Елубаева Айгуль Нуртаевна

Акимжанова Дана Райхановна

Казахстан. г.Караганда. СОШЛ №53

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУ.

Ойын арқылы балаларды өмірге ең қажетті қасиеттерге:өжеттілікке, іскерлікке, жауапкершілікке, ептілікке тәрбиелейді. Балалар ойын үдерісіне жаңа білімдер, пайдалы іскерліктер, әдеттер мен дағдылар үйренеді. Ойын түрлерінің  материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес салынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады.

Н.К. Крупская: «Бала жас болғандықтан ғана ойнамайды, балалықтың өзі оған ойнау үшін, яғни жаттығу арқылы өмірде қажетті дағдыларды игеру үшін берілген» деген болатын. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді жеңіл келеді. Ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударылған жөн. «Ой- ойыннан басталады» десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін бастауыш сынып мұғалімінің қолданатын басты тәсілі—ойын.

Сабақ барысында ойын түрлерін дидактикалық әдіс ретінде пайдаланудың маңызы зор. Ойын арқылы баланың адамгершілік қасиеттермен қатар білімге, өнерге құштарлығы қалыптасады. Тіпті нашар оқиды-ау деген оқушылардың өздері ойын түрлері араласқан  сабаққа зер салып, ынталана түседі. Ойын араласқан жерде жарыс болмай тұрмайды. Оқушылар жолдастарынан қалып қоймау үшін сабаққа белсенді қатысып , қойылатын сұрақтарға жауап іздеп, ойлана бастайды. Сабақта ойын түрлерін оқушылардың ой-өрісін дамытуға әсер етеді. Педагогика ғылымында баланың жеке адам ретінде дамуы үшін ойын ерекше орын алады. Ойын-бұл жасөспірімнің өзінше еңбегі. Жалпы өмірде ойынның да қоғамдық мәні бар. Ойын барысында белгілі бір әрекет жасай отырып, жасөспірім қоғамдық өмірге қатысудың алғашқы үлгісін алады, ересектермен арадағы қарым –қатынас құрылымын түсінеді. Бала ойын арқылы өзі өмір сүріп отырған, дамып отырған белгілі бір әлеуметтік ортадағы норма мен әрекетті қабылдайды. Ойын белгілі бір ұстамдық тәртіптің көрінісі болып табылады.

Қазіргі Қазақстан мектебіндегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке-дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологияларды іздестіру және оларды қолдануға бағытталған.

Инновациялық оқу оқудың түсіндірмелі-иллюстрациялық түрінен әрекетшілдікке ауысу арқылы жүзеге аса отырып, оқушының оқу әрекетінің белсенді субъектісі болуына мүмкіндік береді. Оның өзі сабақты әртүрлі технологиялар бойынша жобалауды қажет етеді.

Ойындық технология мәнді өмір жағдаяттарын үлгілеу және оның шешуін іздестіруге құрылады. Ойынның ұйымдастырылу түрлері: іскерлік ойындар, рөлдік және оқиғалық ойындар, саяхаттық және білімдік ойындар

Ойын- оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан да мектепалды дайындық сыныптарда оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді.Оларды жалықтырмай әр түрлі ойын түрлері мен сабақты қызықты өткізуге тырысамын. Ойын әрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін, баланың танымдық қызығушылығы сапаларын дамытатын басты нәрсе: білім, әрекет, қарым-қатынас. Міне осы жағдайларды ескере отырып, ойын түрлерін төмендегідей жүйеленеді:

1. Мазмұнды бейнелі ойын: отбасы, балабақша, мектеп, аурухана, ұшқыштар, мал фермасы, құрылысшылар, мұнайшылар, темір жол, теңізшілер;

2. Қимыл қозғалыс ойындары: «ақ серек, көк серек», «ұшты-ұшты», «аңшылар», «сиқырлы таяқ», «мысық пен торғайлар», «бақташы мен қозылар», «соқыр теке», мысық пен тышқан, .

3. Дидактикалық ойындар: заттардың түсін анықта, қуыршақты серуенге дайында, орныңды тап, ойлан тап, түсті лото, тез ретке келтір, көршілер, аралар, дүкен, сен жалғастыр, дәл тауып айт, т.б.

4. Құрылыс ойындары: лото, және басқа констукторларды пайдалану.

5. Рөлді-сюжетті ойындар: ертегі, әңгімелерді ролдерге бөле отырып орындау, сахналық көрініс көрсету.

Өзімнің іс-тәжірибемнен сабақ үрдісінде пайдаланатын ойындардың бірнеше түрлерін атап көрсетуіме болады.Оқушылардың қызығушылықтарын туғызытын, ойын әрекетінің ең негізгі түрінің бірі- дидактикалық ойындар. Дидактикалық ойын тәрбиеленушінің жас ерекшелігіне сай, бағдарламадағы материалдарға, оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманың мәнін ашады.

Дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдаланамын. Дидактикалық ойын барысында есте сақтау, көру, сезіну, қабылдау, ойлау сөйлеу, процестері дамып, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйретеді.

Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.

ӘДЕБИЕТТЕР

1.                   Жанпейісова М.М.. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде // Алматы,2006, -4,5 бет

2.                  Құдайбергенева К.С. Инновациялық тәжірибе орталығы- педагогикалық технология көзі. Алматы // 2001. -75б.

3.                   Білімдегі жаңалықтар // 2007. №4 26-28 б.