Смаилова М.Б.,Хамзина Н.Р.,Медиева С.Х.

 

 КММ  92 гимназия, Қар МУ

 

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ТӘРБИЕЛЕУДЕ  МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫНЫҢ  БІРЛЕСКЕН  ЖҰМЫСЫ

 

 

«Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан-жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын азамат етіп тәрбиелеу деп қарастырады. Тұлғаны жан- жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымды оқу мен жастардың практикалық еңбегінің тікелей байланысы, дененің және ақыл-ой дамуының біртұтастығы деп түсіну қажет».Қазіргі кезеңде шапшаң жүріп жатқан  жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде.Тіпті бірқатар дамыған елдерде  бұл идея ұлттық қағидаға айналған.  Әлемдік бәсекелестік заманда әрбір оқушының білім санасын, қабілеттілік деңгейін, іскерлік мүмкінділігін анықтайтын ресурстарды дамыту мәселелері күн тәртібіне өткір қойылып отыр, яғни оқушының білімі мен біліктілігі қазіргі заманда мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткішіне айналды. Сондықтан көптеген елдер бәсекеге қабілетті қоғам үшін адам ресурстарын дамыту, әсіресе оның қабілетін арттыру сияқты арнайы бағдарламалар қабылдауға кірісіп кеткен. Сондықтан да, үздіксіз білім беру жүйесінің басты міндеті-жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады [1].

Қазіргі таңда болып жатқан жаңартулар тәрбие жұмысын жандандыруда мектептің алдына қоятын ең басты мәселенің бірі-өркениетті прогрессшіл бағыттағы азаматтық қасиеттері мол сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған замандастарымен тең дәрежеде өрелі терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Бүгінгі күні әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, яғни адамгершілік тәрбие шешуші фактор болып табылады.Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері-оқушылардың белсенді саналық көз қарасын сөз бен істің бірлігін адамгершілік нормаларынан ауытқуларға жол бермеуді қалыптастыру. ол баланың жеке басының қалыптырушы дамудың аса маңызды бір саласы. Бұл арқылы Отанға еңбекке қатынасын айқындайды. Тәрбиелі ұстаз шәкірттерге жан - жақты тәрбиені осы адамгершілік тәрбиеден бастайды.Кішіпейілділік негізі отбасынан дамиды. Оған ата - анасының берген тәрбиесі тұрмыс тіршілікке көп әсер етеді. Оқыту барысында балаларды кішіпейілділікке тәрбиелеудің әдіс - тәсілдерінің бірі шығармашылыққа жүгіну. Балаға жазушылардың шығармаларын оқыта отырып, ондағы кейіпкерлердің образын талдата отырып, баланың ой- психологиясына да үңілуге болады. Балаларды сыныптың ұжым ішінде қарым - қатынас кезінде достарымен аралас-құралас кезінде қандай екенін білуге болады және сол мінезіне қарай отырып оның мінез - құлқын жөндеуге кішіпейілділікке тәрбиелеуге болады
[2].

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» жолдауында: «...Оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет. Бүгіннен бастап, ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек» деген болатын.

Абайша сөйлесек, «көкірек көзін оята тәрбиелеу» - ата-анадан басталып, мектепте жалғасып, бүкіл қоғам болып атсалысатын жауапты міндеттердің ең бастысы. Осы тұста Мағжан Жұмабаев былай дейді: «Әрбір ел келешегіне қызмет етуге негізді балаларын тәрбиелейтін, даярлайтын мектебінде салмақ. Бір елдің тағдыры мектебінің құрылысына байланысқан нәрсе.Бұл– ескірмейтін игі сөз, өзгермейтін бір шындық.Тарихты аз ғана болса да ақтарған кісі мұны біледі деп ойлаймын.Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі және басты бір мәселе бастауыш сынып оқушысының алып жатқан білімі болып табылады. Мектептерімізді таза, сау, берік, һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады. Сондай негізге құра алмасақ, келешегіміз күңгірт». Мектеп пен отбасының бірлігі, жұмыс ерекшелігі мәселесі бойынша Гиппенрейтер Ю.Б., Дереклеева Н.И., Карнеги Д., Кипнис М.,Минияров В.М., Фалькович Т.А.,Толстоухова Н.С., Обухова Л.А.,О.Хухлаевалардың еңбектерін

атап  көрсетуге  әбден  болады [3].                                                                                                                                         

        Мектеп пен жанұяның бірлігі негізінде бастауыш сынып оқушылардын жан-жақты тәрбиелеуде балалардың  ерекшеліктерін, даму өзгешелігін зерттеген психолог ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, оларды әлеуметтендіруде “әлеуметтік–педагогикалық” білімдермен, жұмыстар жүйесінің, ақпараттық көмектің қажетті екендігін көре алдуға болады. Бұл мәселенің нақты зерттелуіне келер болсақ, Б.Т.Лихачев, Е.В.Стребелова, Н.М.Михайлицкая, А.И.Прихожин, Н.Н.Толстыхтың  және т.б. еңбектерін негізге алуға болады

Бұзақылықтың басы – баланың бос жүруінен басталады. Үй шаруасына қол жұмсамай өскен бала өсе келе қолы бостығынан, зеріккендігінен үйден тыс теріс әрекетке беріледі, қисық жолға түседі. Оған қоса кейбір ата - аналар түрлі сылтау айту салдарынан балаларын өтірік айтуға үйретеді. Кейде сабақты жиі қалдырған балаға әртүрлі сылтауды тауып айтуды үлкендердің өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда ата - ана балаға өтірік айтуды үйретіп отырғанын аңғармай да қалуы мүмкін. «Жас шыбықты қалай исең, солай өседі», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген мақалдар осыған дәлел. Сондықтан ата - ананың берген тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдыратынын ескерген жөн [4].  

Бала тәрбиесі игілікті іс деп саналады. Бала - табиғатынан өте құмарпаз, әуесқой және тынымсыз айнала зерттеушісі. Әр бала басынан сипағанды, жылы сөйлегенді, аялап еркелеткенді, ертегі мен әңгіме тыңдағанды, ойын ойнағанды ұнатады. Мұның барлығы-баланың бойындағы ересектерден ерекшеленіп тұратын негізгі қасиеттер. Бұл қасиеттер тек балаға ғана тән. Сонымен қатар осы қасиеттерді баланың жастайынан ата - анасы ескеріп тәрбие бергені дұрыс, ескерілмей қалған жағдайда балалық шағынан шыққан ересектің жағымсыз қылықтары мен іс-әрекеті ата-анасына таяқтай тиеді, баланың болашағы болмайды. Осыған қоса баланың сезімі де пәк екенін естен шығармаған жөн. баланы періштеге теңеу осыдан шыққан ба деген ой келеді.

- баламен қарым - қатынас барысында оның санасына әсер ететін құрғақ сөз емес, керісінше сол сөздің қалай айтылғаны мен шын көңілден шыққанын ескерген жөн;

- бала жөнінде басқалар (мұғалімдер, көршілер) тарапынан айтылған сын пікірлерден қорытынды жасаудан бұрын оның өзімен әңгімелесіп, жасаған іс - әрекетінің себебін анықтап болған соң шешім қабылдаған жөн, жұрт алдынды балам үшін беделімді жоғалтамын деп қорқудың қажеті жоқ, керісінше өз балаңның сенімінен айырылмағаның дұрыс;

- балаға үйрететініңді алдымен өзің үйреніп, біліп алғаның жөн;

- күнделікті балаға қанша рет «жоқ» деп, бетін қайтаратыныңызға мән беріңіз, шыққан қорытындыдан шешім жасаңыз. Отбасында бала ата - анасына түгелдей тәуелді екенін ұмытпаңыз;

- бала жастығына қарамастан, ата - ана тарапынан қадағалағанды жек көреді, өз өміріне тек шын ықыласпен араласқанды ғана ұнатады. Бала табиғатынан ата - анасын сүйеді;

- ата-ана баланы қиындықтардың құрсаында жалғыз қалдырмауға тырысқаны жөн [5]

Бала тәрбиесінде қолданылатын басты әдістер, бұл - үлгі - өнеге, бірлікті еңбек, әңгіме - сұхбат, баланы қолдау мен қуаттау және қорғау. Бала ата - аналар арасындағы байланысқа, басқа адамдармен қарым - қатынас орнатуына, отбасы ішіндегі тұрмыс - тіршілігіндегі жағдайларға, барша отбасылық іс - әрекеттерге қатысады.

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

1. С.М.Бағымбекова. Тәрбие құралы №3. 2012 ж
2. Г.Ж.Тәуекел. Тәрбие құралы №1. 2012 ж
3. З.Б. Мукашева. Бастауыш мектеп №1. 2005 ж
4. Ж.Д.Асаубекова.Бастауыш мектеп №1-2 1999ж

5. Е.Ы.Бидайбеков. Білімді ақпараттандыру хақында.-Алматы 2000