік технологияларды құру жолымен айналуын сипаттайтын әлеуметтік процесс. Индустрияландырудың міндеті – «экономикалық өсудің» нарық жағдайында тепе-теңдікке өзі келетін машина арқылы өмір сүру стандартын арттыру болып табылады (ХХ ғасырдың 50-60жж. – өркениеттің жаңа сапалы деңгейге өтуінің қозғаушы күші ғылыми-техникалық революция болған жаппай индустрияландыру кезеңі).

Индустриялық дамуға қатысты теориялық негіз болған өнеркәсіпті ұйымдастыру саласындағы зерттеулер болып табылаыды. Сонымен бірге, өнеркәсіпті ұйымдастыру теориясына зерттеушілер мен мемлекет басшылығы тарапынан ерекше көңіл бөлінді. Алайда экономикалық ұғым ретінде бәсекеге қабілеттіліктеп дербес қарастырылды.

 

1 кесте. У. Ростоу әдістемесі бойынша индустриалды дамудың сатылары

 

Индустриалды

даму кезеңі

Сипаты

Дәстүрлі

қоғам

Экономика ауыл шаруашылық сипатқа ие, қарапайым өндіріс

тән, өндіріс ауқымы төмен (феодализмнің соңына дейінгі кезең -

орта ғасырлық Еуропа, Қытай монархиясы)

Өтпелі қоғам

Ғылым  ашулары  өндіріске  енгізіледі,  капитал  қорланымы

болады, «жаңа үлгідегі кәсіпкер адамдар» пайда бола бастайды,

бірақ  еңбек  өнімділігі  төмен  (Батыс  Еуропа,  XVII  ғасырдың

соңы – XVIII ғасырдың басы)

Даму кезеңі

Өнеркәсіптегі    техникалық    дейгей    күрт    жоғарылайды,

фабрикалар    саны    көбейеді,    қалалар    саны    артады,

инфрақұрылым қалыптасады (транспорт, байланыс, жол және

т.б.),  жаңа  кәсіпкерлік  орта  дамиды  (Ұлыбритания,  XVIII

ғасырдың соңы – XIX ғаксырдың басы)

Жедел  жетілу

кезеңі

Экономиканың  орталық  күші  машина  жасау,  химиялық  және

электортехникалық өнеркәсіпке ауысады, әлемдік шаруашылық

қалыптасады (Батыс Еуропа, XIX ғасырдың соңы)

Жаппай

тұтыну кезеңі

Қазіргі заманғы капитализм, қоғам өндіруден тұтынуға және әл-

ауқаттылыққа    ауысады,    ұзақ    мерзімді    қолданыстағы

тауарлардың  (тұрмыстық  техника,  автомобиль,  электрондық

техника, видеоорнатпа, т.б.) үлесі артады, бала туу саны артады,

жоғары    білікті    және    техникалық    жоғары    деңгейде

жабдықталған жұмысшы қалыптасады

 

Қазіргі заманғы институционализмнің бағыттарының бірі индустиралдық қоғам теориясы болып табылады. Бұл теорияның пайда болуы қоғамның дамуындағы түбегейлі өзгерістермен шартталған. Өзгерістер әлеуметтік, мәдени салалармен бірге техникалық салаларда орын алып жатыр. Микроэлектроника, есептеу техникасы мен машина жасау, информатиканың пәрменді индустриясы, ғарышты игеру, термоядролық синтез энергиясын игердің нақты мүмкіндіктері – бұның барлығы технологияның қоғамдық жедел даму факторы ретіндегі ролін шарттайды. Еңбектің мазмұнымен бірге өнімділік те ондаған есе артады. Нәтижесінде қоғам сипаты өзгереді [3].

Индустриалды қоғам мәселелерімен баспада алғаш шыққан американдық экономист, әлеуметтанушы, тарихшы Уолт Ростоу (1916 жылы туылды) болды. У. Ростоу қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық дамудың үрдістерін түсіндіруге мүмкіндік беретінін, бұл арада орталық буын өндірісті ұйымдастыру бойынша арнайы білім мен техника институттары болатынын дәлелдеді.Нақты экономикалық категория ретінде индустриалды қоғамның негізін қалаған француздық экономист Реймон Арон (1905-1983) болды. Ол өз тұжырымдамаларын 50-жылдардың ортасында Сорбоннадағы дәрістерінде оқыды. Алайда индустриалды қоғамға қатысты оның алғаш жарияланымы «Индустриалды қоғам туралы он сегіз дәріс» 1962 жылы ған ажарық көрді.

Д. Белл Маркстік теорияның өндіріс әдісінің келесі «екі аспектісі» ретінде қоғамның өндірістік қатынастары мен оның өндірістік күштерін атай отырып, Раймон Аронның еңбектерінде айтарлықтай дамыған индустриялық қоғам теориясы осы Маркстік теорияның екінші аспектісінен, яғни өндіріс әдісінен шығатынын көрсетті.

 

2 кесте. Д. Белл әдістемесі бойынша индустриалды дамудың кезеңдері

 

Даму кезеңі

Сипаты

Индустриалды дәуірге

дейінгі кезең

-   шаруашылық  қызметтің  өндіруші  түрлеріненегізделді:жер өңдеу, балық аулау, пайдалы қазбаларды игеру, т.б.;-   бұл   кезеңге   адам   мен   табиғаттың   өзара   әрекетіненегізделген және маманданбаған физикалық еңбек тән;

-   негізгі ресурс – жер;

-   негізгі субъект – жер иеленуші.

Индустриалды

кезең

-   ең алдымен өңдеуші сипатқа ие;

-   тауарларды    жаппай    өндіру    үшін    энергия    ментехнологияны  қолдану  арқылы  дамыған  фабрикалықөндіріспен сипатталады;

-   еңбек адамның жасанды табиғатпен, яғни машиналармен әрекеттесуімен, анықталады;

-   негізгі ресурс – капитал;

-   негізгі субъект – кәсіпкер-капиталист.

Постиндустриалды

кезең

-   алдыңғы   кезеңде   қалыптасқан   экономика   салаларысақталып   дамиды,   бірақ   шаруашылықтыңсервистік(қызмет   көрсету)   салалары   басым   болады:   сауда,, қаржы, денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, транспортт.б.

-   бұл   қызметтер   жоғары   мамандандырылған   күрделіеңбектің нәтижесі болып табылады.

-   тұрмыс   қалпы   адамдардың   өзара   әрекеттесуіменсипатталады;

-   негізгі ресурс – ақпарат;

-   негізгі субъект – ғалым.

 

 

Бәсекелік артықшылықтардың барлық жиынын шартты түрде үш топқа бөлуге болады: ресурстық – ерекше сапаға немесе мөлшерге ие ресурсқа ие болу (табиғи, еңбек, инвестициялық, т.б.); операционды – бар ресурстарды қолдану тиімділігі немесе деңгейлік сипат (инфрақұрылымдық, инвестициялық орта, ғылыми-техникалық, біліми, т.б. орта); стратегиялық – бәсекелік артықшылық субъектісін дамытудың анықталған стратегиясы мен осы стратегияның сапасы (бәсекелік орта, әлеуметтік-мәдени, инновациялық, ақпараттық, ғаламдық).

Дамудың қазіргі сатысында артықшылықтардың түрлері ресурстықтан стратегиялыққа күрделенуде және соңғылары маңыздырақ болып келе жатыр. Бәсекелік күрес барлық деңгейлердегі стратегиялардың күресіне айналып бара жатыр, ал стратегиялық құраушы (компонента) бәсекеге қабілеттіліктің негізгі сипаттамасына айналып келе жатыр [4].

Экономикалық бәсекеге қабілеттілік концепцияларының ішінде атап өтетіні:

а) кластерлік концепция, оның шегінде түрлі салалардың фирмаларының бірігуі жүзеге асады, мұнда бұл бірігудің ішкі ресурстарды тиімділі қолдану қабілеті принципиалды маңызға ие болып табылады. Осылайша бәсекелік орта жетіледі, кәсіпкерлік орта жақсарады, өндірістің табыстылығы артады, халықты жұмыспен қамту мәселесі шешіледі, интеграциялық әлеует (потенциал) күшейеді;

б) бәсекеге қабілеттілік әлеуетінің жинақталу концепциясы, бұл концепцияға сәйкес елдер бәсекеге қабілетті дамудың 4 сатысынан өтеді. Алайда аталған сатыларға инфрақұрылымдық және ақпараттық сатыларды қосу орынды болады деп ойлаймыз, себебі олар экономиканың әр түрлі даму деңгейінде бәсекенің сәттілігінң критикалық факторын дәлірек анықтауға мүмкіндік береді;

в) бәсекелік дамудың екі жолы концепциясы (жоғарғы жол - әлемдік білім мен технологияны жеделдетіп игеру, өзіміздің ҒЗТКЖ мен инновациялық өндірісіміз арқылы бәсекеге қабілеттілік пен экономикалық өсу, төменгі жол - өндіріс шығындарын азайту және өзіміздің төмен бәсекелі өнімімізге бағаны төмендету арқылы бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізу);

г) «кеңістіктік даму» концепциясы, ауқымды ұғыммен қызмет етеді:территориалды, аймақтық кеңістік, локализция зоналары, кеңістіктік факторлар мен координаталар, даму поюстері мен дәліздері, кеңістіктік коммуникациялар (стратегиялық жоспарлаудың қалыпты жабдықтарын (инструментарий) кеңейтеді);

д) ғаламдық даму концепциясы, бұл концепцияның шегінде ел үшін жеке ғаламдық позициялық негізгі бағыттарын дайындау қажет [5].

Қазақстан экономикасының қазіргі кезеңдегі даму процесінде бәсекелестік артықшылыққа қол жеткізу, оны қалыптастыру біршама қиындықтар туғызады.        Елімізде қалыптасқан жағдай дәстүрлі нарық елдерінен ерекшеленуіне байланысты қазақстандық тұтынушылық тауарлар нарығын толық талдауды қажет етеді.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1.      «Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы // Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен күші жойылды

2. Днишев Ф.М. Проблемы инновационно-технологического развития Казахстана в рамках евразийской цивилизационной общности // Вопросы развития национальной экономики: российский и зарубежный опыт. - Пермь, 2011.

3. Экономика: учебник / под ред. А.И.Архипова, А.Н. Нестеренко, А.К. Большакова. - М.: “Проспект”, 1998. - 326 с.

4. Нурмуханова Г.Ж. Формирование конкурентоспособной экономики Республики Казахстан: методологические подходы, проблемы и перспективы развития (на примере промышленности): д. на док. экон. наук. - Алматы, 2008.

5. М.  Портер  Конкуренция.  /  пер.  с  англ.  -  М.:  Издательский  дом «Вильяме», 2000.