Тараз мемлекеттік педагогикалық институты,
Қазақстан
ТОПТЫҚ ЖҰМЫС – БІРЛЕСКЕН ІС-ӘРЕКЕТ
Бүгінгі
таңда оқушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру
үшін ұстаздар әр сабағын сапалы түрде
ұйымдастырып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуі
шарт. Мектепте алған білімін өмірде қолдана алатындай етіп
сабақты құру мұғалімдерден көп
шығармашылық ізденісті талап етеді. Ол үшін ең алдымен,
әр ұстаз үнемі өз білімін жетілдіру және өз
шәкірттерін тұлға ретінде тану керек. Ұлы Абайдың
«Адамның қасиеті үш-ақ нәрсе: нұрлы
ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек»
демекші,шәкірттің алдына бару үшін жеткілікті білімің
болу керек, сол тәжірибеңді ұғындыру үшін тиімді
тәсілдерді қолдана білу және ұстаз мамандығын
таңдаған соң, этикалық әрі моральдік
құндылықтарды ұстану қажет.
Мұғалімнің бұл үш көмекшілері сапалы
әрі табысты оқытуына жол ашады.
Жаңа заман ағымына сай
білім саласында жаңа технологияларды
қолданудың маңызы зор. Қазіргі таңда білім
берудің негізгі талаптарының бірі- білімді үздіксіз жетілдіру
және оқыту үрдісін интенсивтендіру болып табылады.
Әрине, мектеп оқушыларының білімдерін бір жүйеге
түсіруде оқу сабақтарының әр түрлі
түрде ұйымдастыру аса қажет. Топтық жұмыс
өзінің барлық белгілерімен көрініс табатын оқу
ынтымақтастығының идеалды моделі болып табылады. Менің ойымша, топтық жұмыс
оқыту процесін байыта түседі, оқушылардың белсенділігін
жетілдіреді, қызығушылықтарын арттырады. Өйткені,
оқушылар топтық жұмыс кезінде ашылды деп ойлаймын.
Топтағы жеке жұмысты да оқушының деңгейіне
сай беруге тырысамын.
Топтық жұмыс мынадай жетістіктерге жеткізеді:
1. Оқушылардың оқу және
танымдық қабілеттері дамиды.
2. Оқушылардың қорқыныш
сезімі мен беймазалығы төмендейді
3. Сабақтың уақыты тиімді
үлестіріледі.
4. Сыныптағы психологиялық ахуал
жақсарады, жауапкершілік сезімі арта түседі.
5. Берілген білім берік қабылданады,
алған білімдерін іс-жүзінде іске асыра алады.
6. Сыныптағы жұмыс сараланады.
Мектеп
тек белгілі бір білім қорына ие азаматты тәрбиелеп қана
қоймай, еңбек сүйгіш, білім негіздерін терең
меңгерген зиятты азаматты тәрбиелеп шығаруы тиіс деп
ойлаймын. Мұның барлығы білім беру мен
тәрбиелеудің сапасын көтеруді, әрбір пәнді
оқытудың ғылыми деңгейін жоғарылатуды талап
етеді. Осы деңгейлерді жоғарылатудың бір түрі ретінде
мектеп тәжірибесіндегі топтық, ұжымдық оқыту
түрлеріне кеңінен тоқталмақпын. Көптеген
әдіскерлердің еңбектерінде оқу сабақтарын
ұйымдастыруды жетілдірудің қажеттігі айтылған.
Әрине, мектеп оқушыларының білімдерін бір жүйеге
түсіруде оқу сабақтарының әр түрлі
түр-пішіндерін ұйымдастыру аса қажет. Оқыту
әдістері мен оқу сабақтарының түр-пішіндері
бірімен-бірі арқылы жүзеге асады. Оқыту әдістері
сабақтың мазмұнының баяндау тәсіліне байланысты
болса, оқу сабақтарын ұйымдастыру түр-пішіндері
оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыруға
тікелей қатысты болып келеді. Оқу сабақтары
түр-пішіндерінің әртүрлілігінің қажеттілігі
білім беру мен тәрбиелеу міндеттерінің сан алуандығымен
сипатталады: -оқушылардың ғылым негізі білімдерін
жүйелі баяндауға және өз бетімен білім алуға,
оларды тәжірибеде қолдана білуге дағдыландыру;
-оқушыларда дүниетанымдық көзқарас
қалыптастыру; -өз білімдерін жалпылауға және
жүйелеуге дағдыландыру. Білім беру және тәрбиелеу
міндеттерінің бұл түрлерін тек бір сабақтың
көлемінде шешу мүмкін емес. Әдіскерлердің
еңбектеріне сүйене отырып оқу сабақтарын
ұйымдастырудың түр-пішіндерінің екі түрін
бөліп қарастыруға болады: -жалпы түр-пішін;
-нақты түр-пішін. Оқу сабақтарын
ұйымдастырудың жалпы түр-пішінінің бір-бірінен
айырмашылығы мұғалімнің оқушыларға
орындауға беретін тапсырмаларына байланысты анықталады: 1)
сыныптың барлық оқушыларына; 2) жеке топ оқушыларына;
3) әрбір оқушыға беріледі. Оқу сабақтарын
ұйымдастырудың нақты түр-пішіндерінің бір-бірінен
айырмашылығы оқушылардың алатын білім көздеріне
байланысты анықталады. Мысалы, сабақта негізгі білім көзі
мұғалімнің сөзі мен оқулық болса,
қазір оқушының жеке ойы мен көзқарасы
құнды болып отыр. Топтық жұмыстарды ұйымдастыруда
ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің
әртүрлі формаларын мен түрлері жүйесінде топтық
жұмыс және оның әртүрлілігі маңызды орын
алады. Топтық жұмыс өзінің барлық белгілері
көрініс табатын оқу ынтымақтастығының идеалды
моделі болып табылады. Топтық жұмыстардың пайдасы мен
оның тиімділігі бойынша зерттеулерді әртүрлі бағытта
жүргізуге болады. Психологтар тұлғаның жетілуі
үшін топтық жұмыстар қолайлы жағдай
туғызатынын ашып көрсетеді. Педагогтар оқытуда топтық
жұмыстардың атқаратын рөлін қарастырады.
Олардың ойынша, топтық жұмыс оқыту процесін байыта
түседі, оқу жұмыстарын нығайтып, сыныпта жылулық
атмосферасы сезіледі.Топтарға арналған негіз қалаушы
ережелерді құру: Негіз қалаушы ережелер топтардағы
жұмыс жағдайында өте пайдалы болуы мүмкін. Мына
ұсыныстар кейбір сұрақтар мен бастапқы нүктелерді
қамтиды, топтарға осыларға қарап өзінің
жеке ережелер жиынтығын келісу ұсынылуы мүмкін: 1.
Топтарға арналған негіз қалаушы ережелерді әзірлеу.
Төменде ұсынылған әр түрлі негіз қалаушы
ережелер оларды қабылдау немесе бейімдеу және басымдықтарды
белгілеу үшін әрбір топқа арналған бастапқы
нүкте ретінде ғана қарастырылуға тиіс. Топтың
топты құрайтын нақты адамдарға арналған
ережелерді жасауға болады деп есептегені өте маңызды. 2.
Адалдық мәдениетін күшейту. Топтың табысты жұмысы
шындыққа негізделеді. Топ мүшелері үшін өздері
келіспейтін немесе онымен өмір сүре алмайтын қандай бір
нәрсеге шыдау, олар үшін бұл шындықты айтпаумен бірдей
болғандықтан, әділ емес деп болжанады. Дегенмен
оқушыларға адал болып, әдептілік сақтау
қажеттігін ескерту керек. 3. Топ мүшелеріне адамдармен жұмыс
істеу үшін оларды жақсы көру міндетті емес екенін
ескертіңіз. Кәсіби өмірде сияқты топтық
жұмыста адамдар топ құрамында жұмыс істейді, жеке
дау-дамайларды барлық топтың алға жылжуына кедергі
жасамайтындай етіп шешу керек.4. Ұжымдық жауапкершілік белгілеу.
Мәселелер көтерілген соң және де толық
талқыланғаннан кейін топ шешімі қабылданған соң,
топтың алға қарай жылжуы үшін ұжымдық
жауапкершілік туралы уағдаластықты қолдану керек. Топ
ережелерін қабылдаған әрбір адамды бұл топтан тыс жеке
блок құрудан сақтап, алға қарай апарады. 5.
Тыңдау машықтары тәжірибесін дамыту маңызды екендігін
атап көрсету. Адамдар бастапқыдан-ақ айтылған
пікірлермен келіспеген жағдайда да әрбір дауыс естілуге
құқылы. 6. Топтағы жұмысқа әрбір
мүше атсалысуға тиісті. Топтағы жұмыс түрлі
көзқарастарға байланысты. Топтың әрбір
қатысушысы өз көзқарасын, пікірін білдіруін ынталандыру
керек, олар естілмей қалмасын. Топ мүшелеріне өзінің
пікірімен қоса, әркімнің пікірі құнды екенін
көрсету керек. 7. Топ жұмысына топ мүшелерінің
әрқайсысы тең дәрежеде қатысуға тиіс.
Бұл олардың әрқайсысы бір нәрсені істеу керек
дегенді білдірмейді. Бәрінен де, міндеттер топ мүшелеріне қалай
бөлінетіні туралы ақылдасып шешкен дұрыс болады. Топ
мүшелері сондай-ақ бір–бірімен тәжірибе алмаса және
басқалардың идеяларына сүйене отырып, өз үлесін
қосуға дайын болуға тиіс.8. Топ мүшелерінің
мықты жақтарын пайдалану өте пайдалы болу мүмкін.
Міндеттер әрбір топ мүшесінің тәжірибесіне және
біліміне сәйкес бөлінген жағдайда топ жұмысы өте
тиімді болады. 9. Алайда, топ тек мықты қатысушыларды ғана
пайдаланбауға тиіс! Топтағы тапсырмалар дамытушы сипатта болуы
мүмкін, яғни міндеттерді бөлу топ мүшелеріне
өздерінің әлсіз жақтарына және жеткіліксіз
тәжірибелеріне негізделуге мүмкіндік беретін мақсатты
жағдай болуы мүмкін.10. Топ мүшелеріне жазбаларды сапалы
жүргізу маңызды екендігін ұғуға
көмектесіңіз. Оларды бірнеше мәрте пайдалану мүмкіндігі
болсын. Бұл жоспарлау бойынша жазбалар, хаттамалар немесе топтық
жұмыстың алға ілгерілеуін растаудың басқа да
түрлері болуы мүмкін. Міндеттерді орындау және жазбаларды
жүргізу бойынша топ жұмысын қорытындылауға жауапты
адамдарды ауыстырып отырыңыз.11.Топ міндеттерінің мерзімдерін
өзгертуге болмайды. Топтың табысты жұмысының «Сен
қандай да бір нәрсені орындай алмауың мүмкін,
бірақ топтың қандай да бір тапсырманы орындамауына
мүмкіндік берсең, бұл дұрыс емес»
қағидатына негізделген.12. Қайырымдылықты
дамытыңыз. Топтық жұмыс кейде адамдардан топ
мақсаттарына өздерінің жеке қажеттіліктері мен
тілектерін бағындыруды талап етеді. Мұны топтың өзге де
мүшелері мойындағаны маңызды.
Әдебиет:
1. С.Маусымбаева, Ж.Сыдықова.
Оқыту үрдісін жетілдіру үшін.
2. З.Қуандыққызы.
Оқытудағы топтық, блоктық және деңгейлік
3. Ә.Әмірова. Ұжымдық
іс-әрекеттің рөлі. /Қазақстан мектебі.
4. Ж.Әбиев, С.Бабаев,
А.Құдиярова: Педагогика. Алматы. Дарын.