Педагогические науки/ 5. Современные методы преподавания

п.ғ.к., профессор Казимова Д.А.

3-курс студенті Калиева А.Б.

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан Республикасы
 
 

ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА САНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРДЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 
Қазіргі заманғы мектептің білім беру процесінің тиімділігін арттыру үшін сандық білім беру ресурстарын пайдалану жаңа мүмкіндіктер береді. 
Сандық білім беру ресурстарын жалпы білім беруде қолданылуы сабақ барысында жағымды  әсер қалдырады,  оқушылардың  жан-жақты қызметіне де көп көмегі тиеді.  
Сандық білім беру ресурстары (СББР) - сандық фотосуреттер, бейне клиптер, статикалық және динамикалық модельдер, виртуалды шындық нысандар мен интерактивті модельдеу, картографиялық материалдарды, дыбыс, сипаты субъектілері мен іскерлік графика, мәтіндік құжаттар, сондай-ақ оқытуды ұйымдастыру үшін қажетті басқа да білім беру материалдарын ұсынатын процесс.
Сандық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, оқытушылар оқу барысында сабақ ұйымдастырушы және кеңесші болып табылады. Сандық білім беру ресурстары оқытушыны немесе оқулық көзін ауыстырмайды, бірақ түбегейлі оқыту сипатын өзгертеді. Оқу процесінде сандық білім беру ресурстарын енгізу, ол бізге бұрын шешілмеген мәселені шешуге мүмкіндік береді және оқытушы мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Сандық білім беру ресурстары оқушылардың қазіргі заманғы нысандарын қолдануға, жоғары интерактивтілік және мультимедиалық оқытуды қамтамасыз етуге, оқыту деңгейін саралау мен даралауға мүмкіндік береді. Сандық білім беру ресурстарын оқытуда қолдануы окушының өмірлік мәселелерді шешуге, білімін арттыруға, тәжірибе жинақтауға көмектеседі.
Қазіргі заманғы сандық білім беру ресурстары тиісті:
-         Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің нормативтік актілер оқулығының мазмұнына сәйкес;
-         оқытудың қазіргі заманғы талабына сай, жоғары интерактивтілік және мультимедиалық оқытумен қамтамасыз ету;
-         өзіндік және топтық жұмыстармен қамтамасыз ету;
-         сандық білім беру ресурстарын басқа бағдарламалармен пайдалануға мүмкіндік беруі;
-         ыңғайлы интерфейстің болуы.
 
Сабақ дайындауға оқытушыға көмек
 
Сабақ барысында оқытушыға көмек
 
Үй тапсырмасын дайындауда оқушыға көмек
Жеке сандық объектілер арқылы  сабақтарды  модель-деу.
Мультимедиялық проектор арқылы дайындалған сандық объектілерді көрсету.

 

Жаңа нысанмен материалды таныстыру арқылы оқушылардың пәнге деген  қызығушылығын арттыру.

Пән туралы білім-дерін тереңдету үшін қосымша және анықтамалық ақпа-раттарды қолдану.
Виртуалды зертханалар және зертханалық жұмыс режимінде орнатылған интерактивті модель-дерін пайдалану.
Баяндамалар, рефераттар, презентациялар және энциклопедиялық сипаттағы қосымша ақпарат алуға мүмкіндік дайындау үшін үлкен дерекқор нысандарын қолдану.
Сандық білім беру ресурстарының жиынтығы бойынша ақпарат алу үшін тиімді іздеу.
Оқушылардың компьютерлік тестілеу мен білімін бағалауда  көмек.
 
Пәндік виртуалды ортада оқушылардың шығармашылық қәбілетін дамыту.
Тест, өздік жұмыс, шығармашылық тапсырмаларды дайындау.
 
Оқушылардың жеке ғылыми-зерттеу және
шығармашылық жұмыстарын орын-дауда сабақта сандық білім ресурстарымен қамту 
Оқушыларды қазіргі заманауы ақпараттық технологияларды қолдануға қатыстыру және ақпараттық технологияларды қолдану мен олармен жұмыс істеу қажеттілігін қалыптастыру .
 
Білім беру саласында немесе білім беру электрондық ресурстарды пайдаланылатын бағдарламалық өнімдер мазмұны және олардың функцияларына сәйкес мынадай топтарға бөлуге болады: ақпараттық-анықтамалық материалдар (энциклопедиылар, анықтамалар, сөздіктер, журналдар және т.б.); оқу үшін арналған электрондық кітаптар; электронды түрде оқу-әдістемелік материалдар; Интернет-ресурстары; біріктірілген электрондық оқыту құралдар (оқу бағдарламалары, электрондық оқулықтар, оқу-жаттығулар мен оқу ойындар жинағы).
Осылайша, білім берудегі сандық білім беру ресурстарын пайдалануда оқытушыларға  сапалы түрде  сабақ мазмұнын, әдістерін және оқытудың ұйымдастырылуын өзгертуге мүмкіндік береді. Педагогикалық қызметтің жақсартылған құралдары оқыту сапасы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сандық білім беру ресурстарын оқыту дәстүрлі құралдарымен салыстырғанда көп артықшылықтары бар. 
Оқу үрдісінде электрондық оқыту материалдардын пайдалану - оқу үрдісін жандандыру, оны оңтайландыру, оқыту идеясын жүзеге асыру, оқушылардың қызығушылығын арттыру, өз бетінше жұмыс көлемін арттыруға, сабақтың қарқының арттыруға мүмкіндік жолдарының бірін ұсынуға талпыныс болып табылады. Сандық білім беру ресурстары логикалық ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді. 
Сондықтан, сандық білім беру ресурстарды оқу процесінде енгізу оқушылардың сапалы дайындалуына көмектеседі.
 

Қолданылған әдебиеттер:

1.            http://group-global.org/ru/publication/31198-ispolzovanie-cifrovyh-obrazovatelnyh-resursov-v-uchebnom-processe