Ахметжанова.А.И., Ауельбекова А.К., Қыздарова Д.Қ., Наурызбаева А.Н.

 

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

 

АҚТАУ ТАУЛЫ ӨҢІРІНІҢ ХАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ӨСІМДІКТЕР

 

Қазіргі таңда,адамзат пайдалы өсімдіктердің қорларын,таралуын және оларды тиімді пайдаланудың жолдарын қарастырудың маңыздылығына аса мән беруде.Сондай жұмыстардың қатарына бұрын соңды толық зерттелмеген Ақтау таулы өңірінің пайдалы өсімдіктері жатады.Әдеби  дерекетер бойынша Ақтау таулы өңірінің пайдалы өсімдіктері туралы бір - екі ғана жұмыстарда көрсетілген [1].

Зерттеу нысанымыз: Ақтау ауылынан 50 км дей алшақ орналасқан, бұрын соңды зерттелмеген Ақтау таулы өңіріне жататын:Райыс көңі,Қызылтас таулары, аласа шоқылы өңірлер Боранбай және Байшөкең өңірлері болды.

Алдымызға қойылған мақсат, міндеттерге жету үшін далалық эксперименттік жұмысты  байырғы маршруттықрекогностиктік  әдісті қолданып жүргіздік. Зерттелген аудандарда тіркелген өсімдіктерге фитоценологиялық сипаттама Б.А.Быков [2], Т.А.Работнов [3], В.М.Понятовская [4] әдістері негізінде ,ал  пайдалы өсімдіктердің  қолданылуыН.В. Павлов [5] , М.К.Көкенов[6]  бойынша жүргізілді.

Өсімдіктердің таксономиялық ретін анықтау жұмысы «Флора Казахстана» [7] мен «Иллюстрированный определитель растений Казахстана» [8], А.Н.Куприянов «Определитель сосудистых растений Каркаралинского национального парка» [9]  еңбектері негізінде жүргізілді.

Шөп тектес – бұта тектес және бірен – саран : ағаштектес – бұта тектес –көп жылдық шөп тектес және шөптектес - астық тұқымдас өсімдіктер бірлестігі кездеседі.Олардың құрамына кіретіндер: далалық өсімдіктерден - қара жусан (artemisia pauciflora), сұр жусан (artemisia glauca), биік жусан(artemisia procera),бетеге боз (stipa lessingiana),ақ селеу (stipa pennata), қияқ (elymus turgaicus), еркекшөп (agropirum desertorum), ебелек (ceratocarpus arenarius), сасыр (ferula), шәйқурайжапырақ тобылғы (spiraea hypericifolia),баялыш (salsola arbuscula), теріскен (eurotia ceratoides), изен (kochia), бұйырғын(anabasis salsa), сарсазан (halocnemum strobilaceum), жуашақты қоңырбас (poa bulbosa), қызылот (bromus inermis) көп тараған. Таулы-тасты жерлерде тау етектерінде жатаған түрінде төселе қазақ аршасы (juniperus sabina) , адырлар мен шоқылар беткейінде бетеге, аласа қараған (caragana pumila), бұталы қарағандар (caragana frutex) өседі. Жуа (allium), қазтабан (potentilla), бөдене шөп (veronica), өлең (carex) жиі кездеседі.

1 диаграмма. Зерттелген өңірлерде анықталған пайдалы өсімдіктердің систематикасы бойынша әр тұқымдасқа жататын өкілдерінің пайыздық қатынасы.

1 диаграммада көрсетілгендей 4 бөлімшеден жиналғанпайдалы өсімдіктердің көпшілігі күрделігүлділердің өкілдері болды, саны - 17, олардың пайыздық қатынасы 28% құрайды,  екінші орында астық тұқымдастардың өкілдері,олардың саны - 10, пайыздық қатынасы 18% құрайды , үшінші орында ерінгүлділердің өкілі - 9, пайыздық қатынасы 15% құрайды , ал раушангүлділерден - 8, одан кейін бұршақ тұқымдастардан - 7, және алабота тұқымдастардың өкілдері - 5, пайыздық қатынасы 14% құрайды ,  ал қалған тұқымдастардың өкілдері біршама аздап кездесті, мысалы - шатыргүлділерден - 4, пайыздық қатынасы 7% құрайды , т.б қарақұмықтан - 3, қияқөлеңнен - 3 , қалампырдан - 2 түр, жолжелкенен - 2түр, сүттіген тұқымдасынан - 2 түр, қалған тұқымдастардың өкілдері  бәрі бір - бір түрден кездесті.

Белгіленген 4 өңір бойынша тіркелген пайдалы өсімдіктерді  экоморфасы бойынша жіктегенде, олардың  18 түрі ксерофиттерге ,  43 түрі мезофиттерге, ал  ксеромезофитке - 16 түр, мезоксерофитке – 16 түр, гигрофиттерге - 7 түр  жатқызылды. Экоморфасы бойынша барлық анықталған түрлер негізінен ксерофиттер мен  мезоксерофиттерге немесе мезоксерофиттер мен ксеромезофиттерге жатқызылды.

Далалық зерттеу жұмысы барысында белгіленген 4 өңір бойынша тіркелген пайдалы өсімдіктер халық шаруашылығының әр түрлі саласында қолданылуы бойынша жіктелді. Олардың нәтижелері 1 графикте көрсетілген.

 

1 график. Пайдалы өсімдіктердің  қолданылуына байланысты жіктелуі

1 графикте көрсетілгендей 4 бөлімшеден жиналған пайдалы өсімдіктер қолданылу түріне қарай 7 топқа бөлініп, жіктелді.

Тіркелген өсімдіктердің - 40 түрі дәрілік өсімдіктерге жатқызылды,олардың пайыздық қатынасы 33 %, ал  мал азықтық   түрлердің саны 20, олардың пайыздық қатынасы 17% құрды.Тамақтық өсімдіктердің саны – 10 түр,пайыздық қатынасы 8,3 % құрды.Эфир майлық – 9түр, пайыздық қатынасы 7,5 % ,ал бал алынатын түрлердің саны -10, пайыздық қатынасы 8,3%, улы өсімдіктердің  саны – 6,пайыздық қатынасы 5% және сәндік немесе декоративтік түрлердің саны – 3, пайыздық қатынасы 4%  көрсетті.

Жергілікті халықтың күнделікті өмірде  қолданатын дәрілік өсімдіктеріне 11 түр жатқызылды,оларға:дәрілік түйежоңышқа (melilotus officinalis), қазақ аршасы (juniperus sabina), қоңыр итмұрын (rosa cinnamomea), дәрілік бүршікгүл (sanguisorba officinalis), тісдәрі сайсабақ (prangos odontalgica), дәрілік бақ-бақ (taraxacum officinalis), орта тасшүйгін (patrinia intermedia), алқызыл долана (crataegus sanguinea), дала жалбызы (mentha arvensis), бұдыр шайқурай(hypericum scabrum),қабықты құртқашаш (iris scariosa).

Зерттелген өңір бойынша анықталған 40 түрлі дәрілік өсімдіктердің қолданылатын мүшесі және олардың шикізатын жинаудың күнтізбесі жасалынды. Соның ішінде шикізат көзі дәрілік өсімдіктердің жер асты мүшелері болатындарға 12 өсімдік  (дәрілік бүршікгүл- sanguisorba officinalis, томар бояу кермегі - limonium gmelinii, тегіс жапырақты көкбас-eryngium planum , бұдыр мия - glycirrhiza aspera , дәрілік бақ-бақ - taraxacum officinalis, орта -тасшүйгін -patrinia intermedia, талжапырақ андыз - inula salicina, ащы сүттіген- euphorbia esula, орал миясы - glycyrrhiza uralense,кәдімгі сарысояу -xanthium strumarium, татар шөпжияры- lxiolirion tataricum, айыр қазтабан - potentilla bifurca) жатқызылды және шикізат көзі жер үсті мүшелері (шөбі) болып табылатындарға: -(көкшіл сасықшөп - leonurus glaucescens, қазақ аршасы - juniperus sabinа, түйнекті әрем - phlomis tuberosa, тісті түйежоңышқа - melilotus dentatus L, түйнекті әйкен- lathyrus tuberosus , бұталы қараған - caragana frutex, кәдімгі жебіршөп - thymus vulgaris , дала жалбызы -mentha arvensis , ақ алабота - chenopodium album, ақ түйежоңышқа - melilotus albus, ақ желімбас - melandrium album, талжапырақты мыңжапырақ - achillea salicifolia, орташа тұқаш- chartolepis intermedia, ұзынжапырақты бөденешөп –veronica longifolia) 14түр жатқызылды.

Сонымен, Ақтау таулы аймағының 4 зерттелген таулы  – шоқылы – далалық өңірлерінде әртүрлі өсімдіктер бірлестіктерінде 32 тұқымдасқа , 80 туысқа жататын 120 түрлі пайдалы өсімдіктердің түрлері анықталып тіркелді.

Осы 120 түрлі өсімдіктердің ішінде ең көп кездескені –дәрілік өсімдіктерге 40 түр, одан кейінгі орында әрі мал азықтық , әрі тамақтық , әрі эфир майлық өсімдіктерге – 39 түр жатқызлды.

Ақтау таулы өңірінің барлық зерттелген бөлімшелерінде тіркелген өсімдіктерді экоморфасы бойынша жіктегенде олардың көпшілігі ксерофиттер мен мезоксерофиттерге жатқызылды, біразы ғана ксеромезофиттерге (16 түр) және мезоксерофиттер мен гигрофиттерге жатқызылды. Жалпы барлық зерттелген аудан бойынша кең таралған өсімдіктерге жататындар: дәрілік түйежоңышқа (melilotus officinalis), дәрілік бақ-бақ (taraxacum officinalis), иісті киікоты (ziziphora  clinopodioides), дала жалбызы (mentha arvensis), кәдімгі мыңжапырақ(achillea millefolium), биік жусан (artemisia abrotanum), кәдімгі түймешетен (tanacetum vulgare), айыр қазтабан (potentilla bifurca), алқызыл долана (crataegus sanguinea), орал миясы (glycyrrhiza uralense), қазақ аршасы (juniperus sabina), тікенді итмұрын (rosa acicularis), қара қарақат (ribes nigrum), қой жуа (allium angulosum), жіңішке жапырақты күреңот (chamerion angustifolium), орта тасшүйгін (patrinia intermedia), ірі жапырақты бақажапырақ (plantago maxima) ,жерар елекшөп (juncus gerardii), ирек тісті бидайық (agropyron pectinatum) ,ащы қымыздық (rumex acetosa),аз кездесетіндерге: тісдәрі сайсабақ (prangos odontalgica), австрия таусағызы(scorzonera austriaca), ал жойылып бара жатқандарға жататындар: тегіс жапырақты көкбас(eryngium planum), қырқылма бұйырғын (anabasis truncate). Бұл екі түр аса қорғауды қажет ететін жойылып бара жатқан өсімдіктер қатарына жатқызылды.

 

Әдебиеттер тізімі:

1.Ауельбекова А.К., Бельгибекова К.М., Атикеева С.Н.,  Ахметжанова А.И . Ақтау тауының өсімдіктері (Орталық Қазақстан). Вестник  Карагандинского   универсистета. Серия биология , география, медицина. – 2011. № 4(60). – С.12-17.

2.Быков Б.А.Геоботаника. –Алма-Ата,1957. – С.22 – 23.

3.Работнов Т.А., Жизненный цикл многолетных травянистых растений в луговых ценозах //Труды Ботанического института АН СССР. –М. – Л.,1950. Сер.3.Вып.6, –С.7 – 204.

4.Понятовская В.М. Учет обилия и особенности размещения видов в естественных  растительных сообществах // Полевая геоботаника. Т.3. –М. –Л.,1964. – С.209 –237.

5.Павлов Н.В. Дикие полезные и технические растения СССР. М.,1942. – С.640.

6.М.К.Кукенов.Ботаническое ресурсоведение Казахстана.Алматы «Ғылым»., 1999. – С.159

7.Флора Казахстана.Т.1-9 Алма-Ата ,1956 – 1966.

8.Иллюстрированный определитель растений Казахстана . Т.1-2  – Алма Ата,1969, 1972.

9.Куприянов А.Н., Хрусталева И.А., Манаков Ю.А., Адекенов С.М., Определитель сосудистых растений Каркаралинского национального парка. – Кемерова, 2008. – С.274.

10.Ісләмұлы І, Қызбалаұлы Ж , Әнуарұлы М .Ақтауым – атамекенім.– Қарағанды 2010.С– 15-16