Э.ғ.к
Джрауова К.С
Қорқыт
Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,
Қазақстан
Корпоративтік
салық менеджменті кәсіпорынның қаржы менеджменті
жүйесінде
Қаржылық менеджмент кәсіпорынның
қаржы ресурстарын қалыптастыру, бөлу, пайдаланумен және
оның ақша қаражаттары айналымын ұйымдастырумен
байланысты басқарушылық шешімдерді жасау және
орындаудың әдістері мен принциптерінің жүйесі болып
табылады. Ол кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесіне
өндірістік менеджмент, персонал менеджменті, инновациялық менеджмент
сияқты басқа басқару түрлерімен бірігеді. Корпоративтік
салық менеджменті кәсіпорынның қаржы
менеджментінің құрамдас бөлігі және
болашақта қаржылық басқарудың басты функциясы
болуы тиіс, өйткені қазіргі қазақстандық
жағдайларда қаржылық басқарудың тиімділігі
салықтық ағымдарды басқаруды сауатты ұйымдастыру
есебінен жоғарылайды.
Қазіргі
түсінікте қаржы менеджменті меншік иелерінің капиталын
сақтау және арттыруға бағытталған
кәсіпкерлік қызмет нысаны ретінде анықтауға болады.
Яғни қазіргі кезеңде оның басты мақсаты
кәсіпорын иелерінің әл-ауқатын ағымдағы
кезеңде және болашақта оның нарықтық
құнын жоғарылату жолымен барынша көбейту.
Жүйелік
жайғасымға сәйкес қосалқы жүйелердің
жоғары жүйенің басты мақсатынан бөлек басты
мақсаттары болмайды. Олар тек бұл мақсатты нақтылайды,
түрлі әдістерді қолданады, басқа мерзімдерді және
оған жету кезеңдерін белгілейді. Қаржы менеджментінің
қосалқы жүйесі ретінде корпоративтік салық
менеджментінің негізгі мақсаты меншік иелерінің
әл-ауқатын барынша көбейтуді қамтамасыз ету болып
табылады.
Пайданы барынша
арттыру қаржылық және салықтық
басқарудың басты мақсаты болмаса да, пайда табу негізгі
мақсатқа жетудің маңызды факторлардың бірі болып
табылады. Сондай ақ салықтарды төлегеннен кейінгі пайда.
Сондықтан салықтардың басқарушылық шешімдерді
қабылдауға әсерін қарастыру актуалды мәселе
саналады. Салық салуды тиімді басқару салықтық
төлемдерді азайта отырып, пайданы барынша арттыруға ғана
мүмкіндік бермейді, сондай ақ үнемделген салық
сомаларын кәсіпорын дамуына инвестициялауды қамтамасыз етеді,
бұл оның нарықтық құнын арттыруға
және иелердің әл-ауқатын барынша жақсартуға
бағытталады, яғни қаржы менеджментінің мақсаттарына
сәйкес келеді.
Қаржылық менеджменттің маңызды
құрамдас бөлігі ретінде салық менеджментін
қарастыру отандық әдебиеттерде тек соңғы жылдары
пайда болды. Қаржылық менеджмент туралы фундаменталды зерттеулерде,
сондай ақ қазақстандық ғалымдардың
бұл саладағы еңбектерінде дәстүрлі түрде
салықтық жоспарлау мен салық менеджменті мәселелері
қарастырылған жоқ. Бірақ соңғы жылдары
отандық экономикалық ғылымда салық салуды
басқаруды қаржы менеджменті жүйесінің өзінше
қосалқы жүйесі ретінде қарастыру көзқарасы
пайда болды, ол Қазақстанда салық ауыртпалығын
басқару мәселесінің өзектілігінен туындады.
Қаржы
менеджменті кәсіпорынның қаржылық жағдайын
басқару жүйесі екенін атап өту мағызды. Қаржы
жағдайы- бұл кәсіпорын қызметі процесінде пайда болатын
экономикалық қатынастардың барлық элементтерінің
өзара қарым-қатынастар нәтижелерін көрсететін
кешенді көрсеткіш. Салықтарды басқару өз кезегінде
кәсіпорынның ағымдағы жағдайын талдау және
оның негізінде басқару шешімдерін қабылдау есебінен
болашақта қолайлы салық және қаржы жағдайына
жетуге бағытталған. Салық салуды басқару қаржы
менеджменті жүйесінің толық құқықты
құрамдас бөлігі бола отырып, онда өзгеше орын алады,
өйткені салық аспектісі қаржылық қатынастарды
басқарудың кез келген саралымында болады.
Кәсіпорынның
қаржы менеджменті жүйесінде жасалатын және жүзеге
асырылатын басқарушылық шешімдер ең алдымен
кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру, бөлу
және пайдаланумен байланысты. Қаржы ресурстары
кәсіпорынның иелігіндегі және ағымдағы
шығындарды жасауға, ұдайы өндіріс шығындарын
жасауға, қаржылық міндеттемелер орындауға, жұмыс
істеушілерді экономикалық ынталандыруға арналған ақша
қаражаттары болып табылады. Басқарушылық шешімдер
инвестициялау бойынша шешімдер мен қаржы ресурстары көздерін
(кәсіпорын пассивтері) басқару шешімдері болып бөлінеді. Салықтық төлемдерді
төлеу қажеттілігі кәсіпорынның қаржы ресурстарын
шектеу факторларының бірі болып табылады, ал салық менеджменті
олардың барлық құралу көздерін: меншікті
қаржы ресурстарының ішкі көздерін, меншікті қаржы
ресурстарының сыртқы көздерін және заемдық
қаражат көздерін басқаруға әсер етеді.
Әдебиеттер
тізімі:
1. Галеева Н, Корякина А, Глубокова Н. Налоговый
менеджмент: учебное пособие- Издатель:Евразийский открытый институт, 2011
2. Селезнева Н.Н Налоговый менеджмент:
администрирование, планирование, учет: учебное пособие- Издатель: Юнити-Дана,
2015