Бельгибаева Г.Қ, Базар А., Сапарали Л.А.

 

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан

Қарағанды қаласы

 

Мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық тәрбие беру МӘСЕЛЕСІ

 

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: "Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу –мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы" - деген еді . Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, "ұлтжандылық", отансүйгіштік", " патриотизм", ұғымдары сол заманның ақиқаты – наным – сенімінен   туындайды. Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы – қазақстандық патриотизм болды. "Қазақстандық патриотизм" ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз. Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан олардың көпшілігінің туған Отаны және бұдан былай да мәңгі тұрақтап қалар мекені болмақ. Сондықтан олардың әрқайсысы Қазақстанды ата – жұртым деп танып, оның тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын арттыруға еңбек етуі тиіс. Сол себепті қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті өмірде жиі қолданылып  келеді. Ол болашақ Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты. Қазақстандық патриотизм – Отан – анаға деген сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік, өнеге көрсетушілік, бойдағы білім мен білікті, ақыл – парасатты ел игілігіне жұмсау, атамекен мүддесіне арнау болмақ. Өз елінің өткенін, тілін, әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін құрметтей білу де осы қазақстандық патриотизм құрамына кірсе керек.

Соңғы уақытта мектепке дейінгі білім жүйесінде айқын өзгерістер орын алуда. Балаларды тәрбиелеу мен білім мазмұны жаңартылып жатыр, көптеген бағдарламалар пайда болуда. Сонымен қатар мәселенің өзектілігі, қоғамның қазіргі заманда адами тәрбиесі.

Адами тәрбиенің маңызды бөлігі ол баланың өзінің мәдениетіне бет алуы болып табылады, өйткені баланың тұлғалықтай толық ашылуы тек оның өз халқының мәдениетіне қосылу арқылы мүмкін болады. Балалардың Отандық мұраға бойсұнуы, сыйластықты, өзі тұратын жері үшін мақтанышты тәрбиелейді. Кішкентай бала үшін Отан туған үйінен, өзі және отбасысы тұрып жатқан көшеден басталады, отбасыда болашақ өз елінің азаматы «өсіп» келе жатыр.

Сонымен, балалардың адами-патриоттық тәрбиесі – мектепке дейінгі білім мекемесінің негізгі міндеті болып келеді. Ал оның негізгі шарты болып ата-аналармен, отбасымен тығыз байланысы болып табылады.

 

К.Д.Ушинский өз педагогикасында балалардың адами құндылықтарының қалыптасуына көп көңіл бөлген. Оның ойынша, адами тәрбие, балалардың ойлау және еңбек ету тәрбиесімен тыңыз байланыста болу керек.

Сонымен, балалардың адами-патриоттық тәрбиесі мектепке дейінгі білім мекемесінің негізгі міндеттері болып табылады.  Патриоттық сезімді қалыптастыру үшін балаларға Отан жайлы бастапқы білім беру керек, біздің еліміз, халқымыз, әдет, тарих, мәдениет туралы тіректі  хабар беру керек.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың адами-патриотттық міндеттері:

1. баланың өзінің отбасына, үйіне, балабақшасына, көшесіне, қаласына деген сүйіспеншілік пен бауыр басып кетуін тәрбиелеу;

2. табиғат пен бүкіл тірі жанға ұқыпты қатынасты қалыптастыру;

3. еңбекке деген сыйластықты тәрбиелеу;

4. халық салтына және кәсіптікке қызығушылығын тудыру;

5. адам құқығы жайлы қарапайым білімдерді қалыптастыру;

6. Қазақстан қалалары жайлы хабарын кеңейту;

7. балаларды мемлекет рәміздерімен таныстыру (елтаңба, ту, әнұран);

8. мемлекет жетістіктері үшін жауапкершілік пен абырой сезімдерін дамыту;

9.өзара сыйлау, басқа ұлттарға олардың салттарына деген сыйластықты қалыптастыру болып табылады.

Осы міндеттер балалық жұмыстың бүкіл түрлеріңде шешіледі: сабақтарда, ойындарда, еңбекте, үйде – баланың тек қана патриоттық сезімін ғана емес, сонымен қатар оның ересектермен және құрдастарымен өзара қатынастарын қалыптастырады.

Мектепке дейінгі жастағы балаларды туған қаласымен таныстыру оңай міндет емес, өйткені кішкентай балаға үлкен қаланың құрылысын, оның құрылу тарихын, әсемді жерлерін елестету қиын. Осы жұмыс дәйекті түрде жүргізіледі, ең жақын орналасқаннан, таныстан (отбасы, балабақша, микроаудан), ең қиынына – қала, мемлекет екені белгілі.

Осы «Ата-аналардың үйі» Отанға деген махаббатқа негіз болады. Бұл тақырып бойынша тәрбиешілер мен ата-аналардың бірлескен жұмысының басқа да түрлерін қолдануға болады: ата-аналардың жақсы көретін сабақтары мен отбасының қызықтары, салттары, бірге өткізетін мерекелер, отбасылық бас қосулар туралы әсемделген фотоальбом мен фотогазеттер көрмесі және т.б.

Балаларға ұсынылатын  мәліметтер әр жаста ұқсас болмайды. Төрт жастағы бала өзінің тұрғылықты және балабақшаның орналасқан көшесін білуі керек. Жастары үлкен балалардың көңілдерін жақын орналасқан нысандарға бөлу керек: мектеп, кинотеатр, пошта, дәріханаға және т.б., олардың қызметтері жайлы, және осының барлығы адамдардың ыңғайлы өмір сүрулері үшін салынғандарын айта өту.

Дүкенге, мектепке, кітапханаға, поштаға, стадионға  бағытталған мақсатты түрдегі экскурсиялар, микроауданның мекемелерінің құрылысымен және жұмысымен таныстыруға көмектеседі, адамдардың әр түрлі қажеттіліктері, кім және қалай қала тұрғындарының қамын ойлайтындары туралы мектепке дейінгі жастағы балалардың түсініктерін қалыптастырады .

Кіші отанның тарихымен таныстырғанда, ең бастысы ізденушілік қызметі қалыптасу керек: балалар өздері тұратын  микроаудан  атауларының тарихын ата-аналарынан, аталарынан, апаларынан сұрастыра алады. Осы жұмыс барысында микроаудан тарихына танымдық қызығушылық өседі, танымал жерлестеріне деген сыйластық туады.

Ата-аналар мен балаларға  қызық болатын микроауданның үлгісі құрылуы мүмкін, әр бала ересектердің көмегімен үйінен балабақшаға апаратын жолды салады, үлгіде көше атаулары, жолдағы өтпе жол, көркем орындар белгілейді.

Сонымен қатар, адами-патриоттық тәрбиенің осы кезеңінде  өз туған қаласының тарихы, көркем жерлері, ескерткіштері, сонымен қатар көшелер мен алаңдар жайлы білімдерін  тексеру арқылы отбасылық өткізулер мен конкурстар өткізілуі мүмкін.

Адами-патриоттық тәрбиеде ересектердің үлгісі үлкен маңызы бар, әсіресе жақын адамдардың. Отбасыдағы үлкен адамдардың адамдардың(аталардың және апалардың, Ұлы Отан соғысының қатысушылары, олардың майдандағы және еңбек ерліктері) айқын дәлелдеріне сүйеніп балаларға осындай маңызды ұғымдарды дағдыландыру, олар «Отан алдыңдағы парыз», «Отанға деген сүйіспеншілік», «жауға деген өшпеңділік», «еңбек ерлігі» және т.б. Балаға біздің жеңісіміз, Отанға деген махаббатымыздан, біздің Отанымызды сүйетінімізді, адам бақыты үшін өзінің өмірлерін бергендерін, Отанның өзінің батырларын құрметтейтініне деген түсінікке келтіру. Олардың аттары қала, көше, алаң атауларыңда,  мәңгілікке қалады, олардың  құрметіне ескерткіштер тұрғызылды .

Балабақша балаларының сұрақтары көп болып келеді: «Неге зейінді және сыйлы болу қажет?»; «Біздің Отанымыз қандай?»; «Неге елімізді қорғауымыз қажет?» — осы  сияқты сұрақтарға олар сабақта жауап ала алады. Біздің балабақшада биылғы оқу жылында балаларға адамгершілік  тәрбие сезімдерін қалыптастыру бойынша ерекше зейін қойылады, өйткені бұл сезімдерде патриотизм негіздері қалыптасқан. Мектепке дейінгі жастағы бала өзін қоршаған ортаның әсемдігіне, өзінің отбасына деген сыйластық сезімі  туындаған жағдайда, оның өз Отанына деген  сүйіспеншілік сезімі,яғни патриоттық тәрбие қалыптаса бастайды.  Мектепке дейінгі жастағы балалардың патриотизм сезімін тәрбиелеу – күрделі және ұзақ үрдіс.Баланың тұлға ретінде дамуына жақындарына,балабақшаға, туған қаласына және еліне деген сүйіспеншілігі үлкен роль атқарады. Мектепке дейінгі мекемеде патриотизм сезімдерін тәрбиелеуде басымды бағыттың бірі,ол экологиялық білім беру болып табылады.Балаларды өз елімен, ұлттық, тарихи мәдениетімен,табиғатымен таныстырғанда, олардың өз Отанының,патриоты және азаматы болатындай мінездері қалыптаса бастайды. Адамның  балалық шағында  алған  әдемі табиғаты, елінің тарихы туралы әсері,көбіне өмір бойы есінде қалады екен.      Шындығында, біздің еліміз қандай болса да, адам өзінің туған,өсіп – өнген  жеріне, көшесіне, алғаш рет ағаш еккен ауласына   деген сүйіспеншілігін  өз Отанына деген сезімімен байланыстырады.       Балаларды өз туған қаласымен таныстыру біздің ойымызша өте қажетті жұмыс,өйткені ол танымдық, рухани – адамгершілік,табиғатты қорғау қызметін атқарады. Балабақша баласына «өзінің кішкентай Отаны» туралы көп қызықты мәлімет беруге болады (қаланың тарихи және қазіргі кейпі, сәулетті жерлері,ескерткіштер туралы). Тәрбиеші өзі өз қаласының,өз Отанының  тарихын білетін болса ғана,  мектепке дейінгі жастағы балаларды патриоттық сезімге тәрбиелеу өз нәтижесін береді. Балаларды оқыту үшін, алдымен педагогтың өзі ақпарат материалын  толық түсінікті тілде жеткізе білуі қажет. Педагогтың берілген ақпаратының қандай әдіс – тәсілдер арқылы жеткізе алуына байланысты балалар оны қабылдайды және жаңа нәрсе білгісі келетін қызығушылығы  пайда болады. Біз, әдіскерлер балаларды қоршаған ортамен таныстырудың,яғни экологиялық тәрбиенің жүйелілігін ескере отырып, балаларды рухани – патриоттық тәрбиелеу  сабағына тақырыптық жоспар өңдедік.  Үй,балабақша, туған қаласы, сонымен қатар қоршаған табиғат «балабақшаның жасыл желегі» - табиғат бұрышы,экологиялық соқпақ сияқты тақырыптар кірді. Бұл жұмыс барлық топтарда жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Барлық топтардың тәрбиешілері өз жұмыстарында балаларды туған қаласымен,елімен таныстырудың әр түрлі формаларын қолдануы тиіс; мақсатты серуен,саяхат, әңгіме, бақылау,дидактикалық ойындар,әр түрлі көркем әдебиет оқу және т.б. Бұл жұмыстар үлкендер мен балалардың ұйымдасқан түрінде өтуі тиіс. Мектепке дейінгі жаста кіші топтағы балаларға қаланы көз алдарына елестету өте қиын. Сондықтан олармен жақын көшеге серуен жасау, өз үйлері,көшелері,үйлерінің нөмірлері туралы әңгіме жүргізу. Ортаңғы топ балаларымен бұл бағытта мынандай жұмыстар жүргіземіз: алдымен балабақшаның тұрған ауданымен таныстырамыз, балабақшаның айналасының  қолымен жасалған әдемілігімен таныстырамыз. Қаланың ауылмен айырмашылығы туралы әңгімелеу. Ересек топта туған қаласы туралы білу мәліметі ұлғаяды. Балаларды  өз туған қаламыз Көкшетаудағы өнеркәсіппен, тарихымен, оның көрікті жерлерімен таныстырамыз. Осылай таныстырғаннан балаларда  өз туған қаласы бойынша мақтаныш сезімі туады.   Балалардың  өзінің туған қаласымен және Отанымен  танысқаннан  олардың көңіл – күйлері көтеріліп,көріп білгендерін сурет арқылы көрсеткілері  де келеді. Сондықтан бұл жұмыс бейнелеу өнерінде де жалғасады. Балалардың салған суреттерінде өзінің туған қаласына деген  сүйіспеншілігі және де серуен кезінде бақылаған табиғаты жөнінде бейнеленеді. Музыка сабақтарында өз халқының дәстүрін танып  араласады. Балабақшада патриоттық тақырыпқа мерекелік ертеңгіліктер өткізу дәстүрлі болып кетті:Мысалы, “Сарбаздар күні”, “Қала күні”, “9 Мамыр – Жеңіс күні”, “Балаларды қорғау күні” және т.б. Балалармен өзінің туған өлкесі бойынша танысу кітап бұрышында,түрлі – түсті суреттер – дидактикалық материалдарды қарау бойынша,ұлттық салт – дәстүр өнері бойынша жүргізіледі.  Жыл бойы балалармен жүргізілетін жұмыстың негізі, ол табиғатпен танысу, қорғау қызметі.  Табиғатты танып – білу,  қорғау – Отанды тану, қорғау болып табылады. Тәрбиешілер балалармен аракідік «экологиялық күзетке» өз ауласын тазалауға шығып тұрады. Осы арқылы балаларға олардың айналаны таза ұстап, үлкендерге көмектесіп, өздерінің осы қаланың тұрғыны ретінде қаланы таза сақтау керектігін түсінулеріне құлшындыру. Осы айтылғандарды  есепке ала отырып, біртіндеп балабақшада рухани – адамгершілік – патриоттық  тәрбие жұмысының жүйесі қалыптасады.  Біздің жұмыстың жемісі – бұл ата-аналармен  бірлесіп қызығушылықпен жасаған жұмыстар. Бүгін біз, педагогтар балаларға өзінің туған өлкесіне,салт – дәстүріне және осындай Қазақстан еліне деген сүйіспеншілігін тәрбиелей аламыз, яғни балаларға рухани – патриоттық  тәрбие бере аламыз   деп   сенімді түрде айта аламыз. 

Әрбір сабағымызда Қазақстан елінің күнделікті тұрмыс-тіршілігі, оның жетістіктері туралы айтып отырсақ, балалардың да өз еліне деген сүйіспеншілік сезімдері қалыптасады. Менің ойымша мұндай ұстанымдар «шынайы патриотизм» түсінігінің мәнін ашып көрсетеді. Еліміздің әрбір азаматы өз елінің патриоты болсын десек, оның бойындағы патриоттық сезім отбасында, мектеп қабырғасында қалыптасуы тиіс деп ойлаймын.

 

Пайдаланылған әдебиеттертізімі

1.     referatikz.ru. blog/mektep_zhasyna_dejingi_…

2.     Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы ҚР Президентінің Жарлығы. – Астана: Ақорда, 2006. Қазан. №200.

3.     orley-kost.kz›Администрация›…/view-photo/3/310Балалар5а патриоттық тәрбие беру жолдары

4.     orleumo.info.- 112Адамгершілік - патриоттық тәрбие беру