ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ РӨЛІ

 

Филология ғылымдарының кандидаты ,профессор Кабатаева К.Т.

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Акатаева Ш.Б.

Педагогиеа ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Баербекова А.Е.

 

Қарағанды қ.,Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті 

 

Тіл білімі  тілдің түрлі салаларын, олардың дамуын және ішкі заңдылықтарын зерттейді десек, ал психология психикалық түрлі құбылыстырды – ой,сезім,түйсік, қабылдау,жадында сақтау қабілетін, ептілік, мінез-құлықты қарастыратын ғылым. Тілмен ойлау өзара байланысты. Тіл білімі психологияның жүйелі байланысын қалыптастырады. Ой,сезім, жадында сақтау, қабілет адамдардың өзара пікір алысу, бір-бірімен қарым-қатынас жасауы арқылы сөйлеу процесіне тікелей қатысты. Ал білім беру, өзге тілге қатысты ұсынылатын оқу материалдары үйренушінің ең бірінші, қабілетіне, екінші, жадында сақтау ерекшелігіне, үшінші, «мен» деген сезіміне  тікелей байланысты және осыған негізделіп ұсынылуы қажет. [1]. Оқытушының үйренушіге ұсынылатын оқу материалдарын есте сақтау мүмкіншілігінің қаншалықты екендігін, ақпаратты алудағы қысқа және ұзақ есте сақтау ерекшелігін, ішкі сөйлеу әсері арқылы қайталау әрекеті, сөздерді жадында ұстану, буынан бастап мәтінге дейін анықтау міндетті және қажеттілік. Жадында сақтаудың күрделілігін ескерсек оны былайша жіктеуге болады:

 есте сақтау мағынасына қарай: өзеркінше,кейде қалай болса,солай  және есте сақтауға арналған материалдардың сипатына қарай (образды оралымдар,эмоциялы,логикалық психологиялық, көкейтестілік, танымдық ), естің өлшемі ( қысқа, жылдам, ұзақ) міне осындай жадында сақтаудың  ерекшекліктерін  оқытуда міндетті түрде ескеру қажет. Олай болмаған жағдайда жүйелі берілмеген білім және ұсынылатын оқу материалдары оқыту процесіне кедергі келтіреді әрі жадында сақтау қабілетін төмендетеді. Сондықтан да оқу материалдарын, оның ішінде жаттығулар, сөйлеу жағдаяттық және сұхбат  тапсырмалары осы жадында сақтау ерекшеліктерін ескере отырып ұсынылған жөн. Тағы бір айта кететін жайт – үйренушінің өзге үйрену процесіне кірер алдында оның тілді үйрену қабілетін, жаратылысынан қалыптасқан психологиялық бейімділігін, аффектілік толқынысын ескеру.

Ал бұл міндет дәл қазіргі уақытта ақпарат алу, оны жадында сақтау және қабылдауда танымдық  психологиялық жадында сақтау қабілеті болмайынша, өзге тілді меңгеру мүмкін еместігін дәлелдеп отыр. Яғни конгнитивті лингвистикалық тұрғыдан келу, тілді үйренушілердің сөйлеудегі, қарым-қатынастағы ойын,білімін,пікірін және белгілі бір танымын анықтау қызметі болып саналады. Адамның  тілдік құлығын, әлеуметтік құлықтан бөліп, жеке қарсатыруға болмайды, себебі кең ауқымдағы қатынасқа түсу және тілдің сөз байлығын, лексикасына дағдылану әрі дамыту сол тілдің мәдениетін меңгеруіне байланысты. Сондықтан  тілді меңгеру – тілдік жүйенің барлық құрылымы мен бөлшектерін ғана меңгеру деп ұғынылмаса керек, ол әлеуметтік жағдайға қатысты әр түрлі қатынас құру, оның ішінде әр түрлі сөйлеу жағдаятында еркін ойын және жеке пікірін білдіруге төселдіру  екендігін Б.В.Беляев өзінің еңбектерінде көрсеткен. Жеке тұлғанаң психологиялық ерекшеліктері, дербес тұрақты қызметі, сезімі оқыту процесіне әсер етеді. Мұндай қасиеттер – жадында сақтау, мінез-құлық, эмоция, « мен» деген сезім, өзін-өзі бағалау, әрбір тіл үйренуші өзінің осындай дербес психологиялық қасиетіне байланысты оқытушы және топтағы үйренушілерге әртүрлі қарым-қатынаста қарайды. Оқыту процесінің нәтижесі  әлеуметтік этномәдениетіне байланысты болады. Олар өздерін тұлға ретінде көрсетуге тырысады. Көбіне оқытушымен қайшылықтарға барады, берілген оқу материалдарына және оқыту әдістемесіне қанағаттанбайтын кездеріде болады. Мұндай кезде оқытушының негізгі міндеті – өзінің тілді үйрету қызметінде осындай үйренушінің  психикасын, қасиеттерін, еркешеліктерін ескере отырып, олармен жайлы климат орнатуға, тіл табысып, қошеметтеуі керек. Біздің ойымызша, тілді меңгеру түсінгі өзінің бастауын когнитивтілингвистика, әлеуметтік лингвистика мен нейролингвистикадан алады. Яғни конгнитивті лингвистика, тұрғысынан келу тіл үйренушінің қарым-қатынасқа түсудегі ойын, пікірін, танымын  және белгілі бір  көзқарасын анықтау болса, нейролингвистикалық  тұрғыдан келу тілді меңгеруде үйренушінің қоршаған орта, шындық өмір мен байланысын танып – білуін қамтиды. Бұл тұрғыда  негізінен адамның қызмет саласындағы қабілет  белсенділігін тудыратын әлеуметтік-тұрмыстық  жағдайға қатысты сөйлеуде қолданылатын сөздер  мағынасын, синонимдер мен сөз тіркестерін жүйелі қолдана білу, ұлттық мәдениетіне қатысты лексиканы игеру білімділігін кеңейту және сөйлеу жағдаятында білімі мен қабілетін білдіру қарастырылады.

Психолингвистика тұрғысынан келу тілді меңгерудің  негізгі ерекшеліктерінің бірі – үйренушінің жасы мен білім деңгейі. Яғни, тілді үйренуді неғұрлым жас кезінде бастаса, соғұрлым тілді тез үйренеді.Осындай адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасқа түсу жағдаятындағы негізгі құралы – тіл ғасырлар бойы психолог ғалымдарды толғандырып келеді, олардың пікірінше, тіл тек қана ойды білдірудің  құралы ғана емес, сонымен бірге жан толқынысын, сезімін білдірудің құралы ретінде де танылады. Ал мұндай тілді үйренудегі сезім мынадай психологиялық ұстанымдар арқылы жүзеге асады.

·                        Үйрету

Үйретуші түсіндірген тақырыбы жөнінде оқушының бұрынғы білімін ескеруі қажет және оны тілді үйрету барысында бағалауы, есте ұстауы міндеттеледі. Жаңа білімді жаңа технологиялық әдістер арқылы  үйренушіге бір нәрсені түсіндіру тәртібімен және бұрынғы білімдерін кеңейту  қабілетімен  ұсынылғанда ғана үйренуші үшін мағыналы болады. Берілген  тақырыптың негізін түсіну қабілеті түрлі әдіс-тәсілдерді дұрыс қолданып және жүйелі тәртіпте ұсына алатын жағдайда  жүзеге асады. Үйрету жолында үйренушінің білімдерін дұрыс қолдану үшін түрлі мүмкіншіліктер берілуі тиіс. Егер бұлай болмаған жағдайда үйренушінің талабы жойылады. Ұстаздың білім дәрежесі, әдістемесі, оқытушыға құрметі жоғары  дәрежеде болғанда ғана үйренушіге басшы бола алады.

·                        Сезімталдық

Бұл ұстаным таза ойлау және мораль дамуын мақсат етеді. Білім беру, тілді үйрету үйренушінің өзіне  сенуіне, жоғары талғамына және қабілетіне жәрдемші болуы  керек. Үйренушінің мен деген ойы жүзеге асуы қажет.

·                        Жүйке

Психологтар үйренуші мен оның  ми қатпарлары арасындағы байланысты зерттегенде, үйрету  уақытының соңында жаңа нейрондар пайда болады дейді. Әрбір үйрену кезеңі жаңа нәтижені ортаға шығарады. Адамның миы бірнеше қызметті бір кезеңде мезгілде жасай алады, яғни ойлау мен сезу сияқты түрлері бір кезеңде қызметке қосылады. Үйрену физиологиялық бір кезеңмен қатарлас. Жүрек ,өкпе, бүйрек сияқты ми да үлкен қызмет ететін орган. Сол себептен де тіл үйретуде пайда болатын жүйкенің нашарлығы күйзелістерді  назардан тыс қалдырмау керек, үйретуші үйренушінің сезімдеріне қарай әрекет істеуі керек.  Ми жеке бөлшектерді және тұтас бүтінді де бір мезгілде қабылдайды. Мидың  қызметі айналасындағы қоршаған ортаның әсерінен көргендерінен үлкен туынды шығаратын өнер адамы сияқты әрекет жасайды, сол себептен де үйретуші үйренушінің миына ауыртпалық жасауы мүмкін.

·                        Қарым-қатынас

Тіл үйренушінің үйрену кезеңінде белсенділігі аса жоғары болу қажет. Бұл кезеңде үйренушінің толықтыру  іс-әрекеті маңызды. Егер үйренуші жиі сөйлемесе, музыка аспабын жиі тартпаса, яғни қайталау болмаса, тілді ешқашан үйренбейді.

Бұл ұстаным бойынша яғни қарым-қатынас сұрау берудің ерекшеліктері  зор. Сұрақ қою – ойды қозғалысқа келтіретін бір тәсіл. Адам ойы, пікірі тек қана сұрақ қою арқылы ортаға шығады. Ақыл ойын жұмыс істету үшін сұрақтарға мұқтаж болады. Ал тілді үйрену ақыл-ойдағы  сұрақтарға жауап табуға бағытталғандықтан,  үлкен мағынаға ие болады. Ойлаудың өзі белгілі бір түрткі болатын тақырыптарға байланысты.[3,32] Сол себепті белгілі бір тақырыпты үйрету үшін алдымен осы тақырып жайлы логикалық, танымдық сұрақтар берілуі қажет. Үйретуші осы тақырыпта сұрақтар қою арқылы  қызығушылығын арттыру қажет. Психология ғылымында психодиагностика  жайлы көптен айтылып жүр.

Білім беру саласындағы педагогтардың психодиагностиканы тілді үйренушілермен жұмыс барысында пайдаланылуы өте қажет, себебі психодиагностика үйренушінің тілді үйренудегі қабілетін, мүмкіндігін, танымын және өзге тілді үрей, қорқыныш әсерін анықтауға көмектесетін ғылым.

Психологтар жеке тұлғаны іс-әрекетпен байланыстыра, келіп, ондағы мақсат жай ойдан шығарылған жасанды нәрсе емес, оның түпкі мәні адамның  қажеттілігін өтеу, ал оны іске асыратын адамның ақыл-ойы, білімі мен икемділігі  екендігін көрсетеді. Адамның жеке басының психологиялық қасиеттерінің қалыптасуы мен дамуына әсер ететін құбылыс оның танымдық қызығушылығына негізделген – білім. Білім – кез келген адамның қарапайым істі шешіуіне қажетті тәжірбие мен икемділіктерді және дағдыны қалыптастырудың негізі. Демек, білім тұлғаның дамуында жетекші орын алады.

М.С.Каган тұлғаның психологиялық құрылымын іс-әрекетпен байланыстырады да, кез келген іс әрекеттің ақыл-дамытуға себебі болатындығына ерекше көңіл бөледі. Білім іс әрекеттің, ойлаудың жоғарғы нәтижесі болып табылатын ақиқатқа жеткізсе,  икемділік адамды іске машықтандырады, іс әрекеттің дұрыстығына сенім туғызады.

Кез келген пәнді оқыту психология ғылымының  шешіміне сүйенеді. Ақын ғалым М.Жұмабаевтың Педагогика кітабында « Педагогика адамның денесін һәм жанын дұрыс тәрбие  қылу жолдарын үйрететін пән болғандықтан, педагогика пәнін дұрыс пайдалана білу үшін, екінші түрлі айтқанда, адамды дұрыс тәрбие қыла білу үшін адамның денесі һәм жанының жайын кеңес қылатын басқа пәндермен таныс болуға тиісті» [2].

Жаңа технологиялардың  психологияда ерекшелігі – оның тікелей білімді меңгертуге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық үрдістерді  яғни, ойлауды, ынтаны қабылдау қабілеттерін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға  сондай – ақ тұлғаның қауіпсіздігін , өзін - өзі өзектілендіру, бекіту, қарым-қатынас , ойын танымдық, шығармашылық қажеттіліктерңн қанағаттандыруға , белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталады.

 Біздің бұл зерттеуге  негіз болып отырған ақпараттық жаңа технологиялар тек қана білімді белгілі бір көлемде беріп, оны меңгертуге қажетті шеберлік пен дағдыны қалыптастырумен ғана шектеліп қалмайды соған сәйкес жалпы студенттің тұлғалық дамуында психология ғылымның орны ерекше.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері білім мазмұнының тұжырымдамасы. – Алматы: Республикалық Баспа кабинеті, 2012 – 32 б.

2.Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. – Алматы: Қазақстан, 2012 – 40 б.

3.Қазақстан Республикасы жоғары білім беру мемлекеттік стандартының  тұжырымдамасы. – Алматы, 2013 – 96 б.

4.Кумбе Ф.Г. Кризис образования: системный анализ. – М.: Прогресс, 1970.

5.Машбиц Е.И. Психолого-педагогические проблемы компьютеризации обучения. – М.: Педагогика, 1988

6.Кусаинов Г.М. Новая педагогическая технология: методология, теория и практика. Монография. – Усть-Каменогорск: Изд-во ВК ИЦРО «ХХІ век», 1997.

7.Богоявленская Д.Н. Психологический анализ педагогического общения в системе работы Н.С.Лысенковой. // Вопросы психологии. – 1987. № 3

8.Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – Москва.1999.

9.Балақаев М., Томанов М, Манасбаев Б. Жанпейісов Қазақ тілінің стилистикасы, -Алматы: Мектеп, 2001.

10.Дайрабаев Е., Дайрабаева А. Педагогика пәнінің негіздері. Оқу құралы. Алматы, Қазақ университеті, 2005.

11. Чернилевский Д.В. Дидактические технологии в высшей школе. Уч.пос.для вузов. М., 2002. 

12.Смирнов С.Д. Педагогика и психология высшего образования: от деятельности к личности. Уч. пособие. М., Академия, 2003.

13.Чошанов М.А. Гибкая технология проблемно – модульного обучения. – М.: Народное образование, 1996.

14.Абубәкірова С.Т. Текстпен жұмыс істеудің әдістемесі. Алматы: Қазақ университеті.

15.Балақаев М. Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері. –Алматы: Қазақстан, 1972.