Қазақстан,
Қызылорда қаласындағы
№136
мектеп-лицейдің дене шынықтыру
мұғалімі
Байулов Нұрболат
Дене шынықтыру сабақтарында негізгі
қимыл-қозғалыс жаттығуларының берілуі
Сабаққа арнап дене
жаттықтыруларын іріктеп алу бағдарлама негізінде
жасалған жұмыс жоспарымен анықталады. Белгілі бір
сыныптағы оқушылардың жасын, әрбір баланың
жеке басының денсаулық
жағдайын, дамуының жалпы дәрежесін, балалар игерген
қимыл дағдыларын, әрбір баланың жеке басының
типологиялық ерекшелігін, жыл мезгілін, сабақ өткізу
үшін жасалған жағдайды, сондай-ақ балалардың бұрынғы
әрекеттерін есепке алудыда ескеретін перспективалық және
күнтізбелік жоспарларды негізге ала отырып, міндеттер белгіленеді
және нақты дене жаттығулары іріктеліп алынады.
Кезекті сабақтың жоспарын
талдап жасауға бұрын өткен
2-3 сабақтың, әсіресе, соңғы
сабақтың тиянақты талдауы алғышарт болады.
Талдау процесінде өткен
сабақта алғы сабақта қойылған міндеттердің
жүзеге асырылу дәрежесі, балалардың реакциясынан
көрінетін және әрбір сабақты есепке алу негізінде
белгіленетін нәтижелер (жаңа бағдарламалық материалды
барлық және жекелеген балалардың игеру дәрежесі,
өздеріне таныс қимылды игерудегі прогресс немесе, керісінше,
қосымша жаттығуларды, қосымша жаттығуларды,
жеңілдетілген нұсқаларды неғұрлым дәлдікпен
үйренуді, сабақта балаларды ұйымдастыру формаларын
өзгертуді, жеке бөліп сабақ жүргізуді және с.с.
талап ететін қандай да бір қиындықтарды) анықтайды.
Бұрын өткізілген және
соңғы сабақтың тығыз байланысы, олардың
жалпыға ортақ мақсаттылығы орындалу кезінде бірте-бірте
күрделінетін үйлесімді жүйесін, бағдарламаның өтуін
және сол арқылы кез келген жастағы балаларды үйретудің табысты
нәтижесін қамтамасыз етеді. Өткен сабаққа талдау
жасау негізінде, ең алдымен, негізгі бөлімнің:
балаларға жаңа жаттығулар үйрету, бұрын
өздеріне таныс жаттығуларды қайталау және жетілдіру
міндеттері анықталады. Нақты дене тәрбиесі жаттығулары
атап көрсетіледі. Одан кейін сабақтың кіріспе және
қорытынды бөлімі анықталады.
Сабақтарда денеге түсетін
ауыртпалық пен белсенді тынығуды дұрыс кезектестіре білу
баланың зейінінің мейлінше дәрежеде болуын сақтауды
қамтамасыз етеді, табиғи түрде дамитын қажуды
болдырмайды. Бұл орайда белгілі дәрежеде дененің
ширығуын және күш жұмсауды, ал осыған байланысты
қажуды тудыратын ауыртпашылық организмді қалпына келтіру
процестері үшін стимул, оның функциялық мүмкіндіктерін
арттыру болып табылады.
Жұмыс пен тынығуды
кезектестірген кезде организмнің жұмыс істеу қабілеті белгілі
бір фазалардың ауысуы процесінде заңды түрде
өзгеретінін қолда бар зерттеулер көрсетіп отыр.
Айтарлықтай күш түскен жағдайда жұмыс істеу
қабілеті біршама қажумен қатарласа келіп, біртіндеп
төмендейді. Баланың организмді тынықтыратын қимыл
әрекетінің алмасуы қалпына келтіру процестерін жеделдетуге
көмектеседі, олар денеге түсетін бұдан бұрынғы
ауыртпалықтан стимул алады.
Сөйтіп, қажу мен
қалпына келтіру процестерінің табиғи байланысы және
бір-біріне өзара ауысуы жұмыс пен тынығудың заңды
түрде өзара алмасуын айқындайды.
Сабақтың кіріспе
бөлімі организмнің біртіндеп жұмыс істеуіне және баланы
сабақтың негізгі бөліміне дайындайтын психикалық
функцияның жандануына жағдай жасайтындығы жоғарыда
көрсетілді. Негізгі бөлімнің бас кезінде балаларға назар
аударуды барынша жинақтауды талап ететін жаңа материал
ұсынылады. Баланы жаңа қимыл әрекетіне үйрету
кезінде баланың көз алдында ол қимылдың
алғашқы бейнесі, қимыл түсінігі пайда болады. Бұл
мұғалім орындаған оның балалардың көз
алдында жасап көрсетпей жаттығуды орындау әдісін айтып
беруіне немесе түсіндіруіне қарай балалардың тапсырманы
ұғынуымен, жаттығу элементтерінің жүйелілігін
бақылаумен байланысты. Бұдан кейін балалар оны өз беттерінше
қайта жасай бастайды. Бұл кезде бала жаттығуды мүмкіндігінше
дәл орындауға тырысып ерік (ой және дене) күшін
көрсетеді. Мұның бәрі нерв жүйесінің
жеткілікті дәрежеде ширығуын, организмнің психикалық
және физиологиялық функциясының артуын туғызады.
Сондықтан мұндай процесс өте ұзақ созылмауы
керек.
Ми қыртысы клеткаларының
бір тобының немесе тұтастай учаскесінің ұзақ
уақыт қозуы басқа клеткалардың немесе учаскенің
тежелу құбылысын сөзсіз туғызады. Сырттай
қарағанда бұл балалардың зейінінің
шашыраңқылығынан, қызығушылығы мен
эмоциясының төмендеуінен, қимыл үйлесімінің
қандай да бір бұзылуынан, кейде күшті елігуінен
көрінеді. Тежеудің маңызды функцияларының бірі – ми
қыртысының клеткаларын артық елігуден қорғау.
Егер тітіркендіргіш өте ұзаққа созылатын болса немесе
жиі қайталанса немесе егер ол шектен тыс күшті және
қауіпті титықтату болып шықса, онда қабық
еліктіруді төмендетеді және қоздыруға жауап беруден
қалады. Осыған
байланысты жұмыс мөлшерінің, баланы әрбір
әрекеттен екінші әрекетке дер кезінде ауыстырудың және
жұмыс пен тынығудың жүйелі түрде кезектесуінің
қандай рөл атқаратындығы түсінікті болады.
Сонымен, дене шынықтыру сабақтары
алға қойылған тәрбие, білім беру және сауықтыру міндеттеріне жауап
беруі үшін олар балалардың белгілі бір эмоциялық
өрлеуін туғызатындай қызықты болғаны дұрыс.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Қасымбекова
С.І., Садыкова Ж.Л. Оқушылардың қимыл-әрекетін арттыру
жолдары: әдістемелік құрал. - Алматы:
«Арыс», 2007.
2.
Қуаныш Т.Ш., Тайжанов С., Садыкова Ж.Л.
Оқушылар дене тәрбиесінің
теориялық - әдістемелік негізі: оқу құрал. -
Алматы, 2007.