Педагогика және
психология ғылымдарының магистрі Мұсаева Н.Е.
Тараз «Парасат» колледжі, Қазақстан
ШЕТ
ТІЛІ ПӘНДЕР САБАҒЫНДА ТИІМДІ ӘДІСТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
Еліміз егемдігін
алып өз алдына дербес мемлекет болғалы шет елдермен
қарым-қатынасы нығайып, беделді артып келеді. Еліміздің
түрлі мемлекеттермен әр саладағы
қарым-қатынастың өсуі жоғары мәдениетті
деңгейде сөйлей білетін, жан-жақты білімді адамдардың
көбейе түсуін қажет етеді. Бұл жағдай
қазіргі таңда әрбір адамға шет тілін білу
қажеттілігін туындатып отыр. Мемлекет қоғам, ата-ана
балалардың шет тілдерін
жақсы меңгеруіне мүдделі болып отыр. Заман талабына сай
оқытудың мақсаты да өзгеріп отыратыны белгілі.
Қазіргі таңда шет тілін оқытуда мұғалімге
қойылатын негізгі талап оқушылардың ауызекі сөйлеу
дағдысын жетілдіру, оқушыларды алған білімдерін іс
жүзінде қолдана білуге үйрету болып табылады. Ал бұл
мақсатқа жету үшін оқушылардың пәнге деген
қызықтырушылығын қалыптастыруына әсер ететін
негізгі үш фактор: білім мазмұны, оқытудың әдіс
тәсілдері және әрекет нәтижесі. Оқушы өз
алған білімнің нәтижесін көре білуі керек.
Сабақты қызықты, тартымды өткізу мұғалімнің
білімділігіне, қабілетіне, тапқырлығына және
сабақтың әр түрлі әдіс-тәсілдерін орынды
қолдана білуіне байланысты. Бұл тұрғыдан алғанда
әрбір мұғалім өз әріптестерінің
басымдылығы шығып жатқан озат тәжірибелернен тек
хабарда болып қана қоймай, оны өз тәжірибесінде орынды
пайдалана білуі – жақсы нәтижелерге жетудің бірден-бір
кепілі. Әрине әрбір ұстаз ұсынылған
әдіс-тәсілдерді өзіне қажеттісін дұрыс
таңдай біліп, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс
жасайтын болса ғана, сабақ тиімді де нәтижелі болмақ.
Сабақ түрлері өтілетін тақырып ерекшелігі, топ
оқушыларының құрамы, жас ерекшелігі, білім
дәрежесі, сондай-ақ сабақ мақсатына сай болуы керек.
Оқушыларға
бере отырып, оны меңгерту, тілін, ой ұшқырлығын дамыту
шет тілінде өз бетінше сөйлеуге ынталандыру және еркін
шығармашылыққа жетелеп, пәнге деген қызығушылықты
арттыруда үлкен нәтиже беретін әдістердің бірі – шет тілі
сабағында ойын түрлерін қолдану. Ойын оқушының
басқа тілді үйрене алмаймын деген сенімсізділігін сейтіліп, тілді
үйренуге ынтасын арттырады. Ойны оқушыларды зеректікке,
ұшқыр ойлыққа байлиды. Ұлы педагог В. А.
Сухомлинский “Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз
толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды” деген.
Сондықтан да
мен өз сабағымда көптеген ойын түрлерін және
сабаққа тиімді әдістерді түрлендіріп қолданып
отырамын. Енді солардың кейбіріне тоқтала кетейін.
1. Пантомима.
Бұл ойын түрі негізінен етістіктерді меңгеріп, есте
қалдыру үшін қолданылады. Тақтаға бір оқушы
шақырылады. Ол бір әрекетті қимылмен көрсетеді.
Қалған оқушылар оның не істегенін немесе не істей
алатынын ағылшын тілінде айтып береді. Мысалы:
Т:
What can Asan do? Or T: What is he doing?
P: He can play
the piano. P: He
is playing the piano.
Бұл ойынды
етістіктің шақтық формаларын меңгеру үшінде
қолдануға болады. Бұл ойынды қолданғанда
оқушылар етістіктерді анағұрлым жылдам жаттып алатынын
байқадым.
2. “Vocabulary
bingo”. Бұл ойын бірнеше тақырыптарды қайталап бекіту кезінде
қолданылады. Мысалы: “Colors”, “Numbers”, “Family”, “Clothes”, “School”
тақырыптарын өткеннен кейін осы ойынды ойнату оқушыларды
ағылшын тілінде дұрыс сөйлем құрай білуге
үйретеді. Бұл ойынды ойнау үшін оқушылар “Бинго”
парағын төменгідей үлгіде дайындалады.
|
BINGO |
||||
|
Mother |
Book |
Red |
Jacket |
Yellow |
|
Pencil |
24 |
T-shirt |
Sister |
Bag |
|
56 |
Aunt |
Desk |
Brown |
17 |
|
Blue |
Blouse |
Father |
2 |
Shoes |
|
Skirt |
White |
9 |
Blackboard |
Nephew |
Әр
оқушының “Бинго” парағында тақырыпқа байланысты
әр түрлі сөздер жазылған. Алдымен мұғалім
өзі сөйлем құрап көрсеттеді. Мысалы:
My mother is 56
old or There are 24 chairs in our
classroom.
My sister has got
2 blue skirts.
Оқушылар егер
осы сөздер өз “Бинго” парағында кездессе сызып тастайды. Одан кейн
оқушыларға кезекпен өз “Бинго” парағында берілген
сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды. Әрбір
оқушы сөйлем құрағанда өз парағынан
сөзді көбірек қатыстыріға турысу керек. Егер бір
оқушының парағында барлыық сөздер сызылып бітсе
ол “Бинго” деп айқайлайды. Ол оқушыға 100 ұпай
беріледі. Ойын жалғаса береді. Келесі оқушы 50 ұпай алады.
Егер бірнеше оқушы бір уақытта бітсе олар берілген ұпйды
бөліп алады. Үшінші бітірген оқушыға 30 ұпай
беріліп, ойын аяқталады.
3. “Scrambled
Sentence”. Бұл ойын оқушылардың шет тіліндегі сөйлем
тіртібін дұрыс меңгеруіне көмектеседі. Бұл ойынды
оқушыларды 3-4 топқа бөліп ойнатқан тиімдірек.
Мұғалім бір сөйлемдегі сөздерді жеке-жеке
парақтарға жазып дайындайды. Мысалы:
the ? go cinema the afternoon you do to in
|
Do
you to the cinema in the afternoon? |
Оқушылар осы
сөздерді орын-орнына өойып сөйлем құрап
тақтаға жазады. Әр топқа 5-10 сөйлем берілуі
мүмкін. Сөйлемдерді бір-бірімен шатастырмау үшін, әр
сөйлемнің сөздерін нөмірлеп қойған
дұрыс.
3 the 3? 3 go 3 cinema 3 the 3 afternoon 3 you 3 do 3 to 3 in
Сөйлемдерді
қатесіз, бірінші болып құраған топ жеңіске
жетеді.
Бұл ойынды
басқаша түрлендіріп өткізуге де болады. Бұл жолы жеке
сөздер емес, сөйлемдер беріліп, оқушылар әңгіме
құрастырып шығады.
4. “Chinese Whispers
in Writing”. Бұл ойын оқушыларды ағылшын тілінде
әңгіме құрауға, шығармашылыққа
үйретеді. Мұғалім оқушыларды 4-5 оқушыдан
топқа бөледі. Әр топқа бір ақ парақ
беріледі. Топтағы бірінші оқушы, ал басқа оқушылар
оқи алмайтындай қағазды бүркеп тұрып, кез-келген
бір сөйлемді жазып, сол жазылған жерді қайтарып бүктеп,
қағазды сол жағындағы келесі оқушыға
береді, өз кезегіндегі ол да бір сөйлем жазып, қағазды
бүктеп сол жағына береді. Оқушылар алдындағы
оқушының не жазғанын оқымауы керек. Мұғалім
қашан тоқтатқанша оқушылар бір сөйлемнен
қосып жазып отырады. 10-15 минуттан кейін мұғалім жазуды
тоқтатады. Оқушылар парақтың орауын жазып,
осындағы сөйлемдерден бірлесе әңгіме құрап
шығады.
5. Аукцион.
Бұл ойынды кез-келген сабақта әр түрлі етіп
өткізуге болады. Аукцион лот ретінде ұпайлар қойылады. Бір
тақырыпқа байланысты сөздерді бекіту немесе түсіру
үшін қолдана аламыз. Мысалы “Home” тақырыбын өткенде
тақтаға мынадай сызба сызып оқушыларға соны
толтыруға болады.
![]()
Оқушылар
алдымен қонақ бөлмеде қандай заттар тұратынын
кезек-кезек атап шығады. Ең соңғы сөздерді
айтқан оқушы лотқа қойылған ұпайды алады
(10 ұпай). Келесі кезекте оқушылар қонақ бөлмеде
не істейтінін айтып шығады. Мысалы:
I play the piano
in the living room or I relax in the living room
Бұл жолы да
ең соңғы сөзді айтқан оқушы лотты
жеңіп алады.
Осылайша жатын
бөлме, асхана және басқа бөлмелер жайында да
айтқызып шығуға болады. Ойын соңында
оқушылардың ұпайлары есептеліп, жеңімпаз
анықталады.
6. Рольдік ойындар.
Бұл ойындар шет тілін оқытудың бастапқы кезеңінде
берілген үлгіге қарай отырып диалог құрауға
үйретеді. Кейінрек оқушылар дағдысы біраз
қалыптасқаннан кейін берілген тапсырма бойынша өз беттерінше
тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді қатыстыра
отырып диалог құрайлы. Оқушылар сөйлемді
неғұрлым мағыналы етіп құрай білгеніне
қарап бағаланады. Диалогтан монолог құру кезеңіне
өтуге болады. Оқушы басқа бір оқушымен сөйлесіп,
сол жайында бүкіл класқа айтып береді.
Мысалы: I interviewed Ardak. He … … …
Бұл ойынды шет
тілін оқытудың алғашқы сатысынан бастап-ақ
қолданылуға тиісті сабақтың ажырамас бөлігі деуге
болады. Рөлдік ойындар кезінде оқушылар өздерінің
үйренген сөздерін түрлі стуацияларда пайдалануға
мүмкіндік алады. Осы арқылы олар күнделікті тұрмыста
әр түрлі қарым қатынастарды бейнелейді. Бұл
оларға қанағаттану сезімін әкеледі, мен біл
сөздерді күнделікті өмірде қолдана аламын деген
сенімділігі, қызығушылығын тудырады. Ол үшін ойын
тақырыбын баланың күнделікті тұрмыс салтына
сәкестендіріп алу керек.
7. Тест.
Оқушылардың булумін бағалау үшін тесттерді
қолдану да тиімді. Мен әр тақырыпты өткеннен кейін тест
алып отырамын. Оқушылардың тыңдап түсіну дағдысын
жетілдіру мақсатында алынатынтест былай дайындайды. Сол мәтінге
байланысты 10-15 сөйлем дайындалады. Мұғалім
тақырыпқа байланысты оқушыларға таныс емес мәтін
дайындайды. Ол сөйлемнің кейбіреуі мәтін мазмұнына сай
келетін сөйлемді Right (R), ал мәтін мазмұнына сәкес
кемейтін Wrong (W) деп белгілейді. Әр дұрыс жауапқа
ұпай беріледі.
Тесттерді берілген
сурет бойынша да құрастыруға болады. 5 кластағы
“Ағылшын тілі” кітабындағы “Home” тақырыбына байланысты 96
беттегі суретке қатысты құраған тестімде мен суретті
бейнелеген сөйлемде кейбір сөздерді қалдырып кеттім.
Оқушылар суретке қарай отырып, сөйлемді толықтырады.
Мысалы: There is armchair between ….. and
the table.
There
is a picture hanging ….. the bed.
Бұл жолы да
әрбір дұрыс жауапқа ұпай беріледі.
Қай ойын
түрі болмасын оқушыларды ұйымшылдыққа,
нақтылыққа, жүйелі жұмыс істеуге
тәрбиелейді. Ойынның қай түрі де жарыс ретінде
өтетіні белгілі. Бала басқа құрбыларынан қалысқысы
келмей, жеңіп шығуға ынталы болады. Сондықтан ол
өз ойын толық жеткізу үшін сөздерді қызыға
жаттайды, тіпті мектеп бағдарламасында берілмеген сөздерді іздеп
тауып қолдануға тырысады. Мұғалім
оқушылардың ынтасын ары қарай дамытып, оларға
қолдау көрсетіп отыруға тиісті. Белгілі бір тақырыпты
өткенде кітаппен шектеліп қоймай, оқушылар күнделікті
тұрмыста қолданатын сөздерді де енгізіп, сабақты
кеңейтілген түрде өтуге тырысуы керек. Әр сабақта
оқушылардың жауаптарын ұпаймен бағалап отырып,
тақырыпты қорытындылау сабағында ең көп
ұпай жинаған оқушыны анықтап отырса, бұл да
оқушылардың белсенділігін арттыруға себі тиетіні
сөзсіз. Оқушылардың пәнге қызығушылығын
арттырі және белсенділігін жетілдіру үшін әр сабақты
мүмкндігіне қарай түрлендіре жүргізу –
мұғалімнің өз шеберлігіне байланысты. Мен “Home”
тақырыбын бекіту кезінде жәрмеңке – сабақ түрін
қолдандым.
Ол үшін
оқушыларды топқа бөліп алдымен қайталау ретінде тест
алыдм, тірек сызбаларымен жұмыс жасаттым. Әрбір дұрыс
жауапқа ұпай берілді. Тақтаға плакатқа
салынған сурет ілінді. Мұнда жатын бөлме, қонақ
бөлме, асхана және жуынатын бөлменің ішкі кейпі
бейнеленген. Әр топқа сол бөлмедегі заттардың
бағасы жазылған парақ берілді. Әрбір зат ұпаймен
бағаланады. Мысалы: a sofa – 9 score.
Әр топ суретке
қарай отырып өздерінің жинаған ұпайына
қарай керекті заттардың тізімін жасайды. Мұғалім сатушы
рөлін атқарады. Әр топ бір оқушының сауда жасап
келуге жібереді. Ол өзінің керекті заттарын сабақта
өткен сөздерді қолдана отырып, сатып алады. Мысалы:
I want to buy a
bed. How much does it cost?
Оқушылар
бөлмелерін жабдықтап болғаннан кейін оны суреттеп береді.
Бөлмелерін сурет бойынша толық жабдықтап шыққан
топ жеңімпаз атанып бағаланады.
Бұл берілген
ойын түрлері негізіен төменгі және орта буындарға
арналған. Осы ойындарды төменгі кластарда қолдану жақсы
нәтиже бергенімен, жоғары класс оқушыларын
қызықтырмайтыны мәлім. Сондықтан оқытудың
әдістерін оқу мазмұны мен оқушылардың жас
және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдау
қажеттілігі туралы. Бұл орайда жаңа технология элементтерін
кірісте отырып оқыту оң нәтиже бермек.
Әрбір
технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді.
Әрбір жаңа сабақ мұғалімнің
әдіс-тәсілдерді қолданғандағы өзіндік
қолтаңбасы, ісденісі арқылы ерекшеленіп, оқушыларды
қызықтыра білсе ғана сабақтың тиімділігі
артпақ. Сабақта “Топтау”, “Ой - толғау”, “Кубизм”
әдістерін, “Вен диаграммасын” қолдану сабақтың
тартымдылығын арттырып, оқушыларды алған білімдерін
қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын
түйіндеуге, өз бетінше ізденіп, сөйлеу қабілетін дамытуға,
шығармашылықпен жұмыс істеуге жетелейді.
Қазыргі кезде
қазіргі заманғы білім берудін 50-ден астам педагогикалық
технологиясы қолданылып жүр. Барлық жаңа
технологияның мақсаты – оқушының жеке басының
дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше
ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру. Ал,
бұл тәсілдерді қалай тиімді пайдаланып, жақсы
нәтижелерге қол жеткізу әр мұғалімнің
білімі мен білігіне, жаңашылдығына, өзіндік ізденісіне
байланысты.
Белгеле педагог К.
Ушинский “Мұғалім – озінің білімін үздіксіз жетілдіріп
отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, іденуді
тоқтатысымен, оның мұғалімділігі жойылады” дейді. Олай
болса әрбір мұғалім әрқашан ізденісте болуы
қажет.
Әдебиет:
1. Allan M. TeachingEnglish Whith Video, New York:
Longman, 1995.
2. Alice H. Osman
& Jean McConachine. If you like
singing. English language Programs Division, 1993.
3. Aydin S. A. Different View on Education, 1995.
4. Brown G. Listening to Spoken English, 1977
5. Brown and G.
Yule. Teaching the Spoken Language,
Cambridge University Press 1983.
6. Crichton J.S. Blackboars Drawing. Nelson, 1954.
7. Doff A. Teach English. Cambridge
University Press, 1991.
8. Eken D. K. Ideals For Using Songs in the English
Language Classroom, Forum Vol 34, No 1, 1996.
9. Gurrey P. Teaching English as a Second Language.
Longman, 1963.
10. Holasco R. WOW! Oxford University Press, 1990.
11. Hopkins F. Get Ready! (picture Flashcards), Oxford
University Press, 1991.
12. Kose H. &
Uysal A. Speed Up 1, Surat English
Language Teaching, 1997.
13. Maria P.
Massi and Adriana G. Merino, Films and
EFL. Forum. Vol 34 Num. 1. 1996.
14. McHugh M. Fanfare Flashcards, Oxford University
Press, 1994.
15. Mugglestone
P. Planning and using the blackboard Heinemann,
1981.
16. O’neil R. Success at First Certificate, Oxford
University Press, 1993
17. Reis L. Putting The Computer In Its Proper Place
Inside the Classroom. Forum. Vol 33, Num.4, 1994
18. Rivers, W. M.
and Temperly. A. Practical Guide To The
Teaching Of English as a second or foreing language. Oxford University
Press, 1978.