Қазақ тіл біліміндегі еліктеуіш сөздерден жасалған ұялас туынды түбір  сөздер

 

Оспанова Б.Р.

Қазақ тіл білімі тарихында  кейбір  түбірлердің шылауларға, жұрнақтарға, жалғауларға  айналып, қалыптасудағы тіл біліміне бұрыннан белгілі.

         Түбірлердің мыңдаған жылдар бойы қосымшаларға айналу процесін ашып-айқындау арнайы әрі  ындағатты зерттеуді талап етеді. [1,111].

Аффикстердің терең жан-жақты зерттелуі түбірлердің табиғатын ашуға септігін тигізді, мысалы жү-к, са-н, үйре-т. Сонымен түбір дер кезінде түбірлік қызмет атқарған динамикалық  ұғымды білдіреді де, түбірлік сөз статикалық ұғымды білдіріп, ішкі формасынан айрылған түбір сөздерді қабылдамайды. Ұялас туынды сөздер жасауға жұрнақтың да қосар үлесі бар. Жаңа сөздердің мағынасына үстеме мағына қосып, тұлғалық жақтан өзгертуде де, мағыналық жақтан өзгертуде де қызмет атқарады.         Қазіргі тілдерде түбір сөздердің құрамында кездесетін –ыр, -ір жұрнағы тарихи тұрғыдан байырғы ур  етістігі свса байырғы ур етістігінің осы заманғы (әрі негізгі, әрі көмекші қызмет атқаратын) етістіктердің кез келгенің дерлік орнын басып, өте икемді жұмсала алатын қабілеті көне түркілік жазба ескерткіштерде сақталып қалған. Мысалы, сал деген мағынасында ичин тамын адынчығ бедиз уртуртум (ДТС ІІ).

Жұрнақтар туынды түбір сөздерге қай сөз табынан жасалған түбір болса да ұйтқы бола береді. Сөз тудыру мүмкіншілігіне байланысты. Сан жағынан  2-3-тен аспайтын ұялас сөз табын жасайтын сөз таптарына сын есім, сан есім жатады да, ұялас сөздердің қатарын сан жағынан молайтатын сөз табына етістік, зат есім, еліктеуіш сөздер жатады. [2,79].

Жи, жина, жинақ, жиналу, жиналыс, жинақта, жинақтауыш, жинатушы, жинаушы. Же, жем, жеміс, жемтік, білім, білімді, білімсіз, білімділік, білімпаз. Тық, тықыл, тықылда, тықылдақ, тықылдату, тықылдатушы.

 

Қазақ тілінде беретін мағынасы, дыбысталуы жағынан өз ерекшелігі бар, адамның естіп, көру қабілетінен пайда болатын еліктеуіш сөздерден көптеген жаңа мағыналы сөздер тарап, көркем шығармада айтылатын биді мәнерлеп жеткізуге қолданылады.

      Ырсылдап, күрсілдеп билер төрге өрледі.

                                               С.Көбеев «Қалың мал», 115-бет.

      Алты атар шаңқ етті – орман да тітіркеніп шулап қоя береді.

                                               З. Шашкин «Тоқаш Бокин», 290-бет.

     Екеуі екі жағынан ұстап, әбдіре қақпағын көтерді – ішінде қып-қызыл нарттай Зәкір жатыр.  Тұншығудың аз-ақ алдында – ысылдай дем алады..

                                             З. Шашкин «Тоқаш Бокин», 259-бет.

Еңіреген қатынның «әкелеп» зар қаққан баланың көз жасына қайрылып, Зәкір кемсеңдеп, қоштаса бастады.

                                            З. Шашкин «Тоқаш Бокин», 259-бет.

Тілімізде еліктеуіш сөздердің саны өте көп, бірақ олардың барлығынан ұялас сөздер тарай бермейді. Белгілі сөз табына қатысты жұрнақ жалғану арқылы ғана туынды сөз жасалады. Еліктеуіш түбірлерге алдымен есім жұрнағы жалғанып, одан кейін етістік тудыратын өнімді ла/ле жұрнағы жалғанып, сөздерді одан әрі дамыта береді.

              Ыз – ызыл, ызылда, ызылдауық, ызылдаушы.

              Ыр – ырыл, ырылда, ырылдақ.

              Дүңк – дүңкіл, дүңкілде, дүңкілдек.

              Шық – шықыр, шықырла, шықырлақ.

              Быт – бытыр, бытырла, бытырлау, бытыра.

              Даң – даңғыр, даңғырла, даңғырлау, даңғырлату.

Еліктеуіш сөздерге жұрнақ жалғану басқа сөз таптарындағыдай қалай болса солай болмайды. Мысалы етістік түбірден тарайтын ұялас сөздер кейде туынды сөздердің өзінен дамып отырса, кейде түбірдің өзіне басқа сөз табының жұрнақтары тікелей жалғанып отырады. Біл, білімді, білімділік, білім, білінгіш, біліндір деп те жасала береді. Ал еліктеуіш сөздерде жұрнақтар бір-бірінен жоғарғы реттегідей жалғанып қалыптасып қалған.

- Қыр, - кір жұрнағының еліктеуіш түбірге жалғануы  өнімді туынды түбірдің жасалуына жол ашады. [3,91]. Мысалы, өнімді туынды түбірдің жасалуына жол ашады. Мысалы, өнімді туынды түбірдің жасалуына жол ашады. Мысалы, өнімді туынды түбірдің жасалуына жол ашады. Мысалы,

              Бақыр, бақырық, бақырушы.

              Кекір, кекірік, кекіргіш.

              Түкір, түкіргіш, түкірік.

              Түшкір, түшкіргіш, түшкірік.

              Ысқыр, ысқырық, ысқырғыш.

- Ыра, - іре, - ырай, - ый, - ій, - да, - де жұрнақтарынан жасалған туынды сөздер сөз тудыруға мүлде икемсіз. Еліктеуіш болатын түбір сөздер де, олардан өрбіген зат есімді, етістікті мағынадағы сөздер де ауызекі тілде, ауыз әдебиетінде, көркем әдебиетте жиі қолданылады.

Бала зарына үн қосқан тек даланың бозторғайлары ғана, солар шырылдайды. Сол шырылдап оянғандай жел ғана ыңыранып ызылдайды.

Енді ол жауар бұлттай өрлеп, нажағай боп сытырлауды армандады.

                                                 Ә.Әбішев «Найзағай», Жұлдыз №1.

Қорыта келгенде қазақ тіліндегі түбірлер тарихи даму барысында өзгеріп, қазір лексикалық-фонетикалық жақтарынан тұрақталған. Біздің зат құбылыс атауларының жаңа ерекшеліктерін білдіру қажеттілігінен туған ұялас туынды түбір сөздер, осы түбірлерге жұрнақ жалғану арқылы пайда болып, морфологиялық жетістігін бойына жинақтаған.

Қазақ тілінде бұл жөнінде зерттеушілердің зерттеулерінде морфологиямен сөсжасам саласында түбір сөздермен ұялас туынды түбір сөздердің қазіргі күйі зерттеліп жүр. Оның зерттелу тарихында материал жоқтың қасы. Осыдан тақырыптың өзектілігі туындап отыр.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1.          Н.К. Дмитриев, «Строй тюркских языков», Москва, 1962 г.

2.          А. Бийщев, «Первичные долгие гласные в тюрксих языках», Уфа, 1963 г.

3.          Е.И. Шипова, «Қазақ тілі мен орыс тіліндегі зат есімнің сөз жасау жұрнақтары туралы, «Вопросы казахского языка», Алма-Ата, 1959 г.

 Түйіндеме

Мақалада қазақ тіл біліміндегі еліктеуіш сөздерден жасалған ұялас туынды түбір   сөздердің жасалу тарихы жөнінде мағұлымат берілген.

 

 

Мақалада қазақ тіл біліміндегі еліктеуіш сөздерден жасалған ұялас туынды түбір сөздердің жасалу тарихы жөнінде мағлұмат берілген.

В статье даются сведения об истории коренных слов из еліктеуіш слов в казахском языкознании.

The article throughs a light to the origin of one roots derivatives in Kazakh linguistics.