т.ғ.д., доцент Рахатов
С.З., магистрант Жүсіпбек.Ж.Х
Қорқыт Ата
атындағы мемлекеттік университет, Қазақстан
МТС
құрамындағы күріш жинау комбайндарының тиімді
санын анықтау
Қазақстан
Республикасының негізгі салаларының бірі болып ауыл
шаруашылығы өндірісі табылады. Қазіргі таңда
астық өндірудің көлемін арттыруға
жоғарғы өнімді сорттарды ендіру, өңдеу мен
жинаудың жаңа ресурс үнемдеу технологиясын қолдану,
астық өндіру процестерін тиімді ұйымдастыру және
техникалық құралдарды пайдаланудың тиімділігін арттыру арқылы
қол жеткізуге болады.
Күріш
жинау және тасымалдау агрегаттарының өзара байланысты
жұмысының тиімді режимдері мен параметрлерін
ықтималдықтар теориясы және жаппай қызмет көрсету
әдістері негізінде анықтау тиімді тәсіл болып табылады. Соның
негізінде шаруашылықтардың қаржылық
мүмкіндіктерін ескере отырып, МТС егін жинау комбайндары саны
анықталды.
Негізгі
ұтымды критерий болып егін жинау агрегаттарының оңтайлы
қажетті саны және жинау науқаны уақытының мерзімі
бойынша шығынның ең аз мөлшері болып табылады:
![]()
(1)
Жаппай
қызмет көрсету теориясы бойынша және көптеген жинау-тасымалдау
процестерін зерттеулерде кездейсоқ талаптарды шамамен қарапайым
немесе пуассондық деп қарау екендігі дәлелденген [1, 2, 3]. t уақыт аралығында түсу
біркелкілігі k болғанда Pk(t) талабы Пуассон формуласымен
сипатталады:
![]()
![]()
/
!
, (2)
Мұндағы:
1 – талап түсуінің тығыздығы
(қарқындығы), 1/күн;
t
- қабылданған уақыт аралығындағы
күндер.
1 төмендегі формула бойынша
анықталады:
![]()
![]()
![]()
, (3)
Мұндағы:
F – барлық атыздардың
ауданы, га;
- бір талаптағы аудан, га;
Дк – егін
жинаудың күнтізбелік мерзімі, күн;
к –
күнтізбелік уақытты пайдалану коэффициенті.
Бастыруға
түскен егіс алқабын бір комбайнмен қызмет жасау келесі
формуламен анықталады:
![]()
![]()
= ![]()
![]()
![]()
![]()
(4)
Мұндағы:
tпц – егіс алқабын (талап) бір комбайнмен бастырудың
математикалық күту ұзақтығы, күн;
Wж –
комбайнның ауысымдық өнімділігі, га/күн;
Vр – жұмыс жылдамдығы,
м/с;
В – алым ені, м;
Тсм – ауысым
ұзақтығы, сағ;
- ауысым уақытын пайдалану коэффициенті;
Ксм
– ауысым коэффициенті.
Бір
күріш атызын комбайнмен бастырудың толық циклының
орташа ұзақтығын келесі өрнекпен сипаттайды:
![]()
(5) Мұндағы:
- күріш атызындағы жұмыс жолдарының қосынды
ұзақтығы, сек;
- барлық бұрылыстар уақытының
қосынды ұзақтығы, сек;
- бір атыз ішінде
көлікке келу, кету және дән түсіруге кететін
уақыттың қосынды ұзақтығы, сек.
Бір
күріш атызын бастыру қарқындылығы жалпы түрде
төмендегідей болады:
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
+![]()
![]()
![]()
(6)
Кезек Күріш комбайндары
Талап жиілігі
Бункерге дән толтырылған Дестеге салынған күріш
атыздары
комбайндар
1-сурет. Күріш
бастыру процесінің күтуші жабық емес Жаппай қызмет
көрсету жүйесі
Қарқындылық параметрі
келесі өрнекпен анықталады:
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
(7) ![]()
Күріш атыздарының
бастыруға дайын болмауы себепті барлық комбайндардың
тоқтау ықтималдығы:![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
, ![]()
болғанда (8)
Мұндағы: n –
күріш жинайтын комбайндар саны.
Жүйедегі
К- талаптарды табу ықтималдығы (К- қызмет жасап жатқан
комбайндар) былайша анықталады:
![]()
![]()
,
(9)
Барлық комбайндардың жұмыс
атқару ықтималдығы мынаған тең:
![]()
![]()
,
, ![]()
болғанда (10)
Мұндағы: ![]()
комбайндар талаптарын
орындаудың орташа уақыты.
Кезектің орташа
ұзындығы немесе қызмет жасауды бастауды күткен
талаптардың орташа саны:
![]()
(11)
Күтіп тұрған
комбайндардың орташа саны мына формуламен анықталады:
![]()
![]()
(12)
Күтіп тұру
коэффициенті мынадай формуламен анықталады:
![]()
![]()
![]()
(13)
Жоғарыда
келтірілген теңдеулер қаралып отырған күту
жағдайындағы ашық ЖҚК жұмыс жасауының
негізгі көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік береді.
Қордың шығындалуы негізінен күріш атыздары мен
комбайндардың өзара бірін бірі күтуіне байланысты болады.
Комбайндар санының жетіспеуі егін жинау науқанының созылуына,
ал ол өз кезегінде күріш дәнінің өздігінен
төгілуі әсерінен болатын шығынға әкеп
соқтырады, ал күріш атыздарының дайын болмауы
комбайндардың бос тұру уақытының артуына әкеледі.
Осыған байланысты шығын үнемдеу белгісі мына түрде
болады:
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
(14)
Мұндағы:
- бастыруын күтіп жатқан күріш
атыздарының орташа саны;
![]()
![]()
- күту әсерінен бір күндегі шығыны,
тг/күн;
- бір талапқа сай күріш атызының ауданы,
га;
- күріштің жоспарлы өнімі, т/га;
- бір күндегі
өнімнің бастыруды күткен уақыттағы үлесі,
1/күн;
- күріштің бағасы, тг/т;
- күріш атыздарының бастыруға дайын болмауы
себебінен бос тұрған комбайндардың орташа саны;
- комбайнның бір
күн бос тұруынан түсетін шығын, тг/т.
Күріш
өсірудің табиғи-өндірістік шарттарына жасалған талдау
негізінде Қызылорда облысында себілетін күріш ауданы 1000-3000 га
аралығында болуына байланысты есептеулер қорытындысы 1-кестеде
келтірілген.
Аталған аудандар үшін орташа өнімділік 5 тн/га
болғанда қажетті комбайндардың тиімді саны тиісінше 8, 14, 21,
ал 6 тн/га болғанда тиісінше 7, 13, 19 және 8, 15, 22 болады.
Бірақ 2010-2015 жылдар талдауы көрсеткендей Қызылорда облысы
жағдайында егістік аудандары ұлғайып,дақыл
өнімділігі тұрақты түрде өсіп келеді. Оның
үстіне шаруашылықтардағы комбайндардың 50-60% ескірген
және жоғарыда есептелген қажетті комбайндарды алуға
қаражат жетіспейді. Сондықтан МТС құрамындағы
техникалар саны, атап айтқанда бір-біріне жақын маңайда
орналасқан шаруашылықтар үшін олардың
қаржылық, перспективалық өсу тенденциясын ескере отырып,
компромисстік критерий негізінде егін жинау комбайндарының ұтымды
санын анықтау өзекті мәселе болып табылады.
Бірнеше
шаруашылықтар үшін олар мен МТС құрамындағы
комбайндар санының аралық қатынасы алғашқы
есептеулер бойынша 60-70% - 30-40% болғанда шығындар азайып,
экономикалық тиімділік зерттеулердегі екі
жақтар(шаруашылықтар мен МТС) үшін 20-25%
құрайды.
Күріш
жинайтын комбайндардың жалпы қажетті санын
оңтайландырудың ұтымды негізгі көрсеткіштері
Кесте – 1
|
Күріш егу ауданы |
Өнімділігі |
Көрсеткіштер |
||||
|
|
|
|
|
|
||
|
1000 |
4.0 5.0 6.0 |
7 8 8 |
2.76 2.29 1.92 |
4.46 2.49 4.82 |
0.39 0.286 0.24 |
2.11 2.322 2.459 |
|
2000 |
4.0 5.0 6.0 |
13 14 15 |
2.53 2.64 2.912 |
7.567 8.51 6.75 |
0.195 0.1886 0.1941 |
3.192 3.565 3.620 |
|
3000 |
4.0 5.0 6.0 |
19 21 22 |
3.236 3.91 4.42 |
8.95 6.552 8.325 |
0.175 0.1863 0.2011 |
4.059 4.326 5.144 |
Резюме
В статье рассматриваются
вопросы по снижению затрат на уборку риса и определению оптимального потребного
количества и рабочих режимов рисоуборочных комбайнов. С учетом возможностей хозяйств
предлагается потребное количество комбайнов в составе МТС.
Қолданылған
әдебиеттер:
1. Anonymous.
Strengthening of INGER activities in West and Central Asia including Former
Soviet Union Countries/ IRRI.- 1995.- 33 б;
2. Вентцель
Е.С. Исследование операции. – М.: Советское радио, 1972. – 552б;
3. Новиков
О.А., Петухов С.И. Прикладные вопросы теории массового обслуживания. – М.:
Советское радио, 1969. – 399 б.