Қазақ тіл білімі тарихындағы   түбірлер мен қосмышалардың даму тарихы

 

                                                                                                       Сембаева А.

 

        Қазақ тілінің тарихында  түбірлердің шылауларға, жұрнақтарға, жалғауларға  айналып, қалыптасуы тіл білімі тарихынан белгілі.

         Түбірлердің мыңдаған жылдар бойы қосымшаларға айналу процесін ашып-айқындау арнайы   зерттеу бүгінгі күн талабынан туындап отыр. Тілімізде шылау, жұрнақ, жалғау болып кеткен, грамматикаланған сөздер көптеп кездеседі..Біз бұл мақаламызға қосымшалардың ең жиі қолданылады дегендерін ғана сұрыптап алып, олардың дамуын нақты деректер негізінде көрсетуді дұрыс деп санадық.

         -ыр (-ір) бұл жұрнақ қазіргі қазақ тілінде дербес сөздердің құрамында кездеседі. Түбірден ажыратуға келмейді.Мысалы, дамыр (даң-дұң, у-шу), топыр, қоқыр, тапсыр, шыжғыр, қуандыр.

          -ыр (-ір) жұрнағы көне түркі тілінде –ур (-ур)  формасында қалпына келеді.  Ол нең  йашурды (ДТС 247) ол затты жасыруды, осы сөйлемдегі йашур  қазіргі қазақ тілінде жасыр.Сондай –ақ қандур-қандыр, йағдур-жаудыр, йатур-жатыр, онгур-үңгір, отур-отыр, тоғур-тудыр. Бұдан еріндік у дауыстысының езулік ы дауысына ауысқанын көреміз.

         Қазіргі тілдерде түбір сөздердің құрамында кездесетін –ыр, -ір жұрнағы тарихи тұрғыдан байырғы ур  етістігі свса байырғы ур етістігінің осы заманғы (әрі негізгі, әрі көмекші қызмет атқаратын) етістіктердің кез келгенің дерлік орнын басып, өте икемді жұмсала алатын қабілеті көне түркілік жазба ескерткіштерде сақталып қалған. Мысалы, сал деген мағынасында ичин тамын адынчығ бедиз уртуртум (ДТС ІІ).

         (іші-сыртына айрықша ою салдырдым), «Тие» -деген мағынада: йеттинг  күн таң адынчығ  ердани йенжү кемига түкачүча уруп.(ДИС ІІ) таңғажайып қазына інжуді  жетінші күні кешеге шамасы келгенше  тиеп болды, Ат деген мағынада йүз артуқ оқун йүксәк арсланлығ өргән уруп (ДТС 55) жүзден аса оқ атты «қой» деген мағынада күмш күрш урмуш ұза олтурур (ДТС ІІ) күміс орындық қойып, үстіне отырды т.б. Бұл мағыналар бірыңғай лексикалық-семантикалық дамудың нәтижесінде емес, ур етістігінің сонау ертедегі әр тарапты қызметін көрсететін қалдық. Бұл етістіктің қазіргі түркі тілдерінде де семантикалық өрісі кең.А.Щербак жұрнаққа айналып кеткен осы сөздің лексикалық мағыначсын  былайша анықтайды. «Собственное значение глогола ур-вур-ур-ударять», «насыпат», «наливать», «класть».

        Ур-лексикалық мағынасын сақтай отырып, қазіргі тілдерде көмекші етістік ретінде де қызмет етеді. ескі өзб. баш ур-кешірім сұрау, көз ур –көз салу, қар.балқ.тәр ур-терлеу, ізіс ур- иістену, тур. йол вур-жол тору, кулак вур –құлақ салу т.б.

        Жалпы алғанда  ур етістігінің кез келген сөз табымен  тіркесе алатын қабілеті байқалады. Бұл ерекшелік осының алдында атап көрсететініміздей оның икемділігінің аса жоғары екендігін танытады.

       Қазақ тілінде фрозелогизмдер құрамында ғана  сақталып қалған; алас ұрды (арпалысты, жан таласты) алып ұрды (көтеріп соқты), аһ ұрды (опық жеді, өкінді) бой ұрды (еліктеді, ден қойды) шарқ ұрды, жер көкті шарлап алас ұрды т.б.

       Қазақ тілінде ур-етістігінің семантикасы тарылғаны соншалық дербес лексикалық мағына бір-ақ сөзде сақталған ұр-сабалау, тоқпақтау. Бұл ежелгі аса бой мазмұнның осы тұлға арқылы сақталып қалған бір ғана үзім болшегі. Сондай –ақ зеку,жазғыру, сөгу мағынасын беретін ұрс-етістігінің аталған көне формамен сабақтас екендігін ажырату қиын емес. Айырмашылығы бірінде қол жұмсалса, бірінде сөз жұмсалады. Қазіргі тұрғыдан ұр-өлі түбірі мен –ыс өлі жұрнағының қосындысы. Ұрыс (зат.ес.) осы туынды етістіктің негізінде дамыған омоним. Бір нәрсеге қақтығу, тиісу мәніндегі ұрын етістігі де, халықты бір іске үндеу, шақыру дегенді білдіретін ұран зат есімі де жоғарыдағылармен мазмұн жағынан үйлеседі.

        Бұрын өзге мәнде қолданылған ур-тұлғасы шақтық мәнге қалайша ие болған? 1-ден, грамматикалық шақ категориясына ауысып  кеткенімен, -ур,-үр жұрнақтарында бар-ур, айур, айтар, кеур т.б. ур көмекші етістігінің көмескі мағынасы бар. Өткен ол есімге ғана емес, түбір етістіктерге қосылып та көмекшілік қызмет атқарған. Екіншіден, ур көмекші етістігі өзге сөздермен, әсіресе мезгіл үстеулерімен қарым-қатынасқа түскенде шақтық  мағына үстеген.

         Қорыта келгенде аса ежелгі ур етістігінің даму жолы мынандай болған: тірі түбір өлі түбір, негізгі етістік- көмекші етістік, көмекші етістік тірі жұрнақ-түбірге сіңісіп кеткен өлі жұрнақ, көмекші етістік –шақ көрсеткіші.

         -Ша, -ше бұл тұлға тек қана есімшенің –ған,-ген жұрнағынан кейін қосылады да, күрделі формант түседі. Мағынасы ашылмаған. Бірқатар түркологтар мұны көнерген барыс септігі деп түсінеді. «Зависимая трансформа с формирующим членом –ган-архаиченый падеж –ча встречается в большинстве кипчакских языках. Он предает действие, служащее пределом для другого действия.

        Қазақ тілінде –ған тұлғалы есімше –ша жұрнағымен қосылып, мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем жасайды. Сөйтіп, басыңқы сыңарда айтылған ойдың мезгілін білдіреді, оқиға болмысын уақыт кезеңі жағынан айқындап тұрады: Ұлжан ауылына келіп жеткенше, барлық үйлер тігіліп болды.Біздіңше ша/-ча/ жұрнағының барыс септігіне ешқандай да қатысы жоқ. Шектеулік мән есімше жұрнағының табиғатынан және етістіктердің лексикалық мағынасынан шығады. Ал –ша форманты мезгілдік мәнді білдіреді де, уақыт шамасын айқындайды. Егер оның орнына бағыт көрсеткіші барыс септігін қойып айтсақ, мағынасыздық туар еді. Ұлжан ауылына келіп жеткен-ге барлық үйлер тігіліп болды. Бұған көне барыс септігінің семантикасы бөлек болған деп дау айтар, алайда ондай септіктің мезгіл мағынасында, уақыт мөлшері мәнінде жұмсалуы нығайбім.

        -Ша,-ше жұрнағын мағынасы жағынан да, тұлғасы жағынан да сәйкес келетін «шақ» сөзімен салыстырсақ, шындықтың беті ашылады. «Ұлжан ауылына      келіп жеткен-шақ (-қа дейін) үйлер тігіліп болды» десек, әдепкі сөйлем мазмұнына пәлендей өзгеріс енбейді, уақыт мөлшері тұспалданады.

         Ал «шақ» зат есімі қа және –шан тұлғаларынан  құралған қашан? сұрау есімдігімен төріндес. Қазақ тілінің кейбір говорларында қашан, татар тілінде қайчан формалары бар екнін ескерсек, қан  шан тіркесі  пайда болады.Бұл тіркес қандай мағына береді? Ескерткіштердегі қайдан? қанда? (қайда) тұлғаларының, қазіргі кездегі қанша? қаны? қандай? есімдіктерінің  түбірі бір. Бәрінен қайсы? деген сұрау мәні шығады. Шан тұлғасының семантикасы туралы айтылған пікір көп емес. Г.И.Рамстедт, Н.К.Дмитрев, Н.А.Баскаков т.б. шағын сөзінің қысқарған формасы деп таниды./Ибатов 1966/Біз мұны «шаңқай түс» (тал түс) фразеологизміндегі шаң формасымен салыстырып, басқа мағынада  түсінеміз. Өйткені бұл мезгіл күннің ең биікке көтерілген тұсы. Көне «шаң»  сөзімен «күн» сөзі тең. Шаңқай түс фразелологизмнің таза этимологиялық мазмұны: күн шақырайған түс, немесе «күн биікке көтерілген тұс» дер едік. Сонда қан шан тіркесі «қай күн» болып саналады.

       Шан тұлғасының « күн» мағынасын беретіндігін бүкіл дүние жүзі тілдері фактілері қуаттайды.

        Араб тілінде –ша-м-с-ун «солнце» түбірі –ша,м дыбысы  н-нің  аллофоны –с,-ун араб тілінің өз эелементтері

        Парсы тілінде –ша-н-ба, «суббота» /ПРС.1970 116/ Айтылуы шамбэ сенбі бастаушы күн болып есептеледі. Себебі алла тағала он сегіз мың ғаламды жаратарда сенбі күнінен бастаған. Санскрит тілінде –ша-м-аш. Күн құдайы атауы ретінде Индия, Византия елдеріне жайылған. Осы тілдегі  шам-аш түркі тілдеріндегі күн-аш, қуй-аш сөздерімен соңғы формасы бойынша үйлеседі. Араб тіліндегі шамс сөзінде де ас-аш формантының қалдығы бар. Егер шам-аш, шам-с тұлғаларын «күн жоғарғы» ұғымын берген сөз деп түсінсек, логикалық қайшылық жоқ. Қорыта келгенде, қазақ тіліндегі (тіпті қыпшақ тілдеріндегі) –ған  тұлғалы  есімшенің үстіне қосылып, мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем жасайтын –ша жұрнағын әбден абстракцияланған шан (күн) тұлғасы деп тұспалдаймыз. Мезгіл мағынасын беретіні де осы себептен.

        -ы (-і) мен –н қазіргі қазақ тілінде тәуелдік жалғауының ІІІ жағының жекеше түрінің формасы –ы,-і.Бірақ мұның –сы,-сі варианты бар. Дауыссызға аяқталған түбірге –ы,-і түрінде дауыстыға аяқталған түбірге –сы/-сі түрінде жалғанады. Көне түркі жазбаларында осы формалар қолданылған: -ы/й//-у/ү,//-су/сү/,//-һы/һе/һо/һө.

         Табыс септігінің жалғаулары –ны, -ні, -ты, -ті, -ды,-ді бірақ тәуелдік жалғаулы сөз ІІІ жақ бойынша септелгенде  бұлардан өзгеше –н форманты пайда болады. Мысалы, кітаб-ы-н бір қарағанда  тәуелдік жалғауының ІІІ жағы мен табыс септігінің ешқандай байланысы жоқ сияқты көрінеді. Шындығында бір –біріне жуықтаспайтын осы екі грамматикалық категорияның фонетикалық таянышы бір.Бұған төмендегі фактілерді ой таразысына салсақ көзіміз жетеді.

             Тәуелдік жалғауының үшінші жағына септік жалғаулары қосылғанда кенеттен н элементі түзіледі «во всех косвенных падежах этот афикс фактически выступает с допалнттелный –н, тев виде –ын итд, -сын итд.

         Ғалымдардың бір тобы тәуелдік жалғауының үшінші жағы әуелде –ын, -сын, болған кейінірек –н дыбысы элизияға ұшырап, түсіп қалған деп есептейді. Олардың пікірі бойынша  септік жалғаулары соңғы дыбыстың түсірілмей айтылуына жағдай жасайды.

       Қыстырма –н –ді ілік жалғауының фонетикалық өзгеріске ұшыраған қалдығы, құрандық септіктің  көне формасы деушілер де бар. /Баскаков 1957/

-Н афиксінің шын табиғаты ашылмағандықтан, кейбір зерттеушілер оны элентеза ретінде пайда болған  қосымша дыбыс деп түсінеді. Осы сияқты сан алуан көзқарастар болуына байланысты –н форманты әр түрлі аталады: тұрақсыз –н қалдық –н. Бұл бірде түсіп қалатын, бірде  қалпына келетін –н эелементінің қыр-сыры толық ашылып біткен жоқ деген сөз.

        Қазіргі түркі тілдерінің қай-қайсысында да  тәуелдік жалғау үшінші жағының толық формасы –ын, -ін, -сын/-сін атау септігінде қолданылмайды. Сондай-ақ изафетті тіркестерде де н дыбысы түсіріліп айтылады.

           Қимыл есімі –у тұлғасының қалай дамып,қалыптасқанын анықтау үшін ең алдымен тілдік фактілерді сөйлетелік:

 ач-ыч – кислый, горьким

оч-ың сильно голодать

ач-уқ- открытый

ад-ығ – медведь

          Кез келген  жұрнақ кез келген сөзге қосыла бермейді.Әр жұрнақтың өздері жалғана алатындай лексика-семантикалық топтары болды. Ежелгі дәуірде, атап айтқанда, полисинтетикалық құрылым дәуірінде –уғ, -ақ, ас, ыр т.б. қосымшаларды қабылдайтын лексикалық, семантикалық топтары  нт,нд, ст, шд, рт, рд, тс, дз сияқты дыбыс тіркестеріне аяқталған.

          Ақ,қыл, қозғалыс, қимыл типтес сөздердегі қ дауыссызы осындай ойға жетелейді. Көп мағыналы –ағ етістігі мен –уғ жұрнағы бір силлабофонеманың флексия заманындағы екі түрлі көрнісі болуы да мүмкін.

 

 

 

                            Пайдаланған әдебиеттер:

Айдаров Язык орхонских паметников древвне-тюркской письменности  VIII века. А,1971.

Томанов Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. А, 1971.

Аханов Тіл білімінің негіздері. А, 1978.

Қалиев Қазақ говорларындағы сөз тудыру. А, 1985.

Мақалада қазақ тіл білімі тарихындағы түбірлер мен қосымшалардың даму тарихы жөнінде сөз болады.

В статье рассказывается об истории развития корней и суффиксов в казахском языкознании.

This article is deals with the history of development of roots and suffixes in Kazakh linguistics.