Самашова Г.Е.1, Умирбекова М.А.2
Қарағанды мемлекеттік техникалық
университеті1, 2
«Кәсіптік оқыту» кафедрасының доценті,
п.ғ.к.,1
«Кәсіптік
оқыту» мамандығының магистранты2
Кәсіби бағдар беру
жұмыстарын ұйымдастыру сұрақтары
Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2015 – 2020 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасы бойынша білім беру ісін дамыту
тұжырымдамасында отандық білім беруде жетілдіру мен оның
әлемдік білім беру аясына ықпалдасуының басты бағыттары
белгіленген [1]. Соған байланысты алған білім мен біліктілігі
негізінде бүгінгі өзгермей өмірді еркін бағдарлай
алатын, өзін-өзі дамытып, өз бетінше дұрыс, жауапты
шешім қабылдай білетін тұлғаны тәрбиелеу мақсаты
қойылды.
Қоғамның
әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогресі
қарқынды дамып отырған заманда адамның
интеллектуалдық еңбек үлесі өсіп, білім деңгейіне
және әрбір жеке тұлғаның шығармашылық
даралығының дамуы мен кәсіби бағыттылығына
қойылатын талаптар арта түсуде.
Адам
өмірінде мамандық таңдау өте жауапкершілікті және
маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам
өзінің қызығушылығына, қабілетіне,
бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай-ақ өз
мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын
жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл
мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты
сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын,
қызығушылығын жоймаған кең тараған
мамандықтарға дәрігер, мұғалім және
құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал,
өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология,
байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару
мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті
жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында
мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті,
коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті,
қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін
арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді.
Мамандық
таңдау – бұл жасөспірім жастағы ең маңызды
шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ
басқан жас ұланның алдында мыңдаған
мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті
тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ,
мұның кез-келгеніне икемділік қажет. Еліміздің білім
беру жұмысы, оның ішінде мамандық таңдау аясында
жұмыс енді ғана тәй- тәй басып дамып келуде. Сонда да,
қазіргі кезде еліміздің кәсіби білім беруі орташа
деңгейден төмен тұр деп айтса да болады [2].
Мамандық
таңдау мәселесі үнемі күн тәртібінде орын алатын
сұрақтардың бірі, яғни «Мамандық таңдау –
жар таңдаумен бірдей» деп текке айтылмаған. Осы тұрғыда
кәсіби бағдар беру пролемасымен айналысқан авторларды атап
өтелік, олар: Н.Н.Захаров, И.Иващенко, В.А.Картич, А.К.Климов, А.Д.Сазонова.,
В.Д.Симоненко, Ю.Сыэрд, С.Н.Чистякова және т.б. [3 - 9].
Қазіргі
таңда мектеп оқушылары арасында мамандық туралы жеткіліксіз
білу мамандық таңдауда кездейсоқтыққа
әкеліп соқтырады. Мамандық таңдауда қателесу
сайып келгенде, таңдаған мамандығын жек көріп,
жұмыс орнын жиі өзгертуге себепші болады. Осы жағдайларды
болдырмау үшін біздің елімізде кәсіптік бағдар беру
жұмыстары жүргізіледі.
Кәсіби
бағдар беру – шешімі табылуға тиісті өте күрделі
кешенді мәселе. Өзінің әдістемесі және
мазмұны жағынан оның психологиялық,
педагогикалық, физиологиялық және әрекеттік
аумағы жағынан әлеуметтік сипаты болады. Нәтижесі
қоғамның экономикалық өміріне әсер етеді. Осымен
қатар кәсіби бағдар беру қоғамның
жұмыс күшін қайта өндірудің маңызды
құралы болып табылады.
Білім беру
бағытындағы кәсіби бағыт беру саласы
күрделі де алуан түрлі. Кәсіби бағдар беру ісін
жүргізу кадрлар даярлауды жоспарлаумен, білім беру жүйесін одан
әрі жетілдірумен тығыз байланысты. Мектепте кәсіби бағдар
беру оқу-тәрбие үрдісінің құрамды
бөлігі ретінде қаралады.
Кәсіби
бағдар беру проблемасы әдістері жөнінен -
педагогикалық, мазмұны жөнінен - әлеуметтік,
қорытындысы жөнінен - экономикалық, көлемі
жөнінен - мемлекеттік болып табылады [10].
Жалпы білім беретін
мектептердегі кәсіби бағдар беру жүйесінде кәсіптік
бағыттылықты қалыптастырудың адами алғышарттары
жоғары сыныптарда туындайды. Олардың бойында танымдық
қызығушылық дами отырып, жеке мәнді мақсат қою
талабы, кәсіби мүддесі пайда бола бастайды. Алайда, көптеген
мектеп түлектері өзін-өзі және таңдаған
мамандығын өз деңгейінде біле бермейді. Соңғы
кездерде жастар арасында ғылыми қызмет беделі төмендеп,
педагогикалық, инженерлік-техникалық мамандықтарға
қызығушылықтары баяу өсуде. Мұндай
құбылыстарды жою үшін ерекше педагогикалық
тәсілдер, жұмыстың мазмұнды және құқықты
формалары қажет болып отыр.
Жастардың
кәсіби бағыттылығының қалыптасу процесі жалпы
бағыттылықтың бір бөлшегі ретінде күрделі
көп деңгейлі, көптеген әлеуметтік және жеке
факторлар мен шарттарға бағынышты процесс.
Жастардың
кәсіби бағыттылығына түрткі болатын компоненті ретінде
олардың танымдық қызығушылығы, кәсіпке
қызығуы, белгілі бір іс-әрекет түріне бейімділігі,
мамандықты таңдау мотиві, мақсаттық компоненті ретінде
– кәсіби құштарлық, ол мақсат қою
және соған сәйкес құрал, жеткіншек
осылардың көмегімен кәсіби мақсатына жетеді.
Бүгінгі
таңда жастардың көпшілігі жоғары білімді талап ететін
мамандықтарды алуға талпынып жатады. Соңғы кездерде
Республикамызда жоғары оқу орын жүйесі даралана түсіп,
мамандық иелері сұрыпталуда. Сонымен қатар, жоғары
оқу орындарына түсушілер қатары көбейе түсуде.
Қазіргі
кезеңде жалпы білімнің міндеті – баланың жалпылама дамуын қамтамасыз
ету ғана емес, ең бастысы оларды жастай өз қабілеті мен
қызығуына қарай белгілі бір мамандыққа арнайы
бағыттай білу.
Адамның белгілі
бір әрекетке бейімделуіне негіз болатын факторлар бөлігіне мыналар
кіреді [11]:
- азаматтық
қасиеті;
- еңбекке
деген қарым-қатынасы, мамандыққа қызығуы;
- тұлғаның
кәсіби еңбек бағыттылығы;
- дене
және ақыл-ой өрісінің жарамдылығы;
- арнайы
қабілеттері (белгілі бір іс-әрекетіне қажетті сапалар);
- білім,
дағды, тәжірибе.
Әрбір
оқушының сана-сезімі, мінез-құлқы, мәдениеті,
өмірге көзқарасы, әртүрлі
мамандықтардың ерекшелік сипаттарына қабілеттері бірдей бола
бермейді. Олардың өзіндік ерекшелігі - тәрбиесіне,
шыққан ортасына да байланысты.
Қазіргі
кезеңдегі оқытудың негізгі мақсаты – болашақ
мамандығына байланысты әрбір балаға тереңірек білім
беру, білімді өзгермелі өмір жағдайларына пайдалана білу
дағдысын қалыптастыру. Сондықтан қазіргі
қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік-экономикалық
өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып
қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі
ықпал ететін жеке тұлғаға қойылатын бірінші
кезектегі нақты талаптар: шығармашылық, белсенділік,
әлеуметтік жауаптылық, жоғары интеллектілік, терең білімділік,
кәсіби сауаттылық.
Саналы түрде
таңдалған мамандық жеке тұлғаның
болашақ өміріне әсер етеді. Өз кәсібін
дұрыс таңдай білген оқушы оған әр уақытта
шығармашылықпен, жауапкершілікпен қарап, қабілеті мен
бейімділігі белгілі бір кәсіп саласына сай қалыптасқанда
ғана сапалы маман болатыны белгілі жайт.
Қорыта
айтқанда, жастардың қоғамдық
сұраныстарға жауап беретін мамандықтарды таңдауына
бағыт беру – қазіргі кезеңдегі өзекті
мәселелердің бірі.
Сонымен, ХХІ
ғасырды білімділер ғасыры десек, ғылым мен білім саласында
еңбек ететін жастарымыздың алдында үлкен жауапкершіліктер
тұр. Демек, сол жастарға кәсіби құзыретті маман
болып қалыптасуына бағдар беру – басты мақсатымызға
айналуы тиіс.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2015 –
2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы // Егеменді
Қазақстан. – 2013. – №6. – Б. 4-5.
2. Самашова Г.Е., Құрымбаев С.Ғ., Смағұлова А. Мамандықты
дұрыс таңдау – сенің жарқын болашағың.
Қазіргі замаңғы маңызды мәселелер- Актуальные проблемы
современности: Международный научный журнал. Серия «Педагогика». Карағанды: РИО «Болашақ-Баспа»,
2011. –№4 (69). – С. 73 - 77.
3. Профессиональная
ориентация учащихся: Учеб. пособие для студентов пед. институтов по
специальности №2120 «Общетехнические дисциплины и труд» / Под ред. А.Д.
Сазонова. – М.: Просвещение, 1988. – 223 с.
4. Захаров Н.Н.
Профессиональная ориентация школьников: Учеб. пособие для студентов, слушателей
общественных профессий. – М.: Просвещение, 1988. – 272 с.
5. Климов А.К. Как выбрать
профессию. - М.: Просвещение,
1996. – 339 c.
6. Захаров Н.Н., Симоненко
В.Д. Профессиональная ориентация школьников. – М.: Просвещение, 1989. – 192
с.
7. Чистякова С.Н.
Профессиональная ориентация школьников. - М.: Педагогика, 1983. – 531 c.
8. Сыэрд Ю.
Индивидуальность подростка и выбор профессии. - Таллин: Валгус, 1998. – 230 c.
9. Иващенко И., Картич В.А.
Психологические характеристики профессий. - Минск:
Педагогика,
1989. – 324 c.
10. Мүсілімов
Ә., Сиымова А. Кәсіптік бағдар берудегі мектептен тыс
жұмыстардың түрлері. // Жоғары мектеп, №2, 91б.
11. Сазонов А.Д., Симоненко В.Д., Аванесов В.Д.,
Бухалов В.И. Профессиональная ориентация учащихся. М., 1988. – 235 б.