ОҚО бойынша сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың даму бағыттары

 

Жаздыкбаева Д.П. –магистр, аға  оқытушы

«Мирас» Университеті, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы

 

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Президентінің жолдаулары мен мемлекеттік даму бағдарламаларымызда отандык өндірушілер мен барлық әлеуметтік қызметтегі тұлғалардың аясында бәсекеге қабілетті болу мақсаты атап көрсетіледі. Қазіргі кездегі дүниежүзіндегі экономикалық дағдарыстар, халықаралық сауданың әрқилы жағдайларға ұшырауы елімізге де теріс әсерлерін тигізді. Осындай халыкаралык экономикалық қатынастарда Қазақстанның дамуы отандық өндірушілер мен кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігіне байланысты болып табылады. Осы бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатындағы мемлекеттік іс-шаралардың бірі - өңірлерде кластерлік жүйелерді іске асыру көзделіп, бұл өз кезегінде аймақ экономикасын тұтастай көтеретіндігі анықталып, жүзеге асырылу үстінде.

Агроөнеркәсіптік өндірістің соңғы нәтижелері тек тікелей ауыл шаруашылығының даму деңгейіне ғана емес, сонымен қатар соған қызмет көрсететін салаларға да байланысты. Ауыл шаруашылығының өндіріс көлемі ұлғайған сайын материалдық-техникалық ресурстарды, қажетті шикізаттарды, қосалқы материалдарды т.б. жұмсау мөлшері де ұлғаяды. Шаруашылық электр - энергияға, транспортқа, байланыс құралдарына, өнімдерді сақтауға деген қажеттіліктері де көбейеді.

Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық ресурстарын ең алдымен ауыл шаруашылығының барлық салаларында жұмыс істейтін еңбек құралдары мен заттары құрайды. Оларға жер, тракторлар мен ауыл шаруашылығы машиналары, двигательдер, күш қондырғылары, мал және мал өнімі, көп жылдық екпе ағаштар, ирригациялық құрғату жүйелері, жолдар, үйлер мен ғимараттар, тұқым, жем, тыңайтқыштар, жанар майы, құрал-сайман және басқалары жатады. Ауылшаруашылығы экономиканың күрделі саласының бірі:

Біріншіден, ол табиғат климат жағдайына тәуелді.

Екіншіден, өндіріс циклі ұзақ әрі маусымдық сипатта.

Үшіншіден, ауыл шаруашылығын маусымдық шығындарын несиелеудің дамыған жүйесіне өте мұқтаж.

Төртіншіден, қысқа мерзімді несиелер нарығында шағын ауыл    шаруашылық кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігі төмен.

Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерге қызмет көрсеткенде өндірістің осы ерекшеліктерін ескерген жөн. Оның үстіне ауыл шаруашылығы дайындау, ұқсату, қызмет көрсету, сауда және басқа ұйымдардың, сондай-ақ материалды-техникалық ресурстарды жеткізушілердің монополиялық әрекетінен үнемі зардап шегетінін ұмытпау қажет. Еліміздің кластерлік жүйелерді жүргізу деңгейі - түпкі өнімге дейінгі өндірісті іске асыру сызбалық құрылымдарда ғана көрсетілген бағыттар бойынша жүргізілуді. Ал кластер ішіндегі құрылымдық жүйелердің қарым- қатынастарын ұйымдастыруды жетілдіру, кластер кәсіпорындары мен ғылыми әлеует, интеллектуалды адам ресурстарын жетілдіру қорлары арасында байланыстырады дамыту жолдары толық қарастырылмаған.

Аймақтар тарапынан кластерлік даму технологияларын қолдану кәсіпорындар, мемлекет және білім беру ұйымдары арақатынастарының тиімді жүргізу механизмі тетіктерін құруға бағытталуы мүмкін. Жұмыс нәтижесі аймақтық билік және басқару органдарына, ғылыми және білім беру ұйымдарына, сондай-ақ және аймақ кластеріне қатысуына мүмкін басқа да қатысушыларға бағытталады.

Жаһандану нарығы жағдайында жоғары тиімділікке ие аймақтың экономикалық стратегиясын өңдеу, бар кезде жұмысшыларды оқыту және оларды дайындау, ғылыми және технологиялық мүмкіндіктерін жоғарлату, халықаралық нарықта даму және сол аймақтың экономикалық көтерілуін қамтамасыз етіп отырады.

Кластерлер концепциясы саясаттың көп салаларында экономика қажеттіліктері шеңберінен шығатын ойлаудың ерекше нысанының дамуын қамтамасыз етеді. 1-суретте кластерлер мен экономикалық саясаттың өзара байланысы көрсетілген.

Кластерлер түсінігіне негізделген бағыт ғылым мен технологияны, білім мен профессионалдық дайындауды экспорт пен шетелдік инвестицияларды тартуға арналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


1-сурет. Кластерлер және экономикалық саясат

 

Кластерлер, әдетте, дамыған экономика жағдайында анығырақ көрінеді. Дамушы экономикада өнеркәсіптік кәсіпорындардың көбісі жергілікті базада немесе жергілікті нарыққа қызмет көрсететін шетелдік компаниялардың еншілесі түрінде болады. Экспорттық салалар ресурстық және еңбек шығындарын артық пайдалануға бет бұрады. Дамушы экономикадағы кластерлер асығыс жүргізіледі де, шетелдік өндірушілерден келетін сервис пен технологияға, қосалқы бөлшектерге арқа сүйейді.

Кластерлерді ромб қырлары бейнесінде елестетуге болады, сондықтан оның барлық қырлары да тең деп түсіну керек. Кластерлер бәсекелік күреске үш тәсілмен әсер етеді:

Біріншіден, кластерге кіретін фирмалар мен салалардың өнімділігін арттыру;

Екіншіден, инновацияға қабілеттілігін арттыру;

Үшіншіден, жаңа бизнесті ынталандыру.

Кластер шекарасы салалық жіктеудің стандартты жүйесіне бағынбайды.

Қазақстанда да кластерлік дамуды қолдап жүрген экономист-ғалымдар, авторлар бар. "Мемлекеттің бір-бірімен байланысты, бір-бірін толықтыратын салаларды реттеуі Қазақстан Республикасында тамақ өнеркәсібінің кластерін қалыптастырады.

Егер сүт өндірісінде кластерлік даму қалыптасса, кластердің құрамдас элементтері болып: ауылшаруашылығы, машина және құрал-жабдықтар жасау, химия өнеркәсібі, сапаны бақылау жүйесі, білікті мамандар дайындау және қайта дайындау, сервистік ұйымдар (жарнама, консалтинг агенттіктері), жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары Қауымдастығы, дизайнерлік компаниялар, көтерме және жеке сауда желілері табылады.

Сүт өндірісінің Қосылған Құн Тізбегіне (ҚҚТ) кіруі мүмкін салалар мен ұйымдардың қазіргі жағдайларын қарастырайық.

ҚҚТ-не кіретін сала ретінде машина жасау саласында, тоқыма, сүт өндірісі үшін даму бағыттары келесідей:

1)                Өндірістегі стандарттау жұмыстарын халықаралық стандарттарға сәйкестеу;

2)                Құрал-жабдықтарды лизингтеу және төлемін 5-10 жылға созу несиесін ұйымдастыру;

3)                Құрал-жабдықтармен кешенді түрде жабдықтау және сервистік қызметті, мамандарды станокпен қолдануға үйретуді ұйымдастыру;

4)                Маркетингтік зерттеу негізінде клиенттердің жеке топтарының қажеттіліктерін қанағаттандыратын техника түрлерін шығаратын жаппай өндірістен сериялық, дара өндіріске көшу.

Нарық жағдайында өндіруші өз өнімдерінің өткізілуіне тікелей мүдделі болады. Осы ретте сүт өнімдерін өткізудің бірнеше жолдары болуы мүмкін. Өткізу каналын таңдап алу - кәсіпорын үшін стратегиялық маңызы бар мәселе. Таңдап алынған өткізу каналына талдау өткізіп отыру арқылы нарық талаптарынан, бәсекелестерден шет қалмауға болады. Өткізу каналын таңдауда, осы каналдарға әсер ететін факторларды кешенді қарастыру керек. Өткізу каналының факторларына келесілер жатуы мүмкін: тұтынушылар, тауар, ұйымдастыру деңгейі, сыртқы орта.

Сүт өнімдерін өткізудің дилерлік желісін таңдап алса, келесі шарттарды ұстанғаны жөн:

-                     Дилерлер үшін кәсіпорынның ең аз базалық бағасы бойынша шектеулер          қойылуы;

-                     Ай сайынғы ең аз сатып алу көлемін анықтау;

-                     Бір дилер арқылы өндірілген өнімнің 25-30 %-ның ғана өткізілуі;

-                     Жеңілдіктер жүйесінің сатылым көлеміне байланысты болуы.

Кәсіпорынның өткізу каналы ретінде дилерлік желіні таңдап алуының өз артықшылықтары бар: бартерлік операциялардың, қолма-қол ақшалардың болмауы, сапаны басқаруға, менеджментті жетілдіруге, өндірісті ұлғайтуға, ноу-хау енгізуге, жалпы өндірістік сұрақтарды шешуге мүмкіншіліктерді жұмылдыру.

Қазақстандық сүт өндірісі үшін дилерлік желі арқылы өнім өткізуді ұйымдастыру өткізудің тиімді каналы болуына кең мүмкіншіліктер бар. Кәсіпорынның таңдаған өнімді өткізу каналына сәйкес, қосылған құн мөлшері де әр түрлі болатынын айта кеткен орынды. Кәсіпорынның меншікті сауда орны болса, қосылған құн мөлшері аз болады, ал күрделі өткізу каналын таңдаса, мысалы, өндіруші – агент – дилер - көтерме сауда - жеке сауда - тұтынушы, қосылатын құн мөлшері де жоғары болмақ. Сүт өндірісіндегі ҚҚТ-нің ұзақтығы өткізу каналының ұзақтығына байланысты болады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.       Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу -Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері», Астана 2010 ж., қаңтар.

2.       Дүйсенбаев К. Ш., Төлегенов Э. Т., Жұмағалиева Ж. Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. – Алматы: Экономика, 2001.

3.       Бисенғазиев М. Б., Хамитов А. Ш. Кәсіпкерлік негіздері. – Орал, 2001.

4.       С.Байзақов, Н.Райхан. Қазақстан экономикасын кластерлер көтереді//Ақиқат, 2009,№1,№2

5.       Джумагазина А.К. Учет и аудит затрат и калькулирование себестоимости молочной продукции. Автореферат дис. К.э.н. 08.00.12., Алматы, 2000.