Психология и социология/3.
Современные тенденции
в методологии психологических исследований
С.Аманжолов атындағы
Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университеті
«Психология және
коррекциялық педагогика» кафедрасының
аға оқытушысы Б.Ү.Матаева
«Қазақ тілі мен әдебиеті»
мамандығының
2 курс студенті Шарипжанова А.К
XXI
ғасырдағы қазақ қызы
Әлемдегі
ең сұлу – қазақ әйелі. Қазақты
қазақ қылған осы әйел болатын, сұлу
ғана емес, сымбатты, мінезді, ақылды, адал жар, абзал ана,
ағайынға қамқор, ауыл – аймаққа
құт, ердің мақтаны, елдің көркі.
Қазақтың қазіргі әрбір үйдегі бойжеткені –
ертеңгі қалыңдық, ертеңгі келіншек, ертеңгі
Ана! Қай ғасырда қандай бір сұрапыл заман келсе де
қазақ жұртындағы осы: бойжеткен –
қалыңдық – келіншек – ана атты алтын өзекті үзе
алмаған. Мұны нық
ұстап қалатын алтын діңгек – тек қана, биік
ұлттық рух пен ата дәстүр.
Ежелгі эпостағы Гүлбаршын мен Құртқа,
Ақжүніс пен Назым, Шежірелі тарихтағы Домалақ – ене мен
Қыз – ене, Айша – бибі мен Абақ – ана. Таңбалы
тарихтағы Қасым ханның аналары Жақсы – бике,
Абайдың анасы Ұлжан, арыдағы, Алаштың
тұлғасы болған қаншама алыпты туғызған,
есімдері сақталмаған әулие аналар, берідегі ел билеген
Айғаным мен қол бастаған Бопай – қазақ
әйелінің асқақ әрі нақты көрінісі.
Бүгінге келсек... Бүгінгі қазақ әйелінің
бойынан өткендегі әжелерімізге тән асыл
қасиеттердің бәрі бірдей табыла қоймайды. Бірақ,
тақи – таза махрұм емес. Әйел – ұлттың айнасы,
сондықтан, айқынырақ көрінеді. Сонымен қатар,
қазақ әйелінің ұлтымызға тән
қайрат пен еңбек, қайсарлық пен шыдам, ізгілік пен
жанашарлықсияқты абзал қасиеттерді көбірек
сақтағанына көз жеткізіп отырмыз. Бұған
жалғыз – ақ мысал, жабайы нарық қысып, жаппай
жұмыссыздық жайлаған, ер – азаматтар сенделіп бос
қалған, есеңгірегені – балаларының нандық
ақшасын араққа салып, «еті тірілері» жаппай
ұрлыққа бет қойған заманда әйелдеріміздің
тұрмыстың барлық тауқыметін көтеріп, отбасын
жалғыз өзі асырауға айналғаны. Жаугершілік,
шапқын күндерінде де қазақ әйеліне мұншама
ауыр салмақ түспеген еді. Ал, біздің ерлеріміз, балпылдап бос
жүріп, сол әйелге кінә қойғысы келеді.
Қазақ осы жолғы жұттан аман шықса, бұл –
елдің, алдымен қазақ әйелінің арқасы
болмақ.
Шаңырақтан тыс тілегі жоқ, бала – шағадан басқа
мұраты жоқ қазақ әйелі бейнеттен
құтылар, бет – әлпетін айқындар күн де көп
күткізбес, соның жақсы жоралғысы – бүгінгі жас
қыздарымыз.
Қазіргі қазақ қызы осы заманғы қым –
қиғаш өмірдің барлық саласына еркін араласып,
тұрмыста ғана емес, әлеуметтік орта,
қоғамдық құрылым өрісінде де елеулі орын
алмақ ыңғайын танытып отыр. Жаңа тұрпатты,
әрқилы тұрпаттағы үлкенді – кішілі кез – келген
мекемеге барыңыз – компьютерде отырған қазақ
қызын көресіз. Бір кездегі орыс тілі сияқты, тұрмыс –
тіршілік үшін аса қажетті құралға айналған
шет тілдерін де қаздарымыз алдымен игерді. Қолғанат,
қызметкер ғана емес, өздері бастап кіріскен ескер
қыздарымыз бар. Журналистикаға да, ғылым мен өнер
саласында мемлекеттік әр түрлі мекемелерде бой көрсетіп
жүрген қыздарымыздың ой – санасы, қабілет –
дәрежесі бұрынғыдан басқаша. Ең аяғы,
оқу емес шоқу мұрат болған заманда білім жолынан
айнымаған қауым – тағы да осы нәзік жыныс, өзіміз
үкілеп өсірген қыз балалар әзірше үлкен
мәртебеге ілінген жоқ, жастары жетпей, үлгірмей жатыр,
бұлардың үлесі – алдағы XXI ғасырда.
Жаңа ғасыр, жаңа заманда қазақ
ұлысының құт – берекесі, ошақ –
ұйытқысы, абзал анасы болуға тиіс қыздарымыздың
баба қанымен дарыған ақыл – парасаты, қажыр –
қайраты, әдеп – мінезі турасында емес, сұлулық
турасында еді. Әлемдегі әйел затының аруы – қазақ
қызы.
Қазір... Жаңа заман, жаңа салт, дәстүр,
жаңаша бой түзеу, жаңаша киім үлгілері...
Қазақ қызы бұрынғыдан да сұлу
көрінеді.
Әлбетте сұлулық туралы ұғымның заманына,
ортасына қарай өзгермелі ыспаты бар. Бірақ түбегейлі емес,
сыртқы, қосалқы көрінісі, қосымша, үстеме
реңкі ғана. Мәселен
бір кездегі қос өрім ұзын шаш әртүрлі кесімдегі
қысқа шашпен алмасты, қос етек, бес етек көйлектер
күнделікті тұрмыста ұзынды – қысқалы басқа
бір үлгілерге ауысты. Әйтсе де табиғи түр –
тұлға өзгермейді, мәселе соны қалай
қабылдап, қалай бағалауға байланысты.
Артымызда өсіп келе жатқан сіңілілеріміздің өзі
есепшіл, өркөкірек, сезімге сенбей «ақшаға» ғана
сенетіндер қатары көбеюде. Тәрбиені ата – анасынан емес,
теледидар, компьютерлерден алып келе жатқан жастар буыны қалыптасып
келеді. Кейбір ата – ананың баласымен араласуға уақыты да
жоқ. Осыдан барып бала әке – шешесінен суып, оларға деген
сыйластықтан мүлдем қалады. Бала кезінен жылылық
мейірімді көрмеген адам баласы қатыгездікпен өседі.
Жүрегін бойлаған суық ызғардың өшін
өзгелерден алатын жандар болады.
Сондықтан бұл да ата – ананың жылылығы,
жақындығы жастар тәрбиесіне әсерін тигізеді.
Қазір, жасыратын не бар, бұрын дәстүрімізде
болмаған сүреңсіз жағдайлар бой көрсетуде. Қаладағы
қазақ қыздарының көбі бір – бірімен орысша
сөйлеседі. Өз ұлтының тілінде сөйлеуге талпынбайтыны
өз алдына, кейбіреулері тіптен оны намыс көреді. Күнделікті
өмірдегі көріністерге бір сәт назар аударайықшы. Мектеп
қабырғасында жүрген бірсыпыра қыздарымыз жарассын –
жараспасын денелерін жартылай жалаңаш көрсететін киімдер киіп,
қымбат әшекейлер, алтын тағып, бет – ауыздарын бояп,
өздерінің инабаттылығы мен сыпайылығынан, жастық
жарасымдылығынан айырылады.
Табиғаттың өзі жан дүниесін сұлу, нәзік,
мейірбан етіп жаратқанына мән бермейді. «Жастықтың
өзі жастығымен әдемі» дегендей, жас қыздардың
өздері – ақ қырдың қызыл гүліндей
әдемі ғой.
Табиғат берген көрік пен сымбаттан артық не бар.
Қыздардың ішінде ұрлық жасайтындар мен шылым шегіп,
арақ ішетіндер де кездеседі.
Әрине, мұндай көргенсіздіктің өзіндік себептері
көп екенін білеміз. Бірақ ең бастысы тәрбиенің
кемшілігі екендігінде дау бола қоймас. Тек өз ұлтын, тілін
сүйіп, қастерлейтін адам ғана сонау әлімсақтан
мирас болып келе жатқан ата – ананы, үлкенді сыйлау, кішіге
қамқорлық, мейірбандық, инабаттылық сияқты
ізгі қасиеттердің иесі бола алады.
Қыздарымыз осындай ұлтжандылығымен, өздеріне тән
нәзіктігімен, сүйкімділігімен және рухани тазалығымен
ерекшеленуі тиіс. Ар – намысын жоғары ұстай білген қыз
ғана жұрт алдында әрдайым абыройлы, сыйлы. Ертеңгі
күні не болатынын білмегендіктен, тек өздеріне сеніп, бүгінгі
күнмен ғана өмір сүретін адамдар тобына айналып бара
жатырмыз ба? – деп, қорқамыз. Себебі, біздің
қоршаған ортамыз жаңа дүниелер арқылы
қалыптасу үстінде. Сондықтан шығар, біз,
өзіміздің адами құндылықтарымызды жоғалтып,
кейбіреуі ну орманның ішінде жүргендей адасып, теріс жолға
түскендері қаншама?
Қазіргі қазақ қыздары бұзылу қаупін бастан
кешіруде. Олардың бірсыпырасының әрекеттері
ұлттық психологиядан ауытқып бара жатқаны
байқалады: ар сақтау, ұятты білу, үлкенді
ардақтау, кішіні құрметтеу, адамды сыйлау ұмытылып
барады, тіпті жойылып барады деуге болады.
Ұлы даланың дана қыздарының бүгінгі жас
ұрпағы елдіктің ұраншысы және инабатқа толы
өмірдің қорғаушы күші болса екен дейміз. Өз
халқын сүйе білген жас адамдардың бойында ұлттық
намыс та, ұлттық рух та, жарасымдылық та молынан табылады.
Жас өскін талшыбық сияқты. Оны аялап – мәпелесең,
бәйтерек болып өседі. Қыздар саналы да тәрбиелі болып
өссе, терең білім алса, жоғарыда айтылған өрелі
міндет биігінен көрінеріміз хақ.
Енді қазақ ұлтын құтқарғымыз келсе,
біз бар қамқорлықты, ең алдымен, қазақ
қыздарына жасауға тиіспіз. Өйткені, олар – ендігі
ұрпағымыздың қайнар көзі.
Бүгінгі заманда – бойжеткен, қалыңдық, келіншек
және ана болу бақытын қастерлей білейік!
Қазақ қыздарын, қазақ келіншектерін заман
төріне бағыттайық!
Пайдалынған
әдебиеттер тізімі:
1. Көпішев Ә. Әдемі келіншек. - Алматы: 2007
2. Әзімханова Т. Бала тәрбиесі. – Астана: 2002
3. Сатиева Ш. Даму психологиясы. – Астана: 2012 – 232б
4. Оразбекова Қ. Иман және инабат. – Алматы: 1993 – 152б