Оспанова А.Н., Тугжанова А.Е.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ

Түркия мен Иран арасындағы қарым - қатынастар

Тарихи Түркия мен Иран бір-біріне өзгеше тойтарыс болды. Олар бір-бірімен сирек ырзаласқанымен, әрқашан географиялық көршілестіктің арқасында жалпы бірдей бағытты таңдайтын. Парсы мәдениетінің әсерінен, түріктер Батысқа өтіп, өздерінің тұрақты саяси және діни құндылықтарына қол жеткізді. Түріктердің үлкен саны үшін Иран өз отанындай болды. XVI ғасырда екі бағытты шиизмді қабылдағанда, Тарихи Персияны XX ғасырға, яғни Пахлави дәуіріне дейін түркі әулеттері Сафавид және Каджар басқарған.

1979 жылы ислам революциясынан кейін, Иран мұсылман әлемінде ислам факторын жеңу үшін өзінің дәстүрлі шииттік саясатын пайдалануға тырысты [1]. Бұл уақытта соғыс аяқталғаннан кейін, Түркия өзін-өзі тану дағдарысынан шығу амалында, кешенді тәсіл қолданды. Осылайша батысшыл Түркия және батысқа қарсы Иран бақталаса бастады.

Қазіргі кезеңде иран-түрік қарым-қатынасында айтарлықтай жоғары кернеулік байқалады. Шын мәнінде, Түркияның Иранға қатысты көптеген бастамалары, Түркия мен Иран арасындағы қарым-қатынас Таяу Шығыс, «ядролық бағдарламасы» және көптеген мәселелері едәуір ешнарсеге әкелмеді [2]. Түркия Иранмен белгілі бір аймақтық экономикалық даму бойынша келісімдерге араласуды ұсына отырып, өзара қарым-қатынасты олқылық жасауға әрекеттеніп көрді.

Көптеген мемлекеттердегідей, Түркия мен Иран арасындағы әр-түрлі саяси мәселелер кеңестері бұрыннан орын алуда. Бірақ Иран ешқашан түрік-иран ресми жанасудан бас тартқан емес, тек Түркиямен қандайда бір келісімшарт құруға ниеті жоқтығын айтып өткен болатын.

Түркия Ирандық жетекшілерге олардың ұстанған позициялары жайын толық түсінбейтінін айтып өткен. Осы кезде Иран Түркия тарапының Оңтүстік Кавказ, Ливан мен Ирактағы әрекеттерін қолдамай, қым-қуыт бақылауда ғана болғандығын айтып өтсе болады. Шын мәнінде, Иран Түркияның аймақтық әрекеттеріне, ең алдымен, Иранға таяу елдердегі – Сирия, Ливан, Ирак, Оңтүстік Кавказдағы әрекеттеріне салқынқандылықпен әрі жаукөздікпен қарайды деген ойдамын. Иран Түркияның Ирактағы әрекеттері мен ықпалдарын АҚШ-тың қолдауымен күшейтуіне кіжінеді [3]. Иран Түркияның Сауд Арабиясымен, оның Ирактағы әрекеттеріне қолдауына күдікпен қарайтыны да айқын, Иранға қарсы бағытталған қандай да бір қастандық бар екеніне иланатыны сыңайлы.

Түріктер тарапының Иран қатынасы бойынша бастамалары кезінде түріктік-ирандық конфронтацияларға қатысты, жекелей алғанда, Ирак пен Ливандағы сунниттер мен шииттерді қолдау мәселелері бойынша, сондай-ақ Армения мен Әзірбайжан қатынастарының проблемалары, күрдтік проблема, бірін-біріне деген тыңшылық мәселелері бойынша ешқандай алғышарттар жасалмағандығы тағы үрей тудырды [4].

Қазіргі таңда Иран Түркияның таяу Шығыстағы бастамаларын тоқтату үшін барын салуға әзір, әйтсе де Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказдағы ұқсас проблемалар бастан асады. Иран, Сирия, Ливан, Армения, Тәжікстан, сондай-ақ Ирак шииттерін қосатын шоғырландырылған блокты құру мақсаттарын қолға алуды жалғастыруда.

Иран аймақтағы мемлекеттерге, өзінің ынсабының еш өзгеріссіз қалғандығын, тек оның төңірегінде кейбір жайттар орын алғандығын көрсеткісі келеді. Иран мен Түркия арасындағы конфронтацияны, олардың екеуара қатынастарына кейбір саяси орталар мен араб мемлекеттерінің, ең алдымен Сауд Арабиясы мен Мысыр, сондай-ақ АҚШ пен Израильдің араласуын қаламайтындықтарын сақтап отыр.

Франция мен Германия әркезде де Түркияның Иранға деген бастамаларына сенімсіздікпен қарайтын [5]. Ұлыбритания Түркиядан Иран қатынасы бойынша Батыстық бірлестіктерге жұмсақ әсер етуін үміттенетін, дегенмен мұның өзі британдықтардың күткен үміттерін Түркияның аяқтамағандығын көрсетті.

Франция сонау дәуірден бастап түріктердің Иран бастамалары бойынша, Иран мен Түркия арасындағы қатынастардың арасында ешқандай тығыз байланыстың болмайтындығын, мүдделердің екіұштылығын білетін, және дәл осы дәстүрлі аймақтық қақтығыстар арасындағы қауіптің сейілмейтін түрі бар. Ақыр соңында Түркия Иранға деген бастамалардың мәнсіз екенін түсіне бастады. Себебі, ол әрекеттер батыстық тараппен қолдаудың жоқтығын және Иранға жасалатын ықпалдардан қандай да болсын үлестің болмайтындығын байқалды.

Осы уақытқа дейін түрік бастамалары Иранға қатысты бірде-бір мәселесі іс жүзінде шешілген емес. Атап айтқанда, Ирак пен Ливандағы сунниттер мен шииттерге қолдау көрсету бойынша әрекет. 2003 жылы Америка Иракқа басып кіруі бетбұрысты сәт болды. Оған қарамастан, Анкара  өз аймақтық мақсаттары үшін Вашингтонмен тығыз қызметтес болуын тоқтатқан емес [6]. 

Американдықтар болсын, Еуропалықтар болсын әлемдік саясаттағы Түркияның алатын беделіне мән бергілері келмейді. Батыстық бірлестіктер Түркиямен Ирандық «ядролық бағдарлама бойынша» екі-жақты ынтымақтастықты да қолдауға аракідік қарсы. Түркия Американдықтар мен Еуропалықтар тарапының Иран қатынасы бойынша өздерінің саясаттарын олсыз байланыстырғылары келмейтіндігін, оның бастамаларын міндетті бастама ретінде қарастырмайтындығын сан мәрте рет түсінді [7].  

Түркия қазір Иран мен Батыс арасындағы ойында ұтылғанын сезінуде, десек те жаңа ұсыныстарды қалыптастыруға ұмтылуда және батыстық саясатқа сай келу үшін барын салуда. Анкарада АҚШ, Франция мен Германияның саяси шеңберлері, оның «жаңа сыртқысаяси бағытын», күмәнның астына алатындығына да сақтықпен қарай бастады. Анкарада мұндай қобалжу байқалады, тек бұл тығырықтан шығудың жолын білмей әлек.

Түркия Батыспен қарым-қатынас мәселесінде жұмсақтық танытқанда, әрі Иран қатынасы тұрғысында тек сыни позицияны ұстанғанда дұрыс болар еді, әйтсе де оның үкіметі ирандық тақырыпты уысынан шығаруды ойламайтын секілді.

Түркия  Батыс пен Иран қатынастары арасында делдалдыққа ұмтылғанымен өзіне қажетті Таяу Шығыста тиімді бірде-бір үлес ала алмады. Араб мемлекеттері, негізінен, АҚШ пен Еуропа мемлекеттерінің Иран қатынасы бойынша  серіктестігіне, олардың арасындағы қарбаластыққа ешбір мүдде танытпайды.

«Ирандық қауіп», ең алдымен, «ядролық бағдарлама» саласында АҚШ-тың араб мемлекеттерімен бірге Таяу Шығыстағы Иранды сенімсіз серік ретінде қарастыратындығын үдетуде және араб елдері Батыспен Иранның стратегиялық тежелуі саясатын жасауға мүдделі. Көшбасшы араб мемлекеттері – Мысыр мен Сауд Арабиясы, сондай-ақ аймақтың өзге де – Иордания және Парсы шығанағындағы секілді елдері, Иранның болсын, Түркияның болсын Таяу Шығыстағы ықпалдарына, сондай-ақ олардың арасындағы ынтымақтастыққа мүлдем бей-жай, көңіл танытпайды.

Аталған көшбасшы араб елдері, сондай-ақ Түркия, Иран, Сирия, Ирак, Ливанмен қоса қандай да бір экономикалық аймақтың құрылуына да қызығушылық танытпайды.

Осылайша, Иран қатынасы бойынша ойындар Түріктердің Таяу Шығыстағы саясатына еш пайда әкелмеді деп ойлаймын, тек араб елдерінің ашуын тудырды. Түркия енді АҚШ және дамыған еуропа елдерімен өзінің Иран қатынасындағы бастамалары турасында жаңа келіссөздер жасауға тырысады. Түркия өзінің бастамаларын нақтырақ анықтауға, өзінің әрекетін қаншалықты жалғастыруға, Батыс ол әрекетті қаншалықты конструктивтік тұрғыда қабылдайтындығын бір жүйеге салып көреді.

Қорытындай келгенде, Түркияның Иранмен қарым-қатынасы негізінде өте теріс болған. Түркия Арабиямен тығыз байланыста болғаны үшін, Иранмен жақсы қатынаста болуы мүмкін емес деп ойлаймын. Алайда, осы жылдары Реза Зарраб деген ирандық кәсіпкер Америкада тұтқындалды. Ол кәсіпкер Түркияда тұратын. Сол кәсіпкер мен Түркияның біраз «кір» тірліктер жасағанына қатысты деректер бойыншы сыбыстар болған. Соған байланысты болса керек, соңғы 1 жылдай, Түркия мен Иран арасы жақынырақ. Бірақ ресми түрде көп жарияламайды.

Түркияның саяси сазға батқандығы айтпаса да түсінікті, және ол өзінің бағзы бастамаларын толық алып тастағаны абзал, өйткені әлемдік саясат пікірілерінің ортасында қалып, сыртқы саясатқа осалдығын көрсететіні өзгеге де, өзіне де ыңғайсыз болады.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Elik S. Iran-Turkey Relations, 1979-2011: Conceptualising the Dynamics of Politics, Religion and Security in Middle-Power States.-Routledge, 2013, P.200

2. PanArmenian. МАГАТЭ: Иран приступил к масштабному монтажу современных центр и фуг для обогащения урана в Натанзе.- 2013, [online] http://www.panarmenian.net/rus/news/146804/

3. Кожанов Н. Как Иран и Турция мирно ссорятся [онлайн] Поистине.орг

http://poistine.org/kak-iran-i-turciya-mirno-ssoryatsya#.WN5KCyOLQTE

4.Akbarzadeh S., Barry J. Iran and Turkey: not quite enemies but less than friends // Third World Quarterly. 2017 №4. P. 980-995

5. Tastekin F. Is Iran-Turkey tension intentional? – Al-monitor.com, 2016. [online] http://www.al-monitor.com/pulse/originals/2017/02/turkey-iran-tensions-hit-turkish-economy.html

6. Keyman E.F., Sazak O. Turkey and Iran: The Two Modes of Engagement in the Middle East// Journal of Balkan and Near Eastern Studies, Vol. 17, №3, 2015, P. 321-336

7. Kuniholm B.R. The Origins of the Cold War in the Near East: Great Power Conflict and Diplomacy in Iran, Turkey, and Greece- Princeton University Press, 2014, P. 536