Э.ғ.к Джрауова К.С
Қорқыт Ата
атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан
Корпоративтік
салықтық бақылау
Корпоративтік салықтық бақылау
кәсіпорында сенімді салық есебін ұйымдастыруға,
салықтардың дұрыс есептелуін бақылауға, сондай
ақ салық органдарының тексеруіне дейінгі салықтық
қателіктерді анықтау және жоюға бағытталған
салық менеджері мен оның басшылығымен ұйым
қызметкерлер тобының жүйелі, сындарлы қызметі болып
табылады.
Салықтық
бақылауды ұйымдық аспектіде былайша топтастыруға
болады:
- ішкі аудит (ішкі
салықтық бақылау)- кәсіпорынның бухгалтерлік
және қаржылық қызметкерлер деңгейінде
жүргізілетін алғашқы бақылау. Бақылаудың
бұл түрі салық салу есебінің шынайылығын,
салықтық есеп пен есептеулердің сапасын, сонымен қатар
салықтық төлемдердің уақытылы және
толық бюджетке түсуіне бағытталады.
- сыртқы
аудит. Бұл түсінікті түрліше сипаттайды: «мамандандырылған
фирмалар немесе аудиторлар тарапынан мемлекеттік емес салықтық
бақылау» және «тиісті функциялар жүктелген салық
органдарының мемлекеттік салықтық бақылауы».
Кәсіпорындағы
салықтық бақылаудың негізгі мақсаты басқару
процесін жүзеге асыру үшін шаруашылық субъектінің
қызметі туралы басқарушылық персоналды уақытылы
хабардар ету болып табылады. Ал негізгі міндеті кәсіпорынға
салық міндеттемелерін орындауда салықтық қателіктерді
барынша азайту саналады. Ішкі салықтық бақылау келесі
міндеттерді орындау керек:
1.
бақыланатын
объектілерді бақылау, жоспардың сәйкесті мәндерін
қадағалау;
2.
салық
пен салық салу саласында есепке алу және талдау;
3.
жеткен
жағдайдың жоспарланған нәтижелермен салыстыру;
4.
салық
органдарының сырттай тексерулер жүргізуінің
тәуекелдерін бағалау;
5.
салық
құқығын бұзушылықтарды болдырмау және
алдын алу шараларын жүзеге асыру, салықтық қателіктерді
жою;
6.
кінәлілерді
анықтау және оларды жауапкершілікке тарту;
7.
кәсіпорында
салықтық бақылауды ақпараттық-әдістемелік
қамтамасыз етуді жетілдіру.
Корпоративтік салықтық
бақылаудың ерекшелігі ол өзіне ғана тән ерекше
принциптерге негізделеді:
- ұйымдардың, экономикалық
өзара уағдаласушылардың, мемлекеттің мүдделерін
сақтау;
- кәсіпорын және одан
тысқары жерлердегі мүдделі және лауазымды
тұлғалардың талдауы үшін бақылау
нәтижелерінің қол жетімділігі;
- ақша қаражаттар
ағымының заңдылығын анықтау үшін ішкі
салықтық бақылау бойынша есептің талдамалығы мен
мазмұндылығы;
- мәліметтерді электрондық
өңдеу үшін қорытындылардың
қарапайымдылығы мен қол жетімділігі.
Корпоративтік салықтық
бақылау әдістеріне мыналар жатады:
-
салық
жоспарының орындалуының мониторингі;
-
тиімді
анықтау және жою үшін салықтық қателіктерді
топтастыру;
-
салықтық
есептеулерді ішкі бақылаудың технологияларын пайдалану:
барлық басқарушылық салықтық шешімдер нақты
белгіленген, тексерілген және жауапты тұлғаларға
жүктелген белгілі бір тәртіптер көмегімен қабылданады.
Сонымен ұтымды
ұйымдастырылған және кәсіпорынның салық
менеджменті жүйесінің басқа функционалдық элементтермен
тиімді іс-қимыл жасайтын корпоративтік салықтық бақылау
кәсіпорынға келесі артықшылықтар береді:
- жасалған салықтық
қателіктер санын төмендетуге, яғни салықтық
тексерулер нәтижелері бойынша салынатын айыппұл
санкцияларының мөлшерін азайтуға, кәсіпорын
қызметінің қаржылық нәтижелерін және
қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік
береді;
- кәсіпорынға жұмыс істеу
үшін тұрақты негіз жасалады;
- кәсіпорын басшылығы мен
қызметкерлеріне жақсы психологиялық климат қамтамасыз
етеді, қабылданатын басқарушылық салықтық
шешімдердерге сенімділік;
- корпоративтік салықтық жоспарлау
мен реттеудің сапасы мен нәтижелігін, яғни корпоративтік
салық менеджменті жүйесінің жалпы тиімділігін арттыру.
Әдебиеттер
тізімі:
1. Галеева Н,
Корякина А, Глубокова Н. Налоговый менеджмент: учебное пособие-
Издатель:Евразийский открытый институт, 2011
2. Селезнева Н.Н
Налоговый менеджмент: администрирование, планирование, учет: учебное пособие-
Издатель: Юнити-Дана, 2015