Ахметова Клара Нуртугановна
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің магистранты
Аймақтың экономикалық қауіпсіздігін дамыту бағыттары
Ұлттық қауіпсіздіктің ажырамас
бөлігі болып табылатын «экономикалық қауіпсіздік»
ұғымы біздің өмірімізге тұрақты енді
және қоғамның постиндустриялық даму
жағдайындағы ХХ ғас. екінші жартысы үшін тән
сипат алды. «Құқықтану», «тәуекелдер экономикасы»
және «қауіпсіздік теориясы» сияқты үш ғылыми
бағыттың (триада) қиылысында – экономикалық
қауіпсіздік және оны қалыпты реттеу
қазақстандық экономикалық ғылымның басты
назарында. Соның негізінде, бүгінгі таңда мемлекеттің, оның аймақтарының және
ұйымдарының, мемлекеттік және кәсіпкерлік қызмет
салаларының экономикалық мүдделерін қорғау
әдістері мен тетіктерін қалыптастырудың жаңа
тұжырымдамалық әдістерін іздестіру жүргізілуде, ол
Қазақстан аймақтарының
әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясынан көрінеді.
Жалпыға
мәлім, Қазақстан Республикасының экономикалық
қауіпсіздігі бүгінде саяси және мемлекеттік
қайраткерлер, құқықтанушылар, экономистер
және т. б. жіті назар аударып отырған проблемалар қатарына жатады. Әлемдік экономиканың
жаһандану жағдайында республиканың экономикалық
қауіпсіздігін қамтамасыз ету - елдің тәуелсіздігі мен
ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің
маңызды кепілі. Әлсіз және тиімсіз экономика жағдайында
ішкі және сыртқы қауіп-қатерлердің
тегеурінін, елдің
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күшті және
ұтқыр әскери күштерді ұстап тұру
қиындық тудырады. Сондықтан, ҚР Президентінің
«Қазақстан - 2050 стратегиясы: қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан
халқына Жолдауында аймақтардағы
әлеуметтік-экономикалық жағдайларды теңдестіру
қажеттілігіне аса маңызды көңіл бөлінген.
Бұл мәселені шешу үшін аймақтық экономикалық
мүдделерді іске асыруға бағытталған
аймақтық саясаттың жаңа жолын қолданған
дұрыс.
Соңғы жылдары жұмыссыздық, қылмыс, капиталдың безінуі, сыбайлас
жемқорлық және басқа да теріс құбылыстар
сақталып отыр, сондай-ақ олар айтарлықтай
алаңдаушылық туғызуда. Осылайша, қылмыстылық,
елден капиталдың кетуі және сыбайлас жемқорлық
мемлекетке тікелей қауіп төндіретін құбылыстар,
сондықтан қалыптасқан жағдайда экономикалық
қауіпсіздікті ұлттық,
қоғамдық, экологиялық, ақпараттық,
әскери қауіпсіз-діктермен бірдей қауіпсіздіктің
маңызды түрі деп танып, заңдастыру қажеттілігі Қазақстан Республикасының
«Ұлттық қауіпсіздігі туралы" Заңының 18-бабымен реттелді.
Бүгінгі таңда қалыптасқан
жағдайларда аймақтық деңгейде экономиканы қайта
құру үдерісі анағұрлым белсенді болып отыр,
бұл аймақтың экономикалық қызметінің
субъектілеріндегі нарықтық экономиканың
заңнамалық актілері мен тетіктерін іске асыру қажеттілігімен
түсіндіріледі. Осы шарттарда аймақтың ерекшеліктерін, аса
маңызды өндірістік және өмір сүруді
қамтамасыз етуші салалардағы жеке сектордың
басымдылығын ескеретін аймақтық экономикалық саясатты
қалыптастыру жүргізіліп отыр. Әр аймақ, жалпы
экономикалық тенденциялар мен құбылыстардың күшті
ықпалына ұшырай отырып, дәл сол уақытта
өзінің қауіпсіздік мәселелеріне ие, олар
аймақтың ерекшеліктерімен анықталады: жағрафиялық
орны, климаттық жағдайлары, экономика салаларының
құрылымы, тұрғындардың ұлттық құрамы
және оның мінез-құлқының
мәдени-тарихи дәстүрлері.
Экономикалық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері шешімін табуды,
аймақтардың экономикалық қауіпсіздігі мен
тұрақты дамуының жаңа мәселелері мен
қатерлері олардың алдын алуды және жоюды қажет етеді.
Осыған байланысты
әкімшілік басқарудың аймақтық деңгейінде
экономика-лық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің
теориялық әдістерін зерттеу, экономикалық қатерлерді
айқындау әдістемесін жасау, қазіргі жағдайлардағы
экономикалық жүйелерді басқарудың тетігі ретіндегі
экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы
бағыттарды және аймақтық саясатты негіздеу ерекше
өзектілікке ие болып отыр.
Бүгінгі таңда
экономикалық әдебиеттерде экономикалық
қауіпсіздіктің тұжырымдамалық аспектілері кеңінен
көрсетілген. Осыған қарамастан, аймақтардың
экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі
жеткіліксіз зерттелген. Мұндай жағдай бірнеше себептердің
ықпалымен қалыптасып отыр.
Біріншіден,
Қазақстан Республикасы аймақтарының экономикалық
дамуының өзіндік ерекшеліктері бар, ол аймақтық
экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін шешуге
жобаланады және қазіргі жағдайларда нақты
аймақтардың экономикалық қауіпсіздігін сипаттайтын
қолданыстағы көрсеткіштердің нақты модификациясын
талап етеді.
Екіншіден,
Қазақстан аймақтарының экономикалық
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бір біріне
қайшы келетін түрлі әдістемелік көзқарастардан
қарастырылады.
Көрсетілген
жағдаяттар аймақтық экономикалық қауіпсіздік
деңгейін бағалаудың жалпы қағидаларын
әзірлеуді қиындатады, сондай-ақ мемлекеттік және
жергілікті билік органдарының мақсаттарын, шараларын және
нақты әрекеттерін модификациялаудың қажеттілігін
түсіндіретін аймақтың экономикалық даму ерекшелігін
ескеретін қауіпсіздікті қамтамасыз етудің нақты
шараларын әзірлеуді де қиындатады.
Аймақтық дамудың
экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін
зерттеу үшін әдістемелік маңызы бар әзірлемелерге
Бхадури А., Кейнс Дж. М., Коуз Р., Ласка К., Левчик Ф., Лист Ф., Маркс К., Мюнх
Р., Мюрдаль Г., Оппенлендер К., Самуэльсон П., Смит А., Гал З., Хорват Г.
сияқты ғалымдардың еңбектері жатады.
Әлеуметтік-экономикалық жүйелер дамуының
тұрақсыздығы және әркелкілігі шарттарында
аймақта болып жатқан негізгі экономикалық процестерді
көрсететін және аймақтардың экономикалық
қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіндегі аймақтар
дамуын мемлекеттік реттеудің түрлі тетіктерінің тиімділігін зерттеуге
мүмкіндік беретін имитациялық үлгілерді әзірлеу
мәселері аса өзекті болып отыр.
Экономиканы
дамытудың және экономикалық қауіпсіздікті
қамтамасыз етудің аймақтық аспектілері В.Анищенко,
И.Долматов, Д.Доценко, Н. Дюженкова, Л.Коршунов, Н.Красников, И.Новикова,
Е.Микульчинова, А. Татаркин, А.Чимитова, О.Ютяева және т.б.
ғалымдардың жұмысында сипатталған. Алайда,
экономикалық қауіпсіздіктің қатерлерінің
жеткілікті түрде зерттелгендігіне қарамастан, аймақтық
шаруашылықтың қосалқы жүйелерінде пайда болатын
қатерлерді егжей-тегжейлі қарастыру қажеттілігі туындап отыр.
Қазақстандық
ғалымдар да аймақтардың экономикалық қауіпсіздігі
және тұрақты дамуы мәселелерін зерттеуге өз
үлестерін қосты. Іргелі жұмыстар-дың қатарында А.Есентугелов,
А.Қошанов, Н.Нұрланова, Н.Бримбетова, Г.Нұрлихина, М.Спанов
сынды ғалымдардың еңбектерін бөліп көрсетуге
болады.
Қытай ғалымы
Джанг Ёнг «экономикалық қауіпсіздік» терминіне қысқа
анықтама берді: «Қытай сияқты дамушы елдер үшін
экономикалық қауіпсіздік экономикалық тәуелсіздікті
сақтай отырып, ұлттық экономикалық даму арқылы
барлық тұрғындардың өмір сүруінің
дүниежүзілік стандарттарын біртіндеп өсіруді қамтамасыз
ету қабілеті деп анықтаған дұрыс. Басқаша
айтқанда, экономикалық қауіпсіздіктің екі жағы
бар: бәсекеге қабілеттілік және тәуелсіз
экономикалық еркіндік». Осы екі «жақтың» ішінен авторды
екіншісі көбірек толғандырады. Ол барлық зерттеулерін шет ел
капиталының қытай экономикасына әкелген зардаптарына арнаған.
Қазіргі
уақытта қолданбалы сипаттағы зерттеулер жүргізу
үшін әдістемелік база қалыптастырылған, ол
аймақтың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз
ету облысындағы басқару функцияларын анықтау бойынша
тұжырымдамалық ережелер мен әдістемелік рекомендациялар
деңгейіне шығуға мүмкіндік береді.
«Аймақтың экономикалық
қауіпсіздігі» түсінігінің заманауи экономикалық
әдебиеттерде көрсетілген анықтамаларын жалпылай отырып, аймақтың экономикалық
қауіпсіздігі ретінде экономика тұрақтылығын, оның
даму кезеңділігі мен даму тұрақтылығын, еркіндік
деңгейі мен ел экономикасымен ықпалдасу деңгейін, сонымен
бірге мемлекеттік биліктің аймақтық органдарының
шаруашылық субъектілерінің мүдделерін іске асыру мен
қорғау тетіктерін қалыптастыру қабілетін, аймақтық
ықпалдастықтың әлеуметтік-экономикалық
тұрақтылығын қалпында ұстау қабілетін сипаттайтын
шарттар мен факторлардың жиынтығын атап көрсетуге болады.
Қызылорда
облысындағы өндірістік қызметтің негізгі
бағыттарының бірі- мұнай мен газ өндіру, оларды
өңдеу болып табылады. Мұнай өнеркәсібі
өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының
жетекші бағытына жатады.
Бүгінгі
таңда өңірде үш ірі мұнай өндіруші
компаниялар жұмыс істейді:
«Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» («ПККР»)
АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ («ҚМГ»), «Қазгермұнай» ЖШС БК
(«ҚГМ»).
Құмкөл
— Қызылорда облысында орналасқан мұнай-газ кен
орны. Тұран мұнайлы-газды аймағына жатады. 1984 жылы ашылған.
Көмірсутектерінің
кені 0,9 — 1,4 км тереңдікте орналасқан. Ұңғымалардың
бастапқы
дебиті 20 — 130 т/тәу. Мұнай тығыздығы 812 — 819 кг/м3,
күкірттің мөлшері 0,11 — 0,52 %, парафиндер 10,8-11,5 %,
асфальтендер 0,11-0,92 %, шайыр 4,88,42 %. Бастапқы мұнай
қоры - 90 млн. т. Өндіру Орталығы —
Қызылорда қаласы.
"ҚГМ"
Қызылорда облысында орналасқан Нұралы, Ақсай,
Ақшабұлақ сияқты үш кен орнын игереді. Осы кен
орындарында өндірілетін мұнайдың тығыздығы жоғары - American Petroleum
Institutions шкаласы бойынша 37-ден 44 градус (Urals және Brent
әлемдік маркалардың биржаларында тіркелген осы шкалада
тығыздық тиісінше 32 және 31 градусты құрайды)
күкірт құрамы төмен, - 0,4%. Дәлелденген
мұнай қоры шамамен 43 млн. тоннаны (шамамен 350 млн. баррель)
құрады.
2030
жылға қарай Қызылорда облысында мұнай өндіру 250
мың тоннаны құрайды деп болжанып отыр.
Қызылорда
облысының экономикалық қауіпсіздігінің әлсіз
жақтарына (қауіптерге) мыналарды жатқызуға болады:
· жан басына шаққандағы ІАӨ көлемі төмен,
әлеуетті ІАӨ шығыны, бюджет дефициті байқалады;
· залалды, рентабельділігі төмен кәсіпорындар
үлесінің жоғарылығы;
· өнеркәсіптік өндірісте өңдеуші
кәсіпорындар үлесінің төмендігі; халықтың
13% күн көріс минимумынан төмен тұрады; орташа
жалақының төмендігі.
Ал
күшті жақтары: халық санының артуы; инфляция
деңгейі қалыпты шектерде; халық негізінен сапалы импорт
өнімдерін тұтынады; инвестициялар айтарлықтай мөлшерде,
ең алдымен мұнай өнеркәсібіне салынады; мемлекет
және халықаралық гуманитарлық ұйымдардан
бөлінетін негізгі қаражаттар мен құралдар
халықтың өмір сүру деңгейі мен
аймақтың инфрақұрылымын қолдауға кетеді.
Аймақтағы
әлеуметтік - экономикалық жағдайды жақсарту үшін
байыпты шаралар қабылдау, даму бағдарламаларын әзірлеу,
сенімді саясат жүргізу керек.
Мұнай
өндіре отырып, аталған кәсіпорындар қайырымдылық,
демеушілік құралдарының көмегімен, Қызылорда
облысының өсуі мен өркендеуі үшін ірі салықтар
мен басқа да төлемдер арқылы аймақтың дамуына
көбірек көңіл бөлуі тиіс. Ең алдымен,
Қызылорда қаласы мен аудандардың инфрақұрылымын
дамыту, мұнай өндіру, өңдеу, азық-түлік
өнеркәсіптерін дамыту қажет, ауыл шаруашылығын ары
қарай дамыту, сондай-ақ білім беру мен мәдениет салаларына
заманауи жаңартулар ендіру керек.
Бүгінгі
таңда әлемдегі дамыған елдердің қайсы біреуінен
де таза нарықтық қатынастарды іздеп, таба алмайсыз. Іс
жүзінде ұлттық және әлемдік шаруашылықта
аралас экономика қалыптасқан. Мұның өзі таза
күйінде нарықтық критерийлер мен механизмдер әрекет
етпейді және әрекет етуі мүмкін емес деген сөз, себебі
кез келген ұлттық шаруашылық меншіктің
көптүрлі формалары мен кәсіпкерліктің
көпқырлы қызметтерінен құралады және
нарықтық, корпоративтік, мемлекеттік,
халықаралық тәрізді экономикалық реттеу
түрлерінің аралас әрекетінен түзіледі. Мұндай
жағдайда мемлекет осы жүйенің ажырамас бір бөлігі,
сонымен бірге бүкіл жүйенің өміршеңдігі мен
қызмет атқаруының кепілі ретінде көрінеді.
Мемлекеттік реттеу өркениетті
бизнес әрекетін қалыптастырудың негізгі құралы
және халықтың әлеуметтік теңсіздігін салыстырмалы
түзейтін жағдайларды орнықтыратын күш болып табылады.
Егер тұрақты экономикалық даму болмаса, онда оның
өмір сүруінің мүмкіндіктері қысқарады, ішкі
және сыртқы қатерлерге төтеп беруі төмендейді.
Бірыңғай жүйе ретіндегі экономиканың ең
маңызды сипаты тұрақтылық болып табылады, ол жүйе
ішіндегі тікелей, көлденең және тағы басқа
байланыстардың төзімділігі мен сенімділігін, ішкі және
сыртқы әсерлерге қарсы тұру қабілетін сипаттайды.
Аймақтың
экономикалық қауіпсіздігін тұжырымдық негізде,
Қазақстан Республикасының ұлттық
қауіпсіздік тұжырымдамасының аймақтық
деңгейге жобаламасы ретінде қарастырған абзал, бұл жеке
адамдардың, қоғамның, мемлекеттің өмірлік
маңызы бар мүдделерін ішкі және сыртқы
қатерлерден қорғауды қамтамасыз ету үшін
қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Абиль Е.
История государства и права Республики Казахстан в
древнейших времен до начала ХХ века. Алматы, 1997.
2.
Гранберг А.Н. Основы региональной
экономики.
Москва, 2004 г.
2.Глобализация и экономическая
безопасность Республики Казахстан в условиях глобализации. http://www.studfiles.ru/preview