Қазіргі замандағы буддизм

 

Дәрібай Еркін Сәбитұлы ЭЭ-15-1 топ студенті,

ғылыми жетекші Адылханова Самал Ерденовна

ҚарМТУ, қ. Қарағанды.

 

Буддизм – алғаш әлемді бейбіт түрде мойындатқан дін. Үнді жерінен бастау алып, кейіннен шығыс елдеріне кең етек жая бастаған. Буддизм әлемдік үш діннің қатарына кіреді. Будда бір мезгілде индуизм, даосизм, синтоизм, немесе кез келген басқа «жергілікті» дін болуы мүмкін, сондықтан да әлемдегі буддистердің нақты санын белгілеу өте қиын. Қазіргі уақытта, тек буддалық монахтар шамамен бір миллион болып табылады.

Буддизм алғашқы сәттен бастап діни өмір формаларына және барлық салт-жоралғыларға, сонымен қатар абстрактілі догмалық ізденіске, брахмандық дәстүрге қарсы болды. Ортақ мәселе ретінде буддизм тұлғаның бар болуын қарастырды. Буддизмнің ерекшелік сипаты оның теориялық емес, этикалық бағдар алуында. Мақсаты – адамдарды түрлі рухани азаптан босату және оған жету жолдарын іздестіру болды.

Буддизмнің негізгі мазмұны Будданың төрт игілікті ақиқатты уағызы: 1. Өмір азапқа толы; 2. Ол азаптардың өзіндік себебі бар; 3. Азаптарды тоқтатудың мүмкіншіліктері бар; 4.  Азаптан құтылу кезі бар. Оларды түсіндіру және ережелерін дамыту буддизмнің құрылуына арналған.

Буддизм адамның азапқа түсуі, оның қанағатсыздық, құштарлық, әуестену сезімдерінің нәтижесінен деп түсіндірді. Яғни, азаптың басты пайда болу факторларын осылайша айқындады. Және келесі кезекте осы азаптардан құтылудың жолдарын қарастырды. Буддизмнің пікірінше, азаптан құтылу арғы дүниеде емес, осы дүниеде іске асады. Ол үшін адам баласы талабын азайтып, нәпсісін басу керек деп тұжырымдады. Сонда ғана адам жаны тыныштыққа жетеді деді, оны «нирвана» деп атады.

Буддизм де өзге әлемдік діндер сияқты біртұ­тас емес. Дүние жүзінде бұл діннің тармақтары өте көп. Хинаяна немесе тхеравада және махаяна негізгі бағыттары болып табылады.

Хинаяна – “құтылудың тар жолы” ілімі бойынша архат – кемелденген адам нирванаға жеткен соң жерге қайтып келмейді. Мұндағы дінге сенушілер рухтармен, перілермен, қорғау­шы құдайлармен тығыз араласады. Оларға арнап діни рәсімдер өткізіп, өздеріне көмек сұрайды. Хинаяна бағыты Үндістан, Шри-Ланка, Бангладеш, Бирма, Тайланд, Лаос, Камбоджа, Малайзияда тараған. Қазір Шри-Ланкада хинаяна – ресми мемлекеттік дін. Мұнда буддалық сангханың үш үлкен бағыты және 20-дан астам ұсақ монахтық бірлестіктері бар.

Негізгі бағыттардың бірі – сиамдық бағыт аралдың орталық аудандарында, ал амарапура мен рама бағыттары шеткі жағалауларда таралған. Канди қаласындағы Буддаға арналған Далада Малигава храмы буддашылардың қасиетті діни орны болып есептеледі. Осы орталық ауданда олардың табынатын қасиетті жерлері шоғырланған. Сиам-никай Канди қауымдастығының монахтары осы жерлерде діни саяхат жасаушыларды қабылдап, діни мейрамдар мен ғұрыптарды өткізеді. Қазіргі кезеңдегі буддизм ілімінің сақтаушылары және ошағы кандилық сангха деп есептеледі. Буддизм­нің мемлекеттік мәрте­бесі Шри-Лан­каның Кон­ститу­циясы­мен бекі­тілген. Мем­лекеттік ту­ларында қы­лыш ұстаған арыстанмен қоса Буддаға шындық ашылған қа­сиет­ті Бодхи ағашының жапырақтары бейнелен­ген, тудың түсі де сар­ғыш, монахтардың дәс­түрлі киімдерінің түсімен боялған.

Қазіргі Шри-Ланкада 20 мыңнан астам монах­ өмір сүреді, орта есеп­­пен алғанда әр храм­ға 3 монахтан, 1300 будда­шыға бір храмнан келеді. Жалпы елде 8000 буд­далық храм мен монас­тырлар бар. Бұл храм­дарды Шри-Лан­каның тарихи ескерт­кіштері мен мәдение­тінің жиын­тық орталық­тары десе болады.

Үндіқытай  түбегін­дегі елдердің 94%-ы буд­дизмді ұстанады. Тұр­ғын­дардың 80%-ы хи­ная­на бағытында, тек Вьетнамда махаяна бағы­ты тараған. Буддизм қауымдары – бұл елдер­де феодалдық қоғам ке­зеңінен сақталған күр­делі иерархиялық жүйе. ХХ ғасырдың 60-80-ші жылдарынан бастап буддизмді жаңа ғасыр жағ­дайына бейімдеу мә­селесі көтерілген бола­тын, әр елде бұл өзгеріс­тер әрқалай жүруде. Тай­ландта тұрғындардың 93%-ы,  Камбоджа, Лаос­та 90%-ы буддизмді ұстанады. Бұл ел­дердегі сангханың діни-саяси, әлеуметтік қыз­меттері жүйелі бағытта дамыты­лып отырады.

Махаяна (құтылудың кең жолы) Орта Азия елдерінің көбінде тара­ған. Бұл бағыттағы кемелденген адам (бодд­хисатва) нирванаға жетіп, жер бетіндегі адам­дарға көмек беру үшін қайта оралады. Махаяна бағыты Қытайда біздің дәуіріміздің бірінші мыңжылдығында пайда болып, ерекше даму жолын тапты. Қытайдың дәстүрлі діндері – кон­фуцийшылдықты, дао­сизмді ысырып, бір­неше рет мемлекеттік дін дең­гейіне көтеріл­ген­дігі тарихтан белгілі. Буддизм Қытай мәдение­тіне елеулі ықпал еткенін қазіргі қытай әдебие­тінен, сурет және сәулет өнерінен көреміз.

 Қазіргі кезеңдегі буддизм өте күрделі, қарама – қарсы құбылыстарға тап болған жағдайлар да кездеседі. Кейбір халықтарда орта ғасырлардан қалған әдет-ғұрыптар, ілімдер, ағымдар сақталғанымен дінге көптеген өзгерістер енгізіліп, көп жағдайда көптеген ережелерін қалдырған. АҚШ «буддизмді оқыту институтын» құрды. Ондағы ойы бұл дінді құрметтеу емес еді, жердегі дүниеге, өмірге қызықпау мәселесін үгіттеп, жоғарғы өмірге қызықтыруға жасалған агрессорлық бағыт еді. Азия елдерінде социалистік идеологияның тарауынан буддистердің арасында қызығушылық пайда болып, «буддизм социализмі» деген ұран пайда болды. Бұл ұран бүкіл Азия елдерін жайлады. Цейлон, Бирма, Кампучия, Лаос, Тайланд, Жапон елдерінің буддистері бұл ұранмен социалистік режимді қолдағандарын білдіріп, социализм құруда халықпен бірге болды.

 Будда діні бүгінгі таңда біздерге түсініксіз десек, артық айтқан болмаймыз.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.     Егемен Қазақстан, 90-93 (25939), 12.03.2010 ж.

2.     Философия (оқулық), Д. Кішібеков, Ұ. Сыдықов, Алматы НҰР-кітап, 2002 ж.