Нұрланов М.Е., Медиева С.Х.,Шаяхметова М.Н.

КММ «Талдыбұлақ ЖОББМ»

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ

 

Салауатты өмір салтын қалыптастыру

 

 

       Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру балалар мен жастарда өз денсаулығына жауапкершілік қатынас орнату дағдысына негізделген, дұрыс дене дамуы мен ағзаның жұмыс қабілетін арттыруға, қозғалыс білік-дағдыларын физикалық жетілдіруіне ықпал етеді, қоғамдық пайдалы еңбекке, өмірге, Отан қорғауға жақсы даярлықты қамтамасыз етеді, тиімді кәсіби қызмет үшін функционалдық, әлеуметтік бейімделу және психикалық орнықтылықты қамтамасыз ететін тұлғалық қасиеттердің қалыптасуын іске асырады, салауатты өмір салты, ағза ерекшеліктері туралы білім жүйесін қалыптастырады, дене тәрбиесі және спортқа баулу негізінде қайраттылық және салауатты өмір салтын дамытуды қалыптастырады [1].

      Денсаулық құндылықтарының мазмұны деп біз мына компоненттердің кешенін айтамыз:(дене шынықтыру, интеллектуалдық, сезімдік, әлеуметтік, тұлғалық, рухани).Бұлар оқушылардың салауатты өмір сүруге деген қажеттілігі мен ынтасын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

        Қазірден бастап салауатты өмір салты нені қамтитынын білу үшін , оның негізгі талаптарын қысқаша қарап өтеміз:

       -Дене жүктемелері, денешынықтыру және спорт. Бұл бұлшық ет күшін көбейтудің құралы ғана емес. Қозғалыс адам өмірінде маңызды орын алады. Дұрыс зат алмасу, дұрыс және үйлесімді өсу, ептілік, шыдамдылық, тіпті ақыл ойдың дамуы осыған байланысты.

     - Шынықтыру. Бұл көптеген аурулардан сақтаудың ең жақсы құралы және шыныққан ағза тұрақты және микроб, вирустармен жақсы күреседі.

    - Жеке бас гигиенасы.Тазалық және мұнтаздылық – адам үшін өте маңызды . Бұл өзіңді қоғам алдында көрсету мүмкіндігі мен аурудың алдын алу құралы: салақ адам ешқашан басқа адамдардың көңілін тартпайды.

      -Жұқпалы аурулардың алдын алу.Мұнда жеке бас гигиенасы да , шынығу да маңызды. Сонымен бірге әртүрлі ауруларға қарсы уақтылы егу шараларын жүргізу. [2].

       Салауатты өмір салты мен өмір сүру үшін төмендегі талапты орындау керек.

       Адам денсаулығын сақтауда төмендегідей факторлардың маңызы зор.

1.Айқын жасалған күн тәртібінің болуы.

2.Дұрыс тамақтану.

3.Дұрыс тынығу.

4.Дене еңбегімен шұғылдануы.

5.Таза ауада болып, күн көзінде серуендеу.

6.П. Ивановтың кеңесі бойынша табиғат аясында болуы.

7.Зиянды әдеттерден сақтану.

8.Дұрыс қозғалыста болуы.

      Осы ұстанымдарды негіздеп жасөспірімдерді салауатты өмірге тәрбиелеу барысында мұғалімнің орны ерекше болуы тиіс. Мұғалім мектептегі басты тұлға. Қазақстан Республикасының «Білім заңында» мектеп оқушылары бойында адамгершілік және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, адамзаттыққа тәрбиелеу және олардың ақыл-ой, танымдық шығармашылық қабілетін анықтау басты міндет екендігі айтылған. Осы міндеттердің жауапкершілігі негізінен мектептегі сынып жетекшісіне жүктеледі. Сондықтан оқушы бойына адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, ақыл-ой,танымдық сана-сезім қалыптастыратын салауатты тәрбие беру мазмұнын жаңаша құруды көздейді.[3].

      Мұғалімі салмақты, мейірімді, өзара түсіністік ахуалы орнаған класқа қарағанда, педагогы қатаң, мейірімсіз болған кластарда балалардың ауруы 3 есеге жоғары, невроздық аурулар 1,5-2 есеге көп. Бастауыш сыныптың оқушылары мектеп тәртібі талап ететіндей ұзақ уақыт партада қозғалмай отыра алмайды. Арқа мен мойын еттері шаршайды. Олардың ағзалары бұл жаста қозғалысты қажет етеді. Бұл қажеттілікті ұзақ уақыт шектеу орталық жүйке жүйесінің шаршауына алып келеді. Мұндай дерттің емі – спорт. Дене тәрбиесі мен тұрақты шұғылданған адамның өмір жасы ұзақ болып, денсаулығы жақсы болатыны насихаттай отырып, мектеп оқушыларының арасында түрлі қимылды жаттығулардың түрлерін күнделікті таңертең сағат 8:15 1-ші сабақтын алдында өткізіледі. Спорттық іс-шараларына мектепте көп назар аударылады [4].            

      Баланың денсаулығын сақтау мен нығайту, ең алдымен, ата-ананың басты міндеті. Денсаулықты жоғалту оңай, ал оны қалпына келтіруге кей жағдайда бір ғұмыр де жеткіліксіз. Кейде мектеп оқытушыларының бар күш-қимылы жеткіліксіз болады, өйткені баланың мектепке дейінгі өмірі тұтастай текке кеткен, орнын толтыру мүмкін емес болып жатады. Бұл мәселенің шешімін ата-аналарға, дәрігерлерге жаба салуға да болар, әйтсе де бала денсаулығы күн өткен сайын нашарлап, кемістері беки беретінін де ұмытпалық. [5].

      Мектеп қабырғасындағы оқушыларды салауатты өмір салтына пәнаралық байланыс арқылы да жүзеге асырылады. Мысалы: Пәнаралық байланысты мынадай үш жүйе арқылы құрастыруға болады.

-Денсаулықты сақтау

-Денсаулықты қалыптастыру

-Жеке тұлғаны қалыптастыру

Денсаулықты сақтау – денсаулық, сымбаттылық және сергектік-адам баласының ежелгі заманнан бергі арманы. Адам әр уақытта ұзақ өмір сүргісі,

бақытты болғысы және жастыққа тән күш-қуатын сақтағысы келеді. Бұл жүйе жаратылыстану пәні арқылы жүзеге асады.

      Денсаулықты қалыптастыру жүйесіне дене шынықтыру пәні жатады. Дене тәрбиесі сабағының міндеті – оқушылардың денсаулығын нығайту, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап спорт түрлерімен шұғылдану.

       Денсаулығы жақсы бала оқыту процесінің барлық түрлеріне қуана араласады, әрдайым жайдары, өмірсүйгіш қалпынан таңбай, құрбыларымен де еркін араласып, ұстаздарына да жылы қабақ танытады. Бұл тұлғаның барлық қырының танылуының негізгі шарты. Демек, баланың бойында денсаулық мәдениетінің қалыптасуына басты мән беру керек. Бала кезінен денсаулықтың заңдылықтары мен қарапайым қағидаларын бойына сіңіріп өскен бала өскенде  де осы бағыттағы ізденісін жалғастыратына сөзсіз. Оларды денсаулыққа деген жауапкершілік көзқарасты, дене мәдениетін қалыптастыру, әр сабақта осы жайларды еске салып отыру, оқытушының бағытталған жұмысы – балада өзге адамдармен қарым-қатынасты қалыптастыру, өз бетімен, өздігінен өмірлік процестерге жауап таба білу сияқты қасиеттерді қалыптастырады.Бала қоғамның ең жоғарғы құндылығы, одан жоғары тұрған ештеңе болмауы керек.  Бала денсаулығын сақтау мектебіміздің негізгі принципі - әр баланың бойындағы өмір резервін, өмірге құштарлық пен бейімділікті бірте-бірте, өте сақтықпен оята білу. Ол құштарлық пен бейімділік, өмір резерві бала бойында дайын күйінде тұрған жоқ[6].

Салауатты өмір сүру мәдинеті  мен салауатты өмір сүру сапасы эквипотенциалды болып келеді. Сондықтан да адам денсаулығының жақсы жөне жаман болуы салауатты өмір сүру стиліне байланысты болады. Ал салауатты өмір сүру стилі тарихи және ұлттық дағды, дәстүрлср арқылы қалыптасады. Сондай-ақ түлғаның бейімділігіне байланысты болады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.       Шакирова Ж. Гимнастика // Мектептегі дене шыңықтыру. - 2011.

№1. - Б. 14-17.

2.       Б. Төтенаев. Дене тәрбиесі. - Алматы: Мектеп, 1988.

3.       Е. Уақбаев. Қазақстанда дене тәрбиесі жүйесінің дамуы. - Алматы:

Санат, 2011- Б. 23-25

4.       С. Жұманова. Спорттық морфология негізіндегі тәнтану. - Алматы: - Б.

49-51

5.                     Дене мәдениеті – оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде.

Ізденіс-Поиск. 2009ж. №2(2) -Б.262-264.

6.                     Е. Уақбаев. Қазақстанда дене тәрбиесі жүйесінің дамуы. - Алматы:

Санат, 2000ж.