Психология/Педагогическая психология

 

Пед.ғыл.кандидаты, доцент Туебакова Н.А.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогиклық университеті

Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

 

ПЕДАГОГТЫҢ ЖЕТКІНШЕКПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНДАҒЫ РӨЛІ ЖӘНЕ ЖЕТКІНШЕКТІҢ ОҚУ ПРОЦЕСІ

 

 Педагог пен оқушы арасындағы қарым-қатынас психология­лық, педагогикалық зерттеулерде басты мәселелердің бірі болып табы­лады. Осы қарым-қатынас негізінде ”педагогикалық қарым қатынас” деген ұғым пайда болды.

  А.А.Бодалев және тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде педагогикалық қарым-қатынас формалары, мазмұны, тәсілдері бойынша сипат алады. Педагог пен балалар арасындағы нақты психологиялық контракт деп түсіндіреді.

Зерттеу еңбектеріне талдау жасасақ педагогтың қарым-қатынас стилінде коммуникациялық тәсіл, әлеуметтік-адамгершілік құнды­лық­тар, қатынас сипаты, әлеуметтік рөлі мен статусы көрініс береді.

Педагогикалық қарым-қатынастың формасы-балалар мен педагог­тың ”субъект-субъект” жүйесіндегі бірлескен әрекеттестіктері болып табылады.

Балалардың ересектермен, әсіресе, мұғалімдермен қарым-қаты­насы өте маңызды. Себебі балада мектептегі оқуға өтумен байланысты өзінің іс-әрекетіне, ересектермен және құрбыларымен жаңа қатынасқа, жаңа өмір салтына өту дайындығымен қатар, білімдерді меңгеру дайындығын қамтитын, оқушының әлеуметтік позициясы қалыптасады (Л.И.Божович). Ересек адам баланы жаңа іс-әрекеттерді орындауға дұрыс үйретсе, оның оқуға деген қызығу­шылығы нығайып, оқыудың жағымды мотивациясы қалыптасады. [1]

Балалардың таным дүниесінің мінез-құлқы мен адамгершілік позициясының қалыптасып, жетілуіне педагогикалық қарым-қаты­настың әсері зор. (Х.Т. Шерьязданова, В.Ф. Моргун) Балалардың құрдастарымен жақын қарым-қатынасымен бірге, ересек адамдар, әсіресе, мұғалім оқушы үшін беделді адам иесі екенін ғалымдар Л.И.Божович, В.В.Давыдов, Д.Э.Эльконин атап көрсетеді.

  Педагогтың балалар психикасына әсер етудегі рөлі қарым-қатынас стилі арқылы көрінеді.

 В.С. Мухина қарым-қатынас стилін педагогтың балаларға әлеу­мет­тік психологиялық әсер етуінің дара типологиялық ерекшелігі деп анықтайды.

Педагогтың қарым-қатынасындағы авторитарлық стиль педагог­­тың позициясынан байқалады. Іс-әрекетті күшпен орын­датуы, балалар инициативасын табан асты ету, балалардан бағынуды талап етуі, балалар мүмкіншілігінен тыс жетістіктерге үміттенуге әсер ету педагог үшін тәрбиелеу тәсілдерінің бірі болып табылады. Мұндай тәсілдер балалардың мінез-құлқына кері әсерін тигізеді, яғни қорқыныш-үрейлі күй кешуі, жүріс-тұрысын реттей алмауы, кез келген іс-әрекетке қызығушылығы мен ниет, мотивтерінің болмай­тындығы зерттеу еңбектерде анық байқалады.

Дара стиль мейірім, достық негізде болатындықтан, бала­лар­дың өзін-өзі еркін ұстауына, сенімді болуына, адамгершілік құнды­лық­тарды қалыптастырып, дамытуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, демократиялық стильде балалар мен педагог арасындағы қарым-қатынас тең позицияда болады. Балалардың ішкі мүмкіндіктерін шығаруына педагог жағдай жасайды.

         Либеральды – босаң стилі негізінен балалардың топтық жағдайға бейімделе алмауы, өз міндеттерін түсінбеуі педагогикалық қарым-қатынастың осы стиліне тән қасиет. Бұл педагогтың кәсіби әлсіздігімен және енжарлығымен түсіндіріледі. А.А.Бодалев бала­лардың эмоциялық қалпында және педагогтың қарым-қатынас стилі арасында өзара байланыстың болатынын дәлелдеген.

В.С.Мухина, А.В.Мудрик [2] педагог пен балалар арасын­дағы қарым-қатынаста барлық стильдер қолданылғанымен, осы стиль­дер­дің ішінен бірі басымдырақ болады. Бұл қарым-қатынаста педагог сендіру, иландыру тәсілдерін қолданады.         

          Иланушылық (сендіру) — қарым-қатынастағы адамдардың өзара әсер ету процестерінің бірі ретінде ырықты немесе ырықсыз, тікелей немесе жанама болуы мүмкін. Педагогикалық тұрғыда сендіру амалы күшті тәрбие құралы. Сендіру қарым-қатынастағы өзара әсер етудің барлық әдістерінің ең жетекшісі.

  Үгіттеу — қандай да пікірдің немесе ой қорытындысының логикалық негізін келтіру, жеке тұлағының эмоционалды әрі рационалды қыры арқылы өзіне немесе бүтіндей топқа әсер ету. Түсіністік пен күйзелістің бірлігіне жетуді мақсат етуді көздеген екі немесе бірнеше адамдардың ашық немесе жасырын айтысын яғни талқысын үгіттеу процесі деуге болады. Үгіттеу-үгіттеушінің хабарындағы мазмұны ақпараттың болуымен бірге қабылданушы­ның саналы қатысы.

Оқушылардың ересектермен қарым-қатынас қажеттілігінің маз­мұны, балалардың жетекші іс-әрекетінің сипатымен детермен­деледі (Л.С. Лисина, А.Н. Леонтьев).

  В.В. Давыдов бала мектепке келісімен оқу процесінде жеке тұлғаның теориялық санасының негіздері қалыптасатынын (ғылыми, көркемдік, адамгершілік) дәлелдейді.

  Д.Б.Эльконин бойынша оқушы өзінің мектептегі жұмысын қоғамдық міндетті іс-әрекет ретінде қабылдай бастайды, оқушы бойында жаңа қоғамдық сезімдегі мотивтері көріне бастайды. Б.Г.Ананьев балалардың мектептегі оқу процесі олардың бүкіл өмірін жаңаша ұйымдастырып, баланың жанұядағы орнын өзгертетіндігіне ерекше көңіл бөледі, өйткені онда жанұядан тыс міндеттер, яғни міндетті оқу еңбегі пайда болады. /3/

Психологтар оқушының жеке тұлғасының қалыптасуындағы оқу іс-әрекетінің мәніне көңіл бөліп, ”оқушының ішкі позициясын қабыл алу”, (Л.И. Божович), ”оның танымдық және адамгершілік күштерінің дамуының жаңа көздерін ашатын, мінез-құлық мотив­терінің өзгерісі” (В.В.Давыдов), баланың ”мектепте оқу міндетін” сезінуде қамтылған қоғамдық орнының өзгерісі (Н.Ф.Добрынин) сияқты аспектілерді бөліп көрсетеді. Кеңес психология­сында мотивациялық сфера адамның ақиқатқа, өз-өзіне, басқа адамға белсенді түрде бағытталған қатынасының күрделі жүйесін құрайды, әрі түрткілердің әр түрін қамтиды (Л.И.Божович).

  Баланың өзіне жетекші мотивті таңдап алуына байланысты оның адамгершілік позициясы қалыптаса бастайды (Л.И. Божович, А.Н. Леонтьев). Ақыл-ой әрекетіне әсер ететін,түрлі қатынастардың қайта құрылуына әсер ететін, өте мәнді фактор ретінде көрінетін, ”педагогикалық бағамен” және эмоционалды – еріктік сферасы­мен, оқушының мотивациялық сферасы анықталды.

Д.Б.Эльконин, балалардың жеке қарым-қатынасы мен ересек­­термен жалпы қарым-қатынастарының жүйесі оқу іс-әрекеті арқылы жанамаланады деген қорытынды жасады. Баланың оқу іс-әрекетіне енуі ересектің, оқушының өзіндік сана сезіміне әсер ету мүмкіншілігін дамытады. Осындай көзқарас негізінде оқушы мен ересек арасындағы өзара қарым-қатынастары, қарама-қайшылық­тағы екі тенденциямен сипатталады. Біріншіден, ересектер талап­тарына мойынсұну, бағыну міндеті болса, екіншіден, өзінің жеке басының дербестігін, құқығын қорғау мақсатында тәуелсіздік сезімі пайда болады. Осындай даму сатысы нәтижесінде баланың сана-сезімі жаңадан қалыптаса бастайды. Ересектермен  қарым-қатынас қажеттілігі туындайды. Балалардың достық қатынастарының сыртқы өмірлік жағдайлары мен кездейсоқ қызығушылықтарының бірігуі, олардың өзара қарым-қатынасының негізгі түбірі болып саналады.

М.И.Лисина қарым-қатынас көп жағдайда өз-өзін және басқа адамдарды тану қажеттілігін қанағаттандыратын іс-әрекет ретінде болады дейді. Құрбыларының арасында өзіне лайықты орынды иеленуге деген ұмтылысы, өмірлік тәжірибесі, мектеп өміріндегі өзгерістерден кейін балада пайда болады.

  (А.Н.Леоньтев, Л.И.Божович, И.В.Дубровин, Б.Г.Ананьев) Балалардың ересектермен, әсіресе, мұғалімдермен қарым-қатынасы өте маңызды, себебі балада мектептегі оқуға өтумен байланысты өзінің іс-әрекетіне, ересектермен және құрбыларымен жаңа қатынасқа, жаңа өмір салтына өту дайындығымен қатар, білімдерді меңгеру дайындығын қамтитын, оқушының әлеуметтік позициясы қалыптасады (Л.И.Божович). Ересек адам баланы жаңа іс-әрекет­терді орындауға дұрыс үйретсе, оның оқуға деген қызығушы­лығы нығайып, оқыудың жағымды мотивациясы қалыптасады. [4]

Сонымен қатар, жеткіншектің таным процесі де дами түседі.

Оқу материалдарын қабылдауы бейнелермен объектілерді салыстырып түсіну. Оқу процесінде қабылдау ойлануы талап етеді. Қабылдау дегеніміз мағлұматтарды тұтастығымен бейнелеу. Оқушы көбіне қызғылықты материалға көңіл бөліп, қиын материалды оқығысы келмейді. Сондықтан жеткіншек материалды тұтас қабылдай алмай, үзінді етіп мәнсіз қалдыруы мүмкін. Ал жеткіншек зейіні олардың тек қызық объектіге назар аударуымен шектелмейді. Олардың ой-өрісі қалыптасып қалғандықтан, әр нәрсеге яғни қызықты және қызық емес объектілерге арнайы түрде зейінін бөле алады. Жеткіншек зейіні сабаққа қалыптасса, онда ол назарын бір объектіден екінші объектіге аударып отыруға толық мүмкіншілігі бар. Жеткіншек жады мен есі төменгі сынып оқушыларына қара­ғанда өз айырмашылығымен ерекшеленеді. Себебі төменгі сынып оқушысы мазмұнды ғана жадында сақтаса, ал жеткіншек мазмұнды мағынасына қарай есінде қалдырады. Ж.Пиаже 12-13 жаста жеткін­шектерде ойлаудың ең күрделі тәсілі, формальдық операция жасау көрініс табатынын айтады.

  Жеткіншек жасында жеке заттарды ұғымға жатқызып, оларды топтастыру, олардың өзара байланысын білу кеңінен өріс ала бастайды.

Психолог В.В.Давыдов баланың абстрактылық ойының дамуына ерекше мән береді. Абстрактылық ой дегеніміз-нақты заттарға мән бермей, солардың негізгі белгілерін біріктіріп, жалпылап бейнелеу. Сонымен бірге, жеткіншек жекеден жалпыға, жалпыдан жекеге ойша көшіп отырады. Жеткіншек нәрселердің сырын жорамал амалына, яғни аналогияға сүйеніп біледі. Тиісті мәселелердің сырын жорамалға сүйеніп білу ойланудың жоғарғы түрі болып саналады. Математика, физика пәндерінде қолданыла­тын амал-тәсілдерді тиісті шешіп шығаруда қолдануға үйре­не­ді. ”Егер бұлай болса”, ”мынандай қорытынды шығады” деген сияқты формальдық операцияларды ойша қолдана алу, жеткіншектің ой- өрісін кеңейтіп, келелі міндеттерді шешуге жағдай туғызады.

Мектептің тартымдылығы балалардың көбіне құрдастарымен қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне байланысты артады. Жеткіншек үшін сабақ тек оқу емес, сонымен бірге сыныптастарымен, мұғалім­мен жасалатын қарым-қатынас, елеулі әрекеттер, толғаныс­тарға толы ахуал. Матриалдың өте қызықты түсіндірілуі және сабақта мұғалімнің жұмысты ұйымдастыру шеберлігі ғана жеткін­шекке жолдастарын ұмыттыра алады. Жеткіншекте жеке мүдделер, ұнамды сабақтары мен қызығулары пайда болады. Тәжірибенің, айналадағы ортамен және адамдармен байланыстың молайып, ұлғаюы жеткіншектің оқуға деген зейінін кемітеді. Жеткіншектің оқуындағы қолайсыздықтың бірінші көрсеткіші төменгі сыныптар­мен салыстырғанда үлгерімнің төмендеуі.

Мұның себептері оқу материалдарының игеру әдісінің дұрыс болмауына, оқуға деген көзқарастағы олқылықтар. Бұл екеуінің табиғи салдары-білімдегі олқылықтардың көбеюімен байланысты болуы мүмкін.

Жеткіншектер қатал мұғалімдерді көп жағдайда үлкен құрмет­пен қарап, бағалайды. Себебі ондай мұғалімдердің бойынан білімді­лікті, әділдік пен мейірімді көріп, матриалды тартымды әрі түсінікті етіп түсіндіре білетінін, сабақты қарқынды ұйымдастырып оған оқушыларды тарта білетін қабілетіне мойынсұнады.

Жеткіншектік кезеңде оқу деген ұғымның мағынасы кеңейеді. Өйткені, білім алу оқу программасының шеңберінен шығып, мақсатқа сай жүзеге асады. Оқу мен білімге деген көзқарас әр балада сапалық жағынан әр басқа болуы мүмкін. Көптеген жеткіншектерде ақыл-ой жұмысына деген тұрақты бейімділік, жаңа білімдер мен қасиеттерді меңгеруге ұмтылады. Ғылымның тиісті салаларына, өнер мен техникаға тұрақты ынта пайда болады. Жеткіншектерде мазмұны мектеп программасынан дербес қызметте жеке бастың бағалы қасиеттері қалыптасады.

Жеткіншектік кезеңде мектептегі оқу формалды іс-әрекетке айналуы және оқудан басқа күшті мүдделер басым болуы мүмкін. Оқудың қажеттігін абстрактілі түсінудің өзі жеткіншек үшін жұмыс жасаудың жеткілікті стимулы болмайды. Позициялық себептердің ынталандырушы күші күшті болуы мүмкін. Адайда баға алуды оқыудағы басты нәрсе деп қарау, игерілетін білімге ықылас болмаған жағдайда оқу қызметінің күйреуіне апарып соғады. Оқу қызғылықсыз ауыр еңбекке айналып, білімнің формальды ғана сипаты болады.

 

Әдебиеттер:

1.Шерьязданова Х.Т.,Суркова Т.И.Педагогу о стиле общения с детьми.-Алматы, 1996.

2.Чеснокова  И.И. Проблемы  самосознания в психологии М.,1977.

3.Драгунова Т.В. Психологические  особенности  подростка М.,1974

4.Непомнящая Н.И. Опыт системного  исследования  психики  ребенка М., 1975.