Алиева Дидар Алиаскаровна
Қостанай мемлекеттік
педагогикалық институты
Ауезханова Алия Жолтаевна
Камен-урал орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі
Қазақ тілін
оқытудағы инновациялық технологиялардың тиімділігі
Оқыту технологиясы білім беру жүйесін
жетілдірудің басты тетігі екендігі соңғы кезеңдерде
мектеп пәндерін оқыту үдерісінде кең қанат жайған деңгейлік оқыту,
дамыта оқыту, жобалай оқыту, коммуникативтік оқыту, жеке
тұлғаға бағдарлай оқыту және т.б. технологиялардың
кең зерттеле бастауы да дәлелдейді. Өйткені осы аталған
оқыту технологияларының қай – қайсысының да
түпкі мақсаты оқушыны әлеуметтендіру.
Еліміздің білім беру саласында соңғы
жылдары жақсы нәтижелерімен белгілі бола бастаған жаңа
инновациялық технологиялар баршылық. Соның ішінде
төмендегілерді атап айтқымыз келеді:
- дамыта оқыту; - деңгейлеп оқыту
технологиясы; -модульдік оқыту;
- проблемалық оқыту; - қатысымдық
технологиясы; - оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан
ойлауды дамыту; - сатылай комплексті талдау;
- жобалау
технологиясы; - тірек сигналдары технологиясы; - саралап даралап оқыту
Қазіргі
кезеңде сапалы нәтижеге қол жеткізудің уақыт пен
тиімділігін көрсетіп жүрген бірнеше оқыту
технологияларының ішінде дамыта оқыту технологиясының өзіндік орны анықталған.
Дамыта
оқыту технологиясының ерекше атауға себеп болатын
көптеген қыры бар. Оларды әдіснамалық,
ғылыми-теориялық, әдістемелік тұрғыдан тану
арқылы ғана дамыту оқыту технологиясын қазақ тілі
пәнін оқыту үдерісіне енгізіп, одан көздеген
нәтижелер алуға болады.
Оқу
үдерісінің іс-әрекет жағдайына, мектептегі
сабақтардың осы жүйеге көшуі жүзеге асқанда
және өзіне тән ұстанымдардың кешенділігін, бір-
біріне байланыстылығын, үйлесімділігін қамтамасыз еткен
жағдайда ғана іске асырылады.
Қазақ тілі сабақтарында дамыта
оқыту технологиясына негізделген жаттығулар жүйесі. Оқушының
мазмұндық топтастырулар жасау, дедукцияны қолдану,
рефлексиялық қабілетін дамытуда , яғни оқушының
ізденімдік-зерттеушілік қабілетін қалыптасыру мен дамытуға
лайықталған арнайы жаттығулар жүйесі беріледі.
Жаттығулар іштей грамматикалық-тілдік,
рефлексиялық, сөйлеу, ойын жаттығулары деп
бөлінеді. Жаттығу арқылы оқылып жатқан
материалмен жүргізілетін оқу әрекеті жүзеге асырылады.
Жаттығуларды орындау негізінде оқушылардың ақыл- ой
әрекеттері қалыптасып, ақыл-ой қызметінің
белсенділігі дамытылады. Маңызды қызметі бар жаттығу
оқушының теориялық білім алуында тиімді нәтижелерге
қол жеткізуі үшін, оларды тиімділікпен жасау, нәтижелі
орындау шарттарын ғылыми негізде анықтау керек. Дамыта оқыту
технологиясын қолдануға кірісер алдында мұғалім
оқушылар меңгеруі тиіс деп жүйеленген білім мазмұнын
жақсылап меңгеруі керек.
Грамматикалық-тілдік
жаттығуларды орындау барысында оқушылар морфология бөлімі бойынша мынадай
ізденімдік зерттеу міндеттерін шешеді: сөз таптарына байланысты тілдік
өзгерістерді бақылайды;
сөздердің тапқа бөліну қасиетін анықтау
үшін тілдік бақылаулар жүргізеді; сөз таптарын
құрайтын жекелеген сөздер мағынасының
табиғатын тану мақсатында лексикалық талдау жасайды;
сөздерге морфологиялық талдау жасайды.
Оқушыға
ұсынылатын грамматикалық-тілдік жаттығулардың кейбір
үлгілері:
1 - жаттығу. Төменде
берілген сөздердің мағыналарын түсіндірмелі
сөздік қолдана отырып анықта, дәптеріңе жаз.
Үй, бала,
ағаш, көше, білім, ұзын, үлкен, көк, жақсы,
жүгір, отыр.
2 - жаттығу. 1-жаттығуда берілген
сөздердің мағыналарына тағы бір назар салып,
олардың ішінде өзара ортақ білгілері бар бар не жоқ
екенін анықтаңдар.Егер бірнеше сөздің ортақ бір
ұқсас мағынасы бар деп ойласаңдар, оларды
топ-топқа бөліп
дәптерге жазыңдар.
Үй, бала,
ағаш, көше, білім, ұзын, үлкен, көк, жақсы,
жүгір, отыр.
Сөйлеу жаттығулары. Дамыта оқыту
технологиясында оқушылар орындайтын сөйлеу жаттығулары
көп. Оның кей түрлеріне тоқталайық:
1 - жаттығу. Кім шапшаң? Бірыңғай
дауысты не дауыссыз дыбыстар әрбір мақал-мәтелдердің
бірінші әрпі. Ойланып көр де, орнына қой.
1.
Т...- қ... ө...; 2.
А... с... – а…,к… с…- к… ; 3. А... с... а... ө... ;4.Б ...б... т...;
5. Б... е... а... е... е... қ...;
(Түсіндіру: С... с...
ө..., т... е... ө...- Сөз сүйектен өтеді,
таяқ еттен өтеді. )
2 - жаттығу. Берілген сөздердің
синонимдерін тауып, олардың мағынасын анықтаңдар.
3- жаттығу. Жоғарыда берілген
сөздердің мағынасына қарама-қарсы сөздер
тауып, дәптеріңе жаз.
Рефлексиялық
жаттығулар.
1 - жаттығу. Төменде берілген сөйлемді
қысқартып, басқа түрде құруға бола
ма? Егер болатын болса қалай құрар едіңдер?
Бала өз көзіне сенбестен жаңағы
нәрсеге қарай берді, қарай берді.
2 - жаттығу. Берілген мәтінді оқып
шығыңдар. Сөйлемдерде қай жерде шылау қажетті деп
ойласаңдар, сол жерге қажетті шылау түрін қойып,
дәптерге жазыңдар.
3 - жаттығу. Берілген мәтінді
түзеңдер: оны қысқартып, қайталаулар мен бірдей
сөз тіркестері мен синонимдерді алып тастаңдар.
Ойын жаттығулары.
1.
Сөз таптары туралы сөзжұмбақ- сөздерді әр
түрлі тәсілмен құпиялап ойын құрастыру.
2.
Сөз таптарының атын еске түсіруге көмектесетін
суретжұмбақ (ребус)- белгілі бір ойды заттардың суреті
арқылы жұмбақтайтын ойын.
3.
Түрлі сұрақтарға жауап бере отырып, негізгі бір
сөз табына қатысты болатын сөзөрім (кроссворд)-
сөздер бірімен – бірі өріліп, тоқылып орналастырылады.
4.
Сөзтуым (вордингворс)- бұл ойын тор көздерсызу
арқылы жасалады. Құпияланатын бірнеше сөз
торкөздерге көлденең немесе тігінен жасырылады. Бұл
сөздердің белгілі әріптерінен мүлде жаңа
сөз пайда болады.
Осы
грамматикалық-тілдік, сөйлеу, рефлексиялық, ойын
жаттығуларын орындату барысында мынадай дидактикалық –
әдістемелік міндеттерді шешеді:
-
Сөз табы мен оның ішкі жүйесі жасалуындағы
грамматикалық үдерістерді тану мақсатында морфологиялық
талдау жасау;
-
Сөз таптарының сөйлем және мәтін
құру қызметін тану үшін , функционалдық талдаулар
жасау;
-
Сөз таптарының сөз тіркесін, сөйлем
құраудағы түрлі трансформациялық табиғатын
тану бағытындағы талдаулар жасау;
-
Сөздің лексикалық мағынасы мен грамматикалық
мағыналарын тану;
-
Сөз таптарын символдық және графикалық модельдеуге
үйрену;
-
Жекелеген сөздерден сөз тіркесін, сөйлем, мәтін
құрап, грамматикалық фунционалдық ерекшелігін тану;
-
Шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында
түрлі шығармашылық жаттығулар орындау;
Қазіргі
таңда тілді оқытуда тиімді әдіс – қатысымдық
технологиясы. Себебі, қатысымдық әдіс бүгінгі
уақыт сұранысынан туып отырған заман талабына жауап бере
алады. Қатысымдық оқытудың нәтижесі – тілдік
қатынас. Тілдік қатынас дегеніміз адамдардың бір-бірімен
тілдесуі, сөйлесуі, тіл арқылы тілдік қатынас жасауы деген
сөз. Осы тілдік қатынас бойынша қазақ тілін
мамандыққа сай оқытудың басты ерекшеліктерін
анықтауда тиімді әдістемесін зерттеп, ұсынуда
әдіскер-ғалым, педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Ф.Оразбаеваның пікіріне жүгінсек,
«Қатысымдық әдіс дегеніміз – оқушы мен
мұғалімнің тікелей қарым-қатынасы арқылы
жүзеге асатын; белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін
қалыптастыратын, тілдік қатынас пен қағидалардың
жүйесінен тұратын; тіл үйретудің тиімді жолдарын
тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы
ретінде іс жүзінде асыратын әдістің түрі» дей келе,
қатысымдық әдістің негізгі мәні оның
ұстанымдарын айқындаумен байланысты деген тұжырымын талдап,
қазақ тілін оқыту барысында қолданылатын қатысым
әдісінің алты түрлі ұстанымның ішіндегі ең
басты ұстанымы – тіке байланыс ұстанымы деп көрсетеді. Тіке
байланыс болмаса, сөйлесім әрекеті де іске аспайды деген
қорытынды жасайды .
Қазақ
тілін оқытуда тиімді жаңа технологиялардың бірі- деңгейлік
оқыту. Деңгейлік оқытудың басты ерекшелігі –
білім беру, оқыту, үйрету үдерісін топтап, жіктеп
бөледі. Білім беру, дағды мен білік қалыптастыру
классикалық әдіс негізінде болса, инновациялық әдісте керісінше
алдымен дағды мен біліктілік, соңынан білімін жинақтау
ұстанымын алға шығарады. Әрбір деңгейге
арналған лексика – грамматикалық минимумы болады, үйренуші
әрбір деңгейдегі білімін өзі бақылайды, ондағы
оқу материалдары бір деңгейден екінші деңгейге қарай
күрделеніп отырады.
Деңгейлік
оқыту бойынша әрбір деңгейдің өз әдістемелік
мақсаты, әрбір деңгейдің тілдік, әлеуметтік
лингвистикалық және дискурсивтік қызметі болады.
Тілді
меңгертуде тиімді саналатын жаңа технологияның бірі – тірек
сигналдары арқылы оқыту технологиясы. Сабақтың
қатысты материалдар ірі мөлшерде енгізіліп, блоктарға
бөлінеді. Оқу материалы тірек схема-конспектілер түрінде
беріледі. Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы мынадай
мақсаттарды: білім, білік, дағдыны қалыптастыруды;
барлық баланы оқытуды; оқытуды жеделдетуді
көздейді. Бұл технологияның қазақ тілін
оқытуда тиімділігі: үнемі қайталау, міндетті кезеңдік
бақылау, блокпен оқыту, тіректі қолдану, жеке
бағдарлы қарым-қатынас, ықпал; ізгілендіру,
ерікті оқыту; оқыту мен тәрбиенің бірлігін
қолдана отырып жүргізетіндігі.
Ал
проблемалық
(мәселелік) оқыту тіл үйренушілердің ойын,
шығармашылығын, өзіндік іс-әрекет арқылы танымын
дамытуға үлесін қосады. Қазіргі кезде ақпараттар көп берілуде,
сондықтан да берілетін ақпараттар жүйелі, мазмұнды
болуын қажет етеді. Проблемалық оқытудың мақсаты
– оқушы пен мұғалімның іс-әрекеті, мәселені
түсіне білуі шешім үрдісінде біріге алуы болып саналады.
Мұнда оқушы тек білімнің, іскерлігінің,
дағдысының жүйелілігін ғана емес,
ақыл-ойының жоғары дәрежеде қалыптасуына,
өз бетінше білім тереңдетуге септігін тигізеді. Проблемалық
оқыту оқушының теориялық және тәжірибелік
іс-әрекетінен жаңалық ашып отыруын қадағалайды.
Мұнда да тапсырманы орындау, іздену оқушының еншісінде
болады, ал мұғалім тек бағыт беруші ретінде болады.
Жалпы,
оқу процесінде инновациялық технологияларды қолданып
сабақ түсіндірудің маңызы өте зор және
оқушының пәнге деген қызығушылығын
арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми
көзқарасын қалыптастырып, білім сапасын арттырып, еңбек
нарығындағы бәсекеге қабілетті тұлғаларды
даярлауда үлесі мол. Сондықтан оқу процесінде
инновациялық технологияны қолдану – заманның басты талабы
болып саналады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.
Бұзаубақова
К.Ж. Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке
даярлығын қалыптастырудың теориясы мен
практикасы.-Алматы.-2009.-456 б
2.
Әбуов Ә. Е. Оқу үрдісінде инновациялық білім беру технологияларын
пайдаланудың педагогикалық шарттары: пед. ғыл. канд.автореф.- Астана.- 2005.- 28 б.
3.
Көшімбаева С. А. Оқу-тәрбие үрдісінде
оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттары: пед. ғыл. канд.автореф.- Алматы,
-2004.- 24 б.