ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ КӨП ТІЛДІ МЕҢГЕРУДЕ
ҚазМемҚызПудың 2 курс студенті Дархан Мадина
ғылыми жетекшісі
п.ғ.к., Кансеитова У.К.
Бүгiнде бiлiм беру жүйесi
жаңа арнаға бет бұрып, жан-жақты
шығармашылық бағытта жұмыс жасайтын жас
ұрпақ қалыптастыруға ерекше назар аударуда. Себебi,
елiмiздiң өркениеттi мемлекеттердiң қатарына
қосылып, халықаралық деңгейге шығуы бүгiнгi
ұрпақ бейнесiмен көрiнедi. Елiмiздiң әлемдiк бiлiм
кеңiстiгiне енудегi мақсатын Елбасы: «Бiлiм беру реформасы –
Қазақстанның бәсекеге нақтылы
қабiлеттiлiгiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн аса
маңызды құралдарының бiрi», – деп атап көрсеткен
болатын.
Әлемдiк
жаһандану кезеңi азаматтардың бiрнеше тiлдi меңгеруiн
қажет етедi. Тiл бiлу әрқашан ұлттар мен
ұлыстардың коммуникациялық және интеграциялық
мүмкiндiктерiн кеңейте түседi. Өзге елдердiң
салт-дәстүрiн, ұлттық ерекшелiктерiн түсiнуге
ынталандырады.
Халқымыз
ежелден тіл абыройын биік көтеріп, «Өнер алды – қызыл тіл»,
деп айтып кеткен, сөз өнерін басқа барлық
өнерлердің алдына қойып, жоғары бағалаған. Әдетте
тіл жөнінде, тіл – адамдардың қарым-қатынас жасау
құралы деп, оған жай-жадағай анықтама берілгенімен, іс жүзінде тіл тек адамдардың қарым-қатынас
құралы ғана болып қалмастан, ол белгілі бір
ұлттың сана-сезімі, халықтың халықтық
қасиеті, оның жалпы тарихы, әдет-ғұрпы,
мәдениеті қатарлыларды тұтастай өз бойына қамтып
жататын күрделі ұғым. Сондықтан
тіл мейлі қайсы ұлттың болмасын тарихы мен
тағдырының, тәрбиесі мен тағылымының, бүкіл
халықтық болмысының баға жетпес асылы,
сарқылмас құнды
қазынасы, ұлт рухының ұйтқысы болып келген.
Нарықтық
экономика еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды
қажет ететіні белгілі. Бұл
оқу орындарының барлық салаларына жаңа талап,
жаңа міндет, жаңа мақсаттар жүктейді. «Мұғалім
ісі сырттай қарапайым болғанымен – тарихтағы ең
ұлы істің бірі»,- десе К.Д Ушинский, «Айтушы ақылды болса,
тыңдаушы дана болар»,- деп халық даналығы айтқандай,
білім беру жүйесінде оқытушыларға қойылатын басты
талаптардың бірі – өмірден өз орнын таңдай алатын,
өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап,
кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан
білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін полимәдениетті
жеке тұлға қалыптастырып, бәсекеге қабілетті,
көптілді меңгерген маман тәрбиелеу.
«Ұрпағы
білімді халықтың болашағы бұлыңғыр
болмайды» демекші, жас ұрпаққа саналы, мағыналы,
өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің
басты талабы. Қазіргі уақытта
еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып
отырған шақта көптілді еркін меңгеріп, келешекте
білімімізді түрлі саладағы қарым-қатынас
жағдайында пайдалана алатын азамат болу басты міндетіміз.
Бүгінде
еліміз жаңа ғасырдың табалдырығын абыройлы
көрсеткіштермен аттап, дамыған елу елдің қатарына
қосылып отырғандықтан, білім беру жүйесі де
әлемдік білім талаптарына сәйкес болуы тиіс. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көптілді
білімді дамытуға баса назар аударып отыр. «Еліміздің маңызды
құндылықтарының бірі және басты
артықшылығы – көпұлттылық пен көптілділік» -
деп атап көрсеткен. «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында
көптілді білім беруді қамтамасыз ету» туралы баса айтқан
болатын. 2020- жылға қарай барша Қазақстандықтар
қазақ тілін, орыс тілін 95% және 25% ағылшын тілін
меңгеруі тиіс» делінген. Белгіленген жоспарды іс жүзіне айналдыру
барша Қазақстан халқының борышы деп санаймын.
«Тегінде адам
баласы ақыл, білім, ар, мінез қасиеттерімен озады» деген ұлы
ақын Абайдың сөзі қай заманда да өз мәнін
жоймақ емес. Сондықтан қазіргі қоғамда көп
тілді білу әрқандай адамды кең өріске, тың
өмірге бастайтын жол есептелмек. Кезінде халқымыздың «Жеті
жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген аталы сөзі дәл бүгінгі
дамыған дәуірімізге сәйкес айтылғандай.
Қазіргі
әлем – жаңалықтар мен өзгеше технологиялар, күн
сайынғы техниканың дамуы мен өзгерістер заманы. Заманның ендігі тетігі бүгінгі
күнмен тірлік ететін адамды емес, болашақты кеңінен ой елегінен
өткізетін тұлғаны, келешекті
кемел ойлай білетін, дүние өзгерістерінің себеп-салдарын
жекелік талғаммен емес, жалпы адамзаттық өлшеммен
қабылдайтын жандарды қажет етеді. Ғылыми, медициналық, техника-технологиялық
ақпараттардың барлығы шетел тілдерінде
қалдырылғандықтан, оны оқып игеруде шетел тілін
қажет ететіні бәрімізге мәлім. Еурокомиссия
Еуроодаққа мүше елдердің білім беру жүйелеріне
«ана тілімен қоса екі шетел тілі» қағидасының
енгізілгенін жариялағаны белгілі. Сондықтан
көптілді білім беру білім ошағындағы
көпмәдениеттілік ақпараттық және
коммуникативтікпен қатар қойылып, білімнің базалық
құзыреттілігі ретінде танылып отыр. Бұл мәселе
бүгінде мемлекеттік деңгейде талқыланып, білім реформалары
аясында қарастырылып отырғандығы бізді қуантады.
Көптілді оқыту – жас
ұрпақтың білім кеңестігінде еркін араласуына жол
ашатын, әлемнің түрлі ғылыми құпияларына
үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік
беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Әр адамның рухани-адамгершілігін арттыру
үшін, күн сайын дамып жатқан ғаламда өмір
сүріп, еңбек ету үшін жан-жақты болу қажет.
Осыған орай, бүгінгі таңда біз білім алып жатқан Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде әр студенттің кәсіби шеберлігіне, білім өрісіне, зиялылық және танымдылық деңгейін көтеруіне барлық мүмкіншіліктерді беріп отыр. Өзге тілдерді, мәселен: ағылшын,
қытай, парсы, түрік француз және неміс тілдерін жетік
меңгеруге және бәсекеге қабілетті тұлғаны
даярлауда үлкен үлесін қосып отыр.
Көптілді білу – білім
кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемнің
түрлі ғылым құпияларына үзіліп, өз
қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі
ең басты қажеттілік. Мынау бәсекелі қоғамда көп
тілді игеру – мәдениеттіліктің белгісі, ғылым биігіне
көтерілудің жолы, азаматтық саналылықтың,
естіліктің, парасаттылықтың айғағы.
Ана тілің- арың бұл.
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте, - деп Қадыр Мырзалиев айтып кеткендей өзге тілдің сырын түсіну
үшін, анамыздың ақ сүтімен берілген тілімізді сыйлауымыз
керек. «Бір тіл білсең бір адамсың, екі тіл білсең екі
адамсың»,-дейді Абай.
Сол секілді көп тілді меңгерген адам
әуелі өз тілінде ой қортып, туған халқына
өнеге болып, өзге жүртпен бәсекеде ырықты орынды
иелеп, сан мәдениетті санасына салып сараптай алса, онда ол өз
өмірін қалайда мағыналы өткізетін айтулы
тұлға болып жетілері қақ. Бауыржан
Момышұлының сөзімен айтқанда: «Тіл дегеніміз қай
халықтың болмасын кешегі, бүгінгі ғана тағдыры
емес, бүрсігүнгі де тағдыры. Қазақ тілі –
өткірлігімен, бой балқытып,
тамыр шымырлатып жан жүйеңді жандырып, құлақ
құрышын қандырып, ұғымына қонымды,
жүрегіңе тиімді, қысылтаяң қатал жағдайға қайрап, егеп сөз
тапқанға қолқа жоқ дегендейін ерге, елге міндет
болып адам түгіл, жағдайдың көмейіне құм
құйып, аузын аштырмай, үнін шығармай қоятын тіл».
Өз тіліміз өзегіміз, халықтық қасиетімізді
айғақтайтын алтын тұғырымыз болсын. Көптілділік мәселесі - тек
Қазақ Елі үшін ғана емес, әлем алдындағы
шешімін таппай тұрған мәселелердің бірі. Тіл проблемаларын оңтайлы шешу –
ұлтаралық қатынастар үйлесімділігінің,
халық бірлігі мен қоғамдық келісімді
нығайтудың түп қазығы болып табылады. Дəуір
көшінде бірлігі жарасқан ұлт пен ұлыстар елімізде
бейбіт қатар өмір сүріп, тіршілігі жарасып, көптілділік
дамып келеді.
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасындағы тілдерді
дамыту мен қолданудың 2011-2020жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы // www.governnent.kz.
2. Выготский Л.С.
Мышление и речь. Ибр. соч. в томах, 2-том. – Москва: Педагогика, 1982.
|