Нургалиева Камиля Кумаровна

Педагогика ғылымдарының магистрі,

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық – техникалық университеті

Бисенгалиева Асыл Макымовна

Техника ғылымдарының магистрі,

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық – техникалық университеті

Дюсегалиева Қайырлы Оқасовна

Техника ғылымдарының магистрі,

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық – техникалық университеті

Оқытудың кредиттік жүйесіндегі зертханалық жұмыстарды орындаудағы кейбір белсенді түрлері туралы

Елімізде жоғары білім жүйесін дамыту талаптарына сай студенттерге терең білім және тәрбие беру, оларды жан–жақты дамыту бүгінгі күннің басты мәселесі. Білім және тәрбие беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз ететін үздіксіз үдеріс.

Білім беру жүйесіндегі жаңа білім парадигмасы білім, білік, дағды жиынтығын толық меңгерген, қоғам өміріне белсене араласатын, шығармашылықпен ойлайтын, өзін-өзі көрсете алатын, өздігінен ақпаратты іздеп, талдайтын және оны дамытуға қабілетті, кәсіби құзыретті жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.

Жоғары оқу орындарындағы білім беру мен тәрбие жұмыстарының талапқа сай жетілдірілуі студенттердің болашақ кәсіби құзыретті маман болып қалыптасуына зор ықпал етеді. Осы тұрғыда республикамыздың жоғары білім беру жүйесі кәсіби мамандар даярлауда оқытудың кредиттік жүйесіне көшуді қолға алды.

Себебі, бүгінде халықаралық жоғары білім беру тәжірибесін ескермей, қазіргі заманға сай білім алуға қол жеткізу мүмкін емес[1,2].

Заманауи  ақпараттық  қоғамда  білім  беру  дайын  және  көпшілікке  танымал  білімді  меңгеру құралы  ғана  болмауы  керек;  ол  индивидтің  өмір  бойғы  тіршілік  әрекетінің  әрбір  актында  орыналатын    қоршаған  адамдармен  ақпарат  алмасудың  әдісі  болуы  керек;  ол  тек  қана  меңгеру  емес,сонымен қатар, алынған ақпаратқа айырбас ретінде жаңа ақпаратты беру және шығару әдісі болуыкерек [3]. Бұл  мақсаттар,  әрине,  білім  берудің  алдында  тұрған  жаңа  мәселелерді  шешуді  талап  етеді.

Қазіргі  заманғы  білім  беру  шарттарында  жаңа  технологиялық  әдістер  компьютерлендіруменүздіксіз  байланысты.  Осылайша  компьютерлік  модельдеумен  көптеген  мақұлданған  және танымал  білім  беруді  қарқындату     әртүрлі  білім  беру  әдістерінің  орындалуын  және  ақпараттыберуді  қарқындату  әдістері  болып  табылатын  тірек  сигналдарын  (сұлбалар,  формулалар  және  т.б.материалды  қысқаша  зерделеу  әдістері),  мәселелік    жағдайларды,  құрылымдық-логикалықсұлбаларды,  ойындық  жағдайларды  қолдану  әдістерін  қамтуға  болады.  Осыған  байланыстыоқытушы  компьютерлік  жүйелер,  виртуалды  тәжірибелер  және  көрсетілімдер  жаңа педагогикалықтехнологиялардың негізгі құралдарына айналады [4-6].

"Жалпы  физика  курсы"  пәнін  оқытудағы  виртуалды  физикалық  тәжірибелерді  жәнекөрсетілімдерді  қолданудағы  ерекшеліктерді  толығырақ  қарастырамыз.  Әлемнің  жаратылыстану-ғылыми  бейнесінің  қалыптасуы  физиканы  оқыту  бөлігінің  бірі  болатындығын  ұмытпай,  білімалушының  ой  өрісінің  кеңеюіне,  олардың  қоршаған  ортаға  деген  бүтіндік  көзқарасының  пайда болуына,  ойлаудың  гуманитарлық  және  жаратылыстанулық  стильдерінің  жақындасуына атсалысады.

Біздің  көзқарасымыз  бойынша,  "Жалпы  физика  курсы"  пәнін  оқытудағы  жаңа  тәсілдердің бірі    бағдарламалық  құралдарды  дайындау  және  қолдану  болып  табылады,  яғни  физикалық модельдеу,  онда  зерттеу  үрдістеріне  рұқсат  ететін  нақты  объектке  оның  көшірмесі  сәйкес  келеді, олардан  кейін,  ұқсастық  теориясы  негізінде,  қасиет  пен  құбылысты  модельден  объектке  өткізуге болады.  Физикалық  және  математикалық  модельдеудің  үйлесуіне  қарастырылған  физикалық құбылысқа  зерттеу  жүргізуге  болады.  Пән  бойынша  оқу-әдістемелік  кешенді  (ОӘК)  дайындаған кезде,  белсенді  оқыту  әдістерінің  негізін  қалауға  міндетті  және  виртуалды  тәжірибелер(физикалык  практикум  өткізгенде)  және  көрсетілімдер  (теориялық  материал  баяндалғанда)жасауға  мүмкіндік  беретін,  оқитын  компьютерлік  жүйелер  мен  дәрістің  тезистік  мазмұны  –негіздеуші бөлімдер болып табылады.

Мысал,  ретінде  жалпы  физика  курсының «Электр» тарауын оқыту барысында  «Начало электроники» бағдарламасын қолданып, Ом заңдарын, белгісіз кедергіні вольтметр, амперметр көмегімен анықтау т.б. виртуалды зертханаларды орындауға болады.

         Дайындалған  бағдарламада   тұрақты және айнымалы токпен жұмыс жасау ережелері қатаң сақталған. Мысалы, егер студент тұрақты токтың «-» және «+» полюстерін ескермей электр приборын жалғаса зертханалық жұмыс орындалмайды.

 Зертханалық  қондырғыларда  зерттеулерді  жүргізе  келе  студент  жүргізілген  виртуалды  зерттеулердің  дұрыстығына,  бұрын ашылған  заңдардың  орындалғандығына  терең  көз  жеткізеді,  берілген  құбылыс  туралы  заманауи ұсынысты  көре  алады.  Мұндай  келтірілген  бағдарлама  бүкіл  физикалық  үрдісті  немесе құбылысты  бақылауға  мүмкіндік  береді,  олар  әдетте  дерексіздендіріліп,  оқытушымен  түсіндіріледі.  Оқытушы  компьютерлік  жүйелер  физикалық  практикумның  виртуалды зерттеу  жұмысын  ғана  өткізіп  коймай,  сонымен  қатар,  тақырыпты  теориялық  баяндағанда құбылыстың өзін көрсетеді.

Студенттерге  "Жалпы  физика  курсын"  оқытуда  оқытушы  осындай бағдарламаларды  қолдануы  бірқатар  мәселелерді  шешуге  мүмкіндік  береді.  Олардың қатарына келесілерді жатқызуға болады:

-  компьютерлік  жүйелердің  зертханалық  тәжірибені  бақылау  және  өңдеу  мүмкіндігі,  мүмкін болатын  физикалық  құбылыстарды  ескеріп,  бұл  тәжірибені  виртуалды  өткізу  мүмкіндігі,  бұл  оқу үрдісін қарқындатады;

-  студенттердің  іздену,  зерттеу  қызметін  дамыту,  оларға  белгілі  бір  машықтық  пен шеберлікті дағдыландыру;

- оқу үрдісінде студенттердің танымдық дербестігін белсендендіру;

-  бейнелі ойлау мен есестетуді және т.б. дамыту.

Сонымен,    компьютерлік  модельдер  әртүрлі  физикалық  құбылыстар  мен эффектілерді  көрсетуге,  бұл ЖОО-да  оқыту  жағдайында  және  заманауи  жағдайларда,  физика  бойынша  қажетті  материалдық база  осал  немесе  болмаған  жағдайда,  физиканы  «тірілту»  әр  қашан  орындалмайтын  кезде  "Жалпы физика  курсы"  пәні  бойынша  кредиттік  технология  бойынша  сабақтың  әртүрлі  түрлерін  жүргізуді белсендендіріп, сабақтарды сәтті өткізуді жүзеге асырады.

ӘДЕБИЕТТЕР

1.  С.Б.  Абдыгаппарова,  Г.К.  Ахметова,  С.Р.  Ибатуллин,  А.А.  Кусаинов,  Б.А.  Мырзалиев,  С.М.Омирбаев  Основы  кредитной  системы  обучения  в  Казахстане.    Под  общей  редакцией  Ж.А.  Кулекеева,  Г.Н.Гамарника, Б.С. Абдрасилова. – Алматы "Казак университетi",2004.

2.  Основы  кредитной  системы  обучения  в  Казахстане  /Под  ред.  Ж.А.  Кулекеева,  Г.Н.  Гамарника.  –Алматы., 2004.

3.  Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. Учебное пособие. – М., 1998.

4.  Нағымжанова Қ.М. Инновациялы –креативті технологиялар. - Өскемен., 2005.

5.  Соколова И.Ю., Кабанов Г.П. Качество подготовки специалистов в техническом вузе  и технологии

обучения. – Томск: Изд-во ТПУ, 2003.