БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕУДІҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ

 

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

аға оқытушы, магистр Темирханова Қ.Ш

 

 

 

Қоғамның даму әлеуеті білім деңгейі мен білімділік көлемімен өлшенеді. Әлеуметтік ортадағы адамзат баласының білімділігінің негізін қалайтын қасиетті орын мектеп. Ғылымның әрбір саласынан хабар беретін мектеп оқуы жүйелілігімен бірізділігімен ерекшеленеді.

Жалпыға ортақ білім беру ағарту саласындағы негізгі буын мектептер арқылы орындалады. Ал осы мектепке қабылдау неше жастан басталу керек? Оған қандай даярлықпен келу керек деген мәселелер әлі шешімі табылмаған мәселе болып отыр. Балабақша білім беру жүйесінің бірінші сатысы ретінде балаларды мектепке даярлауда маңызды қызмет атқарады. Бала мектепке қаншалықты сапалы және уақытылы дайындалса, соғұрлым оның келешекте білім алуы нәтижелі болады. Жалпы білім беретін мектептердің бірінші сыныбына қабылданған балалар, мектептің оқу жүйесінде айтарлықтай қиындықтарға ұшырайды. Олардың сәтсіздіктерінің басты себебі мектептік оқуға даяр еместігінде. Бірінші сыныпқа берерде баланың тек биологиялық жасына немес дене дамуының көрсеткіштеріне сүйенбей, мектепке психологиялық даярлығының өлшемін жасап алу қажеттігін тәжірибе көрсетіп отыр.

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарына арналған мемлекеттік бағдарламысымен еліміздегі білім туралы заңының талаптарына сәйкес мектепалды даярлық сыныптарының жұмысы қайта жандардырылуда. Бұл игі шараның үлкен жетістіктерінің бірі бір сыныптас балалардың жас мөлшерлерінің реттелуінде және баланы заманауи талаптар тұрғысынан дамыту ісінің мақсатты түрде, жоспарлы әрі қарқынды жүргізіле бастауында. Республикамызда мектепалды сыныптарын тәмәмдаған балалар бірінші сыныпқа қабылданады [1]. Ал мектепке отбасынан, балабақшадан келген балалар мектептік оқуға даярлық деңгейлерін тексертуден өтеді.

Бұл үрдістің қажеттілігі бірінші сыныпқа қабылдап алатын ұстаз олардың әрқайсысының білімі, іскерлігі дағдысының көлемі туралы мағлұмат алады. Баланың одан әрі дамуы мен білім алуы барысында бұл мәліметтер аса құнды құрал болып табылады. Жеке адам тек білімділігімен ғана емес жан жақтылығымен бүкіл адами қасиеттерінің жиынтығымен ерекшеленеді. Бірінші сыныпқа келеген бала даралық сапаларымен таныла отырып, бір ортаға бейімделіп, төселу кезеңін бастан кешіреді. Бұл жолдағы қиындықтар барлық бейімделу сатыларындағы қиындықтармен ұқсас, яғни, баланың құрдастарымен қарым-қатынасы, мұғаліммен қарым-қатынасы құрдастарымен тіл табысуы сөйлеу ерекшелігі түсіну ұғыну деңгейлері осының барлығы баланың психикасына едәуір күш түсіреді. Мектепке психологиялық даярлық мәселесі туралы Ресей ғалымы И.В.Дубровина былай дейді: Мектептің бірінші сыныбына барынша жақсы даярлықпен келетіндер мектепке дейінгі кезеңде отбасында, балабақшада жүйелі түрде үйрету жұмыстары жүргізілген балалар. Баланы мектепке психологиялық тұрғыда даярлау мәселесін ең алғаш көтерген белгілі педагог К.Д.Ушинский болды [2].

Ол мектептегі оқуға дайын бала оқығысы келу тілегімен ұзақ  уақыт бойы зейінің шоғырландыра алу қабілетімен дағдыланбаған жағдайда баяу меңгерілетін нәрселерді жылдам игеретіндігімен сипатталады. Кез-келген ғылыми зерттеу жұмысы тарихи даму жолына өтеді.  Балаларды мектепке дарлау мәселесі іс-жүзінде Ресейде 1970 жылдардан басталса, Батыс Еуропа елдерінде 1950 жылдардан бастау алады. Батыс Еуропада баланың мектепгі оқуға психологиялық даярлығының диогностикасы тәжірибиелік әрекет ретінде қалыптасты. Мысалы, Германияда мектепке бірінші сыныпқа баратын баланы сынақтан өткізетін екі орталық жұмыс істейді.

Бұл орталықтардың міндеті мұғалімнің, баланың ақыл-ой қабілеті туралы мүмкіндігінше тез әрі батыл түрде мәлімет алуына көмектесу болатын. 1954 жылы  чех ғалымдары А.Керн мен Я.Йирасек мектепке психологиялық даярлық диогностикасы туралы ғылыми ізденістер жүргізіп, зерттеу қорытындысы ретінде әйгілі А.Керн Я.Йирасек тестін ұсынады. Олардың пікірінше бірінші сыныпқа келген бала оқушыға тән кейбір белгілерді игеру қажет.

1.ақыл - ой кемелі

2.көңіл- күй кемелі

          3.әлеуметтік қатынастар кемелі.

А.Керн мен Я.Йирасек ақыл-ой кемеліне баланың заттардың жеке бөліктерін қабылдай алуын салыстыра отырып, ойлай алу қабілетін, көңіл-күй кемеліне баланың мінезінің тұрақтылығын жатқызады. 1965 жылы Америка зерттеушілері Ф.Л. Иг пен Л.Д. Эймс мектепке психологиялық даярлық диагностикасынан төмен көрсеткіш берген балаларды мектептен шығарып алып көптеген жаттығулар жүргізіп, даярлықтың белгілі бір деңгейіне жеткізіп барып, мектепке қайтадан беру керек-деген пікір айтқан. Республикамызда әр жылдары мектепке даярлау мәселесін зерттеумен айналысқан ғалымдар еңбектерін талдау барысында зерттеушілердің мәселені психологиялық тұрғыда емес, педагогикалық тұрғыдан шешуді басшылыққа алғандары айқындалды [3].

Мәселен, Б.Баймұратованың «Балаларды мектепке даярлау жөнінде» еңбегінде мектепке даярлау мектепке дейінгі кезеңін басты мәселелерінің бірі деген бағытты ұстана отырып, негізгі міндетті мектепке дейінгі мекемелер қызметі-деп тауып, балабақшадағы оқу-тәрбие үрдісі арқылы шешу жолдары ұсынылады. Мәселен:

1.Баланың тілін дамыту арқылы

2.Сауат ашу жұмыстарын жандандыру арқылы

3.Балаларға қосымша мәтіндер оқып беру арқылы

Зерттеушінің баланы мектепке даярлау бала жеті жасқа толғанда емес, оның сәби шағына басталуы тиіс деген пікірі әлі күнге дейін өзектілігін жойған жоқ. Мектепке психологиялық дайындықты анықтаудың негізгі мақсаты мектепке бейімделе алмаудың алдын-алу болып табылады. Көптеген ата-аналар баланың мектепке бару үшін тек әріптерді танып, санай алса болғаны-деп тұжырымдайды. Әрине бұл да маңызды фактор. Баланың мектепке психологиялық жағынан дайындығына назар аудармайды.

Әрине, балабақшада да өзіндік әдіс-тәсілдерін қолданады, сабақтар өтіліп, психолог-педагогта балалармен жұмыс жүргізіп мектепке дайындайды. Алайда баланың жан-жақты дамуына мектепке бейімделуіне ата-аналар көп әсер ететіндігін біле бермейді.

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. - Астана, 2010.

2. Шаповалов А.А. Аз и Буки педагогической науки:введение в педагогическое исследование. –Барнаул:Издательство БГПУ, 2002.

 3. Ковалева Е., Синицына Е. Готовим ребенка к школе. –М.:Лист-Нью, 2000.

 

.