Педагогические науки/ 5.Современные методы преподавания

п.ғ.к., доцент Абилкасимова Г.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Жиенов Е., Серікқізы М., Көшер Н., Сағнаева Ә., Уаш Е.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің

«Кәсіптік оқыту» мамандығынын студенттері

 

Оқу-тәрбие үдерісінде инновациялық

әдіс-тәсілдерді қолдану

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті бұл ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу; білім беруді ақпараттандыру; халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне оқыту мен тәрбие берудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық технологияны игерген, психологиялық, педагогикалық жұмыста қалыптасқан, ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жолын салуға икемді, шығармашылық педагогикалық зерттеуші болуды талап етеді [1].

Қазіргі заман ағымына байланысты білім алушылардың білімге қызығуын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Сол себепті оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Жан-жақты ізденістің нәтижесінде білім беру саласында жаңа педагогикалық технологиялардың саны да, сапасы да өсіп келеді [2].

Еліміздің білім беру жүйесі қазіргі кезде өзгермелі және өскелең талаптар мен қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, отандық білім саласын әлемдік білім кеңістігіне біріктіруге ұмтылыс жасауда. Бұл білім сапасын жетілдіру және оны жоғары деңгейге көтеруді алға тартады. Осыған сәйкес, ғылыми – зерттеу барысында әлемдік озық тәжірбиелер мен отандық білім жүйесіндегі ерекшеліктер зерделенуде.

Еліміздің болашағы, көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы мәселе бұл әлеуметтік педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан, білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау [3],

Оқу-тәрбие үдерісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану, білім алушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салады [4].

Мұғалімнің оқыту әрекеті табысты болуы үшін ол терең білімдігімен қатар шекілмес шешендікпен, айшықты бейнелікпен, әсерлі сезімталдықпен, ұнамды дикция мен көркем әуезді дауыспен, қажетті сөздерді тауып, саралап сабақ түсіндіре білу сияқты педагогикалық қаруды игеруі абзал.

Мұғалім оқыту үдерісін тиімді өткізіп білім алушылардың белсенділігін тудыру үшін сабаққа қойылатын келесі талаптарды ескереді (1 сурет).

Әдістемелік талапқа аталған барлық талаптардың жиынтығы жатады. Мұғалім оқытудың әдіс – тәсілдерін біліп қана қоймай, тиімді пайдаланғанда ғана оқушылардың білімге құштарлығын тудырып, терең түсінігін қамтамасыз етеді [5].

Оқыту әдісін таңдау үлкен шеберлікті керек етеді. Айталық, өткенді қайталау, қортындылау, жаңа байланыстыру, жадығатты бекітуге арналған жаттығулар мен педагогикалық есептер жүйесін ойластыру, уақытты дұрыс пайдалану, сабақта оқушылардың жұмыс түрлерін тыңдау, талдау, жазу, жаттығу, іздену жұмысын ұйымдастыру, сабақтың темпін, ритмін өзгертіп отыру мұғалімнің шеберлігі мен жұмыс стиліне ( педагогиялық ептілігі икемділігі, шамамен сезе білуі, әдептілігі, тапқырлығы, мәдениеттілігі, оқушының жеке басын сыйлауы, талап қоя білуі, жылы қарым – қатынасы) байланысты шешілетін маселелер.

 

Скругленный прямоугольник: Сабаққа қойылатын талаптар 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сурет 1. Сабаққа қойылатын талаптар

 

Осыған орай, оқу-тәрбие үдерісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану үшін шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы студенттердің пәрменді ойлауын дамытудың негізі болып табылатын әдістеме теориясының тірегі-әдістерді анықтап алу басты міндет. Студенттердің шығармашылықпен жұмыс істеудегі білімдерін өзіндік таным тұрғысынан жинақтауға жетелейді. Сондай-ақ, шығармашылық пен жұмыс істеу әдістемесінде индуктивті-дедуктивті, эксперимент әдісі, салыстыру, қатысымдық, проблемалық, жаттығу, интерактивтік әдістер қолданылады.

 

Әдебиеттер тізімі:

1.    Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақсатан халқына жолдауы. 2007. – 28 б.

2.    Бабаев С.Б., Ж.К Оңалбек // Жалпы педагогика: Алматы: «Заң әдбиеті», 2005. - 228 б.

3. Әбдікәрімұлы Б., Мәлібекова М.С. Білім берудегі педагогикалық технологиялар // Ізденіс. - 2003. - №4. - Б.200-203.

4. Әбілқасымова Г. Болашақ кәсіби оқыту педагогының инновациялық- технологиялық даярлығын жетілдіру: автореф.... пед ғыл. канд.: 31.05.2008. - Караганды, ҚарМУ баспасы, 2008. - 27 б.

5. Әбілқасымова Г. Кәсіби оқыту педагогының инновациялық-технологиялық даярлығы: теория және тәжірибе. Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2013. – 175 б.