Өскемен
қаласы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ
Матаева Бақытгүл
Үкіжарқызы магистр,
«Психология
және педагогикалық коррекция»
кафедрасының
аға оқытушысы
Елубай Айгүл
Елубайқызы
Өскемен қаласы С. Аманжолов
атындағы ШҚМУ
«Дефектология» мамандығының
3 курс студенті
Балалардың
церебралды салдығын қалпына келтіру кезіндегі түзету
жұмыстарының негізгі бағыттары
Балалар церебральды параличі (БЦП) бұл бала жасында байқалатын мына
бұзушылықтармен: паралич, еріксіз қозғалыс, бұлшық
еттің әлсіздігі, координацияның бұзылуымен сипатталатын
мидың зақымдануы. БЦП кезінде қозғалыс
қызметін атқаратын мидың зақымдану орталығы
бастың, мойынның, дененің, аяқ-қолдың
бұлшық еттерінің белсенділігіне әсер етеді.
Симптомдардың белгілері мидың зақымдануының таралуын
білдіреді. Жеңіл зақымдану дәрежесінен ауыр түріне
дейін, тіпті мүгедектікке әкеледі де. Психикалық
дамудың тежелуі (ПДТ), эпилептикалық ұстама, қабылдау
мен оқытудың қиындығы да болуы мүмкін. Кейде
көру, есту, сөйлеу қызметі, интелектуальды
қабілеттілігі де бұзылады. БЦП-мен ауыратын балаларды
ақыл-есі жоқ балалар сияқты қабылдайды, негізінде олай
емес, ондай сәйкестік болмауы да мүмкін. Ауру
тұқымқуалаумен берілмейді өлімге тікелей себеп
болмайды, бірақ өмір ұзақтығының
қысқаруына қалыптастырады.
Балалар церебральды параличінің туындау себептері көп,
негізінде бұл мидың даму бұзушылығы немесе
екіқабат кезіндегі, туу немесе бала өмірінің
алғашқы бірнеше аптасы кезіндегі зақымдану. Босануға
дейінгі себептері екіқабат кезіндегі инфекцияға, қанның
резус-факторы бойынша ана мен ұрықтың сәйкессіздігі.
Туғаннан кейінгі мидың зақымдануы ми сүйектерінің
жарақаттануы немесе инфекция, мысалы, менингиттің салдары. Шала туу
БЦП дамуының ең маңызды факторларының бірі болып
табылады. Салмағының төмендігі де нәрестенің
аурудың болу мүмкіндігін арттырады. Бірақ көп
жағдайда себебі белгісіз болып қала береді.
Кейбір ата-аналар баланың психикалық және тілдік
дамуының ерекшелігін байқаса да арнайы педагогтарға,
логопедтерге, психологтарға жүгінуге асықпайды.
Басқалары баланың психикалық және тілдік дамуы
оның қозғалыс әрекетінде үлкен жетістіктерге
жеткенде немесе сауығып кеткенде қалыпқа келеді деп
есептейді. Ал, үшіншілері қандай да бір сырқат
әрқашан баланың психикасында, тәртібінде
өзгерісті қалдырады деп санайды. Осыған орай, осындай
патологиясы бар балалармен жүргізілетін
психологиялық-педагогикалық және логопедиялық
түзету жұмыстарының негізгі бағыттары мен жолдары
бірнеше онжылдықта әзірленіп,әртүрлі
мекемелердің тәжірбиесінде
кеңінен қолданылып жатыр. Ресейлік ғалымдар Л.А.Данилова,
М.В.Ипполитова, Е.М.Мастюкова, Е.Ф. Архипова және басқалары сал
ауруымен ауыратын балаларды, оның өмірінің
алғашқы айларынан бастап-ақ, арнайы оқыту мен тәрбиелеу
қажеттілігін негіздеді. Олар негізгі мақсаттарды қою барысында
сәбилік және ерте мектеп жасына дейінгі жаста жүргізілетін
түзету жұмыстарының мазмұны мен әдістерін аша
отырып, сондай-ақ, оны ерте жастан бастау қажет екендігін
және дұрыс түзету әрекетінің жағдайлары
кезінде аса тиімді екенін дәлелдейді. Осыған орай түзете
дамыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі
қағидаларын атауға
болады:
·
Балалардың церебралды салдығымен зардап
шегетін балалар үшін түзете дамыту жұмысының ерте
басталғаны дұрыс, себебі қимылдық бұзылыстар
басқа да қызметтердің екіншілік тежелуіне әкелетіндіктен,
өмірінің алғашқы аптасынан немесе айынан басталуы
керек.
·
Түзете дамыту жұмыстары бұзылған
және сау сақталған қызметтерді толығымен зерттеп
білу негізінде ғана жүзеге асады.
Сабақ кезіндегі дифференциалды ыңғай
баладағы мүмкіндіктерді ескеру мен «оның жақын
арадағы даму аймағында» орналасқан жаттығулар
жүйесін құруды ескереді.Церебралды салдығы бар
балалардың аталған ерекшеліктерін ескере отырып, оларға жиі
кездесетін ойыншықтардан гөрі сыртқы түрі,түсі,
пішіні, көлемі, материалы бойынша ерекшеленетін өте ашық
түсті ойыншықтардың атауын есте сақтау ұсынылады.
Педагогикалық түзету кезінде дефектолог пен
тәрбиешінің және ақыл-ойы кем баланың ата-анасы
арасында өзара байланыстың болуы өте
маңызды.Отбасылық тәрбие қателіктері психофизикалық
дамудың ауытқуын одан да қыйындатып жіберуі мүмкін.
Сондықтан, ата-аналар педагогтардан баласының өзіне-өзі
қызмет көрсету дағдысы, қолдың ұсақ
моторикасын дамытуды, қорғаныс тәртібін сақтау, ерекше
баласына шыдамдылықты таныту, үй жағдайында ауызша және
жазбаша сөйлеу тілін қалыптастыру бойынша ұсыныстар мен
кеңестерді алып жатады. Осындай кешенді түзете-дамыту
жұмыстары танымдық қимыл қозғалыстық
және эмоционалды ерік саласындағы кемшіліктерді жоя отырып,әр
баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына және
әлеуметтік ортаға бейімделіп енуіне оң әсер етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.
Босых В.Г.,Павловская Н.Т. Нарушение функции верных
конечностей при спастической диплегии: обследование и коррекция// Коррекционная
педагогика.-2004.-№ 1(3).-б. 52-59
2.
Сорокина В.Т. Взаймодействие психолога и логопеда при
работе с детьми с церебральным параличом //
Коррекционная педагогика, №2(8), 2005.б. 22-28
3.
Бадалян Л.О.. Детская неврология. М.: Медицина, 2001.
4.
ҚайшибаевС.К. Неврология. I, 2 бөлім.
(қаз) Алматы, 2001