Куандыкова Айгуль Абижановна

Информатика пәнінің мұғалімі,

Алматы қаласы,

Мағжан Жұмабаев атындағы №137 мектеп

Математика сабақтарындағы критериалды бағалау – оқу қызметіне жеке жұмыс істеудің негізгі құралы

            Оқыту кезіндегі күйзелістердің себептері бәрімізге белгілі, бұл – оөу жүктемесінің тым жоғарылығы, оқыту әдістемелерінің оқушылардың жас ерекшелігіне сай келмеуі, оқушы жұмысын бағалау кезіндегі мұғалімнің субьективті көзқарасы. Дұрыс бағаламау барлық білім үрдісіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Жақсы бағаны оңай жолмен алса, оқушының оқуға деген қызығушылығы жоғалады. Нашар баға да сондай нәтижеге әкелуі мүмкін: оқушы мүлдем оқымай қалады.

            Дұрыс бағалау күйзеліс тудырмайды. Сондықтан түрлі денсаулық сақтаушы бағдарламалардың ішінде бағалау жүйесін өзгертуге  тырысатын бағдарламалар да қызығушылық туғызуда. Денсаулық сақтаушы фактор ретінде ашық диалог ретінде мұғалім мен оқушының біріге отырып құрған бағалау критерийі нақты мысал бола алады, бұл кезде екі жаққа ортақ қоғамдық келісім пайда болады. Соңғы жылдары тек ресейлік қана емес, батыстық педагогикада да оқушылардың оқу жетістігін бағалау жүйесін қайта қарау үрдісі жүріп жатыр. Қазіргі кездегі мектептердің міндеттерінің бірі жеке тұлғаның өзін-өзі тануына, білімін көтеруіне, оқуда жетістіктерге жету ұмтылысын дамытуына көмектесетін жағдайды туғызу болып табылады. Критериалды бағалаудың негізгі артықшылықтарының бірі- денсаулық сақтаушы, оқушылар мен мұғалімдердің денсаулығын сақтау әлеуеті. Сондықтан соңғы жылдары менің әдістемелік қызметімнің негізгі бағыттары – оқу үрдісіне критериалды бағалауды енгізу. Осы жүйеде жұмыс істеген жылдар ішінде осы технология қазіргі білім берудің көптеген мәселелерін шешуге мүмкіндігі беретін көз жеткіздім.

            Критериалды бағалаудың артықшылығы неде?

         Оқу мақсатына сәйкес келеді және мұғалімнің көңіл-күйіне байланысты емес (дұрыс бағалауды арттыруға көмектеседі);

         Жетістік деңгейлерін нақты көрсетуді ұсынады;

         Оқу үрдісінің барлық қатысушылары бағалау түсінікті әрі «мөлдір» болады;

         Өзін- өзі бағалау дағдыларын дамытуға көмектеседі;

         Оқушыларды өз еңбегінің нәтижесі үшін жауапты болуына тәрбиелейді;

         Оқуға қызығушылығын арттырады;

         Білім сапасын көтереді.

Критериалды бағалау бағалаудың екі түрін қамтиды: қалыптастырушы және жиынтық. Бұлар оқылған тақырыптың немесе бөлімнің соңында (бақылау, сынақ жұмыстар арқылы), оқыту кезінде (өзіндік жұмыс, тест, т.б. арқылы) жүргізіледі, оқушыға өз жұмысын түзетуге жоғары нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі, оқушыларға оқылған тақырыптар бойынша өз жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік береді, мұғалімге әр оқушының материалды меңгергені туралы ақпарат жинақтауға, кейінгі жұмысты жоспарлауға, оқу үрдісін сапалырақ жүзеге асыруына, оқушылардың жетістігі туралы қорытынды жасап, қорытынды баға қоюына мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы бағалау кері байланыс қызметін атқарады, оқушы өз жетістігі мен кемшіліктері туралы ақпарат алады. Оның қорытынды жұмысқа дейін жеткіліксіз нәтижеде орындалған жұмыс түрін жақсартуына уақыты болады. Сәйкесінше, аралық жұмыс түрлері  бойынша ең төмен нәтижені оқушылар жеке нәттижелерін жақсарту үшін берілген нұсқау деп қабылдайды, себебі бұл бағалар тоқсандық, жартыжылдық баға шығару кезінде есептелмейді. Яғни, аралық жұмыс үшін баға алғанда, оқушы қорытынды жұмыс кезіндегі бағасын көтеру үшін не істеу керектігіне бағыт-бағдар алады. Критериалды бағалауда тек қорытынды жұмыс нәтижелері ғана есепке алынады.

Оқушылар жетістігін бағалау үшін біз төрт критерий қолданамыз.

Критерийдің белгіленуі

Критерий атауы

Критерийдің қысқаша мазмұны

А

Білу және түсіну

Оқушылар оқылған материалды қалай түсінгенін, алған көрсетеді, алған білімін қалыпты және өзгертілген жағдайда қолдана біледі.

В

Заңдылықтарды зерттеу

Математикалық әдістерді қолдана отырып, тапсырманы зерттейді, заңд суреттейді.ылықтарды табады, математика тілімен өзара байланысын суреттейді.

С

Ақпаратты математика тілімен беру

Оқушылар ғылыми терминдер мен шартты белгілерді қолдана отырып, ақпарат беруге қабілетті.

Д

Математикалық ойлау

Оқушылар таңдалып алынған шешімнің дұрыстығы мен дәлдігі туралы ойлайды.

Критериалды бағалаудың міндетті шарты – «қоғамдық келісім» ұғымы барлық қатысушыларға белгілі. Бағалау үрдісін «мөлдір» ететін нақты нұсқаулықтар құрастыру қажет. Рубрикатор (нұсқаулық) оқушы жетістігінің деңгейі мен соған сәйкес балл санын нақты көрсетуі керек. мұндай рубрикаторлар бағалау жұмысының әр түрі үшін құрастырылады. критерийді толтыру тақырыптың мазмұнына байланысты болады. Рубрикаторда оқушыға емес оның жұмысына сипаттама беріледі. Рубрикатор бақылау жұмысымен біріге беріледі. Рубрикатордың болуы мұғалімнің тексеру жұмысын жеңілдетеді және оны нақтыландырады; оқушы үшін баға түсінікті, дәлелденген, сондай-ақ білімін түзету жолдары анық болып келеді.

            Оқушыларымның бақылау жұмысына дайындалғанын білу үшін не керек? Оған тексеру парағы көмектеседі. Оқылған тақырып бойынша білуі керек негізгі біліктер мен  дағдылар көрсетіледі.Тексеру  парағын оқушы үш мәрте толтырады. Тақырыптың басында тексеру парағы таратылады. Олар парақтың бірінші бағанасын толтырады. Сол арқылы берілген ұғымдармен алғашқы танысуларын көрсетеді. Оқылған материалды қайталау және қорытындылау сабақтарындда оқушылар парақтың екінші бағанасын толтырады, бұл кезде мынадай белгілер қолданылады. «+» - өз біліміне сенімді. «+,-» - біледі, бірақ нақты емес, «-» - бұл материалды білмейді. Ары қарай оқушы бұл парақты үйіне алып кетеді де, бақылау жұмысына дайындық кезінде пайдаланады. 5-7 сыныптарда ұғымдар бойынша білімін тексеруді және өз баласын бағалауды ата-аналарға ұсынамын.Соңғы үшінші бағана бақылау жұмысының алдындағы сабақта толтырылады.  «Білу» бөлімін өзіндік жұмыстар мен білім тексеру жұмыстары нәтижесінде мұғалім толтырады. Тексеру парақтарымен жүйелі жұмыс жүргізу білім үрдісіне қатысушыларды өзіне тарта отырып, оқуға қызығушылықтарын арттырады, қойылған талапты нақты түсіндіреді, бағалаудың мөлдірлігін арттырады, білім сапасын көтереді.

            Сонымен, критериалды бағалау әдістемесі бойынша, жұмыс нәтижесі оқушы күйзелісінің төмендеуіне, өзін-өзі бағалау,  талдау дағдыларының қалыптасуына көмектеседі.

   «Иә»                                                                            «Жоқ»          «Қарсы»

Жайсыздықты төмендету                                             Еңбекті қажет етеді

Өз жетістіктерін әркез салыстырып отыру                  Бейімделу кезеңінен өтеді

Нақтылық                                                                     Критериалды бағалаудың барлық

Мөлдірлік                                                                   кезеңінен өткенде «қарсы» екі ұғым

Талап қою бірлігі                                                     білім сапасының көтерілуімен жойылады.

Жан-жақтылық                                                    Бұл жүйеде нашар баға деген болмайды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.П.Блэк и Д.Уильям «Черный ящик: Что там внутри? Оценка знаний учащихся как способ повышения эффективности учебно-воспитательного процесса».

2. Мұғалімге арналған нұсқаулық.