ДАМЫТА ОҚЫТУ ТИІМДІЛІГІ

                                                    Кульжина Қарлыға Сатылғанқызы                                               Маңғыстау политехникалық колледжі

Қазіргі кезде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алып отырмыз. Оқушылардың  дүниетанымын, ойлауын, болжауын, өткен құбылысын тұжырымдау, сенімді оқытудың негізгі зерделік көрсеткіштерін қалыптастыру үшін сабақтың жоспарын алдын ала тиянақты құрып сабақ барысында бақылап отыру керек. Өтілетін сабақтың нәтижесін мейлінше жоғары көрсеткішпен шығу үшін сабақты бастамас бұрын оқушы қандай мәселеге жеке көңіл аударуы қажет, нені біліп, нені игеріп шығатыны туралы толық мағлұмат беріледі. Өтілетін сабақ туралы хабардар болған оқушы одан көптеген жаңалықты, қарастырылатын құбылыс туралы құқықты мәліметтерді күтеді.

Оқытушының міндеті - оқушының осы үмітін ақтау, оның осы құбылыс туралы маздап жана бастаған танымына қажетті бағыт беру.            Дамыта оқыту - сабақтың қызықты да тартымды және тиімді түрде өтуінің арқауы болып табылатын, алдағы уақытта оны бұдан да терең білім жолдары күтіп түрғанын сездіретін оқытудың пәрменді әдісі.         Бағдарлама бойынша өткізілетін сабақ алдын ала өткізілген сабақтың материалымен байланыстырудан басталып, дидактикалық материалдар көмегімен еске түсіріліп барып жүргізіледі. Нәтижеде ол оқушының назарын бірден сабаққа белсенді түрде араласуына жағдай туғызады. Қайшылығы бар ұсыныстар мен сұрақтар қою арқылы проблемалық жағдайлар туғызылып, оның шешімі пікір таластыра отырып ақиқатты іздеумен жалғастырылады. Оқушы оның мақсатын орындау әдісін ұғып меңгергеннен кейін ғана тақырыптық мазмұнын толығымен ашады. Сонымен бірге тақырыптағы осы сабаққа дейінгі жаңа ұғымдар мен атаулардың мағынасы, қолдану аясы айқындалып, оқушылардың санасында олар туралы түсіністіктің берік орнауы қадағаланады. Бүл тақырыпты оқушылар тобының қарқынды түрде талдап, бірге орындаудың, ақиқатты бірге енгізудің арқасында оқушылардың санасында ғылыми таным нышандары қалыптасады, нәтижесінде терең ізденістің, білімді өз бетінше игеруге ұмтылудың қажеттігіне көзі жетеді.

Жаңа сабақты түсіндіруге сабақ мерзімінің 10-15 минуттық үлесі жұмсалатындай етіп жоспарланады. Қолданбалы бағдарламаны пайдаланып, тақырыптың мазмұны соңғы рет шолудан өткізіліп, қысқа-қысқа дидактикалық материалдан тапсырма беріп, тестік сұрақтар ойластыру арқылы оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгенін бағалайды. Қажет болған жағдайда оған қосымша талқылау ұсынылады, бұдан оқушылардың сабаққа қызығуы оянады. Оқытушы сабақтың қызықты өтуіне оқушылардың түгелдей дерлік белсенді қатысуын қадағалап отырады. Алғашқы екі-үш сабақты орындау барысында құралдармен жұмыс істеуге машықтанып қалғандықтан, олар зерттеу амалдарын орындайтын дәрежеге жетеді. Оқушы өз ойын тұжырымдауға, математикалық пайымдаулардың өзгеру себебін, арасындағы заңдылықтарды анықтауға бейімделеді. Сабақтың 10-15 минуты шығармашылық барысында жұмыс істеуге кетеді. 2-4 минут өтілген материалды бекітуге жұмсалады. Өтілген сабақты бекіту барысында оқушылардың белсенділігін, дүниеге ғылыми көзқарасын жетілдіру, әрбір оқушының жұмысы туралы пікірі сараланып, қаншалықты мағыналы екені бағаланады. Дамыта оқыту технологиясының тиімділігі оқушының зейіндік, үлгірім, алған білімінің саналылығы ғылыми көзқарасының қалыптасуы болып табылады.

Бұл құндылықтар оқушының білімділігін және білімінің қаншалықты тиянақты болып қалыптасқандығын жан-жақты сипаттай алады. Дамыта оқыту технологиясын жүргізу барысында әрбір сабақтың қорытындысын бағалап отыру керек. Оқушылардың білім деңгейін анықтау, өтілген материалды меңгеру дәрежесін білу және оны әрі қарай сабақтастыруын қадағалау болып табылады. Өтілген теориялық материалды толық меңгеру, қосымша дайындалған дидактикалық материалдарды қолдана білу, өз бетінше білімін жетілдіру, үй тапсырмасын орындау өте маңызды. әрбір мәселе бойынша өзіндік пікірі болып, оны қорғай білуі қажет. Күтілетін нәтижелер барынша маңызды білім, дағдыларды, қатынастарды ғана бейнелеп қоймай, оқушылардың оқу жетістіктерінің маңызы болып табылады. Оқытудың әрбір сатысында берілетін білім мазмұны оқу бағдарламасына сай болуы керек.

Дамыта оқыту негізінде оқушылардың білім деңгейінің әрбір өзгерісін сабақ сайын анықтап отыру – оқытушы міндеті.

                              Пайдаланылған әдебиеттер

1.     « Қазақстан мектебі »,  № 7-2009, Алматы қаласы

2.     Теория учебника. Педагогика, 1988 г.

3.     Қазақ тілінің  өзекті мәселелері. Алматы. 1998, Ана тілі