Қазақстан Республикасындағы
кәсіптік білім беру саласындағы педагог мамандардың ролі мен маңызы
Умбетова
Жансая Муратовна
Оқу
бөлімінің меңгерушісі
Маңғыстау
гуманитарлық колледжі
Қазақстан,
Маңғыстау облысы,
Ақтау қаласы
ХХІ ғасырдағы
дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және
денсаулығы мықты
азаматтар. Заманауи
бағдарламалар мен
оқыту әдістемелерін
білікті мамандар ұсынуы маңызды.
Оқыту нәтижесі
оқушылардың сындарлы ойлау,
өзіндік ізденіс пен
ақпаратты терең талдау машығын
игеру болуға тиіс...
Мемлекет
басшысы Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына жолдауы,
«Қазақстан - 2050»
«Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»!
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты
- бәсекеге қабілетті маман дайындау. Өзгермелі
қоғамдағы жаңа формация оқытушысы
– педагогикалық құралдардың барлығын
меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге
талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл
тұлға құзыреті. Жаңа формация оқытушысы табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды.
Нарық жағдайындағы оқытушыға
қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі,
білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі,
әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа
формация оқытушы - рефлекцияға
қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға
талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық -
әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік,
ақпараттық және тағы басқа
құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын
рухани-адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты,
шығармашыл тұлға. Жаңа формациядағы оқытушы:
Біріншіден – жаңа формациядағы педагог ретінде
өз мүмкіндігін объективті түрде бағалайтын, яғни
өзінің күшті де әлсіз жақтарын білуі қажет;
Екіншіден – интеллектуалдық іс-әрекеттің
жалпы мәдениеттік педагогикалық этикасін меңгеру;
Үшіншіден – әлемдік білім беру кеңістігінің
даму тенденциясында жүріп жатқан интеграциялық процестерге
бейімделу керек.
Білім беру жүйесі өзгергендіктен, білім беру
процесіндегі негізгі жылжымалы күш – педагог та өзгеруі тиіс. Білім
беру шеңберіндегі «Педагог – студент
– ата-ана» бір бағытта жұмыс істегенде білім беру процесіндегі
салаларға максималды нәтижеге қол жеткіземіз. Ертеңгі
жаңа формация оқытушысы қысқа және
ұзақ мерзімді әдістемелік мәселелерді әзірлеп,
оларды шешу деңгейін бағалауға, өз-өзіне талдау
жасауға көп уақыт бөліп, өз-өзін
оқытып, үйретуге ұмтылады. Ал кездескен
қиындықтар белсенділікті көтеріп, кәсіби дамуды
басқарып, одан нәтижеге жетеді. Нәтижеге
бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа
парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және
тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін
педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға
бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.
Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері
нақты білімнің мәнін түсінуге, соның
нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке
өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты
қалыптасады. Осы заманғы оқытушы
оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.
Құзыретті маман даярлау мақсатында «білім
алушылардың білімдік белсенділігін арттыру технологиясын» пайдалана
отырып, жаңа оқыту технологиясы бойынша білім беру мақсаты
студенттерге өндірістік ситуациялар беру арқылы өз бетінше
жұмыс жасау қабілетін, дұрыс шешім қабылдау
мүмкіндігін қалыптастыру арқылы бәсекеге
қабілетті маман ретінде дамуына көмектесу.
Ақпаратты, коммуникативті,
әлеуметті-құқықтық құзыреттер
педагогтан ақпараттық технологияларды қолдана алу
(мультимедиа, смартмедиа, электрондық пошта, интернет)
мүмкіндіктерін, бұған қоса студент пен педагог
арасындағы байланысын, бірін-бірі түсінуін, топпен жұмыс
жасауын, ұйымдастыру басқару шешімдерін дұрыс таба алуын,
қолдану қабілеттерінің басым болуын, әлеуметтік
қызметтердің маңызын түсінуін,
қоғамдық міндеттерге тұрақты қарауын талап
етеді.
Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық
үдерістің қарқыны, білім беру жүйесінің
алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ең бастысы – өз
жұмыс орнына және бүкіл техникалық тізбекте
технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын
құзыретті маман тұлғасын қалыптастыру міндетті.
Біліміне, біліктілігіне, парасатына пайымы сай оқытушы
бүгінгі таңда жас ұрпаққа білім беру
жүйесінде болып жатқан оң өзгерістерге байыппен
қарап, оның заман талабына сай мән-маңызын
түсінуі хақ. Сондықтан, жүктеліп отырған аса
жауапты міндет, білім саласындағы реформалар, педагогикалық
әдіс-тәсілдердің тың, мәнді, әрі сапалы
болуын талап етіп отырған осы бір айтулы кезеңде, педагогтың
жылдар бойы жинақтаған іс-тәжірибесін жаңа
ақпараттық технологияға ұштастыруын қажетті
санайды.
Техникалық және кәсіптік білім беруге
қазіргі уақытта ел көлемінде айрықша мән беріліп
отыр. Кәсіптік-техникалық білімнің бәсекеге лайық
ілгерілеп дамуы мемлекет, бизнес құрылымдарының және
азаматтардың әлеуметтік жағдайына орасан серпін берері сөзсіз.
Елдің экономикалық қуаты да осы аталып отырған сала
мамандарына тәуелді екені ақиқат. Жалпы бұл сала
мамандарына біздің өңірімізде де сұраныс жоғары.
Үкіметтің арнайы қаулысымен бекітілген тұжырымдамасында
жастардың халықаралық стандарттарға сәйкес
келетін отандық кәсіптік білім алуына жағдай жасау, жастарды
жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру
деңгейін арттыру мәселелері жіті қарастырылған. Ал оны
іске асыру ортақ мүдде болғандықтан сала
мамандарының әріптестік жұмысы игі нәтижелерге
бастайтыны хақ.
Кәсіптік білім жастарымыздың мамандық
таңдауы үшін қажетті өрісті қамтамасыз етуге, ал
ересек тұрғындар үшін олардың жаңа жоспарлы іспен
айналысуына, кәсіби шеберлігін жетілдіруіне бейімделген. Қазіргі
жастардың кәсіптік білімге деген
қызығушылықтарының арта бастағанын
байқаймыз.
Ең бірінші кезекте оқытушының « өзіндік жаңалығы»
болуы қажет. Ғылым жаңалығын түрлендіруде
өз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі
жұмысы өзгелердің тәжірибесін толық
көшірмей, жаңа ортаға икемдеп, өзіндік іс- әрекет
жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу
керек.Қазіргі кәсіптік- педагогикалық қызмет
қандай оқытушыны талап етеді. Оқытушы – студенттердің жеке тұлғасын дамытуға
басымдық беретін, күрделі әлеуметтік-мәдени
жағдайларда еркін бағдарлай алатын, шығармашылық
процестерді басқара алатын, адам туралы ғылымның жетістіктерін,
оның даму заңдылықтарын, компьютерлік оқыту
өнерін терең меңгерген жан- жақты дамыған
шығармашыл тұлғаны талап етеді.
Ал, білім беруде кәсіби
құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз
пәнін жетік білетін, студенттің
шығармашылығы мен дарындылығының дамуына жағдай
жасай алатын, тұлғалық - ізгілілік бағыттылығы
жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-
қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті,
оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген және
білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды тауып, оларды таңдап
сараптай алатын, отандық және шетелдік тәжірибелерді
шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті
айтамыз.
Қорыта
айтқанда, кәсіби
даярлықта әрбір кәсіптік оқу пәнінің білім мазмұны мен әдістемелік жүйесі негізінде жеке тұлғаға қойылатын кәсіби деңгейін, нәтижеге
бағытталған сауаттылық шешімін табу керек. Өйткені
кәсіби даярлықта педагогке қажетті кәсіби құзыреттіліктерді толыққанды меңгерген оқытушы, студентті оқытуда, білім алу нәтижесіндегі құзыреттіліктерді сапалы меңгерте алатыны сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.
Қ.Ж.
Бұзаубақова. « Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру». Алматы.
Жазушы 2006 ж.
2. Б.А.Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория
және тәжірибе // Aлматы. 2005 ж.
3. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан халқына Жолдауы». Елбасының «Қазақстан жолы» – 2050 Астана 2014 ж.