Педагогические науки
Белгібаева Г.Қ.,
Баярхуу М.
Е.А.Бөкетов
атындағы Қарағанды мемлекеттік унивеситеті,
Қарағанды қаласы
Мектепалды даярлық тобы балаларының
экологиялық мәдениетін қалыптастыруда ата-ананың
рөлін арттыру
Жалпыадамзаттық
құндылықтың маңызын түсінетін, ақыл-
ойы жетілген, саналы, білімді адам қалыптастыру экологиялық басты
мәселелерінің бірі болып келеді. Қазақстан Республикасы
тұрақты дамудың жаңа жолына түскенде,
экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы бұрынғыдан
да арта түсуде.
Қазақстан
Республикасы Конституциясының 38- бабында «Қазақстан
Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға
және табиғат байлықтарына ұқыпты
қарауға міндетті» делінген.
Демек, экологиялық
мәдениетті, тұлғаны қалыптастыруда педагогика
ғылымындағы экологиялық білім мен тәрбиенің
ең тиімді мүмкіндіктерін, жолдарын зерттеп, оны ұтымды
пайдалану өте маңызды. Сондықтан, қазіргі таңда
«адам- табиғат- қоғам» жүйесіндегі қарым-
қатынастың үйлесімділігін қамтамасыз етуде
экологиялық мәдениет жетекші орын алады. Балалардың
экологиялық мәдениетін қалыптастыру, олардың
қоршаған ортаға саналы көзқарасын, ізгілікті
қарым- қатынасын орнатуда, нақты, жүйелі іс-
әрекет жасауына мүмкіндік береді [1].
Қазіргі таңда
мемлекетіміз экологиялық мәселелердің өте жоғары
тұрғыдан шешілуі керектігін маңызды көкейкесті
мәселе ретінде қойып отыр. Оның айғағы-
Республикамызда 1997 жылғы
«Қоршаған ортаны қорғау туралы
заңның» қабылдануы. Заң адамның өмірі мен
денсаулығы үшін қоршаған ортаның таза болуын
қамтамасыз етіп, экологиялық білім мен тәрбиені жалпыға
бірдей жүргізуі керектігі, қазіргі және болашақ
ұрпақтың құқықтық негіздерін
белгілейді.
1999 жылғы
Қазақстан Республикасының «Білім беру Заңында» білім
беру саласындағы мемлекеттің саяси принциптерінің бірі
ретінде білім берудің ғылыми сипаты
құқылық, экологиялық бағыты заңның
ІІІ бабында қолдау тапқан. Заң міндеттеген талаптарға
сәйкес, жас жеткіншектердің экологиялық
көзқарасын, санасын, табиғатқа жауапкершілік
қатынасын қалыптастыру қазіргі балабақшада
жүргізілетін тәрбие жұмысының негізгі саласына айналуға
тиістілігі аталып өтілген [2].
Қазақстан
Республикасының «Балалардың міндетті мектепалды даярлығы
тұжырымдамасында» (1999) «балаларға табиғат
құндылығын, оның адаммен бірлігін ұғынуды,
республиканың табиғи байлығын өзгерту және
сақтау қажеттілігі... экологиялық мінез-
құлықтың адамгершілік құндылық
аспектісін қалыптастыру тиіс»- деп атап көрсетіп, оған «табиғат
танымы, табиғат мәдениеті ұғымы енеді» деген.
«Қазақстан
Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық
қауіпсіздік тұжырымдамасында» экологиялық білім беру мен тәрбие
туралы ұсыныстар жасалған.
Экологиялық білім беру
бағдарламасында «Экологиялық білім беру жүйесін
қалыптастыру және дамыту үшін теориялық жағынан
негізделген ғылыми зерттеулер жүзеге асырылу керек. Олардың
нәтижелері мектепке дейінгілерден бастап жоғары оқу орнынан
кейінгі деңгейге арналып жасалған жалғаспалы
бағдарламаларында жүзеге асады»,- деп, білім мазмұнының
экологиялық бағыттылығы мемлекетіміздің білім беру
саласындағы саясатының негізгі ұстанымдары ретінде
анықталады[3].
Ұрпақтың
экологиялық мәдениетін қалыптастыра отырып, жаңа
заманның көкірегі ояу, көзі ашық, ұлттық
сана-сезімі жоғары, парасатты азаматын тәрбиелеу ұзақ
әрі күрделі процесс болып табылады. Сондықтан, бұл
мәселе бүгінгі таңда өткір қойылып, өз
шешімін табуды қажет етіп отыр. Аталмыш мәселені шешуде
көптеген ғалымдар өз үлестерін қосқан.
Атап айтқанда,
экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық
негіздерін, мазмұнын, ұйымдастыру жолдары мен әдістерін шет
елдерінде, Ресейде- Я.И.Габеев, М.А.Голубец, С.Д.Дерябо, А.Н.Захлебный, И.Д
Зверев, Б.Г.Иоганзен, Е.В.Кнорре, Т.В.Кучер, А.В.Миронов, И.Н.Пономарева,
А.П.Сидельковский, Е.С.Сластенина, И.Т.Суравегина, С.Н.Соломина, А.Е.Тихонова ғалымдар
зерттеген.
Экологиялық
мәдениет пен оның қалыптасу процесі Б.Т.Лихачев, Д.А.Урсул,
Е.В.Никанорова, Ж.Тастанбекова және т.б. зерттеулерінде
әдіснамалық тұрғыдан негізделсе, болашақ
мамандардың экологиялық мәдениетін
қалыптастырудың жолдары С.В.Алексеев, Г.А.Вахромова, Г.А.Иванов,
И.П.Сафронов, А.В.Миронов және
т.б. ғалымдар еңбектерінде ғылыми- практикалық
тұрғыда шешімін тапқан.
Жас баланы табиғаттың
сұлулығымен сусындандыру, оның таңғажайып
көріністерін таныту, жасөспірімдердің табиғатпен
қарым- қатынасын орнықтыру, білім беру, тәрбиелеу,
дүниетанымын дамытуда қазақ халқының
ағартушы ғалымдары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин,
Ш.Уәлиханов, Ш.Құдайбердиев, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов,
А.Байтұрсынов, М.Дулатов еңбектерінің орны ерекше [4].
Табиғат—
сұлулықтың өмір-бақи таусылмас қайнар
көзі. Сондықтан ол тәрбие берудің ең
маңызды құралдарының бірі болып саналады. Баланың
бойына игілік пен ізгілікті дарытушы табиғатты қорғау
сезіміне тәрбиелеу туралы ғұлама ғалым К.Д.Ушинскийдің
«Табиғат дауыс— дыбысын, үнін ата- аналар да, қоғам да,
тәрбиешілер де, заң шығарушылар да көңіл
қойып тыңдауы тиіс. Табиғатпен егесу, зиян келтіру
жақсылыққа апармайды, адамға тек оның
заңдылықтарын білу және оның табиғи күшін
пайдалану ғана қалды» дегеніне құлақ асатын
мерзім әлдеқашан жетті. Сондықтан да «жер тағдыры— ел
тағдыры» екеніне тереңненмән беріп, ата-бабаларымыздың
атамекен, туған жер топырағы туралы түсініктеріне,
таным-талғамдарына ой жүгіртуге, табиғатты көздің
қарашығындай сақтап, аялауға тиіспіз.
Мектеп
жасына дейінгі балаларды экологиялық тәрбиеге баулудың
міндеті- қажеттіліктің алғышарттарын сәби шақтан
бастап қалыптастыру. Бұл міндеттер отбасынан бастау алып,
ата-аналардың өз педагогикалық білімдерін заман талабына сай
жетілдіруімен шешіледі. Бұған ұйтқы жасайтын мекеме,
әрине, балабақша болмақ[5].
Нарықтық
қатынастар тұсындағы әлеуметтік жағдайдың,
ата-аналардың педагогикалық білімін жетілдіріп отырудағы
мүмкіндіктерінің төмендігі бала тәрбиесінде біршама
қиындықтар туғызары сөзсіз. Бұлай екен деп
қол қусырып отыруға әсте болмайды. Бұл
тұста ата-аналарға бағыт беріп, ынтымақтастықта
әрекет ету тәрбиешілердің үлесінде екені даусыз.
Бала
тәрбиесінің алтын бесігі— отбасы. Отбасы— бала үшін
өмір мектебі. Ата-ана — баланың өмірлік ұстазы
және тәрбиешісі. Ата-ананың басты борышы — баласын дұрыс
тәрбиелеп өсіру және оны жақсылыққа,
адалдыққа, тазалыққа т.б. адами игі қасиеттерге үйрету. Балалардың болашағы
ата- аналардың сіңірген еңбегіне,
тәлім-тәрбиесіне байланысты болады. Сондықтан, ата-ана
баласын еңбекқор, еліне жанашыр, елінің қамқор
азаматы етіп тәрбиелеуге міндетті.
Әсерлеп айтқанда, әуелі отбасында тамыры бітеді де,
бұталары да, гүлдері де, жемісі де содан өсіп-өнеді.
Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық тәрбие
отбасындағы осы тәлім тазалығына негізделіп
қалыптасады.
Экология ғылымы —
табиғат қорғау ғылымының негізі, бастау
бұлағы. Табиғат қорғау ғылымын, оның
қағидаларын, заңдарын сақтап, табиғатты
өмірлік қажеттілігімізге пайдалануда міндетті түрде орындау-
мәңгілік баянды өмір сүру негізі. Табиғат сырын
жан- жақты білуге ұмтылу, оның қорларын қажетіне
пайдалану- адам баласының қанына сіңген қасиет.
Бұл қасиетсіз адамның өмір сүруі мүмкін
емес. Ендігі мақсат— осы қасиеттің барлығын жер басып
жүрген әрбір адамның саналы түрде түсінуіне, оны
нәтижелі түрде өмірде пайдалануына көмектесу. Бұл
мақсаттың орындалуы әрбір азаматтың табиғат
қорғау тәрбиесін қаншалықты білетіндігімен
тікелей байланысты. Ол жұмысты орындау ата- ананың міндеті болып саналады[5].
Экологиялық білім берудегі
қиыншылықтарды (еліміздегі, шет елдердегі экологиялық мәліметтердің
жетіспеуі, газет- журналдармен таныс болмау, әр түрлі
экологиялық мекемелерімен байланыстың болмау т.б.) ескере
отырып, экологиялық тәрбие
беруде жан-жақты қарастыру керектігін, оның көп аспектілі процесс екенін байқадық.
Ол қиыншылықтардан
арылу үшін:
1. Табиғат пен
қоғам арасындағы өзара байланыстың мәнін
ашуға білімнің ғылыми негізін қалыптастыру қажет.
2. Балаларды гуманистік
дүниетаным рухында тәрбиелеу қажет деп таптық.
Мектепке дейінгі әр бала
«табиғат», «жасыл желек», «мөлдір су», «көгілдір аспан»,
«торқалы топырақ», «денсаулық», «гүл»,
«сұлулық, әдемілік», «сайраған құс,
жүгірген аң», «туған елім, жерім, отаным, республикам» деген
ұғымдардың мән- мағынасын, мазмұнын білуі
тиіс. Осылардың бәрінің бастауын балалар отбасынан алуы тиіс.
Экологиялық тәрбие
қоғамдық өмірдің барлық салаларын
қамтып, бірнеше деңгейлерде жүргізілуі керек. Оның
ішінде жеке тұлғаның түзілуі, негізінде, отбасында
жүргізіледі. Сондықтан әр ата- ана баланы
қоғамдағы негізгі мінез- құлық нормаларына
тәрбиелеумен қатар, экологиялық мәдениеттің де
негіздерін үйрете бастауы керек. Қазіргі кезде жағдаяттардан
/ситуация/ кейбір парадокстарды байқауға болады.
Мәселен, ата-
аналардың экологиялық білімділік деңгейінен балалардың
экологиялық білімділігі әлдеқайда жоғары екені
байқалады.
Зерттеу нәтижелері көрсеткеніндей,
ата-аналар мен балалар қоршаған ортаға ешқандай
жамандық жасамай- ақ, тіршілік ортасына белгілі бір дәрежеде
зиян тигізіп жатқанын өздері де байқай алады.
Экологиялық жағынан
сауатты ұрпақ даярлау, ертеңгі еліміздің
болашағын, табиғат тағдырын ойлау десек, асыра
айтқандық емес.
Балаларға экологиялық мәдениет, білім
мен тәрбие беру олардың жер тағдыры мен ел тағдырын
ойлауына, табиғат пен адам өмірінің бірлігін терең
сезінуіне, айнала қоршаған ортаны, ғарыш әлемінің
қадірін бағалай білуіне, табиғатты аялап, оны
қорғай алатын азамат болуына тәрбиелеу міндеттері мен
мақсаттары бүгінгі танда маныздылығымен, көкейкестілігімен
маңызды.
Бала тәрбиесіне, жалпы адам
тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті
қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі-
қазақ халқы.Халқымыздың тәрбие тәсілдері
мен тәжірибелері өте көп. Ата-бабамыз қалдырған
мол рухани азыққа сүйене отырып, ата-ана бала тәрбиелеуде экологиялық мәдениетке
көп көңіл бөлуі керек. Қоршаған ортаны
қорғау, оны аялауға үйрету, бөбектерді
туған табиғатқа деген сүйіспеншілікке,әсемдікке,
сұлулыққа тәрбиелеу және табиғат
жөнінде қарапайым білім беріп, оның негізінде бала санасына тірі
және өлі табиғат құбылыстары туралы нақты
және жалпылай түсініктерді қалыптастыру керек.
Балалар ес білгеннен
бастап айналасындағы құбылыстармен танысады. Серуен кезінде
табиғатпен тікелей байланыста болып жатқан құбылыстарды
сезінеді. 6-7 жасқа келген бала табиғат құбылыстары мен
адам әрекеті арасындағы байланысты ажырата алатын болуы керек.
Сонымен қатар, ата- ана бөлме
өсімдіктерімен балаларын таныстыруы қажет, олардың
түрлерін ажырата білуге үйрету және түптеп, қайта
отырғызу арқылы еңбекке дағдыландыруы керек. Экологиялық
құлық пен еңбек іс-әрекеттерін ұштастырып,
тікелей табиғатқа байланысты мақсатты жұмыс
түрлерін жүргізсе, олардың жақсы нәтиже
беретіндігіне ешқандай күмән келтірүге болмайды.
Баланың қолынан келетін, аулада шашылып жатқан
қағаздарды қоқыс жинайтын жәшікке тастау,
гүлге су құю сияқты сауапты жұмыстардың ауқымы
жас өскен сайын кеңейе бастайды. Сәби кездегі оң
тәрбие есейген соң «халқыма, еліме қандай сауапты
жұмыстар істейін» деген ойға түсуіне әсер етеді.
Балабақша
тәрбиеленушілері бойында адам
тәртібінің экологиялық қауіпсіздігі мен
денсаулығының қоршаған орта жағдайына
тәуелділігі туралы (экологиялық-валеологиялық бағыт)
қарапайым түсініктердің алғашқы қадамдары
қалыптасуға тиіс.
Мектепке дейінгі және отбасылық экологиялық
тәрбиеге арналған материалдарды оқып, танысу өте
маңызды. Оған ойындар, оның ішінде дәстүрлі
құндылықтарға, мәдени дәсгүрлерге,
ұрпақтар арасында тәжірибемен бөлісуге
қызығушылық танытатын ойындар, компьютерлік танымдық
ойындар, балаларға арналған әдебиет пен бейнематериалдар
оқып беру және көру, танысу
жатады[5].
Ой
қорыта келе, мектепалды даярлық тобы балаларының
экологиялық мәдениетін қалыптастыруда ата-аналарыдың
рөлін арттыруда келсідей ұсыныстар қорыттық ˗ ата- анамен
бірлесе отырып, бала санасына адамның экологиялық
қауіпсіздігі мен денсаулығының қоршаған орта
жағдайына тәуелділігі туралы қарапайым
түсініктердің алғашқы қадамдарын
қалыптастыру; адам мен табиғат арасындағы күнделікті
байланыс туралы балаға экологиялық білім беруде ата-ана белсенділігін
үнемі назарда ұстау; балаларымен бірлесіп жұмыс істеудің
экологиялық білім беру мен экологиялықмәдениетті
дамытудағы маңызды қадам екенін сезіндіру арқылы
ата-аналардың белсенділігін арттыру; қоршаған ортаға
деген жанашырлық пен жауапкершілікті сезіндіру мақсатында
балабақшада ата- аналармен істелетін жұмыс түрлерін молайту;
ата- аналарға пайдалы кеңестерұсыну, басқа ата- анамен
пікір алмасу арқылы экологиялық
білім беру мен экологиялықмәдениет жайлыбілімдерін
толықтыруға ықпал ету; ата- анамен байланыс арқылы отбасы өмірінің сапасын, оның
мүшелерінің денсаулығы және амандығын бағалауда
балабақша ролін сезіндіру, жағымды пікір туғызу; табиғат
нысандарына және әлемнің жасанды заттарына саналы түрде
ұқыпты қарауға тәрбиелеуді, экологиялық
мәдениет негіздерін қалыптастыруды ата- анамен бірлесіп
атқару.
Қорыта
айтқанда, «баланы-жастан» дегендей,болашақ
ұрпақтың салауатты өмір сүретін ортасын
қалыптастыруда балаларына үздіксіз экологиялық білім мен
тәрбие беру, экологиялық әдеп пен мәдениетке
үйрету, табиғат заңдарында көрсетілген ұстанымдар
мен ережелерді орындату әрбір ата-ананың міндетті борышы,
қасиетті парызы екенін
сезіндірудің, мектепалды тобы балаларының экологиялық
мәдениетін қалыптастыруда ата- аналардың экологиялық
сауатын жетілдіру, олардың қоғамның экологиялық- экономикалық
мүддесіне лайық өз елінің патриоты болуына
үндеудің маңызы зор.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының
«Қоршаған ортаны қорғау туралы заңы», 1997.
2. Қазақстан Республикасының «Білім
беру Заңы» ІІІ бабы, 2007.
3. Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға
арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы,-Алматы,
2004.
4. Сабденалиева Г.М. «Экологиялық тәрбие берудің педагогикалық
шарттары»,-Алматы, 2001.
5. Матвеева
Л.А. Как знакомить дошкольников с природой.- Москва,2008.
6.Саморукова
П.Г.Как
знакомить дошкольников с природой. - Москва,2003.