А.М.Заурбекова, Г.Сқаққызы
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты,
Қазақстан
«СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ»
ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
XX ғасырдың басындағы ұлттық
ойшылдарымыздың бірі Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру -
үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңаны табатын
өнер» - деген екен.
Осы мақсаттарды жүзеге асырудың негізінде
оқытудың жаңа технологиясын педагог - ғалымдар мен
республика мұғалімдері жан - жақты ізденіп, оқушының
пәнге деген қызығушылығын арттыруда білім берудің
тиімді жолдарын қарастырып, оқытудың жаңа көп
нұсқалық қағидасын бекітті. Оның
өзіне оңтайлысын таңдай білуді ұсынды. Кез - келген
технология мұғалімнен терең теориялық білім мен
үлкен педагогикалық шеберлік, жан - жақты ізденіс пен
баланың жан дүниесін түсіне білетін психолог болуды талап
етеді.
«Сын
тұрғысынан ойлау» технологиясының 60 - тан астам
стратегиялары бар:
Соның ішінде:
1. Топтастыру
2.
Венн диаграммасы
3.
Ішіне – сыртына
4.
Дөңгелек үстел
5.
Бес жолды өлен
6.
Ой шақыру
7.
Ой қозғау
8. Семантикалық карта тағы басқада стратегияларын
сабақтарымда пайдаланамын.
Сыни тұрғыдан
ойлауды қалыптастыруда «Венн диаграммасын», «Семантикалық картаны»,
«түртіп алу әдісін», пікірсайысты, салыстырмалы ойлауды, «екі
түрлі түсініктеме күнделік» жұмыстарын
қолданған жағдайда, оқушылар не нәрсенің
болса да жақсы, жаман жағын салыстыру, ненің сапалы, сапасыз
екенін саралап, өзіне, өмірге деген көзқарас
қалыптастыра бастайды.
Тақырып бойынша сын тұрғысында
ойлауды сұрақ қою тәсілдері арқылы дамытамын.
Оқушылар өздеріне қойылған сұрақтар
арқылы ізденеді, идеяларды жинақтайды, қорытады, талдайды.
Менің мақсатым - оқушыларды ойлау салысының ең
төменгі деңгейінен жоғарғы, терең ойлау
деңгейіне дейін көтермелеп жеткізу. Бұл оқушы
деңгейін шығармашылық сатыға көтереді.
Соның нәтижесінде
оқушылар кез келген мәселені шешуде сыни ойлау
тұрғысынан келе отырып, шығармашылық қатынас
жасауға дағдыланады. Бұл жұмысты дұрыс
ұйымдастырған жағдайда оқушының өз даму
деңгейіне сәйкес оны шыңдалып, белгілі жетістіктерге жетеді:
1. Еркін ойлауға мүмкіндік береді.
2.
Ақыл - ойын дамытады.
3.
Шығармашылық белсенділігін арттырады.
4.
Ұжымдық іс - әрекетке
тәрбиелейді.
5.
Тіл байлығын жетілдіреді.
6.
Жан - жақты ізденушілігін арттырады.
7.
Барлық жұмысты өздері атқаруға ынта қояды, белсенділігі жоғары болады.
8.
Алға қойған мақсатты орындауға тырысады, пікір айтады.
Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы білімнің дайын күйінде берілмеуі.
Жеке, топтық жұмыстар әзірлеу, эссе, бақылау жұмыстары, әртүрлі кесте, модельдер жасап қорғау, дискуссия, пікір алмасулар сияқты танымдық- рефлексиялық әрекеттер арқылы оқушылар өздері үшін маңызды болған мәселелер туындайды.
Сыни тұрғыдан ойлау – бұл біздің ғасырда дамуымызға мүмкіндік беретін ерекше қабілет.
Басқалар мен таласып оқығанда, талқылап, қарсы пікір айтқанда немесе ой бөліскенде біз өз көзқарасымызды дәлелдеп, оған терең бойлай түсеміз. Сонда ғана алған ақпаратымыз сыни тұрғыдан ой елегінен өткен дәлелді, ойға қонымды болып табылады.
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдану оқушылардың ақпараттылық құзыреттілігін дамытуда басты құрал болып табылады.
Ақпараттық-құзыреттілік.
Сыни тұрғыдан ұсынылған ақпараттар негізінде
саналы шешім қабылдауға;
Ақпараттарды өзбетімен табуға, талдауға, іріктеу
жасауға, қайта құруға, сақтауға,
түрлендіруге және тасымалдауға, соның ішінде
қазіргі заманғы ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың көмегімен
аталған жұмыстарды жүзеге асыруға;
Логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, жалпылау,
құрылымдау, тікелей және жанамадәлелдеу, аналогия
бойынша дәлелдеу, моделдеу, ойша эксперименттеу, материалдарды
жүйелеу) қолдана отырып, ақпараттарды өңдеуге;
Өзінің оқу
қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін
ақпараттарды қолдануға мүмкіндік береді.
Ақпараттық құзыреттіліктің келесі
бағыттары бойынша білім алушының білім беру деңгейіндегі
жетістіктері:
1)
Ақпараттық
ізденісті жоспарлау: Ақпаратты белгілі мен белгісізге бөледі;
Ұсынылған ақпараттан қойылған міндеттерді шешуге
қажеттілерін бөліп алады; Анықтамаларды, энциклопедияларды қолданады,
кітаптардың мазмұны бойынша және сайттағы сілтемелер
бойынша бағдар жасай алады.
2) Алғашқы ақпаратты алу: Бақылау
(қойылған міндетке сәйкес жоспар бойынша эксперимент)
жүргізіледі; Оқушыға сұрақ қоя отырып,
ақпаратты алады; Ақпарат көздерінен қажеттісін
бөліп алады.
3)
Ақпаратты екінші
қайтара алу: Берілген екі немесе оданда көп негіздеме бойынша
ақпараттарды бөліп алады және жүйелейді;
4)
Ақпаратты алғашқы өңдеу:
Алынған ақпаратты қарапайым берілген құрылым (1
белгі бойынша) аясында жүйелендіреді
5)
Ақпараттарды
өңдеу: Алынған ақпаратты дәл баяндай алады;
Ақпараттың жеткіліксіздігін немесе өзінің
түсінбегендігін ескертеді; Ұсынылған ақпарат
көздерінен дәйектерді таба біледі және оларды негіздей алады.
А.Қ.Ш.
Мичиганштатында Хоуп колледжінің америка әдебиетінің
мұғалімі Дэвид Клустердің ұсынған
анықтамасы бес пунктен тұрады:
Біріншіден, сын тұрғысынан ойлау
принциптеріне негізделген болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін
және бағалауларын тәуелсіз құратын болады. Біз
үшін басқа біреу сыни ойлай алмайды, біз барлығын
өзіміз үшін жасаймыз.
Екіншіден, ақпарат сыни
тұрғыдан ойлаудың соңғы емес, жіберілген пункті
болып табылады.
Үшіншіден, сыни тұрғыдан ойлау
сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін
мәселені анықтаудан басталады.
Төртіншіден, сын тұрғыдан ойлау
көңілге қонымды дәлелге ұмтылады. Сын
тұрғыдан ойлайтын адам мәселені шешудің жолын іздеп
табады да, сол шешімдерді негізі бар, саналы дәлелдермен нақтылай
түседі. Сонымен қатар, ол сол мәселені шешудің
басқада жолдарының бар екендігін мойындайды да, өзі
таңдап алған жолдың басқаларына қарағанда
ақылға қонымды екендігін дәлелдеуге тырысады.
Бесіншіден, сыни тұрғыдан ойлау
әлеуметтік ойлау болып табылады. Барлық ойлар ортаға
салынғанда тексеріліп, өткірлене түседі немесе философ
Хана Арендттің жазуынша «тек кімде кімнің қатысы
болғанда ғана кемелге жетуге болады». Басқалар таласып
оқығанда, талқылап, қарсы пікір айтқанда
немесе ой бөліскенде біз көзқарасымызды дәллдеп,
оған терең бойлай түседі. Сыни тұрғыдан
ойлау анықтамасының бес пунктінің барлығы
оқу әрекетінің кез-келген түрінде орын алуы
мүмкін.
Қорытындылай келгенде, сыни
тұрғыдан ойлау дегеніміз – алған білімге сын
көзбен қарау, іздену, оның ақиқатын
дәлелдеу, яғни, білімді саналы түрде алу. Бұл
технологияның тиімділігі – оқушының
құзыреттілігін арттырып ғана қоймайды, сонымен
қатар:
1.
Жеке
тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталады.
2.
Мұғалім мен оқушылар арасында ізгілікті
қарым-қатынас орнауы.
3.
Оқушының өздігінен жан-жақты білім алуына жағдай жасалады.
4.
Алған білімге сын көзбен қарау, білімді сапалы түрде алу.
5. Оқушы ойын ашық айта алуға, пікір айтуға, алмасуға үйренеді.
6.
Бірін –бірі сыйлауға баулуы.
7.
Мәселенің ең негізгі түйінін табуға дағдыланады.
8.
Оқушының шығармашылық
белсенділігінің артуы.
Қызығушылықтыояту.
Үйрену процесі – бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі.
Сондықтанда сабақ қарастырғалы
тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта
алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды
қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы
әсерету жүзеге асады.
Осы кезеңге қызмет ететін «Топтастыру»,
«Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау»,
«Әлемді шарлау» т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар)
жинақталған. Қызығушылықты ояту
кезеңінің екінші
мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені
үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін
іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске
түсіреді, қағазға жазады, көршісімен
бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу,
ортаға салу арқылы оның ойы аршылады, тазарады.
Осылайша
шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды.
Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап,
оны байырғы білімімен ұштастырады.
Ойлау мен үйренуге бағытталған
бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынанытану (түсінебілу).
Бұл кезеңде үйренуші жаңа
ақпаратпен танысып, тақырып бойынша жұмыс істейді,
тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап,
белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады.
Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс
жасауға көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның
бірі INSERT.
Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында
«V» — білемін,
«–» — білмедім, менүшінтүсініксіз,
«+» — жаңабілдім, менүшінжаңалық,
«?» — мені қызықтырады, зерттеймін белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT –
оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету,
оқығанды есте сақтау,
мәнін жете түсіну күрделі жұмыс. Сондықтанда оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі.
Мағынаны түсінуді
жоғарыдағыдай ұйымдастыру аталған кемшіліктерді
болдырмаудың бірден-бір кепілі.
Үйренушілер білетіндерін
анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді.
Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін
бұрынғы білім арасында көпірлер
құрастыруға, яғни байланыстар құрауға
дағдыландырады.
Әдебиет:
1.
С.Маусымбаева, Ж.Сыдықова. Оқыту
үрдісін жетілдіру үшін.
2.
З.Қуандыққызы. Оқытудағы
топтық, блоктық және деңгейлік
Ә.Әмірова. Ұжымдық
іс-әрекеттің рөлі. /Қазақстан мектебі.
Ж.Әбиев, С.Бабаев,
А.Құдиярова: Педагогика. Алматы. Дарын.